«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет8/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105
treatise8925

Түсіндірушілік қызметі өзінің мазмұнына процесстер, құбылыстар, оқиғаларға жалпы сипаттама береді. Белгілі-бір оқиғаларды арнайы терминдермен суреттей отырып, жалпы теория өзінің тілін қалыптастырады, сол арқылы сот сараптамасының білім ретіндегі ерекшеліктерін аша білетін объективті шындықтың заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік туады. Ғылыми әзірленген терминологияның арқасында материалды жүйелеу мен оны орнықтыру жағдайлары туындайды, содан аталған жағдай оқытылып отырған саланы тереңірек ұғынуға ықпал етеді.
Сот сараптамасы жалпы теориясының болжамдық қызметі ғылыми саланың заңдылықтарын тану туралы білімнің даму жолдарының алдын-ала болжамдарын айқындайды.
Бұл теориямен жүзеге асырылатын білімдерді жүйлеу және синтез, оның жүйелеу қызметінің арқасында, олардың қабылдануын жеңілдетеді, жұмысқа тартылған білімдерді, теорияның кейбір элементтері арасындағы терең байланыстарды анықтап қана қоймай, сонымен қатар теорияның және басқа ғылымдар арасындағы байланыстарды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Осылайша, сот сараптамасы жалпы теориясының жеке білім ретінде орын алуы оның әдіснамалық қызметін қолдануында жатыр. Әдіснамалық қызметін қолдану барысында түсіндіру, синтездеу және болжау сияқты қызметтер орын алады.
Аталған жағдайлар жалпы теорияның әдіснамалық қызметін жүзеге асыру механизмі ретінде сот сараптамасы саласындағы жаңа білімді қалыптастырады.
Одан басқа, криминалистика және басқа да ғылымдармен жинақталған ғылыми әлеуетін қолдану сот сараптамасының жалпы теориясымен бейімделген әдістері арқылы жүзеге асырылады. Сол сияқты, биімделген және теориялық тұрғыдан негіздлген жаңа әдістер мен таным құралдары әдіснамалық қызметтің жүзеге асуы сот-сараптамалық қызметті одан әрі жетілдіріп, дамытады.
Аталған жағдайды ескере отырып, сот сараптамасы жалпы теориясының әдіснамалық қызметі екі түрлі көрініске ие. Ғылыми тұрғыда, ол ойлау қабілеттілік нысанда сараптамалық танымның теориялық қағидалары мен ойлаудың нақты тәсілі түріндегі сараптамалық танымның тероиялық принциптерінде қалыптасады. Тәжірбиелік мағынада, аталған қызмет сараптамалық зерттеудің міндеттерін анықтау, нақтылау, түсіндіру ретінде және оны шешу үшін қажетті әдіс-тәсілдер, құралдар әзірлеуде көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет