«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Үдеткіштің көмегімен жану дерегін анықтау сараптамасы



бет84/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
treatise8925

16.5. Үдеткіштің көмегімен жану дерегін анықтау сараптамасы
Тергеуші өрттің пайда болуына қатысты алуан-түрлі болжаулар құрастырумен қатар, өрттің мұнай өнімдері мен жанармайлар материалдарын қолдану барысында пайда болған өрттер туралы да болжауларды шетте қалдырмайды. Мұндай болжауларға қатысты сұрақтарды шешу өрт-техникалық сараптаманың және заттар мен материалдарды криминалистік зерттеу сараптамасының құзыреттілігіне кіреді. Сондықтан, екі түрлі сараптама тағайындалады.
Сараптаманың алдына келесі сұрақтар қойылады:

  • ұсынылған жану объектілерінде үдеткіштер – оңай тұтанатын, жанармай сұйықтықтардың белгілері бар ма ?

  • егер болса, олардың табиғаты қандай ?



Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Үдеткіштің болуымен жанған объектілерге ерекше зақымдар тән болады. Олар іс материалдарында көрсетілуі тиіс: жанудың бірнеше локализацияланған жерлері болады, материалдар қатты зақымданады, баяу жанатын материалдарда тесіп өткен жанудың болуы, үдеткіш ретінде қолданылған заттардың ерекше иісі. Мұндай заттар өртенбеген жерлерде де сақталуы мүмкін.
Сараптама үшін өрт болған жерде төгілген жанармайлар көздері бар тасушы-заттар да ұсынылуы қажет. Оларға: оңай тұтанатын заттардың үлгілері, жанармайлардың сұйықтықтары т.с.с.
Сараптамаға жіберілетін заттар ағып кетпеуі үшін тиісті түрде буып-түйілуі керек. Жоспар-сызбаларда алынған объектілердің жерлері көрсетілуі керек.
Өрт-техникалық сараптаманы тағайындау барысында тергеушімен ғимараттың архитектуралық-құрылыстық сипаттамасы берілуі тиіс, объектінің жоспары, еденнің материалдары мен құрылымдары, қабырғалардың, төбелердің, есік пен терезелердің құрылымдары, өртпен зақым болған заттардың дәрежесі мен сипаты т.с.с. көрсетілуі керек. Осыған қатысты мұқият түрде жанып кеткен құрылымдар мен материалдар, онда қалдырылған іздер, металл заттарынан жасалған құрылымдардың және құралдардың зақымдану ерекшелектері көрсетілуі тиіс.
Оқиға болған жерде маманның қатысуы барлық жағдайда қажет. Егер сараптама тағайындалса, тергеулік қараумен қатар сараптамалық қарау да қажет, өйткені ол сараптамалық зерттеудің бірден-бір сатысы болып табылады. Өрт болған жер статикалық және динамикалық күйде қаралуы керек. Статикалық қарау кезінде өрт болған жер өзгеріссіз сақталады. Бұл сатының негізгі міндеттері өрт болған жерді зерттеп, бекітуден тұрады.
Динамикалық сатыда құрылысты бірте-бірте қарау жүргізіледі, өрттен қалған қоқыстарды жинайды, едендерді тазартады. Бұл сатыдан кейін қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру қажет.
Өрт болған жерді зерттеу кезінде суретке түсіру керек. Фотосуретке криминалисттік суретке түсірудің барлық ережелерін сақтай отырып түсірілуі тиіс.
Оқиға болған жерді қарау хаттамасын сызба-жоспармен қатар жасалу қажет. Толығымен жанып кеткен объектілерді, материалдарды, құралдарды олармен жақын тұрған заттарды сипаттау қажет.
Сарапшыға сұрақтарды шешу үшін қажет, бірақ оқиға болған жерді қарау туралы хаттамада орын алмаған, мәліметтер тергеуші қаулысының сипаттау бөлімінде көрсетілуі керек.
Мысалы, өрттің пайда болуын және оның таралуын анықтау үшін өртке себеп болған қоршаған ортаны сипаттап материалдар мен құралдардың орналасқан жерлерін көрсету керек.
Өндірістік процесстердің салдарынан туындаған өртті анықтау үшін хаттамада құралдардың немесе монтаждың өртке қауіп келтіретін жағдайларын, құралдардың техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын (бұзылуын), технологиялық процесстердің сақталу ерекшеліктерін, құралдардың жұмыс режимін, сақтайтын және қорғайтын бақылау құралдарының күйі т.с.с. сипаттап көрсету тиіс.
Сонымен, ұсынылатын материалдардың көлемі сараптамаға қойылатын сұрақтарға қатысты болады. Зерттеу жан-жақты, толық және шынайы болу үшін сарапшыға оқиға болған жерді қараудың хаттамасын, жоспар-сызбаларын, объектілердің фотосуреттерін, өрт туралы инспектордың актісі, электр құралдарын тексеру туралы Мемлекеттік өрт-қадағалау және Мемлекеттік энергия-қадағалау органдарының актілер ұсынылуы қажет.
Өрт-техникалық сараптаманың міндеттері дұрыс шешілуі оған ұсынылған объектілердің күйіне қатысты (заттай дәлелдемелер, үлгілер) және олардың жеткілікті көлемде болуы, тергеушімен ұсынылатын алғашқы деректердің (Мемлекеттік органдардың өртке қатысты актілері) орын алуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет