Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы


Қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының сыртқы бәсекеге қабілеттілігі



бет2/6
Дата04.03.2016
өлшемі1.25 Mb.
#38420
1   2   3   4   5   6

2. Қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының сыртқы бәсекеге қабілеттілігі
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік. 2013 – 2014 жылдардағы Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес «қаржы нарығының дамуы» факторы бойынша Қазақстан Республикасы 148 елдің ішінен 103-орынды иеленді. Ең нашар көрсеткіштер «банктердің орнықтылығы» (100-орын), «жергілікті қор нарығы арқылы қаржыландыру» (100-орын), «заңды құқықтар индексі» (101-орын) көрсеткіштері бойынша байқалады. Соған қарамастан, өткен есеппен салыстырғанда Қазақстан Республикасы көрсеткіштердің көпшілігі бойынша нәтижелерін жақсарта отырып, 115-орыннан көтерілді.

ЕЭК-тің басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасы іс жүзінде салыстырмалы нәтижелерді көрсетіп отыр. Ресей Федерациясы


2012 – 2013 жылдардағы рейтингіде 121-орынды (Беларусь Республикасы Дүниежүзілік экономикалық форумда бағаланбайды) алды.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2013 – 2014 жылдардағы
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі индексінің
«қаржы нарығының дамуы» факторы

__________

Дереккөзі: Дүниежүзілік экономикалық форум, Global Competitiveness Report
Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute of Management Development) ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне сәйкес бағаланатын 60 елдің ішінен Қазақстан Республикасы «қаржы» қосалқы факторы бойынша 49-орынға ие болды.
2013 – 2014 жылдардағы Халықаралық менеджментті
дамыту институтының Ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі
индексінің «қаржы» көрсеткіші

__________

Дереккөзі: Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD), World Competitiveness Yearbook
ЕЭК ауқымындағы қаржы секторының үлесі. Еуразиялық экономикалық одақтың үш елінің банк жүйесі активтерінің жалпы көлемінде 2013 жылдың соңында қазақстандық банктердің активтерінің үлесі абсолюттік
көріністе 5,3 %, ал Ресей банктерінің үлесі – 92,5 %, беларусь банктерінің
үлесі – 2,2 % болды. Осы көрсеткіш бойынша алғашқы жиырмалыққа
кіретін Ресей банкінің таза активтерінің орташа мөлшері баламасында
61,7 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде мемлекеттің толық
немесе басымдықпен қатысуы бар ірі банктердің бірінші алтылығы
бойынша – 160,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Ресейдің аса ірі
банкі – «Сбербанк России» ашық акционерлік қоғамының активтері 511 млрд. АҚШ доллары, көлемі бойынша 6-шы банк – «Банк Москвы» ашық акционерлік қоғамының активтері 56 млрд. АҚШ доллары болып бағаланды.

Аса ірі қазақстандық банктердің алғашқы бестігі активтерінің орташа мөлшері 2013 жылдың соңында 11,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ретте аса ірі банк – «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының активтері 16,2 млрд. АҚШ долларына барабар.

Аса ірі Беларусь банктері активтерінің орташа мөлшері орташа алғанда алғашқы бестік банктер бойынша Ресей, сол сияқты Қазақстан банктеріне қарағанда 6,6 млрд. АҚШ долларына тең болғанына қарамастан, аса
ірі банк – «АСБ Беларусбанк» ашық акционерлік қоғамының2 активтері
16,9 млрд. АҚШ доллары болып бағаланды.

БЭК-ке қатысушы елдердің


банк секторының мөлшерлерін салыстыру














__________

Дереккөздері:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

3. Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі

4. Ресей Федерациясының Орталық Банкі

5. Мемлекеттік статистиканың федералдық қызметі

6. www.banki.ru

Есептер: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
БЭК елдерінің активтер бойынша аса ірі 50 банктерінің қатарында Қазақстан Республикасы 8 банк, Беларусь Республикасы – 2 банк бойынша көрсетілген.


__________

Дереккөздері:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті

2. Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі

3. www.banki.ru

Есептер: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

БЭК шеңберіндегі ықпалдасу процестері Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Қазақстан Республикасының сақтандыру нарықтарының сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалауды талап


етеді. БЭК елдері нарықтарының көлеміндегі айырмашылық, егер
заңнаманы үйлестіру процесі ұлттық сақтандыру нарықтарының
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталса, ықпалдасу үшін кедергі болмайды.

БЭК елдерінің алынған сақтандыру сыйлықақылар бойынша сақтандыру нарығының елдік құрылымы іс жүзінде банк секторы активтерінің


тиісті құрылымына ұқсас. 2013 жылы қазақстандық сақтандыру
нарығының үлесі 5,9 %-ға дейін (2012 жылы – 5,6 %-ға) ұлғайды. Сондай-ақ
Беларусь сақтандыру нарығының үлесі 1,6 %-дан 2,4 %-ға дейін
өсті, ал Ресей сақтандыру нарығының үлесі 92,5 %-дан 91,7 %-ға дейін қысқарды.

Оған қоса, Ресей Федерациясының сақтандыру компаниялары


БЭК-тің кеңістігінде аса ірі компаниялар болып қалуда. Мәселен, Ресейдің
бір сақтандыру компаниясына есептегенде алынған сыйлықақылардың мөлшері 2012 жылы 75 млн. АҚШ доллары болып бағаланды, ал осы
көрсеткіш бойынша алғашқы жиырмалыққа кіретін компаниялар
бойынша – 1 015 млн. АҚШ доллары болды. Бұл ретте, банк секторына қарағанда Ресей сақтандыру нарығында бәсекелестерін бірнеше есе басып озатын ойыншы жоқ, ал аса ірі сақтандыру компаниясы 100 % жеке акционерлерге тиесілі.

Қазақстандық бір сақтандыру компаниясына есептегенде алынған сыйлықақылардың мөлшері 2012 жылы 54 млн. АҚШ доллары болып бағаланды. Бұл ретте аса ірі сақтандырушы – «Kaspi Сақтандыру» акционерлік қоғамның сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 286,5 млн. АҚШ долларына барабар. Қазақстан Республикасының «бірінші ондықтағы» сақтандыру ұйымдары арасындағы алшақтық елеулі еместігін атаған жөн – айырма


4,6 еседен аспайды.

Беларусь Республикасының сақтандыру қызметтерінің нарығы


бір ірі ойыншы – Белгосстрахпен3 (2013 жылы 343 млн. АҚШ доллары сақтандыру сыйлықақылары түрінде, бұл Беларусь нарығының жалпы көлемінің 47 %-ына жуығын құрайды) көрсетілген, ал қалған сақтандыру компанияларының мөлшері елеулі емес. Сондай-ақ Беларусьте шетелдік
қайта сақтандыру компанияларына қайта сақтандыруға берілген
тәуекелдердің үлесін азайтуға ықпал ете отырып, жергілікті сақтандыру ұйымдарының өзіндік ұстап қалуы жеткіліксіз болған кезде
Беларусь тәуекелдерінің қайта сақтандырылуын қамтамасыз ететін «Беларусь ұлттық қайта сақтандыру ұйымы» республикалық унитарлық кәсіпорны жұмыс істейді.
БЭК-ке мүше елдердің сақтандыру секторының мөлшерін салыстыру
Сақтандыру ұйымдарының активтері, млн. АҚШ доллары




Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы

Беларусь Республикасы

Барлығы БЭК бойынша

2009

29 093

2 004

1 012

32 109

2010

30 748

2 328

1 072

34 148

2011

32 100

2 612

613

35 325

2012

36 773

2 937

1 672

41 382

Сақтандыру ұйымдарының капиталы, млн. АҚШ доллары






Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы

Беларусь Республикасы

Барлығы БЭК бойынша

2009

8 441

1 217

653

10 311

2010

8 561

1 416

660

10 637

2011

9 169

1 558

324

11 051

2012

10 272

1 590

1 267

13 129

Сақтандыру төлемдері, млн. АҚШ доллары



 

Ресей Федерациясы

Қазақстан

Республикасы



Беларусь Республикасы

Барлығы БЭК бойынша

2009

9 033

187

221

9 441

2010

9 830

171

268

10 269

2011

9 529

291

160

9 980

2012

12 195

451

241

12 887








__________

Дереккөздері:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті

2. Беларусь Республикасының Қаржы министрлігі

3. Ресей Федерациясының Қаржы нарықтары жөніндегі федералдық қызметі

Есептер: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Алынған сақтандыру сыйлықақылары бойынша БЭК елдерінің 50 аса ірі сақтандыру ұйымдарының ішінде Қазақстан Республикасының 7 ұйымы, Беларусь Республикасының – 1 ұйымы бар.

__________

Дереккөздері:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті

2. Беларусь Республикасының Қаржы министрлігі

3. Ресей Федерациясының Қаржы нарықтары жөніндегі федералдық қызметі

Есептер: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2013 жылдың соңында Қазақстан қор биржасының, сондай-ақ Ресей қор биржасы – «Мәскеу биржасы» ашық акционерлік қоғамының (бұдан
әрі – Мәскеу биржасы) капиталдануы салыстырмалы болды және тиісті елдердің ЖІӨ көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрады. Бұл ретте соңғы үш жылда осы көрсеткіштің абсолюттік және салыстырмалы (ЖІӨ-ге қатысты) көрсеткіштері бойынша 2006 – 2007 жылдарда қол жеткізген ең жоғары көрсеткішке қарағанда, төмендеу үрдісі байқалады, бұл көбінесе осы қор биржаларының өкілдік индекстеріне кіретін акциялар құнының төмендеуіне байланысты болды.

Мәселен, 2013 жылы Қазақстан қор биржасында қолданыстағы акциялар шығарылымы бар акционерлік қоғамдардың жалпы саны 2009 жылмен салыстырғанда 9 %-ға өсті. Сонымен бірге, ресейлік акциялар нарығында жоспарланған акциялар орналастырудың елеулі бөлігі кейінге қалдырылды. Ресейлік, сол сияқты қазақстандық бағалы қағаздар нарығында да биржалық сауда-саттық айналымының азаюы байқалады.


БЭК-ке қатысушы елдердің қор нарығының мөлшерін салыстыру

__________

Дереккөздері:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

3. Ресей Федерациясының Орталық Банкі

4. Мемлекеттік статистиканың федералдық қызметі

Есептер: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


__________

Дереккөздері:

1. Қазақстан қор биржасы

2. Мәскеу биржасы
Ресей мен Қазақстанның қор нарықтары «дамушы» санатына, оның ішінде экономиканың шикізатқа бағытталуынан осы санатқа жататындығын (мұнай, газ, металлургия және атом өнеркәсібі) ескере отырып, Қазақстан қор биржасы индексінің серпіні іс жүзінде толығымен Мәскеу биржасы индексінің серпінін қайталайды.

Сонымен қоса, Қазақстан мен Ресейдің қор биржаларының мүшелері, саудаланатын құралдары мен эмитенттері санының көрсеткіштерін Ресей Федерациясы экономикасының ауқымдылығына қарай салыстыруға келмейді.

Мәселен, Мәскеу биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылардың саны Қазақстан қор биржасындағы қатысушылардың санынан – 13 есе, құралдардың санынан – 3 есе, эмитенттердің санынан 5 есе артық.

_________

Дереккөздері:

1. Қазақстан қор биржасы

2. Мәскеу биржасы

Қор биржаларында саудаланатын бағалы қағаздардың саны

(бағалы қағаздар/эмитенттер)


Бағалы қағаздың түрі

Қазақстан қор биржасы

Мәскеу биржасы

құралдардың саны

эмитенттердің саны

құралдардың саны

эмитенттердің саны

Акциялар

107

85

335

272

Корпоративтік облигациялар

247

75

965

415

Мемлекеттік бағалы қағаздар

196

3

167

46

Өзге де құралдар

3

1

424

136

Жиыны

553

133

1891

869

__________

Дереккөздері:

1. Қазақстан қор биржасы

2. Мәскеу биржасы


Бүгінгі күні Мәскеу биржасының қаржы құралдарының және эмитенттерінің саны бойынша артықшылығы, бірінші кезекте, Ресей Федерациясының ауқымына, оның экономикасының көлеміне, халқының санына және аумағының мөлшеріне негізделген, екінші кезекте, тарихи алғышарттарға, атап айтқанда, Ресей Федерациясында мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру қор биржасы арқылы жүзеге асырылғанына негізделген. Осының нәтижесінде Ресейдің бағалы қағаздар нарығында инвестициялау үшін неғұрлым ауқымды мүмкіндіктер бар.

Өз кезегінде, «Бизнесті жүргізу» атты жыл сайынғы баяндаманың шегінде Дүниежүзілік Банктің және Халықаралық қаржы корпорациясының «инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының позицияларын бағалау Қазақстанда инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың барынша жоғары деңгейін қоса алғанда, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған деп пайымдауға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік Банктің және Халықаралық қаржы корпорациясының
2014 жылға арналған жыл сайынғы «Doing Business» рейтингісі Қазақстан Республикасының «инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша 22 орынды, ал Ресей Федерациясы 115 орынды иеленгенін көрсетті.
«Инвесторларды қорғау»

индикаторының негізгі параметрлерін салыстыру


Параметрлер

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

Ашықтық индексі (акционерлік компаниялар қызметінің айқындылығы)

7

6

Директордың жауапкершілігі индексі (акционерлік компанияның директорлар кеңесі мүшелерінің жауапкершілігі)

6

2

Акционерлердің талап-арыз беру мүмкіндігінің индексі

7

6

Инвесторлардың мүдделерін қорғау индексі

6,7

4,7


3. Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жұмыс істеуі үшін

сын-қатерлер
1. Қаржы секторындағы ағымдағы проблемаларды шешудің созылып кетуі. Қаржы жүйесінің даму серпіні кредиттік портфель сапасының төмен болу проблемасына тәуелді болып табылады, сақтандыру қызметтері секторының дамымағанымен, сондай-ақ банктердің кредиттік белсенділігін қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді ресурстардың тапшылығы мен институционалдық инвесторлар үшін ішкі нарықтағы шектеулі мүмкіндіктер арасындағы қайшылықпен айқындалады. Проблемаларды консервациялау немесе оларды шешу мәселесін созу шетелдік қаржы институттарының бәсекелестік қаржылық және ұйымдық-техникалық артықшылықтарына қарай отандық қаржы нарығынан қазақстандық қатысушыларды ығыстыру тәуекелін арттырады, сондай-ақ қазақстандық банктердің шектес елдердің нарықтарында да бизнесті қолдау және кеңейту бойынша мүмкіндіктерін шектейді.

2. Халықаралық бастамалардың шеңберінде қаржы институттарының орнықтылығына қойылатын талаптарды жоғарылату. 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капиталдың құрылымы мен жеткіліктілігіне, өтімділікке, левереджге Қазақстан нарығының ерекшелігі және ішкі әрі сыртқы бәсекеге қабілеттілігі ескерілген тәуекел деңгейіне барабар талаптар қояды. Отандық қаржы институттарының орнықтылығын арттыру жоғары дара тәуекелдерге, сондай-ақ Қазақстан экономикасы дамуының циклдік сипатымен байланысты құрылымдық тәуекелдерге осалдығын төмендету үшін қажет. Қаржы институттарына жаңа талаптарға сәйкес келу үшін шығындарының тиімділігін арттыру, алынатын кірістерін қосымша резервтерді қалыптастыруға, кредиттік мүмкіндіктерді арттыруға және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге шоғырландыру талап етіледі.

3. Көрсетілетін қаржылық қызметтерді интернационалдандыру. Қазақстан Республикасының шамамен 2020 жылы аяқталатын ДСҰ-ға кіруінен кейін және БЭК шеңберінде қаржы нарықтарын ашқаннан кейін өтпелі кезеңнің аяқталуы бойынша шетелдік банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ең төменгі талаптарға сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында ешбір кедергісіз өздерінің филиалдарын аша алады.

Осы процесс шеңберінде Қазақстан нарығында Ресей Федерациясының, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Еуропалық Одақ елдері банктерінің филиалдары, сақтандыру компаниялары және бағалы қағаздар нарығына қатысушылары көрсететін қаржылық қызметтер көлемдерінің өсуін күтуге болады. Ерекше тәуекел тәуелсіздік жылдары ішінде кең дамымаған, атап айтқанда бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы (әсіресе өмірді сақтандыру, сондай-ақ ірі тәуекелдерді сақтандыру) сегменттеріне тән. Сонымен қатар, бұл тәуекел қаржылық көрсетілетін қызметтерді шетелден тікелей көрсету мүмкіндігінің туындауымен күшейтілуі ықтимал, бұл банк өнімдері бойынша да, сол сияқты ұзақ мерзімді сақтандыру тетіктері арқылы да «ұзын» ақшаның әкетілуіне алып келуі мүмкін.

4. Қаржы нарығының инфрақұрылымын немесе оның бір бөлігін жоғалту. Бағалы қағаздар нарығының төмен өтімділігі, бөлшектенуі проблемасының сақталу ықтималдығы жоғары. Оқиғалар дамуының келеңсіз сценарийі барынша ырықты листингтік талаптар және ауқымды инвесторлық база болғандықтан отандық эмитенттердің БЭК-ке қатысушы елдердің сауда алаңдарына, Лондон немесе Азия қор биржаларына кетуін болжайды. Өз кезегінде, эмитенттердің болмауы отандық бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының жұмыс істеуіне келеңсіз ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру және эмитенттер мен инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығына шығуға ынталандыру жасау арқылы отандық бағалы қағаздар нарығын дамыту саласында мемлекеттің белсенді қолдауы болған кезде келеңсіз сценарийге жол бермеуге болады. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы Орта Азия өңірінде қаржы құралдарының сауда орталығы ретінде сақталуы мүмкін. Бұл үшін отандық қор биржасының сауда жүйесін, клирингті және есеп айырысуларды жаңғыртуды және жетілдіруді қамтамасыз ете отырып отандық қор биржасын сақтау қажет, бұл, өз кезегінде, шетелдік инвесторлардың қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысуына, сондай-ақ қор биржасына қазақстандық, сол сияқты өңірлік жаңа эмитенттерді олардың акцияларын бастапқы орналастыру үшін тұрақты түрде тартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Республика аумағында дербес сауда алаңын сақтау бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының класын (брокерлерді және инвестициялық портфельді басқарушыларды) қоса алғанда, отандық бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын сақтауға мүмкіндік береді.

Қаржы орталығын құру бүкіл қаржы жүйесінің реформасын білдіретін болады. Бұл реформаның бағалы қағаздар нарығын ғана емес, қаржы нарығының барлық секторын қамтуы аса маңызды.

5. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және реттеу асимметриясы. Қазақстан қаржы нарығында шетелдік қаржы ұйымдары ұсынатын қызмет көлемдерінің кеңеюі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан олардың тұтынушыларының мүдделерін қорғау жөніндегі мүмкіндіктерін төмендетуге әкеледі. Бір жағынан, шетелдік қаржы ұйымдары филиалдарының қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бақылау аясына тікелей тап болмайды. Екінші жағынан, шетелдік қаржы ұйымдары өздерімен бірге тиісті реттеу тәжірибесі, сондай-ақ отандық заңды тұлғалардың және халықтың жаңа көрсетілетін қызметтерді тұтынуға дайындығы және мәдениеті жоқ күрделі қаржы өнімдерін әкеліп, енгізулері мүмкін.

Осы жағдайларда, қаржы нарығының субъектілерін теңбе-тең реттеуді жүзеге асыру мәселесі шешім табуды талап етеді, атап айтқанда, шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдарына барынша симметриялық және Қазақстанның қаржы ұйымдарына қатысты талаптардан да кем емес қатаң талаптарды қолдану. Бұл қаржы ұйымдары қызметін реттеуші ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау және қадағалау мақсаты үшін де, сол сияқты ақша төлемдері мен аударымдары, валюталық реттеу, заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша, сондай-ақ салымдарға кепілдік беру бөлігінде қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтау мақсаты үшін де маңызды.

6. Макроэкономикалық теңгерімсіздіктер. Жаһандану процестерін күшейту әлемдік нарықтың ғана емес, әрбір жеке ел нарығының осалдық дәрежесін арттырады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының саудадағы негізгі әріптес елдерінің тең дамымауы, олардың экономикалық дамуына түрлі күйзелістердің ықпалына бейім болуы күйзелістің жиілігі және еліміз үшін экономикалық циклдердің ұзақтығын қысқарту ықтималдығын арттырады.

7. Ұзақ мерзімді жоспарда қаржылық қызметтерді көрсету саласында ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты жаңа сын-қатерлер туындауда. Интеграцияланған индустрияаралық және ұтқыр бағыттағы экожүйелер, сондай-ақ тікелей әсер ету модельдері жоғары қарқынмен дамуда, бұл қызметтерді көрсету қатарынан банк ұйымдарын алып тастауға мүмкіндік береді. Технологиялық компанияларда қызметтерді көрсету барысында жинақталған іс-әрекет және әлеуметтік деректердің өте көп көлемде екендігін ерекше атап өту қажет, бұл оларға қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығына неғұрлым ұтқыр, икемді және дербестендірілген ұсыныстармен шығуларына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік дерекқорлардан ақпаратты тиімді пайдалану да жаңа өнімдер мен қаржылық қызметтерді көрсетудің жаңа тәсілдерін дамытуға бастайды.

Тиісінше, көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің қолжетімділік деңгейін көтеру, олардың көрсетілу тиімділігін арттыру үшін қажетті техникалық архитектура құрып, жетілдіру бөлігінде мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігері қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет