3.2. Индустриялық-инновациялық даму
Тұрақты экономикалық өсуді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту 2010 – 2014 жылдарға арналған «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ҮИИДМБ) арқылы жалғасатын болады.
ҮИИДМБ-нің бірінші бесжылдығы (2015 жылға дейін) Қазақстанда қажетті өндірістік және инфрақұрылымдық базаны Қазақстанның табысты индустрияландырылуы үшін және индустрялдан кейiнгi қоғамға кезекті өтумен салынады.
Алдағы құрылымдық әртараптандыруды және инновациялық дамуы негізінде (2020 жылға дейін) жаңа ҮИИДМБ әзірленетін болады.
Келесі бесжылдыққа Қазақстанға басты рөл адамгершілік ықпалдың сапалы өсімінің мағынасы мен рөлін күшейтуге тиесілі болатын, индустрияландыруды аяқтап және ақпараттық қоғамның дамуы үшін негіздер салуы керек.
Қазақстанда байырғы өндірістік революцияны қамтамасыз ететін, экономиканың инновациялық жаңғыруы елдің экономикалық дамуының негізгі бағыты болуы тиіс.
Алдағы үшінші өндірістік революциясы үшін, екінші бесжылдықта басымдылық ретінде индустриялды-инновациялық бағдарламаның - IT-технологиялар, Назарбаев Университетінің ғылыми басымдылықтары мен биотехнологиялар саларын таңдап негіз салу қажет
ҮИИДМБ-де қойылған міндеттерді іске асыра отырып, Қазақстан өнімдердің жаңа қайта бөлістер өндірісіне өте алады, сондай-ақ жоғары интеллектуалды өнімдер нарығын қалыптастыруға өтумен инновацияны құру мен кеңейту үдерісін едәуір жылдамдатады.
Жалпы елдің халық әл-ауқат өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге жарамды, ғылымды қажет ететін моделін қалыптастыру басты міндет болып табылады.
3.2.1. Экономика салаларының аясын дамыту
Тау-кен металлургиясы өндірісіндегі саясаттың басты мақсаты еліміздің ішінде шикізатты барынша қайта өңдеу, базалық металдарға шығу және өнеркәсіптің машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика және т.б. сияқты басқа салаларын дамытуды қамтамасыз ететін қайта бөлінісі жоғары өнімдер өндіру.
Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде:
шағын және орта бизнесті тарта отырып, бәсекеге қабілетті өндірістер құру, қосылған құны жоғары терең қайта өңдеу өнімдерінің үлесін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту;
ресурсты және энергия сыйымдылықты қажетсінуді төмендету мақсатында саланың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жаңғырту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу;
шикізатты алу және кешенді қайта өңдеу, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу бойынша инновацияларды дамыту және саланың ғылыми-технологиялық әлеуетін белсенді түрде инновациялық үдерістерге тарту;
салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
минералдық шикізат базасын ұлғайту және оларды молықтыруды қамтамасыз ету;
саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде орта техникалық буынмен қамтамасыз ету;
ішкі нарыққа шикізатты және металлургия өнімдерін жылжытуға жәрдемдесу;
сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды ықпалын төмендету арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағдарлама шеңберінде 2013 – 2017 жылдар кезеңінде мынадай жобалар іске асырылатын болады: Ақтоғай және Бозшакөл кен байыту комбинатының құрылысы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыру, «Қазхром «ТҰК» АҚ №4 инновациялық технологияны пайдалана отырып жоғары көміртекті феррохром өндірісін арттыру, «Қазхром «ТҰК» АҚ №5 инновациялық технологияны пайдалана отырып жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту және өзіндік құнын төмендету, «ССКӨБ» АҚ металданған өнім өндіру зауытын салу, Астана қаласында аффинаж зауытын салу, «ПОСУК Титаниум» ЖШС титан слябтарын және құймаларын өндіру зауытын салу, байыту фабрикасын салу және жылдық өнімділігі 4 млн. тонна қорғасын-мырыш кені Шалқия кенін кеңейту.
Химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттің саясаты Қазақстанда химия өнімін өндіру салаларын одан әрі дамытуға және көлемін ұлғайтуға және қайта бөлiнiсi жоғары химиялық өнiмнiң экспортын 2 есеге ұлғайтуға жағдай жасау болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
«ShilisaiChemicals» ЖШС, аммофос өндіру зауытын салу; Үшбас және Герес кен орындары базасында моноаммония және диаммония фосфатын өндіру, «ҮшГер» АҚ; күкірт қышқылын өндіру зауытын салу, кешенді минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу сияқты республикалық маңызы бар .жобалар іске асырылатын болады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру химия өнімдерін өндіруді 2 есеге ұлғайтуға, химия өнімдерінің жаңа түрлерін өндіруді жөнге салуға, ішкі нарықты жоғары қосылған құнымен бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған отандық өндірілген химия өнімдерімен қанықтыруды қамтамасыз етуге және химия өнімінің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат уран өндіру көлемін ұлғайту, ядролық отын тізбегінің жаңа өндірістерін құру, атом энергетикасының және атом ғылымының инфрақұрылымын дамыту жолымен елдің жедел индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын құруға бағытталатын болады.
Осы мақсат 2020 жылға дейінгі даму перспективасымен Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде іске асырылатын болады.
Көлік инфрақұрылымы
Орта мерзімді кезеңде көлік инфрақұрылымын дамытудың басым бағыты аудандардың облыс орталықтарымен сапалы көлік байланыстары, сондай-ақ еліміздің ішкі өңірлерінде көлік инфрақұрылымының тиісті жай-күйін қамтамасыз ету болып табылады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі құрылысын аяқтау да басым болып қалады.
Ақылы автомобиль жолдарын енгізу республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстаға және жөндеуге бюджет қаражаты шығыстарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және ұстау тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында Автомобиль Жолдары Комитеті қайта құрылатын болады.
Шығыс Қазақстанды еліміздің Батысымен, сондай-ақ Орталық Қазақстанды еліміздің Солтүстігімен жалғастыратын «Бейнеу-Жезқазған» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолдарын салу жоспарланып отыр.
Қазақстанда су көлігі сияқты теңіз көлігінің әлеуетті маңызы бар. Осыған байланысты орта мерзімді кезеңде порт инфрақұрылымын дамыту, кемелерді қайта жаңғырту және санын ұлғайту назарға алу объектісі болады.
Азаматтық авиация саласында ұшу-қону жолақтарын, сондай-ақ еліміздегі қалалардың әуежайлары мен әуе сапаржайларын одан әрі реконструкциялау жалғасуда. Осы іс-шаралар Орта Азияда ауыстыру транзитті орталығы ретінде еліміздің тартымдылығын арттыруға арналған.
Азаматтық авиация бар шеңберден шығу керек және өздерінің қызметтерімен қалааралық әуе қатынастарын қамтып қана қоймай, сондай-ақ шағын авиацияны дамытуға барлық жағдай жасап, еліміздің перспективалы өңірлерін де қамтуы керек.
Қазақстанның сауда жүйесін дамытуға инвестицияларды тарту бойынша қолайлы жағдайлар жасау үшін бәсекеге қабілетті көлікті - логистикалық жүйе дамитын болады.
Еліміздің өсіп келе жатқан жүк және жолаушылар айналымының аясында көлік саласында өсіп басқарудың тиімді тетігін, электрондық қызметтерді, сондай-ақ жаңа технологияларды ендіру жолымен қайта құрылу жүргізілетін болады.
Коммуникациялық инфрақұрылым
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі саясат Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға ауысуы үшін жағдайлар мен тетіктерін құруға; инфрокоммуникациялық технологияның бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын қалыптастыруға бағытталатын болады.
Азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсаты халықтың жоғары деңгейде өмір сүруін, олардың қанағаттылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды құқықтарын және қызмет алушылардың мүдделерін сақтау болып табылады.
Мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің оларды көрсету стандарттары бойынша жұмысқа ауысуы жалғасатын болады. Бұл ретте жүйелік негізде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында бекітілген сапаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Жүйелік негізде мемлекеттік қызметті кезең-кезеңмен автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметті ұсынуға байланысты мемлекеттік органдардағы ішкі ведомстволық және ведомствоаралық бизнес-үдерістерді, оларды қысқарту мәніне және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет көрсетудің кезең-кезеңмен ауысуын қысқартуға байланысты қайта қарау жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстырудың маңызды аспектісі «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік органдардың қызметтерінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді интеграциялауды және оларды жобалау мен әзірлеу үдерістерін қысқартуды болжайды.
«Электрондық үкіметті» нақты іске асыру бойынша қойылатын міндеттері болатын «Ақпараттық Қазақстан - 2030» мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады.
Мемлекеттік электрондық қызмет көрсету стандарттары әзірленеді және «Электрондық үкімет» жөнінде Заң қабылданатын болады, сондай-ақ «электрондық әкімдігінің»: облыс, қала, аудан үш деңгейлі үлгі схемасын құру мәселесі пысықталды.
2013 жылға қарай барлық әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту мақсатында тек солар арқылы ғана ұсынылатын әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілетін болады және олар толық автоматтандырылады.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу Қазақстан Республикасында Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру есебінен жүзеге асырылатын болады. Бағдарлама шеңберінде қала және ауыл халқының ақпараттық теңсіздігін төмендетуді қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін дамытуға сапалы жаңа мүмкіндіктерді ұсынатын цифрлық телерадиохабарлар таратуды дамыту; ұлттық интеграцияланған шлюз базасында Қазақстан Республикасы мен КО мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерінің тұрақты ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыруға бағытталған Кеден Одағы (бұдан әрі – КО) шеңберінде ақпаратпен алмасу үшін инфокоммуникациялық инфрақұрылымды құру сияқты ірі жобалар қарастырылған.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан аумағының 95% эфирлік цифрлық телехабар таратумен қамтуға мүмкіндік береді.
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту саясаты жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, ұзақ мерзімді кезеңде оны әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады.
Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпорындарды дамытуды және құруды ынталандыру шаралары «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту болып табылады.
«Экспорттаушы - 2020» бағдарламасы шеңберінде отандық экспорттаушылар өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығарған кезде олардың шығындары өтелетін болады.
Еңбек өнімділігін ұлғайту жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін лизинг мәнінің құны 2 есеге 150-ден 75 млн. теңгеге дейін төмендетілген «Өнімділік 2020» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 36 млрд. теңге болатын және 2000 астам жұмыс орны құрылатын жеңіл өнеркәсіптің 10 жобасы іске асырылуда.
Аталған шаралар жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, ұзақ мерзімді кезеңде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Туристік саланы дамыту саясаты инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристік бағыт ретінде тартымдылығын арттыру үшін оның имиджін қалыптастыруға бағытталатын болады.
Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Осы Бағдарламаның шеңберінде Ақмола облысының «Бурабай» АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенін (2009 – 2017 жылдары) салу, Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығын салу, Маңғыстау облысында «Кендірлі» халықаралық курортын салу сияқты жобаларды іске асыру көзделіп отыр.
Алматы облысында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту жоспары және Ақмола облысында Бурабай курорт аймағын дамыту жоспары әзірленетін және бекітілетін болады.
Машина жасауды дамыту саясаты қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейтуге бағытталатын болады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру есебінен:
шығарылатын ассортиментті кеңейту жөніндегі икемді өндірістер құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру;
бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру;
қосылған құны жоғары машина жасау өнімін өндіру бойынша қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру;
инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу;
тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау;
қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан нарықтарына ілгерілету арқылы жүзеге асырылатын болады.
Көлік машинасын жасауда 2016 жылға қарай Қостанай қаласында оқшаулау деңгейін 30%-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер құрастырып өндіру ұйымдастырылатын болады.
Мұнай-газ машиналарын жасауда 2014 жылға қарай отандық өнім үлесін 22%-ға ұлғайта отырып, құбыр арматурасын, сұйықтық сорғыштарын, ұтқыр-бұрғылау қондырғыларын, сыйымдылық құралдары қондырғыларын шығару артады.
Тау-кен машиналарын жасауда «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Целингормаш» ЖШС (Степногорск қаласы) және Қарағанды машина жасау консорциумының кәсіпорындары сияқты машина жасау кәсіпорындары өндірісін дамыту есебінен илектеу орнақтары, рольганг, шахталық гидробағандар, гидрожылжытқыштар өндірісі дамытылатын болады.
Фармацевтика саласындағы саясат 2015 жылға қарай елдің дәрілік препараттарға қажеттілігін еңбек өнімділігін арттыру, ассортиментті едәуір кеңейту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және жаңасын салу арқылы отандық өндіріс есебінен 50% қанағаттандыруға қол жеткізуге бағытталатын болады.
Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
GMP стандарттарына сәйкес Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ ампула-инфузиондық ерітінді шығаратын жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, «Ромат» ФК фармацевтикалық зауытын реконструкциялау және салу, Алматы қаласында «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ жаңа зауытын салу сияқты ірі жобалар іске асырылатын болады.
Құрылыс индустриясындағы саясат Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етуге, тұрақты және теңгерімді құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған.
Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын индустриялық-инновациялық дамыту, құрылыс материалдарын өндіруді өсіру:
құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау және мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен құрылыста сметалық баға белгілеудің жаңа жүйесін жетілдіру;
өңірлерді аумақтық жоспарлауды және елді мекендердің қала құрылысын дамытуды жетілдіру;
индустриялық-инновациялық негізде қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті, энергия үнемдеуші, ресурс үнемдеуші құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар өндіруді дамыту;
білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру болып табылатын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін қайта құрылымдау және қалыптастыру жүргізілетін болады.
Бағдарламада Ақмола облысында Цемент зауытын салу, Оңтүстік Қазақстан облысында «құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауытын салу, табақты шыны өндірісін ұйымдастыру сияқты жобаларды іске асыру көзделіп отыр.
Құрылыста өсудің болжанған қарқынына қол жеткізу үшін Индустрияландыру карталарында көзделген барлық объектілерді, әлеуметтік сала және инфрақұрылым объектілерін пайдалануға беруді қамтамасыз ету, «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету қажет.
Мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі саясат мұнай өнімдері мен газға деген ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз етуге, жаңа құбыржолдарын салуға, мұнай және газ экспортын ұлғайтуға, мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыруға бағытталатын болады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру есебінен жүзеге асырылатын болады. Бағдарлама шеңберінде Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральдік газ құбырын салу, Ақтау пластикалық массалар зауыты базасында жол битумын (ауыр Қаражанбас мұнайын қайта өңдеу) өндіру зауытын салу; бар үш МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту, интеграцияланған мұнай-газ химиялық кешенін құру сияқты ірі жобаларды іске асыру көзделіп отыр.
Ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр, Қазақстан Республикасының солтүстік өңірлерін және Астана қаласын газдандыру үшін «Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана» газқұбырын салу жоспарланып отыр.
Агроөнеркәсіптік кешендегі саясат азық-түлік қауіпсіздігі мен қазақстандық өнімнің экспортын арттыруды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталатын болады.
Осы саладағы мемлекеттік саясат фермерлердің қаржыландыруға, оның ішінде мемлекеттік кепілдік беруді енгізу есебінен қол жетімділігін кеңейту және аграрлық өндірісте жеке инвестициялардың тәуекелін төмендету үшін қарыздарды сақтандыру үшін баламалы жолды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Әлемдік бағаның серпіні бірінші кезекте iргелi факторларға – сұранысқа және ұсынысқа байланысты. Бiтiк шыққан жылдарда баға едәуір төмендейді, ал бітік шықпаған жылдары баға заңды түрде жоғарыға қарай кетеді. Осындай жағдай Қазақстанның ішкі нарығында да сақталады.
Қазақстанның жағдайы теңіз жолына тікелей қол жетімділіктің болмауынан және экспорттық инфрақұрылым проблемаларынан қиындай түседі, бұл рекордтық түсімді экспортқа шығаруды қиындатады және ішкі нарықта бағаның төмендеуіне әкеп соғады.
Анағұрлым терең қайта өңделген және жоғары қосылған құнмен өнімді өндіріске және экспортқа шығаратын астық өсіретін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Астықты өңдеу және сақтау, сондай-ақ оны тасымалдау үшін қуаттылықты құру және кеңейту есебінен элеваторлар мен астық тасығыштардың жетіспеушілігі проблемасы шешілуі керек.
Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруді өсіру жолдарының бірі ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және бүгінде пайдаланылмаған жерлерді тарту болып табылады, бұл үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатты белгілеу мәніне түгендеу жүргізіледі және оларды ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылданады.
Сондай-ақ орта мерзімді кезеңде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізі ауыл шаруашылығында қарыздарды мемлекеттік кепілдендіру және сақтандыру тетіктерін, бөлшек сауданы делдалдарсыз мемлекеттік қолдау тетігін енгізу, қой шаруашылығын, жемшөп өндіруді және шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі салалық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту болып табылады.
Мал шаруашылығының жемшөп өндіру, сүтті, етті, жүнді және теріні қайта өңдеу сияқты аралас салаларды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру жалғастырылуда. Бұл үшін жемшөп өндірісін дамыту, сондай-ақ тозған жайылым жерлерін қалпына келтіру және суландыру жөнінде шаралар кешені қабылданатын болады.
Ғарыш қызметін дамыту жөніндегі саясат толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыруға бағытталған.
Қойылған міндетке қол жеткізу Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру есебінен жүзеге асырылатын болады. Бағдарлама шеңберінде ғарыш аппараттарының құрастыру-сынақ кешенін (ҚұСК) салу және пайдалануға беру, отынның экологиялық таза түріне көшуді қамтамасыз ететін «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін салу және пайдалануға беру; жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелерін құру; басты ақпарат орталығын және ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату жерүсті станцияларының бөлінген желісін қамтитын жерүсті нысаналы кешенін құру (ЖҚЗ ҒЖ); «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру сияқты ірі жобалар көзделіп отыр.
Жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша қазақстандық құрамдас бөліктің үлесі 70%-ға дейін ұлғаяды.
Электр энергетикасындағы экономикалық саясаттың мақсаты экономиканың электр энергияға қажеттілігін және еліміздің энергиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету болады.
Электр энергияны өндіруді алдын ала бағалау бойынша 2016 – 2017 жылдары 103,6 млрд.кВтч тұтыну кезінде 106,66 млрд. кВтч құрайды.
Қуаттылығы 1320 МВТ Балқаш ЖЭС бірінші модулінің құрылысын бастау 2017 – 2018 жылдары, 2-энергия блогын 2020 жылы жоспарланып отыр.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша электр энергетика саласында 13 жобаны іске асыру жоспарланған.
Сондай-ақ қазіргі кезде электр энергетиканың ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық көрінісін айқындайтын 2030 дейін электр энергетика саласын дамыту жөніндегі салалық бағдарлама әзірленіп отыр.
Баламалы энергетиканы дамыту жөніндегі саясат еліміздің энергия балансындағы жаңартылатын энергия көздерiнiң (шағын гидроэлектр станциялары, күн қондырғылары) үлестерін ұлғайтуға бағытталатын болады.
Бiрiншi жел электр станцияларын салу жөнiндегi жобаларды iске асыру жоспарланып отыр. Орналастырудың болжамды аудандарына Астана қаласы, Ақмола облысы, Алматы облысының Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлiзi жатады. 2015 жылға қарай жел қондырғыларын салу, жаңа шағын гидроэлектр станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Энергия үнемдеу
Энергия үнемдеу саласында ішкі жалпы өнімнің энергиялық сыйымдылығын 2015 жылға қарай 10%-ға және 2020 жылға қарай 25%-ға төмендетуді қамтамасыз ету қажет.
Энергия үнемдеу саясатын жүргізу үшін негіз қолданыстағы нормативтік құқықтық база болады: «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдары және Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары.
Кешенді жоспар шеңберінде заңнамалық, ұйымдастырушылық, ғылыми, техникалық, экономикалық және қаржылық шаралар көзделген, оның ішінде:
-
энергия үнемдеу саласында деректердің бірыңғай базасын әзірлеу;
-
мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру;
-
энергия үнемдеу саласында нормалау, стандарттау, сертификаттау және бақылау жүйелерін әзірлеу;
-
энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға ынталандыратын жағдай жасау.
Сондай-ақ, Кешенді жоспар шеңберінде электр энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын төмендету үшін жүйелі шаралар әзірленетін болады. Тұрғын үй және бюджет секторларында энергия ресурстарын өнімсіз жоғалтуды қысқарту үшін «ТКШ жаңғыртудың және дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ энергия аудиті жалғасатын болады.
Энергия үнемдеу саласындағы негізгі міндеттер:
-
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
-
Инновациялық гранттарды беру қағидаларын әзірлеу;
-
Елімізді ғылыми-техникалық дамытудың салааралық жоспарын жүргізілген форсайт зерттеулерінің нәтижелері бойынша 2020 жылға дейін өзектiлендiру;
-
аспап жасаудың конструкторлық бюросын құру жөніндегі мәселені пысықтау;
-
технологияларды коммерциялау офистерін құру.
Инновация
Инновацияларды дамыту жөніндегі орта мерзімді кезеңдегі саясат инновациялы-технологиялық дамытуды басқару жүйесін құру, салалар мен өңірлерді инновациялық дамыту есебінен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық ғылыми инновациялар жүйесiн құруға, жоғары технологиялық шағын және орта бизнесті дамыту және еліміздің ғылыми және инжинирингтiк әлеуетін арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ инновациялық кластерлердің инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталатын болады.
Қойылған міндетке қол жеткізу Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру есебінен жүзеге асырылатын болады.
Индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражатқа және инновациялық гранттарды қаржыландыруды жоспарлы ұлғайтуға байланысты индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталатын бюджет қаражаттарын пайдалануға бақылауды жүзеге асыратын Комиссия құру көзделіп отыр.
Сондай-ақ, инновацияны енгізетін жұмысын жаңа бастаған және жас кәсіпкерлерді қолдауға жаңа тетіктерді енгізу жөнінде ұсыныс әзірленетін болады.
Қазақстандық қамту
Саясатты және қазақстандық қамтудың өсуіне жәрдемдесу әдістерін жетілдіру саласында мемлекеттің қызметі:
ішкі нарықта сапасы жоғары бәсекеге қабілетті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіретін отандық өндірушілерді сервистік қолдауға;
кәсіпкерлердің қажетті тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында «Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімі», «Қазақстандық қамту» Интернет-ресурсы» ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуге және одан әрі дамытуға;
отандық өндірушілердің және әлеуетті тапсырыс берушілердің қатысуымен өткізілетін көрмелердің, форумдардың, кеңестердің, кездесулердің, дөңгелек үстелдердің тиімділігін арттыру, оқыту және ағарту сипатындағы анықтама әдебиеттерін және брошюраларды басып шығару.
3.2.2. Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау саясаты
Тариф саясаты мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады:
-
тиімсіз ағымдағы шығында болдырмау үшін жаңғыртуға инвестиция салымдарын ынталандыру және субъектілердің активтерін жаңарту және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру;
-
субъектілердің реттелетін қызметтеріне тарифтердің тұрақтылығын және болжамдылығын арттыру;
-
нормативтен жоғары және нормативтік шығындар деңгейлерін төмендету, сондай-ақ электр энергиясы мен суға сараланған тарифтерді енгізу жолымен энергияны үнемдеу;
-
шикізат және материалдар, отын мен энергия шығыстары, әкімшілік шығындары нормаларын оңтайландыру жолымен ресурсты үнемдеу.
Бұл ретте тарифтік реттеуді жүзеге асырған кезде елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытуда макроэкономикалық көрсеткіштер жетістігінің қажеттілігі есептелетін болады, оның ішінде жоспарланатын дәлізде инфляцияны ұстап қалуды қамтамасыз ету үшін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, жыл сайын анықталатын реттелетін қызметтің инфляцияға салымы.
Шекті орташа мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтерді енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Сонымен 2014 жылға дейін табиғи монополияның 80 астам субъектісі орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтерді қолдануға көшуі керек.
Бұл ретте субъектілердің инвестициялық міндеттемелерді орындауына бақылау күшейтілетін болады, бұл:
-
қаражатты нысаналы пайдалануды;
-
тұтынушылардың мүдделерін қорғауды;
-
активтерді жаңғыртуды және жаңартуды қамтамасыз етеді.
Электр энергиясын беру және бөлу саласында:
-
2013 жылдан бастап АЭК үшін салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) негізінде тарифті есептеудің жаңа әдісіне көшу көзделген;
-
сараланған тарифтердің 3-ші деңгейін электр энергиясына тұтыну мөлшері бойынша енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады.
Сумен жабдықтау саласында тұтынушылар топтарына және суды тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтерді енгізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Кеден одағы шеңберінде тарифтерді сәйкестендіру мақсатында жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауға тарифтерді жыл сайын 15%-ға ұлғайту жоспарланған.
Байланыс саласында бәсекелестікті дамыту әлеуеті өте жоғары. Осыған байланысты жоспарланған кезеңде байланыстың үстем операторларының ұзақ мерзімді артқан шығындарына негізделген трафикті қосу және өткізу тарифтерін есептеу әдіснамасына көшу, телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді қайта баланстауды аяқтау және пошта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін шығынсыз деңгейге дейін жеткізу қажет.
Болжанатын кезеңде монополияға қарсы саясаттың негізгі мақсаты тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау, тауар нарығына кіруге кедергі келтіретін тосқауылдарды тиімді жою және бәсекелестікті шектеуге жол бермеу болуы тиіс. Тұтынушылардың мүдделерін қорғау нарық субъектілері үстем жағдайды теріс пайдаланған жағдайда монополияға қарсы реттеудің мақсаты болуы керек.
Мыналар бойынша жұмыс жандандырылатын болады:
-
жосықсыз бәсекелестіктердің кез келген түрлерінің және нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері мен іс-әрекеттерінің жолын кесу және тыйым салу;
-
тауар нарығына кіруге кедергі келтіретін тосқауылдарды жою;
-
экономиканың инфрақұрылымдық салаларында экономикалық шоғырлануды төмендету;
-
мемлекеттік көмекті ұсынуды бақылау.
Монополияға қарсы заңнама мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің шектеулі бәсекелестігінен тиімді қорғауды қамтамасыз етуі керек.
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік қызметте мемлекеттің қатысу үлесін төмендету, экономика салалары мен секторларын монополиясыздандыру, сондай-ақ әртүрлі тауар нарықтарына монополияға қарсы бақылау құралдарын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.
Монополияға қарсы саясат өз қызметі шеңберінде реттеуші және салалық органдар жүзеге асыратын экономика салаларында бәсекелестікті дамыту шараларымен келісіліп жүзеге асырылатын болады.
3.2.3. Бизнес-ахуалды жақсарту
Лицензиялау-рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін жетілдіру арқылы бизнес-ахуалды жақсарту жұмыстары жалғасуда.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қауіп-қатері жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтін анықталған 1096 рұқсат беруден 257 рұқсат беру тоқтатылды және азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін тікелей тәуекелмен байланысты емес, ақпараттық сипатты тасымалдаушы 40 рұқсат беруді хабарлама тәртібіне көшіру көзделіп отыр.
Сондай-ақ, шағын бизнес субъектілеріне тіркелген сәттен бастап үш жыл ішінде жоспарлы тексеруді жүргізуге тыйым салуды, «тыйым салынбағанның барлығына рұқсат» бизнестің толық еркіндік қағидатын заңнамалық бекітуін және әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге бағытталған басқа да нормаларды енгізу көзделіп отыр.
Рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) мақұлданды, оның негізгі қағидаты рұқсат беру құжаттарын жіктеу және оларды қауіп дәрежелері бойынша санатқа бөлуді көздейтін интеграцияланған рұқсат беру жүйесін енгізу болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде барлық рұқсат беру құжаттарына түгендеу жүргізілетін болады және оның нәтижесінде сыныптар мен санаттар бойынша бөліністе рұқсат беру құжаттарының толық тізбесі құрылатын болады, кейіннен «Рұқсат беру және хабарлама туралы» заң жобасында бекітілетін болады.
Лицензиялау-рұқсат беру жүйесін реформалау барлық рұқсат беруді электрондық форматқа көшірумен қатар қоса жүргізілетін болады. Осы мақсатта «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорын енгізу бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық лицензияларды беру электрондық лицензиялау жүйелері арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, бизнестің қоғамдық ұйымдарын институционалдық күшейту, реттеуіш әсерді қауымдық талдаудың орталықтандырылған жүйесін құру және басқа мәселелерді қамтитын Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы 2020 жылға дейін әзірленетін болады.
Бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жұмыстың нүктелі бағыты «Doing Businss» Дүниежүзілік Банк рейтингісінің нақты индикаторы бойынша реформа жүргізу болып табылады. Осы рейтингтің индикаторларын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар іске асырылатын болады, бұл нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және бизнес үшін әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге (кәсіпорындарды ашу және жою, меншікті тіркеу, құрылысқа кредиттер және рұқсат алуға, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу, инвесторларды қорғау, төлеуге қабілетсіздікке рұқсат беру, халықаралық сауда, салық салу, келісімшарттарды орындау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау) мүмкіндік береді.
Жүргізілетін реформалар елімізде бизнес-ахуалдың жақсаруына және Қазақстан экономикасының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік туғызатын болады.
3.2.4. Сыртқы сауда саясаты
Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаты ілгерілеудің тиімді және жедел жүйелерін жасау және әлемдік сауда жүйесіне интеграциялау жолымен республиканың экономикалық мүдделерін қорғау болып қалады.
Мемлекеттің сыртқы сауда саясатын кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ мемлекетті индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде тұтынушылар мен өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған демпингке қарсы, өтемақылық және қорғау шараларын қолдану.
Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты Кеден одағы шеңберінде өңірлік интеграцияны одан әрі тереңдетуге бағытталатын болады. Бұл ретте, оң әсерлерді барынша арттыру және теріс әсерлерді барынша азайту мақсатында экономикаға ықпалын бағалау және талдау жүргізілетін болады.
Бұдан басқа 2012 жылғы қаңтардан бастап күшіне енген Бірыңғай экономикалық кеңістік келісімдерінің ережелерін іске асыру және Қазақстан мүддесін ескере отырып, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күштерінің еркін қозғалуын болжалды қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылатын болады.
Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жолымен ғаламдық экономикаға интеграциялануы Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады. 2012 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздер аяқталуы керек. Осыған байланысты Қазақстан үшін пайдалы шарттарда ДСҰ-ға кіруді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Халықаралық сауда қағидаларына сәйкестік ДСҰ-ға мүше елдермен сауда қатынастарын дамытудың болжампаздығы және тұрақтылығы негізінде олардың сыртқы экономикалық саясатының транспаренттілігін қоса алғанда, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарықтарына қазақстандық өндірушілердің қол жетімдігіне қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Үшінші елдермен және бірлескен елдермен преференциялық сауда туралы келісімдер жасау жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық етілетін болады.
Түркіменстанмен, Еуропалық еркін сауда қауымдастығына қатысушы мемлекеттермен (Швейцария, Лихтенштейн, Норвегия, Исландия), Черногориямен еркін сауда туралы, Египетпен, Иорданиямен, Израильмен, Ауғанстанмен, парсы бұғазы елдерімен (Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Бахрейн, Оман, Катар, БАӘ) және басқа елдермен преференциялық сауда туралы келісімдер жасау жөнінде Кеден одағына мүшелікті ескере отырып келіссөздер жүргізілетін болады.
3.2.5. Ішкі сауда
Ішкі сауда саясатының мақсаты қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін және сауда саласындағы тиімділігін арттыруға бағытталған икемді сауда жүйесін құру болып табылады. Бұл:
-
халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарын ескере отырып, сауда қызметін дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді;
-
инновациялық технологияларды қолдану және инфрақұрылымдарды дамыту есебінен ішкі сауда жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды;
-
сервистік қолдауды қоса алғанда ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыруды;
-
биржалық сауданы жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде:
-
қазіргі заманғы сауда форматтары алаңдарының санын және бөлшек сауданың жалпы айналымындағы олардың үлестерін ұлғайтуды ынталандыру;
-
электрондық сауданы дамыту, шалғайдағы (әсіресе ауылдық мекендегі) өндірушілерді тауар қозғалысының негізгі арналарына жақындату, сауданың айқындығын және нарыққа қатысушылардың ақпараттандыруды арттыру, сондай-ақ оған қатысушылардың кәсіби деңгейлерін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Тауар биржасының қызметін жедел дамыту, сауданы стратегиялық маңызы бар тауарлармен ретке келтіру, байланыстың және ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы құралдарын пайдалану базасында биржа саудасының жаңа әдістерін енгізу, электрондық тәсілмен көтермеден фьючерстік биржа саудасына өту үшін ақпаратты есепке алу және өңдеу, Қазақстанда тауар биржаларын тұрақты дамыту және фьючерстік сауданың қазіргі заманғы жүйесіне және тауарлы биржа арқылы мемлекеттік сатып алу тетіктерін белсенді енгізуді ескере отырып биржалық сауда саттықты жүргізудің электрондық нысанына көшу үшін қажетті жағдайлар жасау жалғасатын болады.
Сондай-ақ бөлшек сауданы делдалдарсыз мемлекеттік қолдау тетігі әзірленетін болады.
Жалпы осы шараларды іске асыру бөлшек секторды және сауда инфрақұрылымдарын жаңғыртуды жүргізуге мүмкіндік береді, бұл оны қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді және ең аз транзакциялық шығындармен тиімді тауар қозғалысына ықпал ететін болады.
3.3. Әлеуметтік саланы жаңғырту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысымен Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік жаңғырту бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) әлеуметтік заңнаманың жаңаруы;
2) әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру;
3) өмір сүру сапасының қазақстандық стандарты;
4) әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құрамдас бөлігі;
5) әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі.
2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын Әлеуметтік дамуының жалпыұлттық тұжырымдамасы мен 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Әлеуметтік жаңғыртудың жалпыұлттық жоспары әзірленетін болады.
Әлеуметтік заңнаманың орта мерзімді перспективаға арналған тиімділігін анықтау мақсатында әлеуметтік саладағы ұлттық заңнамаларға түгендеу жүргізіледі және оны Реформалау тұжырымдамасының жобасы әзірленетін болады.
Әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
3.3.1. Білім беру
Инновациялық экономиканы қалыптастырудың қажетті шарты серпінді экономикалық өсудің және қоғамның әлеуметтік дамуының маңызды алғышарты болатын елдің әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің шарты болатын білім беру жүйесін жаңғырту болып табылады. Орта мерзімді кезеңде білім беру саласындағы негізгі бағыттар 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталады.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекет саясаты мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейтуге және мектепке дейінгі тәрбие беру сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейін барлық деңгейде білім беру сапасын арттыруға айрықша мән бөлінеді.
Бұл мәселе бірінші кезекте педагогтардың еңбекақысын жетілдіру және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жаңа моделін енгізу жолымен шешіледі.
Қазақстандық білім беру мен әлемдік педагогикалық білім берудің үздік дәстүрін біріктіретін оқу-тәрбие бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және сынақтан өткізу бойынша бастау алаңдары болып табылатын Назарбаев зияткерлік мектептерінің желісін ұлғайту жалғасуда.
Сонымен қатар жаңа мектептер құрылысы есебінен апаттық және үш ауысымды мектептерді тарату, сондай-ақ мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау бойынша жұмыстарды жалғастыру білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
2013 – 2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісінде оқытудың интерактивтік нысандарын пайдалануды кеңейту және онлайн оқытудың арнайы оқу бағдарламаларын енгізу көзделген.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіптік-техникалық білім берудің алдыңғы қатарлы мекемелерінің желісі дамитын болады. Бұл үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша әлемдік деңгейдегі колледждер мен өңіраралық орталықтарды құру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл ұйымдар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді және өз қызметінде заманға сай оқу-білім және педагогикалық технологияларды операциялайтын болады.
Жастарды индустрияландыру бағдарламасына қатысу мен техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру және тарту бойынша нақты шаралар әзірленеді.
ЖОО мен колледж түлектері үшін біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру бойынша жұмыстар жандандырылады.
Кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін ЖОО санын оңтайландыру және білім беру мекемелерінен лицензияны қайтарып алу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкциялық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысатын зерттеу университеттерін құру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Оқыту үдерісіне білім берудің барлық деңгейлерінде заманауи әдістеме мен технологиялар «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның, «Кәсіпқор» холдингі тәжірибесін ескере отырып енгізіледі.
Қол жетімділікті кеңейту мақсатында ЖОО-лар мен колледждер жатақханаларының желісін кеңейту үшін шаралар қабылданады.
3.3.2. Денсаулық сақтау
Денсаулықты сақтаудың ұлттық саясаты және денсаулық сақтау секторы қызметінің бағыты «саулардың» денсаулығына халықтың өзінің белсенді қатысуымен индивид денсаулығының әлеуетін дамытуға бағдарланатын болады.
Халықтың денсаулығы экономикалық дамуға тікелей әсер етеді, ал оны қамтамасыз етуді мемлекет стратегиялық міндет деп таниды.
2017 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдылық профилактикалық медицина мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын едәуір күшейту болады.
Осы мақсатта қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі артатын болады, алдын алу іс-шаралары, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау, емдеу және сауықтыру жетілдіріледі.
Жоғарыда аталған шаралар сәби, ана және жалпы өлім-жітімнің төмендеуіне ықпал ететін болады.
Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдылықтардың бірі қазақстандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың локомотиві болуы тиіс Астанадағы Болашақ госпиталі болады. Басты назар ғылымға және болашақ медициналық кадрларды дайындауға бөлінетін болады. 2015 жылдан бастап Холдинг клиникалары «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның клиникалық базасы болады, сол арқылы академиялық медициналық білімнің және ғылымның, медицинаның өзара әрекетіне ықпал етеді.
Шетелдерге трансплантациялау үшін шығатындар санының қысқартылуына байланысты өз елімізде осы операцияны өткізуге және жыл сайын бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін органдар мен тіңдерді трансплантациялайтын Республикалық орталық құрылатын болады.
Бірінші жоспарда онкологиямен ауыру және өлім-жітімді төмендету мәселесі тұр. Осы мәселенің кешенді шешімінің тетігі онкологиялық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде сапаны, қол жетімділікті және тиімділікті жақсартуға бағытталған 2012 – 2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру болып табылады.
Одан басқа, Ұлттық медициналық холдинг негізінде республикадағы онкологиялық ауруларды алдын ала диагностикалау және емдеудің ең жаңа инновациялық технологияларына қол жетімділікті айтарлықтай жақсартатын Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты өңірлік деңгейге трансляциялай отырып, құру туралы мәселе туындап отыр.
Күш-жігер туберкулездің әлеуметтік өткір проблемасын түпкілікті жоюға бағытталатын болады. Осыған байланысты, туберкулезбен сырқаттанғандарға әлеуметтік қолдау, емделу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастыру тетігі әзірленеді, сондай-ақ азаматтық және пенитенциарлық секторлардың туберкулезге қарсы ұйымдарының дәрігерлеріне еңбекақыны көбейту бойынша шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік тетігін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту басымдылық болып табылады.
Өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидаты адамның күнделікті өміріндегі, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат тәрізді ажыратылмайтын бөлігі болуы тиіс. Бұл шылым шегу, ішімдікті көп пайдалану, стресс, төмен физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан туындайтын ауруларды қысқартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, медициналық қызметкер тарапынан салғырт немесе бейберекет қатынас болмаған кезде азамат денсаулығына зиян келтіргені үшін дәрігердің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу жөніндегі мәселе пысықталатын болады.
Дәрілік заттарды қолдануға қатысты халықтың хабардар болу деңгейін арттыру тетігі әзірленетін және енгізілетін болады. Дәрілік көмек алуда пациенттердің жауапкершілігі мен бірқатар дәрілерді рецепт бойынша босату мәселелері қарастырылды. Халық үшін өзін-өзі жауапты емдеу және дәрі-дәрмектерді орынды пайдалану бойынша консультативтік-білім беру орталықтары, сондай-ақ фармацевтика нарығын, дәрілік заттардың бағасын, жанама әсерлерін, орынды пайдаланылуын зерттеу және талдауды мониторингілеу орталығы құрылды.
Медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасын, денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін сондай-ақ:
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылды;
- денсаулық сақтау саласында ұйымдастыруды басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жалғастырылды;
- денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі және оны Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен үндестіру енгізілді;
- медициналық білім беру және ғылымды дамыту бойынша шаралар жалғасады.
3.3.3. Мәдениет
Қазіргі адамның қалыптасуына және дамуына әсерін тигізетін әлеуметтік-мәдени саланы жаңғырту әлеуметтік жаңғыртудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Негізгі күш-жігер жоғары патриоттық зейіні бар және Отанға адал қызмет ететін қазақстандықты тәрбиелеуге бағытталатын болады.
Мәдениет саласының одан әрі дамуы мынадай басым бағыттарды көздейді:
- еңбекке, адал кәсіптік табысқа деген оң қатынастарды қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы отандық мәдени өнімдер (кино, кітаптар, театрлық қойылымдар, телебағдарламалар) үлесін арттыру және бесжылдық кезеңге арналған Отандық әлеуметтік-мәдени өнімдерді жаңғырту жоспарын қабылдау;
- осы саланың даму серпініне шамаластыра отырып мәдени мекемелерге келу деңгейін көтеру;
- әрбір өңірде, қалада, ауылда бұқаралық іс-шараларды өткізу арқылы халықтың қоғамдық, әлеуметтік өмірін дамыту;
- Қазақ ұлттық электрондық кітапхана қорын кеңейту;
- отандық БАҚ-ты жаңғырту және Журналистік этика кодексін, сондай-ақ тұтынушыны күмәнді және бұрмаланған ақпараттардан сақтандыратын заң нормаларын қабылдау.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан туралы ғаламдық ақпараттарды жылжыту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Атап айтқанда, жұмыс мұсылман әлемі мен Шығыс Азия елдеріне Қазақстаннан ақпараттық ағындардың географиясын кеңейту бойынша жүретін болады. Айрықша назар БЭК бойынша серіктес елдердің ақпараттық кеңістігіндегі және жалпы еуразиялық кеңістіктегі жұмысқа бөлінетін болады.
Қоғамдық, әлеуметтік тұрмысты дамыту мақсатында мақсаттық жұмыс азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың тікелей қатысуымен әрбір жекелеген ауылда, қалада, аудан орталығында, облыста жағдайдың тұрақтылығын нығайтатын бұқаралық жағымды іс-шараларды өткізу бойынша атқарылатын болады.
Бұдан басқа, бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы арнайы заңды қабылдау, жергілікті әкімдіктер үшін оларды ұйымдастыру және өткізу бойынша үлгі ережелерді қабылдау туралы мәселе пысықталатын болады.
3.3.4. Жұмыспен қамту
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдылығының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, дамудың және адами ресурстардың әлеуетін іске асырудың маңызды, өмір сүру сапасын арттыру және қоғамдық байлықтың өсуінің басты амалы.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оқыту, қайта оқыту бойынша шағын кредиттерді ұсыну және табыс-бизнес дағдыларына оқыту арқылы ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.
Келесі маңызды міндет еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмыс өзіне жұмыспен қамту саласын дамыту мәселелерін, кәсіптік біліктіліктің ұлттық жүйесін құруды, сондай-ақ еңбек шиеленістерін алдын алуды, ескертуді және реттеуді қамтиды.
3.3.5. Әлеуметтік қамтамасыз ету
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар асырауында болуға жол бермейтін атаулық пен тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағдарланатын болады.
Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне және қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін болады. Базалық әлеуметтік төлемақыларды көтеру, зейнетақы төлемдерін жүйелі ұлғайту, халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту халықтың әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қолдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Сонымен 2015 жылға қарай базалық зейнеткерлік төлемақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс шамасынан 60% деңгейіне дейін жеткізу, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін 2010 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 1,2 есе ұлғайту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, 2015 жылға қарай атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төменгі күнкөріс шамасынан 60% деңгейіне дейін көтеріледі, бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамында еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендейді.
Қорытындылай келгенде ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтық үлесі 2015 жылы 6%-дан жоғары болмауы керек, бұл халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етудегі оң мезеттерді көрсететін болады.
Әлеуметтік осал халық санатына жататын азаматтардың әлеуметтену тетігін дамыту мақсатында «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» арнайы заңды әзірлеу туралы мәселе қарастырылатын болады.
Мыналарды заңнамалық регламенттеу туралы мәселелер пысықталатын болады:
- отбасындағы санына байланысты балалардың балабақшаға бару төлемінің шығысы бөлігінде ата-аналарға өтемақы;
- бала күтімі бойынша демалысынан кейін жұмысын қайта бастайтын әйелдерге біліктілігін арттыруға және мемлекет есебінен талап етілетін жаңа мамандықты алуға мүмкіндік ұсыну;
- ҚР Салық кодексіне көп балалы отбасыларға және басқалары үшін кіріс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережені енгізу және т.б.
3.3.6. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту
Халықтың өмір сүруінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың бағдарламасын (бұдан әрі – ТКШ Бағдарламасы) іске асыру жалғасады.
Бағдарламаны іске асыру ресурсты жинақтаушы технологияларды пайдаланумен, пайдалану шығындарын төмендету, инвестициялық әлеуетті дамыту және жеке капиталды тартумен тұрғын үй қорын ұстауға қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында кондоминиум объектілерін терможаңғыртудың және күрделі жөндеудің қайтарымды қаржыландыру схемасы әзірленді.
Азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттарына күрделі жөндеуге қаражат жинақтау жарнасы және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығыстарын төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Бірлесіп қаржыландырудың арнаулы тетігі мен тұрғын үй қорын ұстауды қамтамасыз ету есебінен күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2015 жылға қарай 32 %-дан 22%-ға дейін және 2020 жылға қарай 12%-ға төмендейді.
Бағдарлама шеңберінде 2017 жылға қарай жалпы ұзындығы 46,4 мың километрден астам коммуналдық желілерді жаңғыртуды жүргізу жоспарлануда. Тиісінше 47%, 61%, 45%-ға дейін жөндеуді қажет ететін жылу-, электр-, газбен жабдықтау желілерінің үлесін төмендету жоспарланып отыр.
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылға қарай 90%-ға дейін нормативтік тазартылған судың деңгейіне қол жеткізумен қалаларда орталықтандырылған су бұру және сумен жабдықтауға қол жетімділікті 90%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жеке меншік капиталының қатысуымен, оның ішінде концессиялық келісімдер негізіндегі су шаруашылығы кәсіпорындарының саны 2015 жылға қарай 20 бірлікті құрайтын болады. 26 су құбырлары орта және ұзақ мерзімді тарифтерге өтетін болады.
2014 жылға дейін қалаларда халықты жеке есепке алу құралдарымен қамту 100%-ды құрайды. Сумен жабдықтау объектілеріндегі апаттылық 2017 жылға қарай 1 км желіге 0,4-ке дейін төмендетіледі, су бұру объектілерінде 1 км желіге 0,2-ге дейін төмендетіледі. Нормативтік ысыраптардың деңгейі 2017 жылға қарай 18 %-ға дейін төмендетіледі. 140 барланған кен орындарындағы жерасты суларының қорларын қайта бағалау жүргізіледі.
Ауылдық аймақтарда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділік 2017 жылға қарай 61%-ды, су бұру қызметіне 13%-ды құрайтын болады. Әрбір аудан орталығында мамандандырылған пайдалану ұйымдарының саны 161 бірлік. Халықты ауыз суды есептеу құралдарымен қамту ауылдық елді мекендерде 61%-ға жетеді. Қосымша 1781 ауылдық елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілетін болады.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес коммуналдық желілерді жаңғырту бойынша өңірлік жоспарлар әзірлеу және Қазақстан Республикасында жылу-, электр-, газ-, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің және коммуналдық қалдықтардың ахуалы туралы бірыңғай жалпыұлттық деректер қорының электрондық нұсқасын құру бойынша ұсыныс әзірлеу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде республика өңірлерін газдандыру деңгейін 64%-ға дейін, атап айтқанда Оңтүстік өңірлерін 46%-ға дейін, Батыс өңірлерінде 85%-ға дейін, Қостанай облысында 60%-ға дейін арттыру көзделген.
2014 жылға қарай елдің 243 елді мекені қосымша газдандырылатын болады.
Қазақстандықтарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы әзірленді.
Бағдарлама бірнеше негізгі бағыттар бойынша іске асырылады:
- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы сатумен жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үйлерді салуы:
1) азаматтардың барлық санаттары үшін;
2) жас отбасылар үшін;
- жергілікті атқарушы органдардың кезектегі адамдар үшін жалдамалы тұрғын үйлерді салуы;
- «Қазақстандық Ипотекалық Компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ-ның тұрғын үйлерді салуы;
- авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобалар шеңберінде тұрғын үйлерді салу;
- жеке тұрғын үй құрылысы;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы;
- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерді салуы;
- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша құрылыс.
2013 жылдан бастап «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын 6 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы 40 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілетін болады, жыл сайын 2020 жылға дейін шамамен 1 млн. шаршы метр жалдамалы тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |