1) еңбек төрелігі - ұжымдық еңбек дауының тараптары
татуластыру комиссиясында
келісімге қол жеткізілмеген кезде еңбек дауын шешу үшін уәкілетті адамдарды тарта
отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган;
2) ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауындағы жұмыскерлердің әлеуметтік-
экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық
немесе ішінара тоқтату;
3) татуластыру комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды татуластыру арқылы
реттеу үшін, жұмыс беруші мен жұмыскерлер (олардың өкілдері)
арасындағы келісім
бойынша құрылатын орган;
4) татуластыру рәсiмдері - ұжымдық еңбек дауын бастапқыда татуластыру
комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткізілмеген кезде - еңбек төрелігінде, сондай-ақ
медиация
рәсімін қолдана отырып, тараптардың өзара келісуі бойынша рет-ретімен қарау.
163-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы
1. Ұжымдық еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану,
келісімдердің, еңбек және (немесе)
ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің
талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша осы Кодекстің
164-бабына
сәйкес ресімделген жұмыскерлердің талаптары туралы жұмыс берушіні жазбаша хабардар
еткен күннен бастап туындаған деп есептеледі.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Жұмыс беруші жұмыскерлердің қойған талаптарын - оларды алған күннен
бастап
үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары,
одақтары) бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға және оларды шешу үшін шаралар
қабылдауға, ал көрсетілген мерзімде шешу мүмкін
болмаған кезде, туындаған
келіспеушіліктерді одан әрі қарау үшін өз өкілдерін көрсете отырып, өздерінің шешімдері
мен ұсыныстарын жұмыскерлерге жазбаша түрде жеткізуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: