Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi



Pdf көрінісі
бет14/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131
еңбек кодексі (1)

204-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi 
 
ЖАЛПЫ БӨЛІК 
 
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, 
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік 
органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін 
қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік 
қызметі; 
2) азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық 
лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, 
мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс 
істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам; 
3) 
айлық жалақының ең төмен мөлшері
 - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша 
күрделі емес) еңбек жұмыскері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және 
жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда 
оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері; 
4) 
арнайы киім
- жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан 
қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары; 


5) 
ауыр жұмыстар
- жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды 
қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене 
күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің 
түрлері; 
6) ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы 
жұмыс; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 7) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
7) әлеуметтік әріптестік - жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер 
(жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын 
және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ 
әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін 
келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара 
қатынастар жүйесі; 
8) бас, салалық, өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) - тараптардың республикалық, 
салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек 
жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 
міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын 
жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт; 
9) бейбәсекелестік туралы талап - жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал 
әрекеттерді жүзеге асыруға жұмыскердің құқығын шектейтін, бейбәсекелестік туралы 
шарттың талаптары; 
10) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де 
өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы; 
11) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, 
жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі; 
12) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер 
көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға; 
13) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда 
орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету 
немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату
14) еңбек - адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам 
қызметі;
15) еңбек гигиенасы - жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек 
процесінің 
қолайсыз 
әсерлерінің 
профилактикасы 
жөніндегі 
санитариялық-
эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет