Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін



Pdf көрінісі
бет47/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131
еңбек кодексі (1)

54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін 
шектеу 
2020.30.12. № 393-VI ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Осы Кодекстің 
52-бабы 1-тармағының 1)

18)

20)
 және 
23) тармақшаларында

1-1-
тармағында
көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің еңбекке уақытша 
қабілетсіздігі және демалыста жүрген кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша 
еңбек шартын бұзуға жол берілмейді. 
2. Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа 
дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі 
мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын 
анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы Кодекстiң 
52-бабы 1-тармағының 2)
 
және 
3) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен 
еңбек шартын бұзуға жол берілмейді. 
  
55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты 
тоқтату негізі және тәртібі  
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Жұмыскермен еңбек шарты оның: 
1) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы еңбек 
шарты тоқтатылатын жұмыс берушіге тікелей немесе жанама түрде тиесілі; 
2) еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға 
қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі; 
3) көрсетілген заңды тұлға және еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс беруші 
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы бір заңды 
тұлғаға тиесілі басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтатылады. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1-1-тармақпен толықтырылды


1-1. Азаматтық қызметшімен еңбек шарты осы Кодекстің 
139-бабы 8-тармағының
 
талаптары орындалған жағдайда, басқа мемлекеттік мекемеге, қазыналық кәсіпорынға 
жұмысқа ауыстырылуына байланысты тоқтатылады. 
2. Жұмыскердің жазбаша өтініші және басқа заңды тұлғаның жұмысқа қабылдауға 
келісуі туралы жазбаша растамасы еңбек шартын тоқтату үшін негіздер болып табылады. 
Еңбек шартын тоқтату күні тараптардың келісімі бойынша айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет