Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі



Pdf көрінісі
бет42/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131
еңбек кодексі (1)

46-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі 
1. Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті 
ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің 
қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз 
мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде
еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек 
шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. 
2. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, 
жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген 
себептер бойынша орын алған өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей 
жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Жұмыскер еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан 
жазбаша бас тартқан жағдайда не жұмыскердің еңбек жағдайларының өзгеруіне 
байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша бас тартуды беруден бас тартуын 
куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 
58-бабы 1-
тармағының 2) тармақшасында
 көзделген негіз бойынша тоқтатылады. 
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар жұмыскерлердің санын 
немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда, жұмыс берушінің жұмыс 
орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы 
бар. 
  
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 47-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
47-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, заңды тұлға 
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иесі 
ауысқан, жұмыс беруші заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кездегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет