Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі



Pdf көрінісі
бет48/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
56-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі 
1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс 
берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің 
бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы 
жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол 
беріледі. 
2. Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша 
келісімімен, осы баптың 1-тармағында көзделген хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін 
бұзылуы мүмкін. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3. Жұмыскер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы 
жұмыс берушіні жазбаша хабардар етуге құқылы. Егер жазбаша хабардар етілген күннен 
бастап жеті жұмыс күні өткен соң жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын 
орындамауы жалғасса, жұмыскер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіні 
жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 4-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4. Осы бапта көзделген хабардар ету мерзімі ішінде жұмыскер хабарламаны кері 
қайтарып алуы мүмкін. 
5. Осы бапта көрсетілген хабардар ету мерзімі өткен соң, материалдық жауапты 
адамдардың кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру 
аяқталмаған жағдайлардан басқа, жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы. Жұмыс 
берушінің мүлкін (құжаттамаларын) қабылдау-беру аяқталған күн материалдық жауапты 
жұмыскерлермен еңбек шартын бұзған күн болып табылады.
  
57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату 
негіздері 
1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша: 
204-бабының
 редакциясына сәйкес 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан 
бастап қолданылды) (
бұр.ред.қара
); 2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
1) тармақша 
өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты 
қайтарып алған не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының 
қолданылу мерзімі өткен кезде; 
2) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру 
мүмкіндігін болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде; 
3) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот 
жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-
ошарсыз кетті деп таныған жағдайда; 
4) сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған
соның салдарынан жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын 
жағдайда; 
5) бұрын осы жұмысты атқарған жұмыскер жұмысына қайта алынған жағдайда; 
2017.13.06. № 69-VІ ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 6) тармақша жаңа редакцияда


6) жұмыскер келісімшарт бойынша әскери қызметке, құқық қорғау және арнаулы 
мемлекеттік органдарға қызметке кірген кезде жұмыскер тиісті құжатты көрсеткен күннен 
бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тоқтатылуға жатады. 
2. Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні, жұмыскердің немесе 
жұмыс беруші жеке тұлғаның қайтыс болған күні осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) 
тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған күн болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет