Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын



Pdf көрінісі
бет24/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын 
реттеу саласындағы құзыреті 
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты 
іске асырады; 
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және 
еңбектi қорғау жөніндегі талаптың, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен 
қамту туралы 
заңнамасының
 сақталуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-
ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін 
тексеруді жүзеге асырады; 
3) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарға 
әдістемелік басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асырады; 
4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері 
бойынша қажетті ақпаратты сұратады
5) 2019.26.11. № 273-VІ ҚР 
Заңымен
 алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді; 
7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді 
және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс 
берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 
8) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен 
нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) 
салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта 
қарау 
тәртiбiн
 белгiлейдi; 
9) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының 
тiзбесiн
 
әзірлейді және бекітеді; 
10) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, 
алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын 
ұсыну, қарау және келісу 
тәртібін
 белгілейді; 
11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, 
алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің 
еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін 
белгілейді; 
12) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық 
және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады; 
13) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді; 
14) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы 
және объективті жүргізілуін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де 
нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады; 
15) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге 
асырады; 
16) 
Жұмыстар 
мен 
жұмысшы 
кәсіптерінің 
бірыңғай 
тарифтік-біліктілік 
анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, 
жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын 


және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының 
үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану 
тәртібін
 
айқындайды;
2016.06.04. № 483-V ҚР 
Заңымен
 16-1) тармақшамен толықтырылды 
16-1) 
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай 
тарифтік-біліктілік 
анықтамалығын
, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылар, 
мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын 
әзірлейді және бекітеді; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет