Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу



Pdf көрінісі
бет73/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   131
еңбек кодексі (1)

112-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу 
1. Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып 
қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, 
ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын 
мөлшерде, ал жұмыс берушінің кінәсінен болғанда - жұмыскердің орташа жалақысының 
кемінде елу пайызы мөлшерінде белгіленеді. 
2. Жұмыскердің кінәсінен жол берілген бос тұрып қалу уақытына ақы төленбеуге тиіс. 
  
113-бап. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара



1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда 
белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен 
сиретпей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы 
төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың 
қарсаңында жүргізіледі. 
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған 
тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен 
негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы 
жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді 
жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2021.02.01. 
№ 399-VI ҚР 
Заңымен
3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 
енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
3. Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек, ұжымдық шарттарда 
белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші жұмыскерге берешек және төлем 
кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі 
міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген 
базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті 
келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір 
күнтізбелік күн үшін есепке жазылады. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
); 2021.02.01. № 399-VI ҚР 
Заңымен
 (2021 
ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
) 4-тармақ өзгертілді
4. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды 
төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер бұзылған жағдайда жұмыс 
беруші жұмыскерге берешек және төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл 
мөлшері жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі негізге 
алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем 
жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке 
жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет