Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет43/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   131
еңбек кодексі (1)

еңбек қатынастары 
Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, заңды тұлға 
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иесі ауысқан, жұмыс 
беруші заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайларда жұмыскерлермен еңбек 
қатынастары өзгеріссіз жалғаса береді. 
  
48-бап. Жұмыстан шеттету 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыс беруші 
немесе қабылдаушы тарап тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде 
жұмыскерді, жіберуші тараптың жұмыскерін жұмыстан шеттетуге міндетті. 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

2. Жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап осы баптың 1-тармағында көзделген 
жағдайлардан басқа: 


1) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) 
жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды 
пайдаланған; 
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері 
жөнінде білімін тексеру бойынша емтихандар тапсырмаған; 
3) жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап берген жеке және (немесе) ұжымдық 
қорғаныш құралдарын пайдаланбаған; 
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын 
болса, 
медициналық 
қарап-тексеруден 
не 
ауысым 
алдындағы 
медициналық 
куәландырудан өтпеген; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 5) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5) жұмыскерді, жіберуші тараптың жұмыскерін еңбек шартында келісілген жұмысты 
орындау үшін қажетті көлік құралын басқару құқығынан немесе басқа да рұқсаттардан 
айырған жағдайда; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 6) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
6) егер әрекеттері немесе әрекетсіздігі өзінің, оның ішінде басқа да жұмыскерлердің 
өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға, өндірістік жарақаттар мен аварияларға, 
еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі не көліктегі жол жүрісі қауіпсіздігі қағидаларының 
бұзылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыскерді, жіберуші тараптың 
жұмыскерін жұмыстан шеттетуге міндетті. 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

3. Толық материалдық жауаптылықты өзіне алғаны туралы жазбаша шарттың 
негізінде жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне берілген мүліктің және басқа да 
құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген жұмыскерді, жіберуші тараптың 
жұмыскерін жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың жұмыстан шеттетуге құқығы 
бар. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 4-тармақ өзгертілді
4. Жұмыстан шеттету кезеңінде жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің 
жалақысы сақталмайды және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік 
жәрдемақы жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың қаражаты есебінен 
төленбейді. 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 5-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

5. Жұмыскерді, жіберуші тараптың жұмыскерін жұмыстан шеттету оны шеттету үшін 
негіз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жұмыс 
берушінің актісімен немесе қабылдаушы тараптың актісімен жүзеге асырылады. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 6-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2020.19.12. 
№ 386-VІ ҚР 
Заңымен
 6-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

6. Жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап жұмыскерді, жіберуші тараптың 
жұмыскерін жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда, олардың жалақысы, еңбекке уақытша 
жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақысы және Қазақстан Республикасының 
нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің 
актілерінде немесе қабылдаушы тараптың актісінде көзделген өзге де төлемдері 
сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет