Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі



Pdf көрінісі
бет76/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
117-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі 
1. Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы 
сипаттамаларын жазудан тұрады. 
Салалық біліктілік шеңбері орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және 
пайдаланылатын білімінің, машығы мен құзыретінің сипатына қарай деңгейлер бойынша 
салада маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайды. 
Кәсіптік стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және 
құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды 
айқындайтын стандарт. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс 
берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) салалық біліктілік шеңберлері 
негізінде жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер 
палатасы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 
тәртіппен
 бекітеді. 
2016.06.04. № 483-V ҚР 
Заңымен
 2-1-тармақпен толықтырылды 
2-1. Мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге 
кәсіптік стандарттарды
 
әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды тиісті қызмет саласының мемлекеттік 
органдары еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді және 
әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 
республикалық үшжақты комиссия бекітеді. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 4-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

4. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды тиісті қызмет 
салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары мен жұмыс берушілер бірлестіктері 
(қауымдастықтары, одақтары) жүргізеді және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және 
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
5-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан 
бастап қолданысқа енгізілді)
5. Реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растауды және біліктілік беруді Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйымдар жүзеге асырады. 
Реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растау және біліктілік беру 
тәртібін
тиісті 
қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары айқындайды. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
6-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан 
бастап қолданысқа енгізілді)
6. Реттелетін кәсіптердің тізбесін әзірлеуді және қайта қарауды еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік 
органдарымен бірлесіп жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және 
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет