авиатехниканы жөндейтін, қалпына келтіретін және қосалқы бөлшектерді шығаратын бейінді зауыттар құру;
мұнай өндіру және құбыр көлігінің қажеттілігіне қызмет көрсету жөніндегі шағын авиацияны құру;
авиациялық тасымалда халықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында серпінді және бәсекелестікке қабілетті индустрияны дамытуды көтермелеу мақсатымен азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу жүйесін ішінара ырықтандыру;
азаматтық авиация қызметін реттейтін құқықтық нормаларды нығайту. Нормативтік құқықтық база ИКАО-ның халықаралық стандарттарының талаптарына толығымен сәйкес болуға тиіс;
Қазақстанның авиациялық кәсіпорындары әуе кемелерінің паркін игерудің жүйелілігі мен одан әрі жаңартуды аяқтау, экологиялық талаптарды қоса алғанда, оларды қауіпсіз пайдалану үшін қойылатын барлық халықаралық талаптарға сәйкестігі;
облыстық маңызы бар әуежайлардың өндірістік қорларын қайта жаңартуды аяқтау. Жергілікті әуе желілерінің әуеайлақтары мен тікұшақ айлақтары желісі жандана дамуда. Әуеайлақтар желісі Қазақстанның барлық ірі елді мекендерін географиялық жағынан қамтитын болады. Тораптық әуежайлар және маңызды стратегиялық мәні бар әуежайлар ең кем дегенде ИКАО-ның ІІ санаты бойынша әуе кемелерін қабылдау санатына жатқызылуға тиіс10;
әуе қозғалысын ұйымдастырудың технологиялық жүйесінің диспетчерлердің шығарылған жұмыс орындары жүйесімен және спутниктік навигация әдістерін қолдануға негізделген әуе қозғалысына қызмет көрсету әдістерін біріктірумен жиынтығында кең ауқымды бірыңғай автоматтандырылған жүйеге толық өту кезеңін аяқтау;
өңірлік, ішкі және халықаралық ұшуларды орындайтын әуе тасымалының бірнеше ұлттық операторларының жұмыс істеуі үшін азаматтық авиация нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін ырықтандыру. Азаматтық авиацияның техникалық талаптары мен стандарттарын белгілеу бөлігінде мемлекеттік реттеу шаралары қалады;
қазақстандық авиация нарығында халықтың әуе тасымалдарына деген қажеттілігін қанағаттандыратын және қазіргі заманғы әуе кемелерінің меншікті паркіне ие бәсекеге қабілетті бірнеше авиаоператорлардың болуы.
5.2.4. Ішкі су көлігі саласында:
Қазақстанның кеме жүретін су жолдарының тереңдігін және басқа да техникалық параметрлерін рұқсат берілген сыныптағы кемелерімен жолаушылар мен жүктердің тоқтаусыз кеме қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін деңгейде ұстау;
өңірлік даму перспективаларын ескере отырып, қазіргі бар өзен порттарын дамыту және жаңаларын салу;
отандық кеме жасау есебінен мемлекеттік техникалық флот кемелерін жаңарту және жаңғырту;
кеме жасайтын және кеме жөндейтін кәсіпорындарды қалпына келтіру мен дамытуды ынталандыру;
кедергісіз және қауіпсіз кеме қатынасына кепілдік беретін ішкі су жолдарындағы гидротехникалық құрылыстардың өткізу қабілеті мен технологиялық параметрлерін ұстап тұру;
паром өткелдерін дамыту;
______________________________
10 «Қазақстан Республиканың әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі №712 қаулысын қараңыз
сервистік және жөндеу кәсіпорындарын қалыптастыру.
5.2.5. Теңіз көлігі саласында:
теңіз порттарының өндірістік қуаттарын кеңейту және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау;
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жүктерді (порттарды) ауыстырып-тиеудің балама бекеттері инфрақұрылымын, олардың қуаттарын жүктерді ауыстырып тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін және даму бағдарламаларын перспективалы іске асыруды ескеретін деңгейге дейін кезең-кезеңімен жеткізе отырып дамыту;
қазақстандық теңіз сауда флотын дамыту;
кемелер қозғалысын басқарудың өңірлік жүйесін құру;
меншікті сервис және жөндеу кәсіпорындарын дамыту үшін жағдай жасау.
Стратегияның әрбір кезеңінің соңында іске асырылған даму бағдарламаларының нәтижелеріне толық талдау жүргізілуге, кемшіліктер анықталуға және Стратегияның саяси және әлеуметтік-экономикалық бағытын түзету жөнінде ұсыныстар енгізілуге тиіс.
5.3. Іске асыру тетіктері
Стратегияны іске асыру Стратегияның қағидаттары мен бағыттарына сәйкес көліктің әрбір түрі бойынша салалық даму бағдарламаларын және қалалық жолаушылар көлігін дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Осылайша, көлік жүйесін дамытуда көзқарастың біртұтастығына және кешенділікке қол жеткізіледі.
Даму бағдарламаларын әзірлеу үкіметтік емес ұйымдардың (институттардың, қауымдастықтардың) және жеке бизнестің белсенді қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс. Салалық даму бағдарламалары барлық инфрақұрылымдық жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі есептермен міндетті түрде бірге берілуі және олардың экологиялық сараптаудан өтуі туралы талаптарды көздеуге тиіс.
Мұндай бағдарламаларды іске асыру мониторингі үшін Үкімет есеп берудің тәртібі мен жүйесін әзірлеп, енгізетін болады, онда уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреттілігі мен тиімділігі, іске асыру тетіктері мен ұйымдық құрылымдардың ашықтығы, жобалардың ұзақ мерзімді орнықтылығы мен қаржылық ашықтығы сияқты өлшемдерге баса назар аударылатын болады.
Сипатталған өлшемдерді ескере отырып дайындалған, Стратегияның іске асырылуы туралы есептерді Стратегияның іске асырылуына жауапты уәкілетті мемлекеттік орган жыл сайын Президент Әкімшілігіне және Үкіметке ұсынуға тиіс. Оларда Стратегияның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдау және қажет болған кезде іске асырудың әрбір кезеңінің қорытындылары бойынша стратегиялық бағыттарды түзету жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.
6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
6.1. Негізгі қағидаттар
Көлік қызметтері нарығын одан әрі мемлекет иелігінен алуды және ырықтандыруды ескере отырып, өндірістерді дамыту, жеке меншіктегі жылжымалы құрам мен инфрақұрылым объектілерін жаңарту мен жаңғырту жөніндегі жеке бастамаларды іске асыруға мемлекеттің жәрдемдесуі икемді нормативтік техникалық және фискалдық саясатты қоса алғанда, қолайлы экономикалық жағдайлар жасауда болып табылады. Барлық көлік қызметтерін іс жүзінде жеке кәсіпорындар көрсететін болғандықтан, олар өздерінің пайдалану және күрделі шығындарын өз бетінше өтейтін болады.
Жолаушы темір жол тасымалына қатысты Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын11 іске асыру шеңберінде әзірленіп жатқан мемлекеттік субсидиялау жалғасатын болады.
Автомобиль және темір жолдардың тірек (магистральдық) желісі, сондай-ақ ішкі кеме қатынасы инфрақұрылымы мемлекет меншігінде қалады. Терминалдар біртіндеп жекеше сектор меншігіне берілетін болады.
Әуе навигациясы жүйесі әуежайлар аумағында және бағыттарда аэронавигациялық қызмет көрсетудің (АНҚ) алымдары есебінен өзін-өзі барынша ақтайтын болады. Авиациялық терминалдар әуежайлардың жауапкершілігі аясында болады және әуежай қызметтерін көрсеткені үшін алымдар есебінен қаржыландырылады. Әуежайлар олардағы ұшу-қону алымдары және басқа да қызмет түрлері есебінен қаржыландырылатын, инфрақұрылымға техникалық қызмет көрсетуге және оны жаңарту үшін жауап беретін муниципалдық және жекеше секторға кіретін болады.
Теңіз порттарының терминалдарын салу мен оларға техникалық қызмет көрсету негізінен жекеше сектордың жауапкершілігі аясына кіреді. Ортақ пайдаланудағы теңіз инфрақұрылымы мемлекеттің жауапкершілігі аясында болады, бұл орайда шығындар мүмкіндігінше порттар алымдары есебінен және кеме иелерімен және стивидорлық компаниялармен жасалған шарттар негізінде өтелетін болады.
Ішкі кеме қатынасы жолдарындағы порттар жекеше сектор жауапкершілігіндегі сала болып табылады. Ішкі кеме қатынасы жолдары жүйесіндегі табиғатты қорғау іс-шаралары су жолдарын кеме қатынайтын жағдайда қамтамасыз ету және шлюздерді күтіп-ұстау бағдарламасы шеңберінде оларды күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Сондықтан мемлекеттік инвестициялар техникалық қызмет көрсету үшін де, күрделі шығындар үшін де қажет болады.
Автожол секторының инфрақұрылымы пайдаланғаны үшін өзгелерден алымдарды пайдалану орнында және сол уақытта тікелей алмайтынымен ерекшеленеді.
Бұл ең алдымен кейбір Еуропа елдеріндегідей басты магистральдардағы
_________________________
11Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы №145 қаулысымен бекітілген.
жүк көтерімділігі үлкен жүк автомобильдеріне қолданылады.
Ұзақ мерзімді перспективада мұндай саясат кеңейтіледі және көлік құралдарының басқа түрлеріне де қолданылады.
Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтірілуі қажет бәсекеге қабілетті Қазақстан экономикасының тиімді жұмыс істеуі үшін автомобиль жолдарының маңызы ерекше.
Түпкі нәтижесінде инфрақұрылым мемлекетке қайтарылатын ұзақ мерзімді концессиялық келісімдерді қоса алғанда, жекеше сектордың көлік саласының түрлі салаларына қатысуы көтермеленетін болады. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік схемасы мемлекеттің инфрақұрылымды ішінара қаржыландыруын да қамтуы мүмкін.
6.2. Қаржыландыру көздері
Көлік инфрақұрылымы объектілерін мемлекеттік қаржыландырумен қатар даму институттарын, басқа да отандық және халықаралық қаржы ұйымдарын (ЕҚДБ, АДБ, Дүниежүзілік банк, ИДБ және басқалар) тарту көзделеді. Жеке бизнесті дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру негізгі құралдарды жаңартуға ынталандыратын жеңілдіктер мен преференциялар беру жолымен жүзеге асырылатын болады. Бағдарламалардың іске асырылуын қаржыландыру мемлекеттік бюджет және мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетігін белсенді пайдалану есебінен жүзеге асырылатын болады.
Стратегияны іске асыру кезеңінде көлік кешенінің шамамен алғандағы инвестициялық қажеттілігі 2005 жылғы бағамен шамамен 3,4 трлн. теңгені құрайды, олардың 70%-ын жекеше инвестициялар құрайды. Инвестициялық қажеттілікті шамамен бағалаудың негізінде көлік инфрақұрылымының түрлі элементтерін қалпына келтіру, қайта жаңарту және салу, жылжымалы құрамды жаңарту жатады. Стратегияны іске асыру үшін қажетті адам, қаржылық және материалдық-өндірістік ресурстарды барынша нақты бағалау көлік түрлері бойынша салалық даму бағдарламаларын әзірлеу және бекіту кезінде, соның ішінде тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жүргізілетін болады.
7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Стратегияны іске асырудың Қазақстан экономикасын дамытудағы жалпы әлеуметтік-экономикалық оңды әсері болады және Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы12 және әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясы тәрізді бағдарламалық құжаттарды іске асыруда айтарлықтай көмегі тиеді.
______________________________
12ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі №1149 Жарлығыменбекітілген.
Барлық көлік жүйесі жұмыс істеудің жаңа сапалы деңгейіне көшеді. Қажетті талаптарға сай оңтайлы көлік желілері қалыптастырылып, экономика мен халықтың сенімді әрі қауіпсіз көлік қызметтеріне деген қажеттілігін қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады.
Қазақстандық көлік кешені әлемдік көлік жүйесіне табиғи түрде кірігетін болады. Көлік инфрақұрылымы, нормативтік база мен экология саласындағы бақылау жүйелері халықаралық стандарттарға жақындайтын болады. Көліктің қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайту жөнінде шаралар қолданылатын болады.
Қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру есебінен көлік кешенінің барлық ұзақ мерзімді активтері жаңартылады, еңбекті ұйымдастырудың және өндіріс процесінің озық технологиялары енгізіліп, отандық бейінді өндірістер қалыптасатын болады. Ұлттық көлік жүйесінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру оны көрші мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сауда мүдделерінде пайдалануға бағыттауға мүмкіндік береді.
Көліктің барлық түрлері өзара үйлесімді жұмыс істетйтін болады. Интермодальды тасымалдардың көлік-логистика орталықтарының желісі құрылады. Осының барлығы транзиттік тасымал үлесінің едәуір ұлғаюына мүмкіндік береді, олардың негізін контейнерлік тасымалдар құрайтын болады. Транзит мемлекеттің және көлік компанияларының бюджетіне елеулі қаржылық түсімдердің түсуін қамтамасыз етеді.
Көлік жүйесі тиімділігінің артуы оның Қазақстан экономикасының бәсекелестікке қабілетті элементі болуына мүмкіндік береді. Жолаушы және жүк тасымалдарының едәуір өсуі қамтамасыз етіледі.
Экономика мен халықтың сенімді әрі қауіпсіз көлік қызметтеріне деген қажеттіктерін қамтамасыз етудің ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізілетін болады. Көлік халық үшін қол жетімді болады, оның техногендік және экологиялық қаупі төмендейді.
Көліктегі экономикалық және технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері шешілетін болады, ол Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігінің артуына ықпал ететін болады.
Өнімнің және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының көліктік құрамдасы айтарлықтай төмендейді, отандық экспорттың бәсекеге қабілеттілігі артады. Көлік кешені мемлекет экономикасының негізгі қозғаушыларының біріне айналады.
Қазақстан халқының тұратын ауданына және жыл мезгіліне қарамастан көлік қызметтеріне қол жетімділігі артады. Жолаушы тасымалдарындағы жайлылық пен сервис сапасы айтарлықтай жоғарылайды. Көлік қызметтерін тұтынушылардың есебінен операторлардың шығындарын толық өтеуге ұмтыла отырып, мемлекет рентабельді емес жолаушы тасымалдарын қаржыландыруды және азаматтардың жекелеген санаттарына жол жүру ақысы бойынша жеңілдіктер беруді жалғастырады.
Мемлекет көлік қызметтерінің нарығында өзінің кәсіпкер ретінде қатысуын азайтып, өз функцияларын нарық субъектілерінің шаруашылық қызметіне араласпай көлік қызметін реттеуді жүзеге асыруға бағыттайды.
Көлік инфрақұрылымы оны пайдаланушылардан алынатын алымдардың және қосымша қызметтерді сатудың есебінен барынша қамтылатын болады. Бұл қаржы ресурстарын көлік инфрақұрылымын одан әрі орнықты дамыту мен оны жоғары техникалық және технологиялық деңгейде ұстау үшін шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Стратегияны іске асыру 2015 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
жолаушылар айналымы 1,5 есе өседі (2005 жылы ол 107,6 млрд. жолаушы- км-ді құрады), жүк айналымы 2 есе ұлғаяды (2005 жылы – 223,8 млрд. тонна-км);
түпкі өнім құнындағы көлік құрамдасының үлесі 6,9 %-ға дейін төмендейді;
автомобиль тасымалдарының өзіндік құнын азайту есебінен автомобиль жолдарын пайдаланушылардың көлік шығыстары азаяды;
көлік оқиғалары едәуір азаяды (2005 жылы жол-көлік оқиғасының саны 14517 болды);
1000 автокөлік құралына шаққандағы қаза болғандар санының көрсеткіші 3 есе төмендейді (2005 жылы Қазақстанда ол 1,9 құрады; дамыған елдерде – шамамен 0,3);
республиканың елді мекендерін тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етуді арттыру (ауылдық жерлердегі елді мекендердің саны 1,1 мың бірліктен асатын болады, олармен жыл бойына тұрақты көлік қатынасы қамтамасыз етіледі);
халықтың темір жол және автомобиль көлігін пайдалануы 1,5 есе, әуе көлігін пайдалануы – 6 есе өседі;
жүк қатынасының жылдамдығы 15-20%-ға, ал негізгі халықаралық көлік дәліздерінде – 20-30%-ға өседі;
отандық тасымалдаушылардың және елдің көлік дәліздерінің бәсекелестікке қабілеттілігі артады;
көлік жүйесінде және ұқсас көлік саласымен аралас салаларда қосымша жұмыс орындары ашылады;
Қазақстанның аумағынан өтетін транзиттің көлемі: 9,364 млн. тонна жүктен (2005 жылы) 2015 жылы 32,2 млн. тонна жүкке дейін; 84,7 млн. ұшақ-километрден (2005 жылы) 2015 жылы 190,0 млн. ұшақ-километрге дейін;
транзиттік қозғалыстан түсетін кірісті 3 есеге арттыру – 46,3 млрд. теңгеден (2005 жылы) 2015 жылы 136,3 млрд. теңгеге дейін;
ІЖӨ-дегі көлік үлесі (жеке меншік автомобильдерсіз) 7,9 %-ды құрайды (2005 жылы 11% құрады);
қоршаған ортаны ластаудағы көліктің үлесі 2,5 есе төмендейді (қазіргі уақытта 30% құрайды);
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын және аумақтық даму перспективаларын есепке ала отырып, экономиканың жүк қажеттілігі ІЖӨ-нің 5 тонна км/долларға дейін төмендейді.
Стратегияны іске асыру, оның қағидалары негізінде биліктің барлық тармақтары мен деңгейлерінің, бизнестің, қоғамның түрлі топтарының іс-қимылдарын үйлестіру Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде көлік мүмкіндіктерінің неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
____________________________
Достарыңызбен бөлісу: |