Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу



Дата04.04.2024
өлшемі30.49 Kb.
#497711
Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге


Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу 
Университеті КеАҚ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ кафедрасы
СӨЖ
Орындаған: Алымов Исатай 22-02
Тексерген: Есенеева С.С
Астана 2024 жыл

Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге


әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық,
фармацевтiк, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық
және экологиялық стандарттарды, нормаларды, ережелердi
және талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбi туралы
Хаттама
Бұдан әрi тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Yкiметi,
1997 жылғы 22 қазандағы Кеден одағын қалыптастыру кезiндегі тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
тауарлар импорты саласындағы техникалық, медициналық, фармацевтік, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және экологиялық стандарттарды, нормаларды, ережелердi және талаптарды (бұдан әрi - "стандарттар мен талаптар") қолдану тәртiбiн сәйкестендiру - бiрыңғай кеден одағына бiртiндеп көшу шарттарының бiрi болып табылатындығын тани отырып,
қабылданатын шаралар Кеден одағы туралы Келісiмге қатысушы мемлекеттер азаматтарының өмiрiн, денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесетiн болады деп санай отырып,
халықаралық сауда қауіпсiздiгiн сақтау саласындағы халықаралық мiндеттемелерге сәйкес iс-қимыл жасай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-Бап


Тараптар аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты стандарттар мен талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбiне олар үшiн бiрыңғай стандарттар мен талаптар белгiленген жекелеген тауарларды әкелу тәртiбiн бұзушылықтарды айқындауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған шаралар мен ережелердiң жиынтығы енедi.

2-Бап


Тараптар N 1 Ережеде көрсетiлген министрлiктер мен ведомстволарға Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтік, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуын бақылауды белгiлеуге және жүзеге асыруға уәкiлеттiк бередi.

3-Бап


Стандарттар мен талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнің кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға да және өндiрiлетiн тауарларға да қолданылады.

4-Бап


Осы Хаттамада көзделген және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағында қолданылатын стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейтiн тауарларды Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумағына әкелуге тыйым салынсын.
Тараптардың уәкiлеттi органына Тараптар бiрыңғай стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейдi деп таныған тауарлар әкелудің жолын кесу үшiн келiсiлген iс-қимылдарды қамтамасыз ету тапсырылсын.

5-Бап


Тараптардың уәкiлеттi органына Өнiмдердi сертификаттаудан өткiзудiң тәртiбi мен ережелерiне қойылатын жалпы талаптарды басшылыққа алып отыру тапсырылсын (N 2 Ереже).
Кеден органдарына мiндеттi сертификатталуға жататын тауарларды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумағына әкелу тәртiбi туралы ереженi басшылыққа алуды тапсырылсын (N 3 Ереже).

6-Бап


Уәкiлеттi органға осы Хаттама күшiне енгiзiлген күнiнен бастап үш ай iшiнде сертификаттар үлгiлерiн, сәйкес келудiң ұлттық белгiлерiн, тауарларды сертификаттауды жүзеге асыратын аккредиттелген органдардың тiзбелерiн алмасып отыру тапсырылсын.

7-Бап


Бiрыңғай кеден аумағын құру рәсiмiн аяқтауға дейiн үш айдан кешiктiрмей әкелiнетiн тауарларды мiндеттi сертификаттау кезiнде сәйкес келудiң ұлттық белгiлерiн өзара тану жөнiндегі ведомствоаралық құжат әзiрленсiн және келiсiлсiн.

8-Бап


Келiсiмге қатысушылар болып табылмайтын мемлекеттерден импортталатын мiндеттi сертификатталуға және гигиеналық тiркелуге жататын тауарларды әкелу мен өткiзуге қатысты Кеден одағын қалыптастыру кезiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы ұлттық режим қолданылсын.

9-Бап


Осы Хаттаманы iске асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру мақсатында Интеграциялық Комитеттiң жанынан Өнiмдердi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комиссияны құру қажет деп саналсын.
Комиссияның, оның жұмысының регламентi және құрамы туралы Ереженi тараптардың уәкiлеттi органдары осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап үш ай iшiнде әзiрлеуге және Интеграциялық Комитеттiң бекiтуiне табыс етуге тиiс.
Комиссия бiрыңғай кеден аумағын құру рәсiмi аяқталғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына тауарларды әкелу кезінде олардың ұлттық мүдделерiн ескере отырып, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн мiндеттi сертификатталуға жататын тауарлардың бiрыңғай тiзбесiн әзiрлесiн және келiссiн.

10-Бап


Тараптардың уәкiлеттi органдары Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауға жататын тауарларды әкелу тәртiбi туралы Ереженi басшылыққа алсын (N 4 Ереже).
Интеграциялық Комитетке Тараптардың уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап үш ай iшiнде мемлекеттiк санитариялық қадағалауға жататын тауарларды (N 4.1 Ереже); ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды (N 4.2 Ереже); фитосанитариялық бақылауға жататын тауарларды (N 4.3 Ереже) оларды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарына әкелу кезiнде тауарлардың кодталған тiзбесiн келiссiн.

11-Бап


Бiрыңғай кеден аумағын құрғанға дейiн Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына дәрi-дәрмек заттарын, медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарын әкелу кезiндегi рұқсат тәртiбiне қатысты ұлттық режимдi қолданатын болады деп келiсiлсiн.
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына жануарларға арналған дәрi-дәрмек заттарын әкелу Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң 1993 жылғы 12 наурыздағы "Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы" үкiметаралық келiсiммен реттеледi.
Тараптар бiрыңғай кеден аумағын құрған кезде дәрi-дәрмек заттарын, медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарын әкелудi реттеудiң бiрыңғай тәртiбi Тараптар қатысушылары болып табылатын Кеден одағын қалыптастыру кезiндегі тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы Келiсiмнiң 10-бабында көзделген рәсiмдер мен мерзiмдерге сәйкес белгіленетiн болады деп мақұлдайды.

12-Бап


Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, күштi елiтетiн және улы заттарды әкелген кезде Тараптар өздерiнiң мiндеттемелерiн 1972 жылғы түзетулерiмен 1961 жылғы 30 наурыздағы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенция, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы конвенция және БҰҰ-ның 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Есiрткi құралдары мен психотроптық құралдардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенция шеңберiнде басшылыққа алатын болады.
Тараптар бiрыңғай кеден аумағын құрғанға дейiн есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, күштi елiтетiн және улы заттарды әкелуге рұқсат тәртiбiне қатысты ұлттық режимдi қолданады.
Тараптар уәкiлеттi органдарға Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, күштi елiтетiн және улы заттарды заңсыз әкелудiң жолын кесу мақсатымен тиiмдi ынтымақтастықты жүзеге асыруды тапсырады.
Тараптар бiрыңғай кеден аумағын құру кезiнде есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, күштi елiтетiн және улы заттарды әкелудiң бiрыңғай тәртiбi олар қатысушылары болып табылатын Кеден одағын қалыптастыру кезiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы Келiсiмнiң 10-бабында көзделген рәсiмдер мен мерзiмдерге сәйкес белгiленетiн болады деп мақұлдайды.

13-Бап


Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына Тараптар озонды бүлдiретiн және олардың өнiмi бар заттарды әкелу кезiнде 1985 жылғы 22 наурыздағы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясын және 1987 жылғы 16 қыркүйектегi Озон қабатын бүлдiретiн заттар бойынша Монреаль хаттамасын басшылыққа алады.
Уәкiлеттi органдарға Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына озонды бүлдiретiн және олардың өнiмi бар заттарды әкелу және оларды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкету тәртiбi туралы Ереженi басшылыққа алу тапсырылсын (NN 5, 5.1, 5.2, 5.3 Ережелер).

14-Бап


Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупi төнген жабайы флора мен фаунаның түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) қолданылуына түсетiн жануарлар мен өсiмдiктердi, сондай-ақ олардың бөлiктерiн немесе туындыларын әкелу кезiнде Тараптар аталған Конвенцияның баптары мен ережелерiн басшылыққа алатын болады.
Тараптардың уәкiлеттi органдарына СИТЕС-ке қатысты олардың мемлекеттерiн белгiлегенге дейiн Ресей Федерациясындағы СИТЕС-тiң Әкiмшілік органымен өзара iс-қимылда болу тапсырылсын.
СИТЕС-тiң қолданылуына түсетiн тауарларды әкелу Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына СИТЕС-тiң қолданылуына түсетiн жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе туындыларын әкелудiң және оларды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарынан әкетудiң арнаулы ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
СИТЕС-тiң қолданылуына түсетiн тауарларды СИТЕС-ке қатысы белгiленбеген Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарына әкелу Ресей Федерациясындағы СИТЕС-тiң Әкімшілік органының рұқсаты болған кезде; басқа мемлекеттерден әкелу - экспорттаушы ел СИТЕС органы Әкiмшiлiк органының немесе, егер ел СИТЕС-тiң тарабы болып табылмаса, экспорттаушы елдiң басқа құзыреттi органының рұқсаты болған кезде, ал СИТЕС-тiң І Ережесiндегi үлгiлердi СИТЕС-ке қатысы белгiленбеген Кеден одағына қатысушы мемлекеттер аумағына әкелген жағдайда, - Ресей Федерациясындағы СИТЕС-тiң Әкiмшiлiк органының рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады.

15-Бап


Тараптар 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясына және оны iске асыру барысында қабылданған халықаралық құжаттарға сәйкес қауіптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдаудың бiрыңғай тәртiбiн сақтайды.
Осы мақсатта олар уәкiлетті органдарға Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай тәртiбi туралы ереженi (N 6 Ереже) басшылыққа алуды және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында (арқылы) олардың импортына (транзитiне) тыйым салынатын, ал экспорты оларды трансшекаралық тасымалдау мемлекеттік реттеуге жататын (N 6.2 Ереже) қауiптi қалдықтарды да мемлекеттік реттеуге жататын (N 6.1 Ереже) қауіптi қалдықтардың бiрыңғай тiзбелерiн тапсырады.
Аталған Базель конференциясына қатысушылар болып табылмайтын мемлекеттер үшiн осы Хаттамаға N 6 Ереже олар үшiн аталған Конвенцияға қосылғаннан кейiн күшiне енедi.

16-Бап


Осы Хаттамада көзделген тауарларды Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң кеден аумағына әкелген және осы тауарларды басқа Тарап (немесе Тараптар) мемлекетiнiң (мемлекеттерiнiң) кеден аумағы бойынша алып жүрген кезде кедендік ресiмдеу арналған мемлекетте жүзеге асырылады.
Осы Хаттамада көзделген тауарларды арналған мемлекеттің кеден органдары тұрған жерге жеткiзу 1995 жылғы 10 ақпанда қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Кеден заңдарының негіздерiне сәйкес жүргізiледi.
Тараптар осы Хаттамада күшiне енген күнiнен бастап алты ай iшiнде бiр Тараптың (немесе Тараптардың) кеден аумағы арқылы және оларды әкелу осы Хаттаманың 11-13-баптарымен реттелетiн тауарлар бөлiгiне қатысты басқа Тараптың кеден аумағына апарылатын тауарлар транзитінің тәртiбiн реттейтiн құжатты әзiрлейдi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет