Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы



Pdf көрінісі
бет21/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
8-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы 
1. Осы Кодекс: 
1) еңбек қатынастарын
2) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты; 
3) әлеуметтік әріптестік; 
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2021.02.01. 
№ 399-VI ҚР 
Заңымен
2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап 
қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
2. Осы Кодекстің күші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан 
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан 
Республикасының 
аумағында 
орналасқан 
жұмыскерлерге, 
жіберуші 
тараптың 
жұмыскерлеріне, жұмыс берушілерге, сондай-ақ қабылдаушы тарапқа, оның ішінде 
есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) 
өкілдіктеріне қолданылады. 
Осы Кодекстің сақтандыру ұйымы үшін көзделген ережелері Қазақстан 
Республикасының аумағында ашылған және қызметін қаржы нарығы мен қаржы 
ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы 


негізінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының 
филиалына қолданылады. 
3. Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің 
ерекшеліктері осы Кодексте және 
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
 
белгіленеді. 
4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар, 
бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс. 
  
9-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 
Айлық жалақының ең төмен мөлшері, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) 
ұзақтығы, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы «Ең төмен әлеуметтік 
стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңына
 
сәйкес еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет