Қазақстан республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналғАН


Дамудың сценарийлік нұсқалары



бет3/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#132886
1   2   3   4   5   6   7

2. Дамудың сценарийлік нұсқалары

Әлемдік экономиканың даму үрдістерінің, мұнайдың әлемдік бағалары деңгейінің және әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалдың өзгеруіне байланысты дамудың ықтимал үш сценарийі қарастырылды.



Оптимистік сценарий 2013 – 2017 жылдары әлемдік экономиканың серпінді дамуын, Еуроаймақ елдерінің борыш проблемаларының шешілуін, елдің берешектерінің көп бөлігін есептен шығаруды көздейді. АҚШ-та және басқа дамыған елдерде сандық жеңілдету саясатының кезекті кезеңін өткізу, дамушы елдерден жеке сектор мен импорттың сұранысын қалпына келтіру. Осы сценарийде әлемдік экономиканың өсімі дағдарысқа дейінгі 4,0-4,3% қарқынына сәйкес болады.

Шикізат тауарларының бағалары дамыған елдердің тарапынан да, дамушы елдердің тарапынан да өсіп келе жатқан сұраныспен нығайтылған жеткілікті жоғары деңгейде болады. 2013 – 2017 жылдары оптимистік сценарийде әлемдік мұнай бағалары, бағалау бойынша, бір баррелі үшін 120 АҚШ долл. деңгейінде болады.

1-сурет


Базалық сценарий орташа есеппен алғанда 4% қарқынмен 2013 – 2017 жылдары әлемдік экономиканың бәсең, бірақ үдемелі өсуін болжайды. Бағалау бойынша 2013 – 2017 жылдары мұнайдың бағалары 90 АҚШ долл. деңгейінде болады, металл бағалары ағымдағы деңгейден 15% төмендеуі болжануда.

Базалық сценарий кезінде Грецияның ойдағыдай борыш құрылымын қайта құрылымдауы және несие берушілердің алдында өз міндеттемелерін өтеуі күтілуде.

АҚШ-та бюджеттік шоғырландыру жалғасын табады, еңбек нарығында жағымды өзгерістер байқалады, QE3 (3 сандық жұмсарту) өткізілуі мүмкін.
2-сурет


Пессимистік сценарий 2013 – 2017 жылдары әлемдік экономика өсуінің орташа алғанда ағымдағы болжамдардан 2% дейін бәсеңдеуін жобалайды.

Бұл сценарийде әлемдік экономика кезекті рецессия шегінде теңгеріледі. Ең өткір проблема жоғары жұмыссыздық, төмен табыстар және соның салдарынан тұтас сұранысты кеңейтудің негізгі факторларының болмауы болып қала береді.

Бұл сценарий кезінде бақыланбайтын дефолт және Грецияның Еуроаймақтан шығуы, кейіннен Португалияда және Ирландияда ахуалдың нашарлауы және Испания мен Италия экономикаларының күрт нашарлауы күтілуде. Дағдарыстың асқынуы еуро аймағының толық ауқымды рецессиясына әкеп соқтырады.

Сондай-ақ, 2008 жылғы бағаның күрт төмендеуіне ұқсас шикізат нарығында бағалардың күрт төмендеуі болжануда. Мұнайдың бағасы 60 АҚШ долл. дейін төмендейді, металдардың бағасы ағымдағы деңгейден 50% төмендейді.

3-сурет

Жылдың басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму үрдістерін және әлемдік экономиканың ахуалын ескере отырып, Болжамды қалыптастыру кезінде негіз ретінде бастапқы параметрлері ағымдағы болжалдан болмашы ауытқулармен анағұрлым мүмкін болып табылатын базалық нұсқа алынды.




3. 2013 – 2017 жылдарға арналған экономикалық саясаттың негізгі шаралары мен бағыттары

2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанның алдағы онжылдықтағы дамуының басты бағыты экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін қамтитын әлеуметтік-экономикалық жаңғырту деп анықтады.

Экономикалық саясаттың ортамерзімді кезеңге арналған мақсаты макроэкономикалық тұрақтылықты және орнықты экономикалық өсуді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету болады.

3.1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақша-кредит пен салық - бюджеттік саясат және инфляция деңгейін жоспарланған 6-8% дәлізінде ұстау есебінен қамтамасыз етіледі.



3.1.1. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын реттеу саласындағы саясат

Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни қалыптасып жатқан макроэкономикалық алғышарттарға барабар жылдық инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу елдегі экономикалық өсу үшін қажетті жағдайларды жасауға, инвестициялық нарықты дамытуға, банк секторының кредиттік белсенділігін ынталандыруға ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, Ұлттық Банктің міндеттеріне қаржы жүйесінің, ұлттық валютаның айырбастау бағамының тұрақтылығын және елдің төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу кіреді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын жүргізген кезде экономикадағы ақша ұсынысын икемді реттеу жөніндегі шараларды қолданады. Ақша нарығында қысқамерзімді өтімділіктің тапшылығы туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтімділікті беру бойынша операциялардың көлемдерін ұлғайтатын болады. Ақша нарығында қысқамерзімді өтімділіктің артық саны жинақталған кезде ақша нарығында Ұлттық Банктің негізгі құралдарын пайдалану – қысқа мерзімді ноттарды шығару, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерін тарту арқылы айықтыру операциялары жүргізілетін болады.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды реттеу ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне байланысты жүргізіледі.

Осылайша, экономикадағы ақша ұсынысының көлемі экономиканың өсуіне сәйкес келетін деңгейде сақталады. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүргізген кезде қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ету мақсатында ондағы ахуалды зерделейтін болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді ұстап тұруға бағытталатын болады. Бағамдық саясатты жүргізген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұрақты түрде өзгеріп тұратын әлемдік конъюнктура жағдайларында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валюта нақты бағамының айтарлықтай ауытқуларына жол бермейді.

Сонымен бірге бағамдық саясат ішкі экономиканың дамуына негіз жасай отырып, әлемдік бағалардың өзгерістеріне, сыртқы сауда жағдайларына барабар әсер етеді. Жаңа технологияларды, жабдықты пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты факторлармен қатар бұл саясатты қатаң ұстау мемлекетке үдемелі даму жолына шығуға мүмкіндік береді.

Экономикалық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңге бағамының икемділігін арттыру мақсатында өзінің валюта нарығына қатысуын одан әрі төмендетуге ұмтылатын болады.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесінің де Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының негізгі міндеттеріне кіруіне орай, Ұлттық Банк осы бағытта барлық қажетті шараларды қолданатын болады. Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк осы нарықтың бүкіл сегменттеріне мониторинг және ағымдағы жай-күйін бағалауды жүргізетін болады. Қандай да болмасын шараларды қолдану жедел жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын беретін болады. Бұл операциялардың мерзімдері 1 жылдан аспайды.

Тұтастай алғанда, ақша-кредит және валюталық саясаттың қандай да болмасын шараларын қолдану Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі шеңберінде орын алып жатқан интеграциялық үдерістерді ескере отырып жүзеге асырылатын болады.


Инфляция деңгейін ұстап тұру

Инфляцияның өсуіне жол бермеу және оны жоспарланған 6,0-8,0% дәлізінде ұстап тұру үшін ішкі нарықтағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыру жалғасады.

Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсуі сондай-ақ реттелетін қызметтерге арналған тарифтердің инфляциясына шекті салыммен шектелетін болады.

Кедендік-тарифтік реттеу тетіктерін қолдану жалғасады.

Азық-түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету нарық тетіктерін қолдана отырып азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар кешені шеңберінде жүзеге асыралады. Ол өңірлер деңгейінде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыруды, дәнді және майлы дақылдардың, көкөністердің егістік алқаптарын ұлғайтуды, қолданыстағы жылыжайлар мен көкөністер қоймасының құрылысы мен жаңғыртуды қарастырады.

Тұрақты негізде мұнай өнімдері, азық-түлік тауарларына арналған бөлшек сауда бағаларының нарығындағы жағдайға мониторинг өткізіледі. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактісі анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және инфляциялық үдерістерді ұстап тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады, оның шараларының бірі азық-түлік тауарларына арналған бағаның болжанатын дәлізін анықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған бөлшек бағаның шекті мәні мен бөлшек бағаның шекті жол берілген көлемін белгілеу арқылы оларды болжамдау болып табылады.

Республиканың ішкі нарығын толықтыру және мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне арналған бағаларды тұрақтандыру мақсатында облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша мұнай өнімдерін жеткізу кестесін бекіту жалғастырылады, республиканың мұнай өндеу зауыттарында өндірілетін жанар-жағар май материалдарының барлық көлемі ішкі нарыққа жеткізіледі.

Ұлттық Банк экономикадағы ақша ұсынысын икемді реттеу бойынша шараларды қабылдайды. Инфляциялық қысымды ынталандыратын артық ақша ұсынысын ұлғайту стерилденген операциялардың өсуімен жойылатын болады.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк монетарлық құрамдауыш бөліктің оңтайлы деңгейде болуына және қосымша инфляциялық қысым көрсетпеуіне ұмтылады.

Осы іс-шараларды іске асыру инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде сақталуын қамтамасыз етеді.

3.1.2. Қазақстан Республикасының бюджет және салық саясатының негізгі басымдылықтары

Салық-бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мемлекеттік саясаттың әзірленген шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Экономиканың одан әрі өсуі үшін жағдайлар салық және бюджет саясаты құралдары арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Салық саясаты шеңберінде 2013 – 2015 жылдары салықтардың кірістерді қайта бөлу бойынша мемлекеттің әділ құралы ретіндегі әлеуметтік маңызды, ынталандырушы және фискалдық функциялары нығайтылатын болады.

Осыған байланысты, салық саясатының шаралары орта мерзімді кезеңде мыналарға:

халықаралық бәсекелестік пен елдер арасындағы капиталдың еркін ағымының (қозғалысының) күшеюі жағдайларында экономиканың шикізаттық емес секторын, ең алдымен экономиканың нақты секторлары кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамытуға ынталандыруға;

қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және ішкі, сондай-ақ сыртқы жеке инвестицияларды ынталандыруға;

бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға;

мемлекеттік функциялар мен міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

ЕЭК шеңберінде Қазақстанда неғұрлым қолайлы салық режимін қалыптастыру маңызды болып табылады, бұл капитал қозғалысына шектеу болмаған кезде экономиканың одан әрі өсуі үшін қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларының табыстары мен мүліктерін жаппай декларациялауға көшу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың табыстары мен мүліктерін жаппай декларациялауға көшу көзделген.

Жаппай декларациялауға көшу 7 жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

1-кезең (2010 – 2011 жылдар): жаппай декларациялауға көшудің әдіснамалық негіздерін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

2-кезең (2012 – 2013 жылдар): мемлекеттік органдарды заңды тұлғалардың декларацияларын қабылдауға, өңдеуге және талдауға техникалық жарақтандыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі іс-шараларды өткізу;

3-кезең (2014 – 2015 жылдар): мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің үлесі бар компаниялар қызметкерлерінің декларация тапсыруын жүзеге асыру;

4-кезең (2016 жыл): қалған басқа жеке тұлғалардың бастапқы декларацияларды тапсыруы;

5-кезең (2017 жыл): жаппай декларациялауға толық көшу, яғни барлық жеке тұлғалар декларация тапсыруға міндетті болады.

Сондай-ақ арнайы салық режимдерін реформалау көзделген.

Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мыналарға:

халықтың әл-ауқатын арттыруға;

экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға;

мемлекет тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағытталатын болады.

Бұл ретте экономиканың өсуін ынталандыру макроэкономикалық тұрақтылыққа залал келтірместен жүзеге асырылатын болады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сыртқы факторлардың теріс ықпалдарын төмендету мақсатында контрциклдік бюджет саясаты жүргізілетін болады. Ол кепілдендірілген трансферттер мөлшеріне қатысты Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына үлкен икемділік беру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Контрциклдіктің қағидаты, кепілдендірілген трансферттердің ұлғаюы немесе азаюы республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуымен және экономикалық өсудің болжамдық параметрлеріне қол жеткізумен айқындалатын болады.

Егер де экономиканың дамуы болжанған қарқыннан төмен болса және бюджет кірістері бойынша жоспар орындалмаса, кепілдендірілген трансферттердің мөлшерін ұлғайту ұсынылады. Бұл кірістерде шығынның орнын толтыруға, шығыстарды толық көлемде қаржыландыруға және болжанатын параметрлер шегінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ішкі сұранысты қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді.

Болжанатын параметрлермен салыстырғанда экономиканың тым жоғары дамуы және бюджет кірістері бойынша жоспардан асып түсуі кезеңінде кепілдендірілген трансферт мөлшерін төмендету ұсынылады. Бұл Ұлттық қор қаражаттарын қосымша пайдалануды толықтыруға мүмкіндік береді және экономиканың «қызып кету» қаупін төмендетеді.

Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты экономикаға бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуде оң әсер ететін бюджет қаражатының оңтайлы шаралары мен көлемін айқындауға негізделетін болады.

Мемлекеттік шығыстардың көлемі бір жағынан жиынтық сұранысты қолдауды, екінші жағынан - мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін деңгейде сақталатын болады.

Сондай-ақ мұнай түсімдерін тәртіппен және тиімді басқару жүзеге асырылатын болады.

Бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты орта мерзімді перспективада мыналарға:

2020 жылға қарай ЖІӨ-нің 3%-ынан аспауы тиіс мұнай тапшылығын төмендетуге;

Ұлттық қор қаражатын кейіннен тек даму бюджетін қаржыландыруға ғана көше отырып, ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға пайдалануды қысқартуға бағытталатын болады.

Дамудың сыртқы қолайлы жағдайлары сақталған кезде оны абсолюттік мәнде де, сондай-ақ ЖІӨ-ге қатысты да төмендету жоспарланып отыр.

Бюджет тапшылығы үкіметтің қарыз алуымен, негізінен ішкі нарықта қаржыландырылатын болады.

Үкіметтің қарыз алу саясаты Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында белгіленген шектеулерге сәйкес онымен Ұлттық қордағы жинақтардың орнын ауыстыруға жол бермеуге сүйене отырып, жүргізілетін болады, атап айтқанда:

үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған жыл сайынғы шығыстар Ұлттық қордың 4,5% деңгейіндегі жыл сайынғы шартты инвестициялық кірісінен аспауы тиіс;

үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және өтеуге арналған шығыстар орта есеппен он жылдық кезең ішінде Ұлттық қордан берілетін трансферттерді қоса алғанда, бюджетке түсетін түсімдердің 15%-дан аспауы тиіс.

Әлемдік экономикадағы жағдайдың әлеуетті нашарлауын ескере отырып, орта мерзімді перспективада бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансфертті шектеу жолымен Ұлттық қордағы қаржы ресурстарын жинақтау саясаты жалғастырылатын болады.

Бұл ретте, экономикадағы ахуалға байланысты, республикалық бюджетке кепілдендірілген тіркелген трансферттің мөлшері азаю немесе ұлғаю жағына қарай 15 % дейін (6,8 – ден 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін) түзетілуі мүмкін.

Бұл болашақ ұрпақ үшін жинақтарды ұлғайтуға, әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы коньюнктура кезеңінде бюджеттің мұнай кірісінен тәуелділігін төмендетуге және сыртқы даму жағдайлары нашарлаған жағдайда экономиканы қолдау үшін әлеует құруға мүмкіндік береді.

Өңірлерді қаржылық қолдау олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экономикалық әлеуетті ұтымды кеңістікте ұйымдастыруға бағытталатын болады.

Шығыстар саясаты да бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Осы мақсатта тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады, бұл жетекшілік ететін салада/жүйеде/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу (жеткізбеу) дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.

Әлемдік және қазақстандық экономикаларда жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

Бюджеттің дағдарыс жағдайларының әсеріне қатысты «иммунитетін» көтеру мақсатында «Жаңа бюджеттік қағида» енгізіледі, бұл – ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық параметрлер жақсарған кезде іске асырылатын шартты қаржыландырылатын шығыстар.

Шартты қаржыландырылатын шығыстардың жалпы көлемі тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет шығыстары көлемінің төрт пайызынан аспайтын мөлшерде айқындалады.

Шартты қаржыландырылатын шығыстарды қаржыландыру бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бюджет кірістерінің орындалуы есепті кезеңге бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден асқан кезде, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерін жақсарту болжамдалған жағдайда жүзеге асырылатын болады.

2013 – 2015 жылдарға арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі 3-қосымшада берілген.


3.1.3. Бюджетаралық қатынастар

Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігін нақты ажыратуға, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлу, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.

Қазақстан Республикасында орта мерзімді бюджеттік жоспарлауға көшу, сондай-ақ нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру қағидаттарын енгізу шығыстарды басқарудың барлық жүйесіне де, бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыруда айтарлықтай өзгеріс енгізуді талап етті.

Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты азаматтарға олардың тұрғылықты орындарына тәуелсіз Конституция және заңнамамен кепілдендірілген мемлекеттік қызметтер ұсынудың сапасы мен жалпы қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен бірге бюджетаралық қатынастар одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Осыған байланысты бюджетаралық қатынастарды қалыптастырудағы жаңа тәсілдерді әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енгізілген.

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі, оның негізінде келесі орта мерзімді кезеңге (2014 – 2016 жылдарға) арналған тиісті Заң әзірленетін болады. Жұмыс тобының шеңберінде жергілікті бюджеттердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде қаржылық дербестігін күшейту бюджеттік субвенциялар даму мөлшері жөніндегі бюджеттік субвенциялар мен алып қоюларды айқындау кезінде жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне норманы бекіту жолымен мәселелері қаралатын болатын кемінде ағымдағы шығындардан 10%.

Сондай-ақ мыналар бойынша жаңа тетіктерді қарастыру көзделеді:

- жергілікті бюджеттердің теңгерілімдігін қамтамасыз ету (жалпы сипаттағы трансферттерді анықтау барысында ескерілген болжамға қатысты (мысалы қаржылық дағдарыс) кірістердің күтпеген төмендеу жағдайында өтм ақы тетігі;

- мемлекеттік биліктің жергілікті органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қолдау шаралары (жергілікті атқарушы органдардың рейтінгілік бағасы нәтижелері бойынша көтермелеу).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет