Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс берушімен
жұмыскерлер жиналыстарын
(конференцияларын) өткізу регламентін, орнын, уақытын, жиналысқа (конференцияға)
қатысушылардың санын келіседі.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Жұмыскерлердің талаптары жазбаша нысанда жазылады және жұмыс берушіге,
жұмыс берушілер бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына) жиналыс
(конференция) өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі.
4. Көрсетілген талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің
жұмыскерлері қойған
жағдайда, бұл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе аумақтық бірлестіктері не
жұмыскерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы
мүмкін.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
5-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
5. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы)
жұмыскерлердің талаптар қою жөнінде жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі
келтіретін қандай да болсын араласуға бармауға міндетті.
6. Жұмыскерлердің талаптарын шешу мүмкін болмаған кезде, олар татуластыру
рәсімдері тәртібімен қаралады.
7. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне
алады. Делдалдық рәсім татуластыру комиссиясындағы, еңбек төрелігіндегі татуластыру
рәсімдеріне қарағанда дербес болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: