3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;
2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;
3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;
4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;
5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;
6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;
7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегi тағам өнiмдерiнiң өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепiлдiк бередi.
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бiтiмi мен психикасының қалыпты өсiп-жетiлуiне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға
құқығы
Әрбiр бала туылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелуге тиiс. Туылған кезiнен бастап оның аты, әкесiнiң аты және тегi, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына,
Достарыңызбен бөлісу: |