1. Айқынсыздық кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші
ауысымының іс-қимылын бақылау тізбесі
Бастапқы іс-қимыл
1. Іздестіру-құтқару операциясының (жұмысының) үйлестірушісін айқындау.
2. ӘК-нің ұшуы барысында оның жіберілгені және белгіленген пунктіге келмеуі туралы соңғы деректерді тексеру.
3. Осы қосымшаның 2-бөліміне сәйкес ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына байланыс құралдарының көмегімен іздестіруді жүргізуге жәрдем көрсету.
4. Осы қосымшаның 3-бөлімінде белгіленген формат бойынша метеорологиялық ақпаратты сұрату.
5. Хабардар ету схемасы бойынша барлық мүдделі органдарды хабардар ету.
6. Әуе кемесінің тұрған орны анықталған және ол қауіпсіздікте болғанда, белгісіздік кезеңін жабу және барлық мүдделі органдарға қажетті хабарландыруды жіберу.
7. Егер байланыс құралдарының көмегімен алдын ала іздестіру кезінде кеменің орналасқан жері анықталмаған болса, алаңдаушылық кезеңін жариялау.
Байланыс құралдарының көмегімен әуе кемесін іздестіру
1. ӘК-нің келмегендігіне көз жеткізу үшін межелі әуежай және қосалқы әуежайлармен байланыс орнату. Барлық бақыланбайтын әуежайлар мен әуеайлақтардағы тұрақ алаңының физикалық тексерісін сұрату.
2. Ұшып шығу және қайтып оралмау фактісін растау үшін ұшып шыққан әуежаймен байланысу. Ұшу жоспарының мәліметтерін тексеру.
3. Із-түзсіз жоғалған ӘК-мен радиобайланыс орнатуға әрекет етуді өтініп, аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы немесе оған жақын орналасқан ӘК-ге шектес жатқан ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы хабарласу.
4. Аталған ӘК ұшып өтуі мүмкін аудандардың шегінде орналасқан ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерін авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
Метеорологиялық ақпарат
1. Көру деңгейі және оларды нашарлататын, мысалы, тұман, түтін немесе мұнар сияқты факторлар, сондай-ақ метеожағдайдағы соңғы өзгерістердің уақыты.
2. Желдің бағыты мен жылдамдығы, сондай-ақ соңғы уақытта болған өзгерістер.
3. Бұлттылық, бұлттардың төменгі шегі және т.б., сондай-ақ соңғы уақытта болған өзгерістер.
4. Ауа температурасы.
5. Барометрлік қысым.
6. Жауын немесе қар жауып жатқаны немесе жауғаны туралы, сондай-ақ жауын-шашынның басталған немесе оның аяқталған уақыты.
7. Найзағай, қар, бұршақ, мұз қиыршығы немесе көктайғақ сияқты қолайсыз құбылыстар болып жатқаны немесе болғаны туралы, сондай-ақ олардың басталу және аяқталу уақыты.
2. Алаңдаушылық кезеңі үшін Үйлестіру орталығы кезекші
ауысымының іс-қимылын бақылау тізбесі
Бастапқы іс-қимыл
Ескертпе: айқынсыздық кезеңі үшін бақылау тізбесінің пункттерін ескеру қажет.
1. Көмек көрсету үшін кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда (командалар) беру.
2. Схемаға сәйкес авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
3. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
4. Егер авариялық ӘК-де қалыпты пайдалану режимі қалпына келтірілген болса, онда ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы оның қауіпсіздігі кепілдендірілген жағдайға дейін оның бақылауын жүзеге асыру қажет.
5. Көмек көрсету аяқталған кезде, алаңдаушылық кезеңін жабу.
6. Егер жағдай нашарласа және ӘК-ге маңызды және тікелей қауіп төніп тұрса, апат кезеңін жариялау.
Әуе кемесі есепті уақытта келмеген жағдайға арналған қосымша бақылау
тізбесі
1. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
2. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-мен байланыс орнату өтінішімен ӘҚҚ органдарына хабарласу.
3. Ұсынылған ұшу жоспарын талдау.
4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын және ӘҚҚ әскерін авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
5. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
6. Белгіленген схема бойынша авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
7. Шектес үйлестіру орталығын авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер авариялық ӘК ұшуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).
8. Іздестіруді жоспарлауға және ІҚҚ (Ж)-ның бастапқы жоспарын пысықтауға кірісу.
9. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда (командалар) беру және оны бастапқы іздестіруді жүргізу үшін жіберу.
10. Егер ӘК тұрған орын анықталса, барлық мүдделі тараптарды хабарландыру.
11. Егер жағдай нашарласа және болжамдағандай ӘК-ге маңызды және тікелей қауіп төніп тұрса, апат кезеңін жариялау.
Заңсыз араласу актілері болған жағдайдағы қосымша бақылау
тізбесі
1. Белгіленген схема бойынша авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
2. Іздестіру-құтқару ӘК-ні авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
3. Шектес үйлестіру орталығын авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер авариялық ӘК ұшуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).
4. Одан кейінгі іс-қимылдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының нұсқауына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
5. Егер ӘК құрлыққа немесе суға мәжбүрлі түрде қонуға ниет білдіру немесе қонуы мүмкін болмаса, апат кезеңін жариялау.
3. Апат кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші ауысымы
іс-қимылын бақылау тізбесі
Ескертпе: айқынсыздық және алаңдаушылық кезеңдері үшін бақылау тізбелерінің пункттерін ескеру қажет.
1. Шектес үйлестіру орталығына авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер әуе кемесінің ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).
2. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда беру және оны апат орнына (егер ол белгілі болса) жіберу.
3. Бастапқы іздестіру іс-қимылдарының жоспарын әзірлеу.
4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы іздестіру-құтқару ӘК экипажына өткізілген операцияға қатысты ақпаратты ұсыну.
5. ІҚО (Ж) жүргізу орнында үйлестіруші (ІҚО (Ж) басшысы) тағайындау туралы мәселені РДО-мен келісу.
6. ІҚО (Ж) жүргізу орнында ӘК үйлестірушісін тағайындау.
7. Тағайындалған ІҚО (Ж) басшысына іс-қимылдардың бастапқы жоспары туралы ақпаратты тапсыру.
8. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК туралы соңғы радиолокациялық ақпарат туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мен ӘҚҚ әскерін сұрастыру.
9. Оқиға куәгерлерімен байланыс ұйымдастыру үшін РДО органдарына хабарлама мен байланыс телефонын беру.
10. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындайтын ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
11. ӘҚҚ органы арқылы апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ні байланыс жасау.
12. Қолданған шаралар туралы апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-мен ақпараттандыру.
13. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ні пайдаланушымен байланыс орнату және байланыс жасау.
14. Деректерді тіркеу және іздестіру іс-қимылдары мен іздестіру тиімділігін бағалауға қатысты тиісті карталарды жүргізу.
15. Сәтті іздестірген және құтқару операциясы аяқталған жағдайда, апаттық кезеңді жабу.
16. Талап етілген қорытынды есептерді дайындау.
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
7-қосымша
Апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіруді жүргізу әдістемесі
1. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын іздестіру ауданын
анықтау әдістемесі
Қосымша мәліметтер болмаған жағдайда, жалпы көріністе іздестіру ауданы мынадай жағдайда айқындалуы мүмкін (1-сурет):
1) жұмыс картасына апатқа ұшыраған ӘК-нің, ұшу кезінде онымен байланыс болған (А нүктесі) соңғы бақылау нүктесінен, ол келмеген немесе онымен байланыс орнатылмаған (В нүктесі) нүктеге дейінгі берілген ұшу бағытының учаскесі (АВ) енгізіледі;
2) карта масштабында бағыт учаскесінің бойымен (АВ) А нүктесін ұшып өткен кезде ӘК орнын айқындаудың қателіктерінің мәніне тең, ені ±r болатын жолақ салынады (a, f, g, b жолақтары);
3) В нүктесінен бағыт сызығына көлденең S жолын ұшып өту уақыты ішінде ӘК-нің L бүйірге ең үлкен ауытқуына тең Ве және Вd бөліктері қалады.
Картада пайда болған пішін (а, d, е, b, с) апатқа ұшыраған ӘК ең ықтимал тұрған жердің ауданы болады.
2. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық іздестіруді орындау
әдістемесі
Апатқа ұшыраған ӘК экипажын іздестіру-құтқару ӘК және радиоторауылдауыш аппаратураның ерекше жоғары жиілігінің (ЕЖЖ) және (ЖЖ) көмегімен іздестіру іздестірудің негізгі әдісі болып табылады.
Апатқа ұшыраған ӘК орналасқан жері анықталған ауданға шыққаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК экипажы авариялық радиостанция сигналын анықтағанға дейін іздестіруді жүзеге асырады.
АРК–У2, АРК–УД, ЮР-26 радиокомпастарының көмегімен жұмыс істейтін авариялық радиостанция (радиомаяк) сигналы табылған кезде, ӘК, радиоторауылдауыш ЕЖЖ-ның курстық бұрыштарының көрсеткіштер индикациясының беріктігіне көз жеткізген соң, іздестіру-құтқару ӘК экипажы ӘК-ні көрсетілген радиостанцияға әкелуді жүзеге асырады.
Радиокомпастың курстық көрсеткішінің (ККР) көрсету тілі 1800 градусқа бұрылуы бойынша айқындалатын авариялық радиостанция (радиомаяк) ұшып өткеннен кейін экипаж зардап шеккендерді көзбен шолып табуды қамтамасыз ететін ұшу биіктігінде оған қайта шығуды ескере отырып, маневр (2-сурет) орындайды.
3. Іздестіру ауданын көзбен шолу үшін квадраттарға бөлу тәртібі
Көзбен шолып тексеру кезінде іздестіру ауданы көзбен шолып іздестіру торы бар палеткаға сәйкес көлемі 20х20 шақырым болатын квадраттарға бөлінеді (3-сурет). Қажет болған жағдайда 20х20 шақырым квадрат палеткаға сәйкес 10х10 шақырым болатын 4 квадратқа бөлінеді. Ойлы-қырлы жерлері көп орманды жерді жан-жақты тексеру үшін жерүсті іздестіру-құтқару командасы 10х10 шақырым квадратты 5х5 шақырым болатын 4 квадратқа бөледі.
ІҚЖ басшысы (үйлестірушісі) бірінші кезектегі тексерулердің квадратын және іздестіру бағытын айқындайды.
Көзбен шолып іздестіру торы бар палетканы пайдаланған кезде:
1) палетканың ортасын әуеайлақтың бақылау нүктесімен (ӘБН) сипатты бағдарымен немесе болжамды апат ауданының орталығымен біріктіру;
2) палетканың көлденең осін шынайы меридианның солтүстік бағытымен немесе болжамды ұшу бағытының перпендикуляр осімен біріктіру;
3) картада пайда болған квадраттарды палетка нөміріне сәйкес нөмірлеу.
4. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын көзбен шолып іздестіру
тәсілдері
Егер іздестіру ауданын радиотехникалық құралдар көмегімен іздестіру нәтижесінде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, ІҚО (Ж) басшысының (үйлестірушісінің) шешімімен «Гребенка», «Параллель галстау», «Кеңейтілетін квадрат және берілген бағыт» тәсілдерімен жүзеге асырылатын көзбен шолып іздестіру жүргізіледі:
1) «Гребенка» тәсілімен іздестіру (4-сурет) әдетте аз уақытта үлкен ауданды қарау мақсатында және іздестіру-құтқару ӘК-нің саны жеткілікті болған жағдайда қолданылады.
«Гребенка» тәсілі көзбен шолып көру мен іздестіру аппаратурасының іс-қимылының қашықтығы шамамен 75 % құрайтын аралықта параллель тік сызықты бағыттар бойынша бірлесіп ұшу арқылы ӘК тобымен іздестіру ауданын бір уақытта тексеру болып табылады.
«Гребенка» тәсілі іздестіру-құтқару ӘК орналасу орнынан алыстаған кезде іздестіруді ұйымдастыру кезінде қолданылады.
2) «Параллель галстау» тәсілімен іздестіру (5, 6-сурет) қолда бар іздестіру-құтқару ӘК саны жеткіліксіз болған жағдайда және ауқымды ауданды тексеру үшін қолданылады.
Бұл әдіс кезінде іздестіру ауданы бір уақытта бірнеше бір ӘК-мен немесе дәйекті түрде бір ӘК-мен қарастырылатын бірнеше іздестіру учаскелеріне (жолақтарына) бөлінуі мүмкін.
Іздестіру апатқа ұшыраған ӘК-нің тұрған жерінің ең ықтимал учаскесінен (жолағынан) басталуы керек.
Галстар арасындағы қашықтық (25 % жабуды қамтамасыз еткен жағдайда) «Гребенка» тәсілімен іздестіру кезіндегі ӘК арасындағы аралық сияқты орнатылады. Тексеру жолақтары арасындағы интервал галстар арасындағы қашықтықтың жартысына тең етіп алынады. Айналымдар санын азайту үшін галстардың тік сызықты учаскелерін мақсатты түрде тексеру жолақтарының бойымен бағыттау.
«Параллель галстау», «Кеңейтілетін квадрат және берілген бағыт» тәсілдерімен іздестіру кезінде галстардың арасындағы ұсынылатын қашықтық:
1) қиылысқан жерде – 0,5 км;
2) орманда – 1 км;
3) қалың орманда – 0,5 км;
4) ашық жерде – 2 км.
Галстардың ұзындығы 10-20 км.
3) «Кеңейтілетін квадрат» тәсілімен іздестіру (7-сурет) әдетте ӘК-нің апат орны туралы деректер болған кезде қолданылады.
Іздестіру апатқа ұшыраған экипаждың тұруы болжалған белгілі нүктенің айналасындағы ауданды бір кісілік ӘК-мен тексеруден құралады.
Маршруттың көршілес параллель учаскелерінің арасындағы қашықтық аймақты көруге кепілдік беруі керек.
4) «Берілген маршрут» әдісімен іздестіру (8-сурет) апатқа ұшыраған ӘК маршрутының учаскесі бойымен өтетін берілген жол сызығы бойынша орындалады.
Әдіс іздестіру ауданы іздестіру-құтқару ӘК-нің берілген ұшу биіктігінде іздестіру аппаратурасы іс-қимылының ені 0,5-0,7 қашықтықты құрайтын жолақты құрғанда ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
8-қосымша
Ауа райы ашық болғанда жергілікті жердегі объектілерді көзбен
шолып табу қашықтығы
№
|
Қадағалау объектісі
|
Жыл, тәулік уақыты
|
Ұшу биіктігі (метр)
|
Табу қашықтығы (шақырым)
|
1.
|
Бір адам (адамдар тобы)
|
қыс
жаз
|
200
200
|
1,6-1,8
1,0-1,4
|
2.
|
Әуе кемесі
|
қыс және жаз
|
200
|
2-4
|
3.
|
От
|
түн
|
300
|
8-12
|
4.
|
Жыпылықтаушы шам
|
түн
|
300
|
2-4
|
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
9-қосымша
Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізу кезінде
қолданылатын сигналдар мен кодтар
1. Апатқа ұшырағандарға таратылған көзбен шолу белгілері мен сигналдары 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
№
|
Белгінің, сигналдың мәні
|
Апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажының мүшесі беретін белгі немесе сигнал
|
Адам пішінінің көмегімен
|
Парашюттің көмегімен
|
1.
|
Ұшу оқиғасы болды, зардап шеккендер бар
|
Жатқан адамның пішіні
|
Парашюттің күмбезі ортасында жатқан адамның пішіні бар шеңбер нысанында жерге төселген
|
2.
|
Азық-түлікке, суға, жылы киім-кешекке мұқтажбыз
|
Отырған адамның пішіні
|
Парашюттің күмбезі үшбұрыш болып жиналған
|
3.
|
Қандай бағытқа жүруді көрсетіңіз
|
Қолдары жоғары көтеріліп екі жаққа шамалы жайылған адамның пішіні
|
Парашюттің күмбезі ұзына бойы созылған
|
4.
|
Осы жерге қонуға болады
|
Екі қолын созып, тізерлеп отырған адамның пішіні
|
Парашюттің күмбезі шаршы түрінде жиналған
|
5.
|
Көрсетілген бағытта қонуға жақындаңыз
|
Қолдарын қонуға кіру бағытында алға қарай созып түрегеп тұрған адамның пішіні
|
Парашюттің күмбезі қону «Т» түрінде жиналған
|
6.
|
Бұл жерге қонуға болмайды
|
Қолдары жоғары көтеріліп крест түрінде көрсетілген адамның пішіні
|
Парашюттің күмбезі крест түрінде жиналған
|
2. Іздестіру-құтқару ӘК тарататын көзбен шолу белгілері мен сигналдары 2-кестеде келтірілген.
2-кесте.
№
|
Белгінің немесе сигналдың мәні
|
Іздестіру-құтқару ӘК экипажы беретін белгі немесе сигнал
|
ӘК эволюцияларымен
|
Зымырандардың көмегімен
|
1.
|
Сіздерді көріп тұрмын
|
Көлденең жазықтықтағы шұғыл бұрылыс (табылған адамдардың үстінен шеңбер жасау)
|
Жасыл зымыран
|
2.
|
Көмекті осы жерде күтіңіздер, сіздерге әуе кемесі келеді
|
Көлденең кеңістікте сегіздікпен ұшу
|
Қызыл зымыран
|
3.
|
Көрсетілген бағытта жүріңіздер
|
Ұшақтың апатқа ұшырағандардың үстімен қозғалыс курсы бағытында ұшуы
|
Сары зымыран
|
4.
|
Сіздерді түсіндім
|
Қанаттан қанатқа тербелу
|
Ақ зымыран
|
5.
|
Сіздерді түсінбедім
|
Батпырауықша ұшу
|
Екі қызыл зымыран
|
6.
|
Қону бағыты мен жерге жақындау орнын белгілеңіздер
|
Кейіннен бұрыла отырып төмен құлдилау
|
Екі жасыл зымыран
|
3. Іздестіру мен құтқаруды жүргізу кезінде қолданылатын «Жер-әуе» халықаралық көзбен шолу белгілері 3-кестеде келтірілген.
3-кесте
№
|
Белгінің мәні
|
Белгі
|
1.
|
Көмек талап етіледі
|
V
|
2.
|
Медициналық көмек талап етіледі
|
X
|
3.
|
Жоқ немесе теріс
|
N
|
4.
|
Иә немесе оң
|
Y
|
5.
|
Осы бағытта қозғаламыз
|
|
|
6.
|
Операциялар аяқталды
|
LLL
|
7.
|
Біз барлық адамдарды таптық
|
LL
|
8.
|
Біз бірнеше адамды ғана таптық
|
-|-|-
|
9.
|
Біздің іздестіруді жалғастыратын жағдайымыз жоқ және базаға ораламыз
|
XX
|
10.
|
Екі топқа бөлінді. Әрқайсысы көрсетілген бағытпен бара жатыр
|
/___/
|
11.
|
ӘК осы бағытта екендігі туралы мәліметтер алынды
|
-> ->
|
12.
|
Ештеңе табылмады. Іздестіруді жалғастырудамыз
|
NN
|
4. Белгілердің көлемі 2,5 м. кем емес және оларды барынша дәрежеде көрінетіндей етіп жасау қажет.
Белгілер мата жолағының, парашют материалының, ағаш, тастар кесектерінің көмегімен қойылады. Белгілерді жердің бетіне орналастыру топырақты таптау, бетін маймен сырлау жолымен жүзеге асырылады.
Белгілерге сигналдық зымырандардың, түтіннің, шағылысқан жарықтың, радионың көмегімен назар аудартуға болады.
5. Егер жерден берілетін белгілер ӘК экипажына түсінікті болса, онда ол мынадай сигналдар береді:
1) күндізгі жарық кезінде - ӘК қанаттарымен шайқалу;
2) қараңғылық түскен кезде - қону шамдарын екі рет жағу және өшіру, егер әуе кемесі олармен жабдықталмаса, аэронавигациялық оттарын екі рет жағу және өшіру.
Жоғарыда көрсетілген сигналдардың болмауы жерден берілген белгінің түсінікті болмағанын білдіреді.
6. ІҚО (Ж)-ны теңізде орындау кезінде мынадай сигналдар беріледі:
1) егер ӘК экипажына суүсті кемесіне апатқа ұшырау жағдайындағы әуе немесе суүсті кемесіне бағыт алу өтінішін беру қажет болса, онда ӘК экипажы мынадай маневрлерді жүргізеді:
суүсті кемесінің үстінен айналымдар орындайды;
суүсті кемесінің тұмсық бөлігінің алдынан төменірек биіктікте кесіп өту және қанаттарымен шайқалуды орындайды, жапқышын ашып-жабуды немесе ебелегінің қадамын өзгертуді жүзеге асырады;
суүсті кемесі жүріп бара жатқан бағытқа шығады;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сигнал арналған суүсті кемесінің көмегі одан әрі талап етілмесе, онда ӘК экипажы суүсті кемесінің артқы бөлігіне жақын жерден кильватер сызығын төмен биіктікте кесіп өтеді және қанаттарын шайқауды орындайды, жапқышын ашып-жабуды немесе ебелегінің қадамын өзгертуді жүзеге асырады;
3) суүсті кемесінің экипажы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сигналдың алынғандығын растау үшін мынадай сигналдар береді:
ақ және қызыл тік жолақтары бар кодтық жалаушаны барынша жоғары көтереді (бұл сигналдың түсінікті болғанын білдіреді);
сигналдық шамның көмегімен Морзе коды бойынша «Т» әріптерінің қатарын таратады; бағытты өзгерту және ӘК соңынан жүру.
7. Берілген нұсқауларды орындау мүмкін болмаған кезде суүсті кемесінің экипажы:
1) «N» халықаралық туын (шахмат тақтасы түріндегі көк және ақ шаршылар) көтереді;
2) сигналдық шамның көмегімен Морзе коды бойынша «N» әріптер қатарын таратады.
8. Көзбен шолу сигналын беру құралдары пиротехникалық, жарық техникалық, дыбыстық және түстік болады:
1) пиротехникалық құралдарға зымырандардың әр алуан түрлері және сигналдық патрондар жатады;
2) жарық-техникалық құралдарға қол сұғылмайтын авариялық қорлар (бұдан әрі – ҚАҚ) мен үрлемелі құтқару құралдарының жиынтығына кіретін сигналдық айналар және қол шамдары мен сигналдық шырағдандардың әр алуан түрлері жатады;
3) дыбыстық құралдарға дыбыстық зымырандар мен ысқырықтар жатады;
4) түстік құралдарға қоршаған ортаны қарама-қарсы түстерге бояуға арналған химиялық заттар жатады.
9. Түнгі және күндізгі әрекет ететін сигналдық патрон (бұдан әрі – ТКСП) тәуліктің кез келген уақытында қолданылады. Ол олардың біреуі – қызыл түсті отпен, ал екіншісі қызғылт-сары түтін бөліп жанатын екі бөліктен тұрады. Әрбір бөліктің жану уақыты 30 секундты құрайды. Түнде оттың және күндіз түтіннің көріну қашықтығы:
1) 500 м биіктіктен - түнде 25-30 шақырымға және күндіз 8-10 шақырымға;
2) су бетінде кемеден түнде 20 шақырымға және күндіз 6 шақырымға жетеді.
Патрондарды іске қосу үшін қақпағын бұрап алу, бауды суыру және баудың ұшындағы сақинаны қолды созып тұрып күрт жұлқып қалу қажет.
ТКСП-да патронның түнгі бөлігінің қақпағында ойық бар. Тұтанған патронды жел бағытында созылған қолмен 15-750 бұрышпен ұстау керек. Жүзу құралдарын ұшқынмен бүлдіруге жол бермеу үшін патронды судың үстінде ұстау керек.
10. «РПСП - 40К» маркасындағы қызыл түсті патрон күндізгі және түңгі уақытта сигнал беру үшін қызмет етеді. Сигналдық патронды пайдалану қағидасы патронда көрсетілген.
Атуға арналған құрылғысы бар қызыл түсті сигналдық патрон апатқа ұшырау жағдайындағы экипаждың тұрған орнын анықтау мақсатында іздестіру-құтқару ӘК-ге сигналдар беруге арналған.
Атуға арналған құрылғы автоқалам түріндегі металлдан жасалған өзекті білдіреді, оның бір ұшында сигналдық патрондарды бұрап кіргізуге арналған бұрандалы тесігі бар, құрылғының корпусына соққылы әскери серіппе және көтеруге арналған құрылғы орнатылған.
Атуға арналған құрылғы мен сигналдық патрондар қорапқа немесе қаптамаға жиналады.
11. Сигналдық айна күн сәулелерімен шағылысқан (күн қояншасы түрінде) жарық сигналын беруге арналған. Айна әрленген тегіс бетті болаттан дайындалған. ҚАҚ жиынтығындағы айнамен берілген «сәулені» табу қашықтығы - 14 шақырым, топтық сал жиынтығындағымен - 37 шақырым.
«Сәулені» ұшаққа дәлдеу айнаның сыртқы жағына жазылған нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
12. Сигналдық бояғыш - әуеден жақсы көрінетін, суға түскен кезде күндіз сарғылт-жасыл, ал түнде ашық-жасыл флюоресценциялаушы үлкен дақ түзетін ұнтақ. Оның көмегімен қарды да бояуға болады, ол үшін ұнтақты қардың үстіне себу қажет. Бояғыштың көмегімен қар үстіне әртүрлі белгілер салуға болады.
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
10-қосымша
Жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы туралы есеп беру
форматы
Іздестіру-құтқару операциясы туралы есеп
(атауы, сәйкестендіру нөмірі)
1-бөлім. Іздестіру объектісі туралы ақпарат (ӘК, рейс нөмірі, пайдаланушы, борттық жабдық, апат орны, мерзімдері көрсетілген болжамды бағыты, авариялық жағдайсың сипаты, метеожағдай).
2-бөлім. Іздестіру-құтқару операциясы туралы ақпарат:
1. Үйлестіру орталығының іс-қимылы
1) Журналдағы жазбалар бойынша бастапқы әрекеттердің қысқаша сипаттамасы.
2) Жұмылдырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдары, ден қою уақыты.
3) Іздестіру объектісіне қатысты негізгі болжамдар.
2. Іздестіру операциясы
1) Іздестіру жоспарының негіздемесі.
2) Іздестіру жоспарындағы кез келген өзгерістерді түсіндіру.
3) Іздестіру ауданын, қатыстырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын және метеожағдайды қоса, күнделікті іздестіру операцияларын қысқаша сипаттау.
4) Іздестіру объектісін анықтаған жағдайда, іздестіру және құтқару объектісінің тұрған орны, тірілердің болуы, қаза болғандар саны, іздестіру-құтқару құралдарынан объектіні табу қашықтығы, іздестіру әдісі, уақыты, іздестіру шарттары туралы ақпаратты, авариялық радиомаяктар туралы мәліметті және іздестіру объектісіне жататын басқа да ақпаратты беру.
5) Іздестіру объектісі табылмаған жағдайда, себебін көрсету (жалпы түрде).
3. Құтқару операциясы
1) Тірі қалғандардың жай-күйі.
2) Жұмылдырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдары.
3) Эвакуация туралы толық ақпарат.
4) Туындаған мәселелер, егер ондайлар орын алған болса.
3-бөлім. ІҚО тоқтату/тоқтата тұру:
1. Іздестіру объектісі табылды (күні/уақыты, тұрған орны, тірі қалғандар, зардап шеккендер, із-түссіз жоғалғандар және т.б.).
2. Іздестіру уақытша тоқтатылды (іздестіруді тоқтата тұруға берілген рұқсат, тірі қалғандар, зардап шеккендер, із-түссіз жоғалғандар және т.б.).
4-бөлім. Қорытындылар/ұсыныстар:
1. ІҚО үйлестірушісінің қорытындылары.
2. Келешекте осыған ұқсас жағдайлар мен оқиғаларға жол бермеуге жәрдем көрсету үшін ІҚО үйлестірушісінің ұсыныстары.
3. Үйлестіру орталығы басшысының ескертулері.
4. Іздестіру және құтқару үйлестірушісінің ескертулері.
Қосымша:
1. Метеорологиялық мәліметтер.
2. Көзбен шолып бақылауды жүзеге асырған тұлғалардың хабарламалары.
3. ІҚО карталары.
4. Іздестіру-құтқару құралдарын пайдалану (ұшу сағаттары).
5. Табылған заттар тізбесі.
6. Фотосуреттер (егер ондайлар болса).
7. Тарату тізімі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |