Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН



Pdf көрінісі
бет86/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
12-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН 
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
  
134-бап. Маусымдық жұмыстар 
1. Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір, бірақ бір 
жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп 
танылады. 
2. Еңбек шартында маусымдық жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасу туралы 
талап және оларды орындаудың белгілі бір кезеңі көрсетілуге тиіс. 
3. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде жұмыскердің өзіне 
тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленбейді. 
4. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерлермен еңбек шарты, осы Кодекстің 
52-
бабында
 көзделген негіздерден басқа: 
1) жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан 
артық мерзімге тоқтатыла тұрған; 
2) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан бір ай бойы 
жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 5-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

5. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскердің еңбек шартын өз бастамасы 
бойынша, бұл туралы жұмыс берушіні күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша хабардар ете 
отырып бұзуға құқығы бар. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 6-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

6. Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерді осы Кодекстің 
52-
бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша еңбек 
шартының алда бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша хабардар етуге 
міндетті. 


7. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс 
беруші пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа 
пропорционалды түрде төлейді. 
8. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 
52-
бабы 1-тармағының 1)
және 
2) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша бұзылған 
кезде екі апталық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет