3. Тергеп-тексеру барысында жұмыскерлер, жіберуші тараптың жұмыскерлері
денсаулығының зақымдануы:
1)
жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің функционалдық міндеттеріне
кірмейтін және жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың мүддесімен байланысты
емес жұмыстарды немесе өзге де әрекеттерді зардап шеккен адам өз бастамасы бойынша
орындаған, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс,
тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс кезінде орындаған кезде;
2) зардап шеккен адамның алкогольдік масаң күйде болуы, оның уытқұмарлық және
есірткі заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалану негізгі себеп болған жағдайда;
3) өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде,
сондай-ақ зардап
шеккен адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
4) медициналық қорытындымен расталған, зардап шеккен адам денсаулығының
өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны
объективті түрде анықталса, олар еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғалар
ретінде есепке алынуға жатпайды.
2020.07.07. № 361-VI ҚР
Заңымен
4-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
4. Кәсіптік аурулар жағдайларын тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс беруші
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік
органмен бірлесіп жүргізеді.
5. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары жұмыскерлердің
өндірістік жарақат алуына немесе денсаулығының еңбек қызметіне байланысты
зақымдануына орай бастапқы жүгінген әрбір жағдай туралы
жұмыс берушілерге және
еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану)
жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
6. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және өндірістегі кәсіптік
ауруларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және тіркеу үшін жұмыс беруші жауапты
болады.
2020.19.12. № 386-VІ ҚР
Заңымен
7-тармақпен толықтырылды
7. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым
оқиғаларды және өндірістегі кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін,
сондай-ақ жіберуші тараптың өкілін объектіге не жұмыс орнына жіберу үшін қабылдаушы
тарап жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: