4. 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамы
2013 – 2017 жылдары Қазақстанның экономикасы жинақталған жүйелік тәуекелдердің өсуі және әлемдік экономикада рецессия үрдістерінің қайталану мүмкіндігі бар шарттарда дамиды. Алдыңғы 2007 – 2008 жылдардағы дағдарыс ұлттық табыстарды секторлар арасында біркелкі емес бөлуге негізделген отандық экономиканың дамуында бар теңгерімсіздіктерді көрсетті. Қаржы секторын тұрақтандыру бойынша жүйелі шараларды қабылдау дағдарысқа дейінгі экономиканың құрылымдық үйлесімдерін қалпына келтіруге және несие иінінің өсуін шектеу арқылы оның теңгерімділігін жақсартуға мүмкіндік берді.
Тұтынудың қысқаруымен ілесетін әлемдік экономикадағы дағдарыс құбылыстарының қайталану мүмкіндігі қазақстандық тауарларға сыртқы сұраныстың қысқаруы салдарынан әлеуетті серпіндерден төмен болатын отандық экономиканың өсуінің бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады. 2013 – 2017 жылдары экономиканың өсуі негізінен жеке меншік және мемлекеттік қаржы есебінен индустриялдық және инфрақұрылымдық жобаларға өсіп жатқан инвестицияларға бағдарланумен бірге ішкі сұранысқа сүйенеді.
Экономикалық өсудің факторлары
2013 – 2017 жылдары экономиканың өсуі шамамен анағұрлым теңгерімделген және несиелік белсенділікпен қуатталған, сұраныс тарапынан шокты жерлерді болдырмайтын салалардың өндірістегі өсу қарқынының ішкі келісушілігіне бағытталатын болады деп күтілуде.
2013 – 2017 жылдары экономиканың өсуі 6,0-дан 7,6%-ға дейін болады деп бағалануда. 2013 – 2017 жылдары ЖІӨ өсуінің негізгі көзі 2013 – 2014 жылдары орташа 6,5% қарқынмен, одан кейінгі жылдары – 6,8%-бен өсетін, өсіп келе жатқан ішкі сұраныс болады.
Қолдану бойынша ЖІӨ құрылымы болжанатын кезеңде елеулі өзгерістерге ұшырамайды. Ішкі сұраныстың өсуі, бірінші кезекте 2013 – 2017 жылдары шамамен орташа 6,5% құрайтын үй шаруашылықтары тұтынуының тұрақты өсуімен анықталады. Белгіленген кезеңде үй шаруашылығы тұтынуының ЖІӨ өсіміне үлесі орташа 47% деңгейінде болады.
4-сурет
Ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды және индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыруға бағытталатын инвестицияның едәуір көлемдері ішкі сұраныс серпініне инвестициялардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. 2013 – 2017 жылдары жалпы жинақтың орташа жылдық өсу қарқыны 7,4% шегінде болады деп күтілуде, бұл ретте инвестициялардың басым бағыттары экономиканың шикізат емес секторлары болады.
Өткен жылдармен салыстырғанда экспорттың ұлғаю қарқыны 2013 – 2014 жылдары азаяды және тиісінше 5,8% және 6,1% деңгейінде болады деп болжануда. 2013 – 2014 жылдары өсім қарқынының бәсеңдеуі шамамен тауарлық экспорттың 2/3 құрайтын сыртқы нарықтағы мұнай мен металдарға сұраныстың азаюымен байланысты болады. ЕО, Қытай және Таяу Шығыс елдерінде сұраныстың төмендеуі бүкіләлемдік өсудің бәсеңдеу үрдісімен және жекелеген елдерге тән тәуекелдермен түсіндіріледі. Қашаған кен орнын игерудің басталуы және индустрияландыру бағдарламасы бойынша құрылып жатқан өндірістің шикізат емес тауарлық экспортты көбейтуінің нәтижесінде 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін экспорт өсімінің қарқыны орташа 7,2%-ға дейін өседі және таза экспорттың ЖІӨ-ге оң үлесі артады деп күтілуде.
1-кесте
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
ЖІӨ
|
6,0
|
6,1
|
7,6
|
6,6
|
6,9
|
Ішкі сұраныс
|
6,5
|
6,5
|
7,5
|
6,4
|
6,6
|
Импорт
|
7,4
|
7,2
|
7,8
|
6,3
|
6,0
|
Ішкі өндіріс
|
6,5
|
6,5
|
7,5
|
6,4
|
6,6
|
Сыртқы сұраныс (экспорт)
|
5,8
|
6,1
|
7,9
|
6,7
|
7,0
|
|
|
|
|
|
|
Ішкі сұраныс өсімінің (төмендеуінің) орнын толтыру көздерінің құрылымы*:
|
100,0%
|
100,0%
|
100,0%
|
100,0%
|
100,0%
|
Импорт
|
32,9%
|
32,4%
|
33,0%
|
31,0%
|
31,5%
|
Ішкі өндіріс
|
67,1%
|
67,6%
|
67,0%
|
69,0%
|
68,5%
|
|
|
|
|
|
|
* тиісті кезеңдегі бағалармен
|
Болжанатын кезеңдегі импорт көлемі нақты көріністе орташа 6,9% қарқынмен өседі. Импорттың айтарлықтай едәуір қарқынмен өсуі экономиканы үдемелі жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде инвестициялық тауарлар мен аралық тұтыну тауарларына айтарлықтай жоғары сұраныс болады деп болжануына негізделеді. Бұдан басқа, 2013 – 2017 жылдары серпінді дамитын ішкі сұранысты қанағаттандыру тұтыну өнімдері импортының айтарлықтай жақсы өсуімен түйіндес.
5-сурет
Отандық тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белгілі уақыт лагының қажеттілігінен 2013 – 2017 жылдары импорттың орнын басу үдерісі баяу жүреді. Егер 2013 жылы ішкі сұраныстың 67,1% отандық өндіріспен қанағаттандырылса, 2017 жылға қарай қанағаттандыру деңгейі 68,5%-ға дейін ұлғаяды.
Экономика салаларының серпіні
Экономиканың салалық құрылымы дағдарысқа дейінгі пропорциялармен салыстырғанда 2013 – 2017 жылдары біраз өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Шығарылатын өнімге біршама төмен бағалар және сыртқы сұраныстың азаюы 2013 – 2017 жылдары сатылатын секторлар үлесінің төмендеуіне әкеледі, бағалау бойынша, ЖІӨ-ге шаққанда орташа 30%. 2013 – 2014 жылдары дәстүрлі экспортқа бағытталған экономика салаларындағы өндірістің, атап айтқанда кен өндіру өнеркәсібінің өсуі баяулайды.
2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарламаны іске асыру және Индустрияландыру картасы бойынша жаңа өндірістік қуаттарды қосу ішкі нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру және экспорттық орын алу үшін сапалы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2013 – 2017 жылдары ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы ортажылдық өсімінің көлемі 3,9% құрайды.
Өнеркәсіптің ЖҚҚ 2013 – 2017 жылдары 3,8%-дан 6,9%-ға дейінгі қарқынмен өседі. 2015 жылдан бастап Қашаған кен орнында мұнай өндірудің басталуы күтілуде, осының нәтижесінде өнеркәсіптің өсу қарқыны өткен жылдардағы көрсеткіштерден жоғары болады.
Мұнай өндіру көлемі, Мұнай және газ министрлігінің болжамы бойынша, одан әрі 2017 жылы 102,0 млн. тоннаға дейін арттырумен 2013 жылы 82,0 млн. тоннаны құрайды.
Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінде жаңа өндірістік қуаттарды қосу 2017 жылға қарай ЖІӨ құрылымындағы өңдеу үлесінің 12%-ға дейін артуына септігін тигізеді.
Металлургия өнеркәсібіндегі ЖҚҚ-ның орташа жылдық өсім қарқыны 2013 – 2017 жылдары 7,4% құрайды. Металлургияны дамыту экономиканың шектес салаларының (машина жасау, химия өнеркәсібі, және т.б.) әлеуетін ынталандыруға, сыртқы сауданы ұлғайтуға және әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Индустрияландыру бағдарламасы щеңберінде бәсекеге қабілетті жаңа химиялық өндірістер құру, техникалық қайта жасақталу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту есебінен 2013 – 2017 жылдары химия өнеркәсібіндегі ЖҚҚ-ның өсімі жылына орташа 7,4% қамтамасыз етіледі.
2013 – 2017 жылдары машина жасау өнеркәсібіндегі ЖҚҚ-ның өсімі орташа 7,8% құрайды.
2013 – 2017 жылдары электр энергетикасындағы ЖҚҚ-ның орташа жылдық өсімі 4,3% құрайды.
2-кесте
Салалар ЖҚҚ-ның өсімі, %
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
ТАУАРЛАР ӨНДІРУ
|
3,8
|
4,1
|
6,1
|
5,2
|
5,7
|
Ауыл шаруашылығы
|
4,4
|
3,3
|
4,0
|
3,5
|
4,2
|
Өнеркәсіп
|
3,8
|
4,3
|
6,9
|
5,8
|
6,5
|
Кен өндіру өнеркәсібі
және карьерлерді игеру
|
1,5
|
1,6
|
7,6
|
5,1
|
6,8
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
7,3
|
8,5
|
6,1
|
7,1
|
6,4
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау
|
4,7
|
4,4
|
5,7
|
3,0
|
3,6
|
Сумен жабдықтау;
кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
|
3,8
|
5,5
|
5,7
|
5,2
|
5,1
|
Құрылыс
|
3,5
|
3,3
|
3,6
|
3,3
|
3,0
|
ҚЫЗМЕТТЕР ӨНДІРУ
|
6,9
|
7,2
|
8,4
|
7,3
|
7,3
|
Сауда
|
3,0
|
2,2
|
2,5
|
0,4
|
9,7
|
Көлік және қоймалау
|
7,2
|
8,0
|
7,7
|
7,0
|
7,0
|
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер
|
1,7
|
0,7
|
1,1
|
8,5
|
7,6
|
Ақпарат және байланыс
|
7,0
|
7,0
|
7,0
|
7,0
|
7,0
|
Қаржы және сақтандыру қызметі
|
0,3
|
1,7
|
7,5
|
5,0
|
6,7
|
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар
|
1,4
|
1,6
|
2,5
|
2,1
|
2,4
|
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
|
6,4
|
7,3
|
1,4
|
9,7
|
0,8
|
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет
|
6,6
|
7,0
|
8,6
|
7,9
|
8,4
|
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету
|
3,1
|
3,1
|
3,1
|
3,1
|
3,1
|
Білім беру
|
4,1
|
4,4
|
6,1
|
5,4
|
5,8
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер
|
3,8
|
4,1
|
5,1
|
4,7
|
5,0
|
Жалпы ішкі өнім
|
6,0
|
6,1
|
7,6
|
6,6
|
6,9
|
2013 – 2017 жылдары экономиканың әлеуметтік секторларында саудаланатын секторлардағы оң өсу және бюджеттік шығыстардың жоғарылауы экономикадағы қызмет өндірісінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. 2013 – 2017 жылдары қызмет өндірісі орташа 7,4% қарқынында өседі.
Ішкі тұтынушылық белсенділік сауда қызметінің өсуіне ықпалын тиізеді, 2013 – 2017 жылдары оның өсім қарқыны орташа 11,6%-ды құрайды.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі экспорт және ішкі бағыттар бойынша жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтады, осы арқылы көлік және қоймалау салаларының ЖҚҚ орташа нақты көлемін болжамдаған кезеңде 7,4%-ға арттырады.
Ақпарат және байланыс қызметтерінің орташа жылдық өсімі 2013 – 2017 жылдары болжамдау бойынша 7,0% деңгейінде қалыптасады.
Казақстандық экспорттың негізгі тауарлық құрамдас бөлігіне әлемдік сұраныстың өсуінің төмен қарқыны дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда, осы уақытта ішкі сұраныстың күтілетін кеңеюі, сыртқы сауда саясатын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен қатар сыртқы сауда көлемдерінің ұлғаюына ықпал ететін болады.
Сыртқы сауда айналымы 2013 – 2014 жылдары орташа есеппен 4,6% қарқынмен өсетін болады және келесі жылдарда орташа есеппен 9,4%-ға жылдамдайды.
2013 жылы экспорт тауарлары құндық көріністе, бағалау бойынша алдыңғы кезеңге 1,7 %-ға төмендейді, сол уақытта, 2014 жылы аз ғана 0,7%-ға өсу күтіледі. 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін мұнай экспортының нақты көлемінің күтілетін ұлғаюының нәтижесінде орташа есеппен жыл сайын 6,4% қарқынмен өсетін болады.
Қысқа мерзімді кезеңде сыртқы экономикалық жағдаят дамуының белгісіздігіне байланысты, 2013 – 2014 жылдары Ұлттық Банктың ағымдағы шот сальдосын 2012 жылғы деңгейге абсолюттік мәнде, сондай-ақ ЖІӨ-ге қатысты да төмендетуі болжануда. 2015 – 2017 жылдары ағымдағы шоттың 3-тен 6 млрд. АҚШ. долл. дейін тиісінше өсуі күтілуде. Бұл ретте ағымдағы шот сальдосының мөлшері болжанатын кезеңде ЖІӨ-ге шаққанда 1,4% көлемінде күтілуде.
6-сурет
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің болжамы
Төлем теңгерімінің параметрлері ақша-кредит саясаты параметрлерімен және орта мерзімді кезеңге арналған елдің макроэкономикалық дамуының параметрлерімен үйлеседі.
Экономикада күтілетін тұтынушылық және инвестициялық сұраныс импорт тауарларының 2013 жылы 56,3 млрд. АҚШ долларынан 2017 жылы 92,3 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғаюына ықпалын тигізетін болады.
Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту, жұмыссыздықтың және кедейліктің деңгейін төмендету бойынша шараларды іске асыру жалғастырылады.
Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы жеткілікті төмен деңгейде 5,3%-дан 2017 жылы 4,9%-ға дейін, ал кедейлік деңгейі 5,8%-ға дейін сақталады.
2013 – 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |