Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы



бет5/10
Дата05.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#180679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

              шарттық сипаты

      1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

      2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

      34-бап. Банктік заем операциясы

      1. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.

      1-1. Банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының кредиттік бюролардың деректер базасына қарыз алушы және жасалатын мәміле (қарыз операциясы) туралы мәліметтер, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпарат беруіне қарыз алушының жазбаша келісімінің болуы қарыз беру туралы шарт жасаудың міндетті талабы болып табылады.

      2. Банктік заем операциялары банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының басқару органы бекітетін Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. V053870

      3. Банкiнiң заем комитетi iшкi несие саясатын жүзеге асырушы орган болып табылады.

      4. Iшкi заем саясаты туралы ережелер банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi бәсеңдету мақсатында жасалып, мыналарды:

      а) заңды және жеке тұлғаларға заем беру шарттарын;

      б) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне заем беру шарттарын;

      в) заем комитетiнiң ұйымдық құрылымын, қызметi мен өкiлеттiгiн;

      г) заем комитетi мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;

      д) заем берудiң шектi өлшемiн;

      е) заем шарттарын бекiту рәсiмiн белгiлейдi.

      5. Осы баптың 2-4-тармақтарында белгіленген нормалар банктердің кепілдіктер және кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ислам банктерінің операцияларына қолданылады.

      6. Ислам банкінің банктік заем операцияларын және өзге де операцияларды жүргізу ерекшеліктері мен шектеулері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленеді.
      Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.05.16. N 416 Заңымен, 2004.07.06. N 572 Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N 178, 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      35-бап. Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету

      1. Несиелердiң қайтарымдылығы айыпақымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және заңдармен немесе шартпен көзделген басқа әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

      2. Клиенттiң несиенi қайтаруға жоғары қабiлеттiлiгi мен сенiмдiлiгi болған жағдайда банк несиенi қамтамасыз етусiз-ақ (банкiлiк несие) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.


      Банк бiр заемшыға осы заемшының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемiн шегерiп тастағанда активтердiң орташа жылдық құнынан асып кететiн жалпы сомаға банк кредитiн беруге немесе қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменi қабылдауға құқылы емес. Заемшының активтерінің орташа жылдық құны есепті жылдың басынан осы кредитті алған күнге дейінгі кезеңге есептеледі.

      3. Кепiл туралы шартпен, сондай-ақ заң актiлерiмен көзделген реттерде кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртiппен сауда (аукцион) өткiзу арқылы өз бетiмен өткiзуге құқылы.

      4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      36-бап. Төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыға қатысты


              қолданылатын шаралар

      Несие берушi банк несие шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға:


      жаңадан несие бермеуге;
      қарыз алушының кез келген шотындағы ақшасынан (егер бұл несие шартында ескерiлген болса) қарыз алушының келiсiмiнсiз өндiрiп алуға;
      төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тану туралы сотқа талап арызын беруге құқылы.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1998.06. 29. N 236 Заңымен.

      37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзімi

      Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

       38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды


               жүзеге асыру
 
      1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

      2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылмаған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.

      3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.

      4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) шотынан есептелген ақшаны олардың келiсiмiнсiз есептен алып қоюға құқылы.


      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен.

      39-бап. Ставкалар мен тарифтер

      1. Сыйақылар мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметі көрсетілгені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дербес белгілейді.

      1-1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында сыйақының тіркелген не құбылмалы ставкасын белгілейді.


      Сыйақының тіркелген ставкасы біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды және ол шартта осы тармақтың талаптары ескеріле отырып айқындалған мерзім ішінде өзгермейтін болады. Тіркелген ставканың ең аз қолданылу мерзімі кемінде үш жыл болуға тиіс.
      Шарттың қолданылу мерзімі бойында сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша азайтылу жағына қарай не сыйақының құбылмалы ставкасына өзгертілуі мүмкін.
      Сыйақының құбылмалы ставкасын есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк қарызын жасасу күніне белгіленген тарифтердің, комиссиялық сыйақылардың және қарызға қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін ұлғайту жағына қарай өзгеруге құқылы емес.

      2. Ислам банктерін қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тәртібін уәкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларын клиенттермен жасалған шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызмет бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде көрсетуге міндетті.


      Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      40-бап. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты


             адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салу

      1. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға банкiлерге тыйым салынады.

      2. Жеңiлдiк жағдайлар жасау дегенiмiз:
      табиғатына, мақсатына, ерекшелiктерiне және тәуекел етуiне қарай банк өзiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар болып табылмайтын клиенттермен мәмiле жасай қоймайтын, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесіне мәмiле жасасу.
      Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере алмайды.
      банк операциясын орындағаны немесе басқа клиенттерден талап етiлетiнiне қарағанда төмен қамтамасыз етудi қабылдағаны үшiн сыйақылар мен төлемдер өндiрiп алу.

      3. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар деп мыналар танылады:

      а) аталған банкiнiң кез келген лауазымды адамы немесе басшы қызметкерi, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары;

      б) аталған банкiнiң iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банкiнiң iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары;

      в) осы баптың 3-тармағының (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген адамдар iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлға;

      г) өзiне қатысты жағынан осы банк iрi қатысушысы болып табылатынын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды адамдары, олардың жұбайлары және жақын туыстары;

      д) банктің аффилиирленген тұлғалары.

      Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп проценті осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар осы баптың мақсатында банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып танылмайды.

      3-1. Банк қандай да бір тұлғамен оған:
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемені төлеуге;
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмитациялаған бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік беру мақсатымен мәміле жасай алмайды.

      4. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.

      5. Өзара байланысты заңды тұлғалар тобының бiреуiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам олардың әрқайсысымен ерекше қатынастар арқылы байланысты адам деп танылады.

      6. Екi және одан көп заңды тұлғалар, егер олардың ең болмағанда бiреуi екiншiсiнiң iрi қатысушысы болса, өзара байланысты заңды тұлғалар тобы деп танылады.

      6-1. Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп проценті осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар өзара байланысты заңды тұлғалар тобы болып танылмайды.

      7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Банкпен ерекше қатынастарға байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысында кейiннен хабарлана отырып, жүзеге асырылады.


      Банктің басшы қызметкері, филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері банк пен:
      олардың өздерінің;
      өзінің кез келген жақын туысының;
      өзі немесе өзінің жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлғамен арадағы кез келген мәмілені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспауы тиіс.
      Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.

      8. Банк уәкiлеттi органға өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандар бойынша ақпарат беруге міндетті.


      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және
депозиторлардың мүддесiн қорғау

      РҚАО-ның ескертуі!


      4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына


             қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi

      Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:


      күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
      банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
      банкiлердiң қызметiн тексеру;
      ертерек ден қою шараларын қолдану;
      банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
      банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
      Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.07.08. N 69 Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N   125(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23  N 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      42-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға мiндеттi


               өзге де нормалар мен лимиттер

      1. Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:


      банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;
      өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;
      бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;
      өтiмдiлiк коэффицентi;
      ашық валюталық позиция лимиттерi енедi.
      Банк конгломераттары міндетті түрде сақтау үшін уәкiлеттi орган белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
      жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
      өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
      бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.
      Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге құқылы.
      Уәкiлеттi орган банк заңдарына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банк акцияларының жиырма бес процентінен астамын иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларды пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады.
      Уәкілетті орган банк холдингі жоқ банктерге және банк конгломераттарына жекелеген пруденциялық нормативтер мен аталған банкке және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал ең жоғары өзгерістері кезінде туындайтын әлеуетті қомақты шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті деңгейдегі олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.

      1-1. Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және есеп айырысу әдістемесін, тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган ислам банктерінің осы Заңда көзделген банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.

      2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бiр күнге банк және банк тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

      3. Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бiр күнге шектi банк және банк конгломераты капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу тәртiбi мен олардың лимиттерiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      3-1. Банк немесе банк конгломератының қатысушысы уәкілетті органның қаржы және (немесе) өзге де есептілік деректерін түзету жөнінде жазбаша нұсқамада көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциалдық нормативтердің және басқа міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

      4. Банк уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк уәкiлеттi органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет.

      5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды қоспағанда) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Банктің қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда банк холдингі, банктің ірі қатысушысы - банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банктің артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес проценттен астамын тікелей немесе жанама иеленуші жеке тұлға уәкілетті органның талабы бойынша банктің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін шаралар қолдануға, оның ішінде банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің меншікті капиталын ұлғайтуға міндетті.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50 Заңымен, 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.07.08. N 69 Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      43-бап. Резервтiк капитал мен күдiктi және сенiмсiз


              активтерге қарсы провизиялар (резервтер)

      1. Банк қызметiн жүзеге асыруға байланысты залалдардың орнын жабу мақсатында банкiлер резервтiк капитал құруға мiндеттi. Резервтiк капитал дивидендтер төленгенге дейiн банкiлердiң таза кiрiсi есебiнен құрылады. Банкiнiң резервтiк капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылауды және оның сенiмдiлiгiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында банкiлер күдiктi және сенiмсiз талаптарды бөле отырып және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiп пен шарттар бойынша оларға қарсы провизия (резервтер) жасай отырып, берiлген несиелер мен басқа да активтердi классификациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1997.08.12. N 200 Заңымен, 1998.06.29. N 236 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      44-бап. Банкiлердiң қызметiн тексеру

      1. Банкiлердiң қызметiн тексерудi Ұлттық Банк дербес не басқа ұйымдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
      Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне тексеру жүргізу кезінде банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларының қызметін олардың банктер қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.

      2. Уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша банкiлер, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғалары тексерушi органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал-сұрақ қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiн алуды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi адамдарға беруге тыйым салынады.

      4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банкiлердiң қызметiн тексеру барысында алынған және банкiлiк не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.


     Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      45-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

     45-бап. Ертерек ден қою шаралары

      1. Банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:

      1) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициенттерінің төмендеуін;

      2) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуін;

      3) банк міндеттемелері сомасында жеке және заңды тұлғалардың тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;

      4) негізгі борышы және проценттік сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;

      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

      2. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің көбеюін болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
      Банк және (немесе) оның акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төмендегі тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:

      1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;

      2) депозиттер қабылдауды шектеуді;

      3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;

      4) банк провизияларын ұлғайтуды;

      5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;

      6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;

      7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;

      8) банк активтерін қайта құрылымдауды;

      9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдарға қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды қолданады.

      3. Банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ертерек ден қою іс-шаралары жоспары осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етілмеген немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы атқарылмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес атқарылмаған немесе уақтылы атқарылмаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.

      4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - Қазақстан  Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      46-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      46-бап. Ықпал етудiң шектеулi шаралары

      1. Уәкiлеттi органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын уәкiлеттi орган тапқан, банкiнiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкiлеттi орган банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолдануға:

      а) мiндеттеме-хат талап етуге;

      б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасуға;

      в) ескерту жасауға;

      г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы.

      2. Банкiнiң мiндеттеме-хатында орын алып отырған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi болуға тиiс.

      3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы банк пен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм.

      4. Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқау.


      Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      5. Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.

      6. Егер орын алып отырған кемшiлiктер Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде жойылмаған немесе уәкілетті орган банктің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда, жазбаша ескерту осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабардар етуi болып табылады.

      7. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      8. Осы бапта келтірілген шаралар, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты, олар осы Заң талаптарын бұзған жағдайларда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда қолданылуы мүмкін.

      9. Ұлттық Банк реттелуi өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу анықталған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 1-тармағының а), в), г) тармақшаларында көрсетiлген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.


      Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.07.08. N 69 Заңымен, 2005.12.23 N  107(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19  N 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23  N 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      47-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      47-бап. Санкциялар

      1. Уәкiлеттi орган төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы.

      2. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға:

      а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға;

      б) осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға;

      в) осы Заңның 62-67-баптарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкiнi консервациялауға;

      г) осы Заңның 49-бабында көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы;

      д) банктің меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда  Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау;

      е) банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды банктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету.

      ж) алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.

      з) банктің және (немесе) банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.


      Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын уәкiлеттi орган сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.

      4. (алып тасталды)

      5. Банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айыру туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.

      6. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған банк  лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi.
      Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.

      6-1. Ұлттық Банк бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға санкциялар қолдануға құқылы. Ұлттық Банк санкция ретiнде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) тармақшасында көрсетiлген шараларды, сондай-ақ лицензиясын Ұлттық Банк беретiн, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көрсетiлген шараларды қолдануға құқылы.

      7. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензия қайтарып алынғаннан кейiн он жұмыс күні iшiнде белгiленген заң тәртiбiмен сотқа банк қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi.
      Уәкiлеттi орган лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде қабылданған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жариялайды.

      8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.


      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50 Заңымен, 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен,  6-1-тармақпен толықтырылды - 2005.07.08. N 69 Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      47-1-бап. Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін


                 иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі
                 қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк
                 конгломератының құрамына кіретін заңды
                 тұлғаларға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу
                 шаралары

      1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға:


      1) ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 17-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 46-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
      4) банктің ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасай алатын ұйымдар), банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар жасаған іс-әрекеттер, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған;
      5) ірі қатысушының немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйі тұрақсыз болған, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкілетті орган банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банк холдингтеріне және банктің ірі қатысушылары-жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:


      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беретін акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге душар ететін, олар мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      3) банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты ұйымдар мен банк арасындағы банкті тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өз иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге құқылы.

      3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не ірі қатысушы, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.


      Уәкілетті орган акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
      Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
      Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
      Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.


      Ескерту. 47-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      48-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет