«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


тақырып. Сот сараптамасының жіктелуі



бет10/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
treatise8925

3 тақырып. Сот сараптамасының жіктелуі

Сот-сараптамалық қызметті ұйымдастыру барысында, сот сараптамалары жіктелуінің ғылыми заңдылығына қатысты мәселесі маңызды. Оның шешілуі бірнеше факторларға қатысты.


Ең алдымен, сараптаманың жіктелуі дегеніміз – сараптамалық білім саласының ғылыми жүйелендірілген түсінігі. Мұндай анықтама аталған тәжірбиелік және ғылыми сала туралы жүйелік түсінік алумен қатар, оның тәжірбиеде жүзеге асатын құрылымдық элементтерін бөлуге де мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, әрекеттердің соңында сот сараптамаларын жүргізуде көрініс табатын танымдық сараптамалық қызметтің құрылымдық элементтерінің дифференциациялануы, объективті критерилердің айқындалуын талап етеді, олардың негізделуі сот өндірісінде арнайы ретінде қолданылатын ғылыми білімдерді бөліп көрсету үшін қажет.
Сот өндірісінде ғылыми білімді арнайы деп көрсету әдістемелік негізде келесі мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді, олар:

  • азаматтық және қылмыстық процестегі міндеттерді шешу үшін қолданылатын сараптамалық білімдердің өзектілігі;

  • оның әзірлену және тәжірибелік маңыздылығының деңгейі;

  • жетілдірудің мүмкінде жолдары;

  • арнайы сараптамалық мамандықтардың тізімі және соған сәйкесінше сараптамалық мекемелердің талап бойынша құрылымдық құрылысы;

  • сот-сараптамалық жүйесі үшін кадрлерді дайындаудың негізгі бағыттары.

Сот-сараптамалық қызмет тәжірбиесінде, А.Р.Шляховпен әзірленген сот сараптамасының жіктелуі қолдау тапқан. Сот сараптамасының жиынтығын автор тоғыз кластарға бөледі, олар3:

  1. Криминалистикалық сараптамалар,

  2. Сот инженерлі-көліктік сараптамалар,

  3. Сот экономикалық сараптамалар,

  4. Сот биологиялық сараптамалар,

  5. Сот инженерлі-техникалық сараптамалар,

  6. Сот инженерлі-технологиялық (материалдық) сараптамалар,

  7. Сот ауыл-шаруашылық сараптамалар,

  8. Сот-экологиялық сараптамалар,

  9. Сот-медициналық және психофизиологиялық сараптамалар.

А.Р.Шляхов әр класты тектерге бөледі. Мысалы, криминалистикалық сараптамалардың кластың 20 тегі бар:

  • сот-қолжазбатану;

  • сот-авторлық;

  • сот-фонетикалық (вокалографикалық);

  • құжаттардың сот-техникалық сараптамасы;

  • сот-трасологиялық;

  • сот-баллистикалық;

  • сот-портреттік;

  • сот-фототехникалық (фотосуреттік);

  • метталдан жасалған ақша белгілерінің сот сараптамасы;

  • өшірілінген, кесілген (жаншылып жойылған) нөмерлерді (фирмалық заттаңбалар) қайта қалпына келтіру сот сараптамасы;

  • сот-топырақ тану сараптамасы;

  • бояу заттарының және қабаттардың сараптамасы;

  • мұнай және жанар-жағар май өнімдерінің сот сараптамасы;

  • талшықтар, талшықтық материалдар мен олардан жасалатын бұйымдардың сараптамасы;

  • шыны, керамика (фарфор, фаянс) олардан жасалатын өнімдердің сараптамасы;

  • металл, құймалар және микроіздер, микробөлшектерді зерттеудің сот сарапатамасы;

  • полимерлі материалдар, пластмасс және олардан жасалатын бұйымдардын сот сараптамасы;

  • есірткі заттардың сараптамасы;

  • темекі (махорка) олардан жасалатын бұйымдардың сараптамасы;

  • одорографиялық (одорологиялық) сот сараптамасы.

Аталған кластар зерттеудің әдістемесін, объектісі мен пәнін негізге ала отырып, жіктеген. Үш негізді басшылыққа ала отырып А.Р.Шляховтын жіктелуін көптеген авторлар әлі күнге дейін пайдалы және дұрыс деп санайды.
Ал, О.В.Жгенти аталған сараптаманың жіктелуін (класс, тегі, түрлері) төрт деңгейге дейін қысқартты. Мұндай қысқартуды кибернетиканың қағидасына негіздеген: құрылымның қызмет етуі оның күрделілігінің азаяюына қатысты нәтиже береді.
Автор сараптаманың келесі класстарын ұсынады, олар:
- криминалистикалық;
- биолого-медициналық;
- экономикалық;
- инженерлі-техникалық;
- ауылшаруашылық;
- сот-көліктік.4
Автор әр бір сараптаманың класын түрлер мен түршелерге (подвиды) бөлуді ұсынған. Мысалы, криминалистикалық кластың келесі түрлері мен түршелері бар, олар: 1) құжаттардың криминалистикалық сараптамасы – қолжазба мен құжаттардың криминалистикалық-техникалық сараптамасы, 2) трасологиялық сараптама – дактилоскопиялық сараптама (қолдың іздері), аяқ киім және жалаңаяқтың іздер сараптамасы, тіс іздерінің сараптамасы, адамдардың киім-кешек сараптамасы, бұзу құралдары мен саймандардың сараптамасы (механоскопия), көлік құралдары іздерінің сараптамасы, жаппай өнім құралдарының сараптамасы (түйме, фурнитура), жануарлар іздерінің сараптамасы, 3) қарулардың және оқ-дәрілердің кримналистикалық сараптамасы (сот-баллистикалық сараптама) – оқ, гильзадағы іздер бойынша қару ойындысының идентификациялық сараптамасы, аңшылық қарудың идентификациялық сараптамасы т.с.с. 4) сот-портреттік сараптама (түрлер мен түршелерге бөлінбейді), 5) материалдар мен затар, олардан жасалған бұйымдардың сараптамасы – талшық пен талшық материалдарының криминалистикалық сараптамасы, боялған қабаттар мен заттардың сараптамасы, мұнай, газ өнімдері материалдарының сот сараптамасы, шыны, керамика (фарфор, фаянс) олардан жасалатын өнімдердің сараптамасы, полимерлі материалдар, пластмасс және олардан жасалатын бұйымдардын сот сараптамасы.5
Біздің ойымызша, сот сараптамасының жіктелуіне тәжірбиелік мазмұндағы белгі ретінде сараптамалық зерттеу кезінде нақты ғылымның әдіснамасында қолданылатын білім жатады. Мұндай білім объективті заңдылықтарды тануға бағытталған және идеялардың қағидалардың, ұғымдар мен әдістердің жүйесі ретінде таным қызметінің құралына айналады.
Ғылыми білімнің әдіснамалық мазмұны криминалистика, экономика, техника мен өзге де ғылымдарды бір-бірінен ажыратудың негізінде жатыр. Өз құрамына пән, объект, әдістемені енгізе отырып, нақты міндеттерді шешуге бағытталған.
Біз ұсынып отырған сот сараптамасының топтастырылуы келесі негіздерге байланысты жіктеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет