«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі жағдайлары



Дата20.06.2016
өлшемі34.44 Kb.
#149574
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі жағдайлары
Салықтық рақымшылықтың (ақшаны қоса алғанда мүлікті жария ету) мақсаттары мыналар болып табылады: - «көлеңкелі» экономиканы қысқарту; - ел экономикасына қосымша қаржы қаражатын тарту, ел экономикасына инвестицияларды ұлғайту; - төлем теңгерімін тұрақтандыру; - бюджетке қосымша түсімдер.
Жария етудің негізгі қағидаттары
Біріншіден, жария ету елдің экономикалық айналымына қосымша қаржы қаражатын және мүлікті тарту мақсатында жүргізіледі.
Екіншіден, жария етілген ақша мен мүлік салық салу мақсатында табыс ретінде танылмайды, тиісінше табыс салығы салынбайды. Ілеспе заң жобасымен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне тиісті толықтыру енгізіледі.
Үшіншіден, жария ету басталғанға дейiн алынған мүлiк (ақшаны қоса алғанда) жария етуге жатады.

Төртіншіден, жария ету субъектілері бірқатар баптар бойынша қылмыстық және әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

Заң жобасы бойынша мүлiктi жария ету мерзiмi болып - 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең анықталған.

Жария ету объектілеріне мынадай мүлік жатқызылады:


- ақша, бағалы қағаздар және заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

- мақсатты пайдалануға және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар (ғимараттар). Бұл ретте жария етілетін объектілер орналасқан жер учаскелері жария ету субъектілерінің меншік құқығына тиесілі болуы тиіс. 

- тиесілі емес тұлғаға ресімделген құрылыстар (ғимараттар);
- Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік.

Жекелеген қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған мүлік жария етуге жатқызылмайды.

Олардың қатарында жеке адамға, адамның конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына, конституциялық құрылыс негiздерiне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған мүлік.

Жария ету тетіктері мен құралдары

Жария етілетін ақша екiншi деңгейдегі банктерде ашылған арнайы жинақ шоттарына  есептелуі тиіс.

Бұдан әрі субъект жария етудің құралын таңдауға кірісуі тиіс.


Біріншіден, ақшаны бес жыл ішінде екінші деңгейдегі банктерде ашылған жоғарыда атап өтілген шоттарда нарықтық мөлшерлемелер бойынша сыйақы ала отырып, сақтауға болады.

Екіншіден, ақшаны мерзімінен бұрын пайдаланғысы келсе, экономикаға инвестиция жасауға болады, мұның жолы: мемлекеттік бағалы қағаздарды, екiншi деңгейдегi банктердiң, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардың, даму институттарының облигацияларын және «Халықтық IPO» Бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын акцияларды, сондай-ақ  Қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу.

Үшіншіден, азаматтар жекешелендірудің екiншi толқыны аясында объектілерді сатып ала алады.

Егер ақшасын жария ететін азамат жоғарыда аталған инвестициялау тетіктерін пайдаланғысы келмесе, оның өз ақшасына қалауы бойынша иелік етуге құқығы бар. Екінші деңгейдегі банктер мұндай ақшаны төлеу кезінде, жария етілетін ақшаның 10 %-ы мөлшерінде алым ұстайды. Ілеспе заң жобасымен Қазақстан Республикасының Азаматтық және Бюджет кодекстеріне тиісті толықтырулар енгізіледі.


Мүлік бойынша (ақшадан басқа)
Мүлікті жария ету (ақшадан басқа) жария ету субъектілерінің өтініштерді және тиісті құжаттарды беру жолымен әкімдіктер жанындағы комиссиялар жүргізеді.

Бұл ретте Қазақстаннан тыс жерде тұрған мүлікті жария ету үшін 10% жинақ алынатын болады.

Заң жобасына сәйкес жеке басқа тұлғаға, конституциялық және өзге адамның құқықтары мен еркіндігіне қарсы қылмыстардың, конституциялық құрылым және мемлекеттік қауіпсіздік негіздеріне қарсы жасалған қылмыстар нәтижесінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен  қылмыстар нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.
Егер мүлік Заң бойынша жария етуге жататын санатқа жатса, немесе азамат жария етуге тыйым салынбаған тұлғаға жататын болса, онда мазасызданудың қажеті жоқ.

Заңның 13-бабына сәйкес мүлікті Заңға сәйкес жария еткен азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылады.


Бұдан басқа, Заңның 5-бабымен мүлiктi жария етудi өткiзу кезінде алынған ақпарат негiзiнде, қандайда болмасын процесстік әрекеттер жүргiзуге тікелей тыйым салынған.

Егер жария етілген мүлік туралы алынған ақпаратпен тікелей байланысты емес, мысалға жария етуді жүргізу барысында тергеу органдарымен сыбайластық және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижелерінде алынған мүлікті жария ету фактілері жедел іс-шаралар жүргізу барысы салдарынан бәрібір анықталатын болса, онда ондай жария ету нәтижелері (мысалға, жария ету туралы комиссияның шешімі), оның ішінде, қажет болған жағдайда сот тәртібінде жойылатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет