«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет83/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105
treatise8925

анықтау сараптамасы

Сараптаманың алдына қойылатын сұрақтар:



  • бастапқы мәліметтерде көрсетілген жағдайларда нақты заттардың жылулық, химиялық, микробиологиялық өзінен-өзі жанудың пайда болуы мүмкін ба ?

  • алғашқы деректерде көрсетілген объектілердің сақталуы өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес пе ?

  • зерттелетін объектілердің өзінен-өзі жануы үшін қолайлы жағдайлар болып табылады ?



Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Өрт болған жерді қарау туралы хаттамада оқиға болған жерге термикалық әсер етудің сипаты және сол жерде материалдар мен заттар қалай сақталғандығы туралы көрсетілуі керек.
Ауылшаруашылық объектілерінде өсімдік жемдік азық-түліктердің микробиологиялық өзінен-өзі жануын сараптамалық түрде анықтау үшін келесі мәліметтер көрсетілуі керек:

  • жем қандай шөптерден дайындалғандығы;

  • жемнің дайындалу, кептіру және тасымалдау кезіндегі ауа райы (метеорологиялық анықтама қажет);

  • шөптің далада кептірілуінің ұзақтығы (шаруашылықтың агро-зертханасының мәліметтерімен немесе куәгерлердің жауабы бойынша анықталады).

Өсімдік объектілерінің қоймаға қою және сақталу технологиясы туралы мәліметтер өз құрамына мыналарды енгізеді:

  • қоймаға қоюдың әдісі туралы мәліметтер, өсімдік массасының көлемі туралы, оның орын алған жерінің аумағы туралы (үй-жайдың төбесі мен қабырғаларына дейінгі арақашықтығын көрсетуімен);

  • белсенді вентиляциялау жүйелері немесе ауаны алмастыру үшін арналған вентиляциялық каналдардың болуы, олардың көлемі және арақашықтығы туралы мәліметтер;

  • жемнің температурасын өлшеу нәтижелері, жиілігі, тәсілдері мен сол үшін қолданылған құралдар;

  • сақтау қоймасында күлдің аккумуляциялануына себепші болған жағдайлардың пайда болуы туралы мәліметтер (үй-жай жиі тексерілді ма, есіктері мен люктері қанша уақыт ашық тұрған, шатыр мен қабырғалардағы тесіктерден жаңбыр суы ішке кіруі мүмкін бе).

Тұтандыру қайнар көздерінен жанармай материалдарының жану мүмкіндігі туралы сұрақтар қойылу кезінде сараптамаға сол материалдардың үлгілері жіберіледі.
Өзінен-өзі жану мүмкіндігін анықтау үшін сарапшы сақталған материалдар туралы, олардың аталуы, сақталу жағдайлары, температурасы, ылғалдылығы және жақын арада болған қыздырғыш қайнар көздер туралы мәліметтерді білуі қажет.
Егер материалдар жылулық өзінен-өзі жануға бейім болса (мысалы қағаз, ағаш), онда қыздырғыш қайнар көздері туралы деректерді хабарлау керек (мысалы, пеш, электр қыздырғыш құралдары).
Қоймаларда өрт болған кезде, онда сақталған материалдардың (жем, шөп, шөптік дәрумендік ұн) сақталу, жинау кезінде барлық талаптар сақталды ма, қандай жағдайда, қанша уақыт олар сақталғандығын анықтау керек.
Заттардың химиялық өзінен-өзі жануға ұшырау мүмкіндігін анықтау үшін (аммиакты немесе калийлі селитра) жоғарыда көрсетілген мәліметтермен қатар, жақын арада болған минералды қышқылдардың (күкірт қышқылы), минералды тыңайтқыштардың (суперфосфат, тотияйын) және жанғыш материалдардың (ағаш, қағаз) болуы туралы көрсетілуі керек.
Өсімдік немесе малдың майымен сіңіп қалған майдаланған немесе талшық заттарының өзінен-өзі жануға ұшырау мүмкіндігін анықтау барысында сарапшыға олар қандай өсімдік немесе жануар майымен сіңдірілуі, жақын жерде қыздырғыш заттар орын алуы туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет