Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет25/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131
еңбек кодексі (1)

2016.06.04. № 483-V ҚР 
Заңымен
 16-2) тармақшамен толықтырылды 
16-2) барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық 
кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының 
біліктілік сипаттамаларын
 
әзірлейді және бекітеді; 
2016.06.04. № 483-V ҚР 
Заңымен
 17) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
17) тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және 
бекітетін экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары 
және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе 
үлгілік 
біліктілік сипаттамаларын
 қарайды және келіседі; 
18) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы 
ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған 
мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, 
ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың 
тізбесін
(бұдан әрі - Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр 
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі), 
сондай-ақ оларды беру 
тәртібін
 айқындайды; 
19) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 
актілеріне сәйкес, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құрады; 
20) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді 
бағалауды ұйымдастырады; 
21) еңбек төрелігі туралы 
үлгілік ережені
 бекітеді; 
22) орташа жалақыны есептеудің 
бірыңғай тәртібін
 белгілейді; 
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР 
Заңымен
 23) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
23) мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, 
азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға 
конкурстар өткізу 
тәртібін
 айқындайды; 
24) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін 
арттыруға қойылатын 
жалпы талаптарды
 айқындайды; 
25) еңбек кітапшаларының 
нысанын
, оларды жүргізу және сақтау 
тәртібін
 бекітеді; 
26) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын 
жұмыстардың тізімін
, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен 
қозғалтуының 
шекті нормаларын
 бекітеді; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 27) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
27) әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімін, 
әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының 
шекті нормаларын
 
бекітеді; 
28) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы 
үлгілік ережені
 
бекітеді; 
29) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау 
тәртібін
 айқындайды; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 30) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
30) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды 
қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері 


бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу 
қағидалары мен 
мерзімдерін
 әзірлейді және бекітеді; 
31) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты 
әзiрлеу, бекiту және қайта қарау 
тәртібін
 белгілейді; 
32) еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен 
төлеу 
тәртібін
 айқындайды; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 33) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
33) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген 
тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға 
арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру 
тәртібін
бекітеді, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-
тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету 
тәртібін
 белгілейді; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 34) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
34) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша 
жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық 
(емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру 
нормаларын
 
бекітеді;
35) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша алуан 
түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да 
жеке қорғаныш құралдарын беру 
нормаларын
 бекітеді;
36) жұмыс берушінің қызметін декларациялау 
тәртібін
 әзірлейді және бекітеді; 
37) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және еңбек қатынастарын реттеу 
саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындайды;
38) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық 
жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыруды жүзеге 
асырады; 
39) ұжымдық еңбек дауларын есепке алу 
нысанын
 әзірлейді және бекітеді; 
40) мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс 
істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының 
бірыңғай салааралық нормативтерін
 
әзірлейді және бекітеді; 
2016.06.04. № 483-V ҚР 
Заңымен
 40-1) тармақшамен толықтырылды 
40-1) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік органдарға 
техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін 
жұмыскерлер санының салалық 
нормативтерін
 келіседі; 
41) тиісті қызмет салаларының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және 
бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін келіседі; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 41-1) тармақшамен толықтырылды
41-1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы 
үлгілік ережені
 әзірлейді және бекітеді; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 41-2) тармақшамен толықтырылды
41-2) кәсіптік тәуекелдерді басқару 
қағидаларын
 әзірлейді және бекітеді; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 41-3) тармақшамен толықтырылды
41-3) еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық 
үлгілік 
нормативтерін
 әзірлейді және бекітеді; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 41-4) тармақшамен толықтырылды
41-4) Азаматтық қызметшілердің қызмет 
әдебі кодексін
 әзірлейді және бекітеді; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 41-5) тармақшамен толықтырылды
41-5) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы 
мәліметтерді ұсыну және алу 
қағидаларын
 әзірлейді және бекітеді; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 41-6) тармақшамен толықтырылды
41-6) қаупі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу 
және қолдану 
қағидаларын
 әзірлейді және бекітеді; 


2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 41-7) тармақшамен толықтырылды
41-7) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде қамтылған жұмыскердің 
дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес 
деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 41-8) тармақшамен толықтырылды
41-8) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы 
заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын 
есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер береді; 
42) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы 
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет