Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет16/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131
еңбек кодексі (1)

2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 28) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара

28) еңбек міндеттері - жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының 
нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, қабылдаушы тараптың 
актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері; 
29) еңбек өтілі - жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен 
есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер; 
30) еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының 
нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, 
жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді 
тиісінше орындауы; 
31) еңбек тәртіптемесі - жұмыскерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру 
жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі; 


32) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-
техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге 
де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі 
мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 32-1) тармақшамен толықтырылды
32-1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі - еңбекті қорғау жөніндегі саясатты іске асыру, 
еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау, кәсіптік тәуекелдерді басқару жөніндегі өзара 
байланысты іс-шаралар кешені
33) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі;
34) еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда жұмыскерлердің 
жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек шығындарын 
(уақытты) айқындау және осы негізде еңбек нормаларын белгілеу; 
35) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың 
әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 35-1) тармақшамен толықтырылды
35-1) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі - еңбек шарттарын, 
жұмыскерлердің еңбек қызметі мен санын есепке алуды автоматтандыруға арналған 
ақпараттық жүйе; 
36) еңбек шарты - жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, 
бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, 
еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек 
функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының 
заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, 
ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз 
етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді; 
37) жалақы - жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, 
санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ 
өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер
38) жеке қорғаныш құралдары - жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік 
факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім; 
39) жұмыс беруші - жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды 
тұлға; 
40) жұмыс берушілердің өкілдері - құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат 
негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге 
уәкілеттік берілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
41) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, 
нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс 
кестелері; 
42) жұмыс берушінің қызметін декларациялау - жұмыс берушінің қызметін ол берген 
өтініш негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді 
деп тану рәсімі;
43) жұмыскер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты 
бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет