Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаның орындалуы туралы анықтама



жүктеу 118.46 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі118.46 Kb.
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған


салалық бағдарламаның орындалуы туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы


№ 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген.

Осы Бағдарламаның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру болып табылады.



Нысаналы индикаторы: Қазақстан 2015 жылға қарай «Транспаренси Интернэшнл» рейтингінде сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 180 елдің ішінен 90-шы орынды иеленетін болады.

2-ші міндет Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру.

2-ші тармақ «Лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру» (орындаушы ҚР ЭДСМ) орындалу мензімі: жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей.

Министрлік ЭДСМ бірге лицензияланатын қызмет түрлерін және рұқсат беру функцияларды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.

Берілген лицензиялардың саны:

Қазақстан Республикасы бойынша:

«Е-лицензиялау» мемлекеттік дереқкоры арқылы берілген электрондық лицензиялардың саны 18660 құрайды.



Көліктік бақыла комитеті бойынша: 1049 құрайды, оның ішінде
«Е-лицензиялау» мемлекеттік дереқкоры арқылы 1049 лицензия қалыптастырылып, берілген.

Байланыс және ақпараттандыру комитеті бойынша: 31 құрайды, оның ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дереқкоры арқылы 31 лицензия қалыптастырылып, берілген.

3-ші міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру

1-ші тармақ бойынша. Көліктік бақылау комитеті:

«Нұр Отан» ХДП филиалдары, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес облыстық департаменттер, көліктік прокуратуралар және «Атамекен» кәсіпкерлер одағының облыстық филиалдары өкілдерінің қатысуымен өңіраралық көліктік бақылау инспекцияларымен (бұдан әрі – ӨКБИ) көліктік бақылау органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде семинар-отырыстары өткізілген болатын.

«Нұр Отан» ХДП өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтармен теріс қылықтар фактілерін алдын алуға және болдырмауға, қолданыстағы заңнаманың талаптарын түіндіруге бағытталған түрлі акциялар өткізілді.

«Партиялық бақылау – әкімшілік кедергілерді жою, көліктік бақылау жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарының ашықтығы мен алынуының факторы» тақырыбына байланысты дөңгелек үстелдер өткізіді.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Өшірет – бұл сыбайлас жемқорлық» «Нұр Отан» ХДП КОФ ғимаратында Техникалық байқау орталықтарының жұмысын ұйымдастыру мәселесі жөніндегі «Ашық есіктер күндері» және Өңіраралық инспекцияларының басшыларының – «Нұр Отан» ХДП Орталық бақылау ревизиялық комиссиясының мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдаулары өткізілді. Сондай-ақ, Техникалық байқау орталықтарында партиялық бақылау бекеттері ұйымдастырылған.

2-ші тармақ бойынша. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының


2012 жылғы 10 шілдедегі № 36-V Заңы (бұдан әрі – Заң).

Байланыс және ақпараттандыру комитеті бойынша:

Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызметі алынып тасталды.

Сондай-ақ, Заңмен байланыс саласында қызмет көрсету бойынша келесі лицензиялар қысқартылды:


  1. жергілікті телефон байланысы;

  2. деректерді беру (оған қоса Интернет қызметтерін көрсету және телеграф байланысы);

  3. мобильді телекоммуникациялық байланыс (оған қоса жылжымалы радио (радиотелефон) байланысы, транкингтік және пейджинг байланысы).

Осымен, Министрлікпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
29 желтоқсандағы № 1641 қаулысымен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларынан радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу бойынша тарау алынып тасталды.

Сондай-ақ, Қағидалардан Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруді берген кездегі талап етілетін келесі құжаттар алынып тасталды:



  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі/қайта тіркелуі туралы және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  • Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігі.

Яғни, мемлекеттік дерекқорлардан алыну мүмкін құжаттар талап етілмейтін болды.

Қазіргі таңда, жоғарыда көрсетілген өзгерістер Қағидалардың жаңа редакциясында ескерілген және Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітілуге ұсынылған.



Көліктік бақылау комитеті бойынша:

Жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша қызмет лицензиялатын қызмет түрлері тізілімінен алынып тасталды. Осы Заңмен келесі рұқсат беру құжаттардың: рұқсат алмай жүріп өту жүйесі кезіндегі шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талоны, лицензиялатын қызметтерді жүзеге асыру кезінде көлік құралына есеп құжаты, сондай-ақ лицензиялатын қызмет түрінің атауының өзгеруіне байланысты Мемлекеттік лицензияға Қоымшаның берілуі алынып тасталды.



Көлік және қатынас жолдары комитеті бойынша:

Жоғарыда көрсетілген Заңмен локомотивтік тежегіш қызметі бойынша рұқсат беру қысқартылды.

Қазіргі таңда, жолаушылар тасымалдауларын басқару автоматтандырылған жүйесіне доступ беру кезінде келісу беруді оңтайландыру бойынша мәселесі қарастырылып отыр.

Азаматтық авиация комитеті бойынша:

Әуе тасымалдау нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында жоғарыда көрсетілген Заңның шеңберінде ішкі коммерциялық уәе маршруттарына конкурс алынып тастау бойынша Комитетпен «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізілген болатын.

Осы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілуіне халықаралық стандарттар ұшу қауіпсіздігі сәйкестігіне авиатасымалдаушыларға, тұрақты әуе тасымалдауларды сақтайтын, көрсетіліп отырған қызметтердің сапасына және т.б. жаңа біліктілік талаптарды орнататын «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы енгізілді.

Осы өзгерістердің күшіне енгенінен кейін авиакомпаниялар аумақтық рейстерді конкурссыз орындау құқығына ие болады, ал ол өз кезегінде әуе тасымалдау нарығында оңды бәсекелестік пайда болуына және әуебилетінің тарифіне оңды әсер етуді қалыптастырады.

Автомобиль көлігі Департаменті бойынша:

Жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкес:

1) «Жүргізушілерге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі алынып тасталды;

2) «Халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін даярлау курстарын бекіту» мемлекеттік қызметі хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылды.

Осыған байланысты, ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкестендіру үшін «Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы» және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 979 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

Көрсетілген қаулы жобасы қазіргі таңда ҚР барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен келістірілген және ҚР Үкіметінің қарауына енгізілген.



8-ші тармақ бойынша. 2012 жылғы 9 маусымдағы № 01-15/10709-И-хатымен Министрлікпен өзінің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгімен (қаржы полициясы) әзірленген бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық автоматтандырылған жүйесіне техникалық-экономикалық негіздемесіне оңды қорытынды жолданған.

9-шы тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің көріністерін жою мақсатында 2012 жылдың сәуір айында Министрлік «1414» және «117» сенім телефондары арқылы көліктік бақылау саласында құқықбұзышылықтар туралы ақпарат алу үшін Министрлікпен Call-орталықтары құрылған болатын. Бұл жөнінде 2012 жылдың 2-6 сәуірінде «Казахстанская правда» (С.Лемешев «Телефон доверия»), «Мегаполис» («Телефон доверия»), «Курсивъ» («Минтранском РК запустил сервис консультационной поддержке по вопросам транспортного контроля на базе Call-центра «1414» и телефона доверия «117»), «Караван» («Звоните, спрашивайте, жалуйтесь») «Страна и мир» «Электронные лицензии», «Комсомольская правда» («Абонентов связи оградят


от мошенничества») газеттерінде жарияланған еді.

Көлік құралдарына техникалық байқау жасаған кезде алаяқтық фактілерін алдын-алу үшін келесі БАҚ-та: «Казахстанская правда» («Плюсов больше, чем минусов», 2012 жылдың 7 сәуірі), «Экспресс К» («А им уже разрешили»), «Казахстанская правда» («Техосмотр: изменены сроки и правила»


2012 жылдың 26 сәуірі), «Время» («Водилам на радость»), «Экспресс К» («Техосмотру дали полгода», 2012 жылдың 27 сәуірі), («Ну, за талон»,
2012 жылдың 28 сәуірі), («Сервис. Смотрите кто приехал», 2012 жылдың
18 мамыры), («СТО вы говорите», 2012 жылдың 19 мамыры), («Новое поколение» («Взгляд со стороны»), («Мегаполис» интервью заместителя председателя Комитета транспортного контроля А. Асавбаева «Техосмотр:
всё на своих местах», 2012 жылдың 8 маусымы) и («Техосмотр: проще некуда»
2012 жылдың 18 маусымы) («Казахстанская правда» «Техосмотр по высоким стандартам»), («Айқын» Интервью председателя Комитета транспортного контроля Б.Абишева «Техникалық байқаумен айналысатын кәсіпкерлерге талапты күшейтіп отырмыз», 2012 жылдың 8 маусымы), («Экспресс К» «Талон в один конец», 2012 жылдың 13 маусымы), («Аргументы и факты»
«В техосмотре новые правила»), («Инфо-ЦЕС» «Техосмотр – один для всех») т.б. техникалық байқауды өтуді кейінге қалдыруды енгізу туралы мақалалар басылуы ұйымдастырылған еді.

ХҚКО қызметі туралы және әкімшілік кедергілерді жою үшін мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқаға ауыстыру, сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюы және халық және мемлекеттік органдары арасында өзара әрекеттестік процесстерін оңтайландыру жөнінде «Око» («ЦОНы в стиле MODERN»), «Алаш айнасы» («Лицензия алудың жаңа үлгісі», 2012 жылдың


1 сәуірі), «Вечерняя Астана» («Электронное лицензирование») және т.б. газеттерінде материалдар шықты.

Астанадағы V-ші Экономикалық форумның шеңберінде 18-21 мамырда «Connect Kazakhstan-2012» көрме-конференциясында «Қазақстанның көлік инфрақұрылымының даму перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Көрсетілген тақырыпқа қатысты «Егемен Қазақстан» (Ә.Қыдырбек «Жаңашыл жобаларға жол ашық»), «Казахстанская правда» (А.Муканова «IT-connect в русле мировых трендов»), «Айқын» («Электрондық үкімет.Ақпараттық анықтама жақсарды»), «Литер» (Т.Казанцева «IT-успех»), «Республика.KZ» («Казахстан на связи», «Мосты Азии и Европы»), «Курсивъ» («До новых встреч «Connect Kazakhstan»!) , журнале «Эксперт-Казахстан» («Connect Kazakhstan-2012») газеттерінде мақалалар басылып, сондай-ақ барлық ақпараттық агенттіктердің сайттарында ақпарат орналастырылған болатын.

2012 жылдың 28 мамырында Министр А. Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінің үкіметтік сағатында «Инфо-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту нәтижелері туралы» тақырыбына арналған баяндамамен шыққан. Баяндаманың қорытындысы бойынша «Егемен Қазақстан» (А.Тұрапбайұлы «Салада ілгерілеу байқалады»), «Казахстанская правда» (Л.Тусупбекова «Позвони мне, позвони»), «Алаш айнасы» (Қ.Қазы «Ауылға интернет қашан жетеді»), «Экспресс К» (И.Гук «Разговорчики в сети»), «Время» (Т.Кирбетов «Главное – не победа, а е-участие»), «Литер» (Т.Вааль «Впечатляющая «цифра»), «Новое поколение» (Б.Омар «Минутное дело»), «Панорама» («28 мая в Мажилисе состоялся правительственный час,
на котором выступил Министр транспорта и коммуникаций Аскар Жумагалиев»), «Заң газеті» (Е.Нұғыман «Құжаттар саны қысқарады»),
«Страна и мир» («Сеть особого назначения») газеттерінде, сондай-ақ электрондық БАҚ-та материалдар жарияланған еді.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы ретінде мемлекеттік қызметтерді, ХҚКО арқылы автокөліктерге техникалық байқау туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлерді беруді электрондық форматқа аудару қажеттігі туралы материалдар «Литер» («В центре внимания»), «Айқын» (М.Байназарова «Электрондық қызмет сыбайлас жемқорлықты жояды») газеттерінде шықты.

2012 жылдың 20 маусымында Министр А.Жұмағалиев мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді. Көрсетіліп отырған тақырып бойынша
«Егемен Қазақстан» (Д.Бітікова «Қағазбастылықтан құтылар күн жақын») материал жарияланған болатын.

Көліктік бақылау бекеттерінде бейнебақылау камераларының орнатылуы туралы «Деловой Казахстан» («Видеокамеры на дорогах внесли в бюджет более 150 млн. тенге»), «Аргументы и факты» («Наблюдение за наблюдателями», «Дороги оснастят весами», 2012 жылдың 2-8 мамыры), «Заң газеті» (А.Құрманғали «Жеке басты куәландыратын құжаттар «е-қызмет»),


«Экспресс К» (Н.Абсалямова «Водители попадут в камеру»), «Литер» (Л.Артымович «Онлайн-контроль»), «Новое поколение» (А.Байтеновтің «Дистационный смотритель»), «Вечерняя Астана» (О.Цыганкова «Талоны техосмотра отменят?»), «Казахстанская правда» («Техосмотр ведет компьютер»), «Литер» (Е.Тунгатаров «Берегись автомобиля») газеттерінде мақалалар басылып, «Қазақпарат», «Tengrinews.kz», «Новости-Казахстан» атты информагенттіктердің сайттарында ақпарат таратылды.

Көлік және қатынас жолдары комитетінің жанында жолаушыларды тасымалдау саласында бұзушылықтар туралы арыздарды қарайтын комиссияны ұйымдастыру және ХҚКО қызметкерлерін аттестацияудан өткізу туралы «Қазақпарат», «Meta.kz», «Zona.kz», «thenews.kz», в газетах «Комсомольская правда-Казахстан» («Буду жаловаться!», 19 июля 2012 года), «Бизнес & власть» («Аттестацию не прошли»), «Караван» («В ЦОНах им не место») интернет-ресурстарында ақпарат жарияланды.

«Қазақпарат», «Капитал.kz», «thenews.kz», «Zona.kz», «Zakon.kz», «Today.kz», «Ca-News.org» сайттарында, «Алаш айнасы» (Б.Мұхтаров
«Ел аумағымен жүкті заңсыз тасыған шетелдіктер ұсталды») газетінде и т.б. ҚР көлік заңнамасын бұзғаны үшін 46 шетелдік тасымалдаушыларды жауапқа тартылғаны туралы мақалалар берілді.

10-шы тармақ бойынша. 2012 жылдың 20 қыркүйегінде «Bnews» интернет-ресурсында «Транспортный контроль» («Көліктік бақылау») тақырыбына арналған Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Б. Әбішевпен онлайн-конференция өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы «Көзқарас», «Решение принято» және «Үкімет пен әлеумет» бағдарламаларының тікелей эфиріне, «Bnews» интернет-ресурсының онлайн-конференциясына қатысқан. Бағдарламалардың негізгі тақырыбы – мемлекеттік қызметтердің оңтайландырылуы мен автоматтандырылуы, ХҚКО жаңартылуы.

Автокөлік құралдарына техникалық байқау өтуі жөнінде жалған куәліктерді анықтау және рұқсаттарды беру бойынша жұмыстардың қорытындысы туралы Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Б. Әбішев «Көзқарас» бағдарламасында айтып берді.

12-тармақ бойынша. СЖҚКА-дан (Қаржы полициясы) келіп түскен
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жадынама Министрлііктің барлық құрылымдық бөлімшелеріне ақпарат ретінде 2012 жылдың
18 маусымында № 08-2/290-ВН-хатымен жіберілді.

13-тармақ бойынша. Көрсетілген тармақ бойынша негізгі орындаушы БҒМ (ККМ қос орындаушы), қаржы көзі – Республикалық бюджет болып табылады. Осы мақсаттарға Министрлікке бюджеттік қаражаттар бөлінбегеннен, осы тармақты орындау бойынша Министрлікте ұсыныстар жоқ.

18-тармақ бойынша. Министрліктің сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында, Министрліктің, аумақтық органдарының ғимараттарындағы стендтерінде, сондай-ақ көліктік бақылау бекеттерінде сенім телефондарының нөмірлері беріліп отыр. Бұдан басқа, бірыңғай сall-орталығы қызмет істейді. Министрліктің сайтында көліктік бақылау органдары қызметінің мәселелері бойынша смс-үндеулері үшін нөмірлері көрсетілген. Теміржол көлігінде жолаушыларды тасымалдау кезінде қызмет көрсетудің сапасына халықтан түскен арыздарды қарау бойынша комиссия құрылған.

22-тармақ бойынша. 2012 жылдың 25 қыркүйегінде басшылардың қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулердің өткізу кестесі құрастырылған және оларды өткізу бойынша жауапты тұлғалар тағайындалған. 2012 жылдың 25 қыркүйегінде № 05-08/6460-хатымен кесте СЖҚКА-ға (Қаржы полициясы) жолданған. Қазіргі таңда, жоғарыда айтылған кестеге сәйкес кездесулер өткізілуде.

24-тармақ бойынша. Қазақстан Республикасының
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополиялар субъектiлерi, аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге міндетті. Аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық есеп бекiтiлген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс. 2011-2015 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасы бойынша өткен 2011 жылдың телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерінің аудиторлық есептері бойынша ақпарат ТМРА-ның мекен-жайына ҚР ККМ-мен ағымдағы жылдың шілдесінде жолданды. Айтылғанның негізінде, табиғи монополиялар субъектiлерінің 2012 жылғы аудиторлық есептері бойынша ақпарат 2012 жылдың шілдесінде ұсынылатын болады.

43-тармақ бойынша. Мемлекеттік органдардың ақпараттандырылуы аутсорсингі жоспары (бұдан әрі – жоспар) әзірленді. Жоспар мемлекеттік органдарының ІТ-қызметтерін аутсорсингке және коммерциялық нарыққа шығару механизмін анықтайды. Аталған жоспар мемлекеттік органдарымен келістіру сатысында. Бұдан басқа, «Ақпараттандыру туралы» Заң жобасы


2012 жылдың 19 қыркүйегінде № 17-43/004-519-хатымен ПМК-ға қарауға жолданған.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет