4) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар бұзыла отырып
жасалған;
5)
еңбек шарты осы Кодекстiң
26-бабының 2-тармағында
көрсетілген адамдармен
жасалған жағдайларда;
6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының
заңдарында және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген басқа да
жағдайларда, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты
тоқтатылуға жатады.
61-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу
1. Жұмыс бер уші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп жариялаған
немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй
жұмыскерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда,
еңбек шартының
тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі
көрсетілуге тиіс.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі жұмыс
берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде жұмыскерге табыс
етіледі не оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы
оған жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: