Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-1-бап. Экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек



Pdf көрінісі
бет83/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131
еңбек кодексі (1)

127-1-бап. Экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек 
қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер 
Экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге 
асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленеді. 
2016.06.04. № 483-V ҚР 
Заңымен
 127-2-баппен толықтырылды 
127-2-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскерлер, қызметкерлер үшін 
кепілдіктер 
Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскерлер, қызметкерлер үшін кепілдіктер 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 
128-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру кезіндегі 
өтемақы төлемдері 
1. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған кезде 
жұмыс беруші жұмыскерге: 
1) жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің көшуіне; 
2) жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін тасымалдауға байланысты 
шығыстарды өтеуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері 
еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады. 
  
129-бап. Жұмыскердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне пайдалануына 
байланысты өтемақы төлемдері 
Жұмыскер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен 
пайдаланған кезде жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық 
құралдарды пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану 
шығыстарына тараптардың келісімі бойынша өтемақы төлемін жүргізеді. 
  
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
130-баптың тақырыбы жаңа редакцияда 
(
бұр.ред.қара

130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету 
учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет