сарапшылар санына қарай – жеке және комиссиялық;
зерттеу көлеміне қарай – негізгі және қосымша;
жүргізу реттілігі бойынша – алғашқы және қайталама;
білімдерді қолдану құрамына қарай – тектік және кешенді.
Жеке сараптама тек бір ғана сарапшымен жүргізіледі, ал комиссиялық сараптама бірнеше сарапшылармен жүргізіледі. Комиссиялық сараптамаларды тағайындаудың негіздері күрделі сараптамаларды бірнеше мамандықтары бар бірдей сарапшылармен жүргізу болып табылады. Осы арқылы комиссиялық сараптама кешенді сараптамадан ерекшеленеді. Кешенді сараптама дегеніміз – әр-түрлі мамандықтары бар, өз құзыретінің шегінде ғана бірнеше сарапшылармен сараптамалық зерттеу жүргізуді айтамыз. Кешенді сараптаманың қорытындысы әр сарапшымен жүргізілген зерттеулердің нәтижесінің жиытығын құрайды. Жалпы сараптамалық зерттеудің нәтижелері тек құзыретті сарапшылармен бағаланып, қол қойылады.
Комиссиялық және кешенді сараптамаларда зерттеудің нәтижелерімен келіспеген сарапшылар немесе өз ой пікірлерін ұстанатындар туралы мәліметтер жалпы қорытындыда көрініс табады.
Сараптаманы тағайындау кезінде қосымша және қайталама сараптамаларды бір-бірінен нақты саралау керек.
Қосымша сараптаманы тағайындаудың негізі болып алғашқы жүргізілген сараптама қорытындысының анық немесе толық болмауын және бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа сұрақтардың пайда болуын айтамыз. Заңға сәйкес, сараптама оны бұрын жүргізген сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылады.
Қайталама сараптама алғашқы сараптаманың сұрақтарын шешу үшін тағайындалады. Аталған сараптаманы тағайындаудың жағдайлары келесілер:
Қайталама сараптама әрқашан комиссиялардың құрамымен жүргізіледі. Алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптамаға кеңес, түсіндірме беру үшін қатыса алады, бірақ зерттеулерді жүргізе алмайды.
Қайталама және қосымша сараптама жүргізілгенде сарапшыларға алғашқы сараптаманың қорытындылары ұсынылуы қажет. Егер, екінші немесе келесі сараптама бірнеше негіздерге сәйкес тағайындалса, олардың біреуі қосымшаға, ал басқасы қайталамаға жатса, мұндай сараптама қайталама сараптаманың тәртібі бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |