Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi



бет3/10
Дата05.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#180679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

              банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi

      1. Негiзгi рейтинг агенттiктерi бiрiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      2. (алып тасталды)
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертуі!


      19-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiш

      1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.

      2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.

      3. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:

      а) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;

      б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;

      б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

      б-1) егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;

      в) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);

      г) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);

      д) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен);

      е) жаңадан құрылатын банкiнiң егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы;

      ж) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен);

      з) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен);

      и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;

      к) алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N  107Заңымен.

      л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат.

      4. Аудиторлық ұйымның есебi:
      ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
      ол аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының лицензиясына сәйкес банктерге аудит жүргiзуге уәкiлеттi екендiгiн растайтын құжаттар табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады.

      5. Уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.

      6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 Заңымен, 2001.03.02 N 162 Заңымен, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       20-бап. Банктің басшы қызметкерлеріне қойылатын


              талаптар

      1. Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылар, банктің бас бухгалтері банктің басшы қызметкерлері болып танылады.


      Банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.

      2. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы баппен белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының бірінші басшысы, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы болып табылған тұлға банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.

      3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.


      Банктің директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
      Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келу үшін:

      1) банктің басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;

      2) банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;

      3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
      Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана банк қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
      Осы тармақпен белгіленген жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.


      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда банк осы тұлғамен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      6. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      7. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы банкте өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындала (сайлана) алады.

      8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;

      2) банктің басшы қызметкеріне уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдану;

      3) уәкілетті органның осы бапта аталған адамдарды банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету;


      4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялау немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтері болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      11. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы осы бапта банк басқармасының бірінші басшылары үшін белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс және лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бірінші басшы осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда, өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес


              тұлғаларының қатысуымен банк құруға қойылатын
              қосымша талаптар

      Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.


      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      22-бап.


      Ескерту. 22-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi


              өтiнiштi қарау тәртiбi

      1. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бiрақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.

      2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.

      3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.


      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту

      1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:

      а) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не банктің құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;

      б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;

      в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкiнiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi;

      г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;

      г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:


      экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;
      уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасындабелгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады; K010155

      г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;

      д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;

      д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;

      е) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);

      ж) (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 Заңымен);

      з) құрылатын банкiнiң бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
      банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
      банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
      банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.

      2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

      3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

      25-бап. Банкiнi мемлекеттiк тiркеу

      Банкiнi мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келiсiлгендiгiн растайтын деректер.
      Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банкiнi мемлекеттiк тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1999.07.16. N 436, 2001.03.02. N 162, 2003.07.10.  N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Банк операцияларын лицензиялау

      1. Банктiк, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi.
      Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.
      Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде:

      1) өтінішті;

      2) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындағаны туралы, оның ішінде уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайдың, жабдықтың және бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің дайындығы туралы, сондай-ақ Ұлттық Банк талаптарына сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені жөнінде куәландыратын құжаттарды табыс етуге және тиісті біліктілігі бар персоналды жалдауға;

      3) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің көшірмесін;

      4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;

      5) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;

      6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;

      7) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;

      8) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;

      9) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);

      10) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;

      11) ең төмен мөлшері уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге тиіс.

      2-1. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:

      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.

      3. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен табыс етуге мiндеттi.


      Банк осы баптың 2-тармағының 2), 10) тармақшаларында көзделген лицензияны алу үшін банкке қойылатын талаптарды банк қызметін жүзеге асыру кезінде сақтайды.

      4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.

      5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.

      6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.

      7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

      8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi шешiмдi уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында жариялайды.

      9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) N 483, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2008.10.23 N 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптанқараңыз), 2008.11.20  N 88-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет