орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы мамандар
лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді
жүзеге асырады;
4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен,
электр
энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуілдер өткізуді келіседі;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
5) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен)
және жұмыскерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық)
келісімдер жасасады;
6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін
ұйымдар жұмыскерлерінің
еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен қарайды
және келіседі;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа
орналастыру үшін квота белгілейді;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асырады.
Достарыңызбен бөлісу: