«Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабында белгіленген міндеттер негізінде Асубұлақ кенті әкіміне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі



жүктеу 105.15 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі105.15 Kb.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабында белгіленген міндеттер негізінде Асубұлақ кенті әкіміне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.
Кент әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ кент әкімі аппаратының Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Құқықтық жағынан кент әкімі керекті заңнамалармен, басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген және қызмет барысында осы құжаттарды басшылыққа алады.

Округ бойынша 1011 аула, тұрғындар саны – 3404, оның ішінде: Асубұлақ кентінде - 915 аула, тұрғыны - 2825 адам, Белогор кентінде - 84 аула, тұрғыны - 534 адам, Төменгі Тайынты ауылында – 12 аула, тұрғыны - 45 адам. Жұмысқа қабылетті белсенді адамдар - 2472 адам, оның ішінде: Асубұлақ орман шаруашылығында – 42 адам, Асубұлақ орта мектебінде – 63 адам, О. Бөкеев атындағы негізгі мектебінде – 21 адам, Асубұлақ ауылдық ауруханасында – 59 адам, жергілікті әкімдікте – 21 адам, полиция бөлімшесінде – 12 адам, «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде – 4 адам, «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесінде – 7 адам, өрт сөндіру бөлімінде – 23 адам, «Алтайэнерго» АҚ – 10 адам, «ГРК «БелогорСтрой» ЖШС – 90 адам, соның ішінде 3 адам жұмыс істейді, ал қалған 87 адам ақысыз демалыста, жағармай құю станциясында – 5 адам, автобекетте – 2 адам, «Канапьянова» ЖК – 3 адам, «ТАУ-2002» ЖШС – 6 адам, «Болашақ» спорт кешенінде – 12 адам, «Ұлан Жолдары» ЖШС – 10 адам, вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер – 387 адам, автобус жүргізушілері – 7 адам, такси қызметінде – 11 адам жұмыс істейді. Студенттер – 73 адам, Ауған соғысының ардагерлері – 4 адам, зейнеткерлер – 625 адам, мүгедектер – 123 адам, оқушылар – 277 бала, шағын балалар орталығында – 33 бала, 0-3 жасқа дейінгілер – 90 бала, 3-6 жасқа дейінгі балалар - 112 бала.

2014 жылдың ішінде Асубұлақ кентіне 23 адам, Белогор кентіне 7 адам тіркеуге отырды. Асубұлақ кентінен 45 адам, Белогор кентінен 12 адам тіркеуден шықты.

Асубұлақ кенті бойынша жалпы оралмандар - 25 отбасы, 119 адам. Олардың ішінде: МХР-нан 6 жанұя, ал ҚХР–нан 19 жанұя.

Асубұлақ кентінің аумағы 3020 га жер көлемінен құралған. Оның ішінде егістік жерлер – жоқ, шабындық жерлер – жоқ (Асубұлақ орман шаруашылығының жерлерінен жыл сайын кент тұрғындары жалға алады), мал жайылымына арналған 1000 га жер көлемі бөлінген.




Округіміздің басты бағыты ауыл шаруашылық болып табылады.

Округ аумағында 10 ауыл шаруашылық құрылымдары орналасқан: 5 – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 5 - шаруа қожалығы. 5 шаруа қожалығында 1607,2 га жерлері бар, соның ішінде шабындық – 58 га, жайылым – 1549,2 га.

Округ аумағында 5 шаруа қожалығы бар, соның ішінде 108 бас ірі қара мал мен 130 бас қой, 70 бас жылқы бар, барлық жер көлемі 1607,2 га, соның ішінде 58 га шабындық, қалған 1549,2 га жер жайылым болып табылады. 3 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, ал 2 шаруа қожалығы кент тұрғындарына жем-шөп, отын жеткізумен айналысады. Жанарбек ШҚ: иесі-Узембаев Бейсен, 58 га шабындық жері бар, 10 бас ірі қара мал және 30 бас қойы бар. Исток ШҚ: иесі-Шарова Елена, 215,6 га жайылым жерлері бар, 100 бас қой және 20 бас ірі қара малы бар. Белогорское ШҚ: иесі – Шаров Иван, 103,4 га жайылым жері бар, 3 бас ірі қара малы бар. Ақтау ШҚ: иесі-Супрунова Ирина, 130,2 га жайылым жері бар, 15 бас ірі қара малы бар. Камила ШҚ: иесі-Макажанова Шинар, 1100 га жайылым жері бар, 60 бас ірі қара малы мен 70 бас жылқысы бар.

Округ бойынша 1011 аула бар. Оның ішінде 369 аула – қосалқы шаруашылық иелері. 2014 жылдың 1 желтоқсанына алғанда жеке қосалқы шаруашылықтарда 1760 бас ірі қара мал бар, соның ішінде 505 бассауынды сиыр, 1707 бас ұсақ мүйізді мал, 285 бас жылқы, 44 бас шошқа, 1600 дана құс тіркелуде. Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал – 62 басқа, сауынды сиырлар - 53 басқа, ұсақ мүйізді мал - 52 басқа, жылқы - 14 басқа, шошқа - 2 басқа көбейді, себебі несие арқасында мал сатып алынды, сонымен қатар басқа аудандардан тұрғындар көшіп келгеніне байланысты.

Округте 1 ветеринарлық пункті бар, онда ветериналық дәрігер, фельдшер және санитар жұмыстарын атқаруда. Олар ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру және құжаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

2014 жылдың көлемінде 30 бас қанғыған ит жойылды.

Ауыл шаруашылығын жандандыру мақсатымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен несиелер берілді. Мал өсірумен айналысу үшін кент тұрғындары Дүйсенбай Ботабаев, Сергей Молчанов, Марина Дюкарева, Олжас Байдульдинов, Арыстанбек Есполов, Сыдыков Едил алды, ал Павел Бедашов пен Анатолий Владимирцев омартамен айналысу үшін несие алды.

Ниет білдірген тұлғалар жоқ болғандықтан қолдан ұрықтандыру пункті ашылған жоқ. 2010 жылдан бастап Асубұлақ кентінде мал сою алаңы өз жұмысын атқаруда, иесі жеке кәсіпкер Байжуменов Ерлан, барлық көрсеткіштер, талаптар мен санитарлық нормаға сай мал сойылады. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру бойынша барлық жұмыстар толық 100 пайызға орындалды, сонымен қатар компьютерлік базаға толықтай енгізілді. Белогор және Асубұлақ кенттерінде типтік үлгіге сәйкес мал қорымдары бар. Мал қорымына барар жолында көрсеткіштер орналастырылған, кент тұрғындарына мал қорымының бары туралы хабарланды. Өлген мал мен мал союдан қалған қалдықтарды мал қорымына апарып, жою ветеринардың қатаң қадағалауымен орындалады.

«Камила» ШҚ ірі қара малдың басын көбейту үшін «Сыбаға» бағдарламасымен 8,0 млн. теңге көлемінде несие берілді.
Шағын бизнес

Кентте кәсіптік қызмет нысандарының 31 тіркелді. Соның ішінде: 21 дүкен (14 азық-түлік дүкені, ал 7 өнеркәсіп дүкені), 1 дүңгіршек, 6 қызмет көрсету нысаны (фотосалон, аяқ киім жөндеу, киім тігу, шаштараз, дөңгелек жөндеу, компьютерлерді жөндеу), 1 дәріхана, 1 ЖҚС, 1 павильон-асхана.

Сонымен қатар 2014-2015 жылдары жеке кәсіпкер Садыков Берик Касенович «Береке» дәмханасын ашуды, ал жеке кәсіпкер Сейсебаева Зайра Касеновна тойхана ашуды жоспарлап отыр, сонымен қатар 2014 жылдың күз айларында жеке кәсіпкерлер Сейсебаева Зайра мен Абышев Асхат өнер кәсіп тауарларын және азық-түлік тауарларын сататын 2 дүкен ашты.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін кент әкімінің қолдаухаты бойынша 1 отбасыға шағын несие бөлінді, соның ішінде: (күніне 500 нан) шығаратын наубайхана ашу үшін – Айбатова Маринаға берілді. Кәсіпкерлік қызметті ашу есебінде 8-10 жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен салық базасының толықтырылуы күтіледі. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Солтангазина Мунира-наубайхана ашу үшін несие алды.

Төменгі Тайынты су қоймасында «Густера» ЖШС директоры Ю. Потапчук балық өсіру бойынша шаруашылығымен айналысады. Сонымен қатар жағажай санитарлық қалыпқа келтірілді, демалыс үйлері құрылды, Балық аулап, табиғат аясында демалу бойынша қызмет көрсетіледі. Ал «Алтайстрой» ЖШС директоры К. Урунтаев Төменгі Тайынты су қоймасынның жағажайында «Көк тау» атты емдік-сауықтыру комплексін ашқан. (маралдың мүйіз қанымен емделу). Сонымен қатар Асубұлақ кентінде де «Анды-Сай» ШҚ басшысы М. Дюкарева мал өсіру және балық өндіру кәсібімен айналысады.

Инфляциялық үрдісті тұрақтандыру үшін, сонымен қатар бағаларды тежеу үшін дүкен иелерімен сауда үстемесі 10 пайыздан аспауы туралы меморандум жасалды. Аптасына бір рет жұма күні ең қажетті өнімдерге баға мониторингі жүргізіледі. Ардагерлер мен әйелдер кеңесінің мүшелері мен әкімдік қызметкерлері бірлесе отырып аптасына бір рет дүкендерді аралап, сауданың үстемесі 10 пайыздан аспауын бақылап, баға мониторингін жүргізеді. 14 азық-түлік дүкенінен 10 ғана әлеуметтік бұрыштары бар, тұрғылықты жерлері бойынша аз қамтылған отбасылар бекітілген, тізімдері сатушылардың қолына таратылды.



Салықтардың түсімі мен жеке кірістері жоспарының орындалуы

Ағымдағы жылдың көлемінде жергілікті салықтардан жоспар бойынша: мүлік салығы – 66738 теңге, жер салығы – 100495 теңге есептелінген, жоспарға сәйкес барлық салықтар 100 пайыз жиналды.



Әлеуметтік қорғау
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 65 адам қатысты, соның ішінде 4 адам -әлеуметтік жұмыстар, 2 адам қайта даярлау курстарында оқуларын аяқтап келді. 9 отбасы мекенжайлық көмек, 34 отбасы балаларға арналған жәрдемақы алуда. 25 адам материалдық көмекке құжат тапсырды. Жастар практикасына 1 адам қатысуда. Округ аумагында бір Ұлы Отан соғысының ардагері және 119 тыл еңбеккері тұрады, 4 ауған соғысына қатысушы, 3 Чернобыль апатына қатысушы, «Алтын алқа» иегерлері – 3 адам, «Күміс алқа» иегерлері – 41 адам, көпбалалы аналар – 40 адам, 2014 жылы 4 балаға босанған аналар – 4 ана бар.

Асубұлақ кентінде 4 ставкада 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, барлығы 32 жалғыз басты зейнеткерге қызмет көрсетеді. Аптасына 2 рет барып тұрады. Барлық мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді, су, отын және көмір әкеледі, дүкеннен өнеркәсіп тауарлары мен азық-түлік әкеліп, береді. Мейрам күндері де назарларынан тыс қалдырмайды. Әлеуметтік қызметкерлердің барлығы да көптен бері жұмыстарын атқару үстінде, сол себепті егде жастағы адамдармен тез қарым-қатынас таба алады.



«Туған жерге тағзым» акциясы
«Туған жерге тағзым» акциясы барысында Майдан даңқы саябағында мемориалдық стелла орнатылды, Асубұлақ кентінің мектебіне жасанды шырша алынды, Белогор кентінде орналасқан О.Бөкеев атындағы орта мектебінің шатыры жөнделді.
Білім

Асубұлақ кенттік округінің аумағында 1 орта және 1 негізгі мектеп орналасқан, олар: «Асубұлақ орта мектебі» КММ және «О. Бөкеев атындағы негізгі мектебі» КММ. Барлығы 271 оқушы білім алуда, соның ішінде 258 оқушы Асубұлақ кентінде, 13 оқушы Белогор кентінде оқиды. Ұстаздардың мамандық деңгейі: жоғары дәрежелі 9 мұғалім, 13 мұғалім бірінші дәрежелі, 7 мүғалім екінші дәрежелі, 6 мұғалімнің дәрежесі жоқ. 2013-2014 оқу жылында 24 түлек оқуларын аяқтап шықты, соның ішінен 8 бала грантта оқиды,

5 түлек жоғары оқу орнына түсті, 3 түлек арнаулы орта білімін алуда, 1 әскер қатарында, 1 жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні төменгі сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оқушылардың ас мәзіріне бал енгізілген.

Асубұлақ орта мектебіне қарасты шағын балалар орталығы бар. 26 бала тәрбиеленуде, соның ішінде 13 бала қазақ тілінде тәрбие алуда, ал 13 бала орыс тілінде тәрбие алады. Кезекте тағы да 14 бала тұр. Шағын балалар орталығының бір айлық құны 7,0 мың теңгеден құралады. Болашақта жеке меншік балабақша ашу жоспарланған жоқ, себебі жұмыстың жоқ болу салдарынан ата-аналар балабақша төлемақысын өтей алмайды, сонымен қатар жеңілдіктерде жоқ.

Белогор кентінде О. Бөкеев атындағы негізгі мектебіне қарасты шағын балалар орталығы бар. 7 бала тәрбиеленуде. Жетекшісі Увалиева Маржан Ануарбековна. Сонымен қатар даярлық тобы да бар. Жетекшісі Радченко Юлия Леонидовна. О. Бөкеев атындағы негізгі мектебінің 1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оқушылардың ас мәзіріне бал енгізілген. О. Бөкеев атындағы негізгі мектебі толықтай электрлік жылу жүйесіне көшкен. Ағымды жөндеу жұмыстары толықтай атқарылды.

Мәдениет
2015 жылы 150 орынды мәдениет үйінің құрылысы жоспарлануда. Қоғамдық іс-шараларын ұйымдастырушы К. Кусманова көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеді. Халықтық атағы жоқ «Сударушки» вокалдық тобы өз өнерімен бөлісуде. Жаңа Жыл, Наурыз мейрамы, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, Конституция күні, Қарттар және Мүгедектер күндері, сонымен қатар тәрбиелік маңызы зор мерекелерде жиі өткізіледі. Сол сияқты саяси маңызы зор мерекелерде назардан тыс қалмайды, мысалы Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күндеріне арналған спорттық сайыстар мен турнирлер, мерекелік концерттер өткізіледі.

Бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі негізінде округтегі шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен меморандумдарға қол қою жұмыстары есеп беру мезгілінде де жалғасын тапты.



Медициналық қызмет көрсету
Асубұлақ ауылдық ауруханасында 27 медицина қызметкерлері бар, 6 дәрігер жоғарғы медициналық білімімен, 21 адам орта медициналық білімімен. Ауруханада 20 стационарлық және 10 күндізгі стационарлық төсек орны бар. Тұрғындарға қызмет көрсететін 3 санитарлық автокөлік бекітілген, оның ішінде 2 УАЗ машинасы және 1 ВАЗ машинасы бекітілді. Өткен жыл бойы 29 бала дүниеге келді, 45 адам қайтыс болды. Қайтыс болу деңгейі жоғарылап кетті, себебі кент тұрғындарының 80 пайызы егде жастағы адамдардан құралады.
Инфрақұрылым
Округ бойынша 3404 адам бар, оның ішінде: Асубұлақ кентінде 17, ал Белогор кентінде 3 қоғамдық бұрғылаған құдықтан ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бастаудан және өздерінің жеке құдықтарынан су алып қолданатын кент тұрғындары бар.

Белогор кентінде орталық Ленин көшесі жартылай жарықтандырылды, ал Асубұлақ кентінде Мира, Ленина, К. Кайсенова және Октябрьская көшелері жарықтандырумен қамтамасыз етілді. 2014 жылы кешкі кезде жарықтандырумен қамтамасыз ету үшін қосымша тағы да 65 шам орнатылады.


Телекоммуникация
«Қазақтелеком» АҚ Асубұлақ бөлімшесінің қарамағында 809 абонент, соның ішінде 69 абонент Белогор кентінде. 809 абоненттің 175 ғаламтор желісіне қосылған.
Құқық қорғау
Асубұлақ кенттік округіне учаскелік полиция инспекторы болып Шакенов Куаныш Амантаевич, ал Белогор кентіне Мамбетов Галымжан Абдилмажитович тағайындалды. Қылмыстық істер азаюда, себебі түнгі кезде патрульдік қызмет өз жұмысын атқаруда. Әкімшілік құқықбұзушылықтар да азаюда, себебі айыппұл коэффициенті өсті. Мал ұрлығын азайту үшін алдын ала насихаттау жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар «Сарбаз» және халық арасынан еркін топ құрылуда. Олар түнгі кезде патруль жүргізіп, мал ұрлығына жол бермейді.

Асубұлақ кентінде әкімшілік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен үкіметтік емес топтарының мүшелерінен құрылған еркін тобы аптасына екі рет кешкі сағат 20 00-ден 22 00-ге дейін кезекшілікке шығады.


Қоғамдық жұмыстар
Кентімізде 2 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Олар: Ардагерлер кеңесі және Әйелдер кеңесі. Бұл ұйымдар тұрақты өз жоспарлары бойынша жиындарын өткізіп тұрады. 21 жасқа дейінгілерге ішімдік бұйымдары сатылмау керектігі жайлы учаскелік полиция инспекторымен бірлесе құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша және дүкендерде сауда үрдісі 10 пайыздан көтерілмеуі бойынша рейдтерді жүргізіп тұрады.

2014 жылдың ішінде округтегі елді мекендердің санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру жөнінде сенбіліктер өткізілді.



  1. сенбіліктер жүргізу барысында тазартылды:

- көшелер мен жолдар – 23 шақырым

- тұрғын үйлерінің аула аумақтары – 680 аула,

- оқу орындарының, мектептердің, балалар бақшаларының аумақтары

- су тартқылардың санитарлық аймағының қоршаулары – 17 (Асубұлақ кентінде)

- шығарылған қоқыс – 265 тонна.

2. Мектептер, Майдан Даңқы саябағындағы ескерткіштің, әкімшілік ғимараты, балабақша және спорт кешені маңайында 50 ағаш (қайын, қарағай) және бұталар, 100 көшеттер егілді.

3. Сенбіліктерге 132 адам қатысты, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар – 23 адам болды.

Сонымен қатар округте төмендегідей кемшіліктер де бар:



  1. Белогор кенті-Асубұлақ кенті арасындағы көлік қарым-қатынасы.

  2. Ауыз сумен және технакалық сумен қамтамасыз ету.

  3. Автомобиль жолдарын жөндеу.

  4. Түнгі кезде жарықтандырумен барлық көшелерді толықтай қамтамасыз ету.

  5. «ГРК «БелогорСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысын жандандыру.



Асубұлақ кентінің әкімі М. Мукашев

  1. жылға арналған жоспар



  1. Жеңіс күнінің 70 жылдығына орай ҰОС кезінде қаза болған жерлестеріміздің құрметіне стелла орнату

  2. Халық қаһарманы, партизан, жазушы және жерлес К. Кайсеновтың бюстын орнату

  3. Өзеннен өтетін көпір орнату

  4. Ағаштарды егу және бағандарды ағарту.

  5. Жолдардың шұңқырлық жөндеу жұмыстарын өткізу.

  6. Санитарлық тазалау.

  7. Әкімдіктің төбесін жөндеу.

  8. Әкімдіктің 2 қабатын жөндеу.

  9. 150 орынды Мәдениет үйінің құрылысын бастау.

  10. Балалар алаңының құрылысын бастау.

  11. Суаруға арналған су өткізетін жүйені жөндеу


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет