3. Агрегаттар, үйкелу түйіндері мен ӘК аспаптарына арналған майлар және пластикалық жағар майлар
24. ГТҚ бар тікұшақтардың түйіндері мен агрегаттарын майлау үшін қолдануға рұқсат етілген, тікұшақ түрлері және пайдалану маусымы бойынша майлар мен пластикалық жағар майлар тиісті Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген.
25. Бас редукторларда, трансмиссия агрегаттарында, алып жүруші жүйелерде, тікұшақтың түйіндері мен агрегаттарында жанармайлар мен олардың қоспаларын қолданудың температуралық шарттары тиісті авиациялық техника жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамада анықталады.
26. Техникалық қызмет көрсеткен кезде авиациялық техникада пайдалануға рұқсат етілген авиамайлар, аспаптық майлар, пластикалық жағар майлар, қатты жағармай жабындары мен пасталар Қызмет көрсету жөніндегі нұсқауда келтірілген.
27. Оларды консервациялау кезінде қозғалтқыштардың, ӘК агрегаттарының және бөлшектерінің үстіңгі қабатын тоттанудан қорғау үшін пайдалануға рұқсат етілген майлар мен пластикалық жағар майлар тиісті Қызмет көрсету жөніндегі нұсқауларда келтірілген. Консервациялау тәртібі мен шарттары техникалық қызмет көрсету регламенттерінде, өндірушінің тиісті бюллетендерінде және зауыт нұсқаулықтарында анықталған.
4. Гидрожүйелер мен ӘК-нің бәсеңдеткіш тіреулеріне арналған жұмыс сұйықтықтары
28. Гидрожүйелер мен ӘК шасси тіректері үшін қолдануға рұқсат етілген жұмыс сұйықтықтары: АМГ-10, НГЖ-4у, НГЖ-5у, ҒН-51.ҰПН және өнеркәсіп бюллетендері рұқсат еткеннен басқа өзге гидросұйықтықтарды қолдануға, гидрожүйелер маркаларын араластыруға рұқсат етілмейді.
29. Май құйылатын құралға жұмыс сұйықтықтарын құйған кезде су мен бөтен қоспалардың түсуінің алдын алу мақсатында:
1) жұмыс сұйықтығын герметикалық, таңба басылған немесе қақпағы дәнекерленген банкілерден пайдалану;
2) гидравликалық бактар мен банкілердің құятын түтіктерін ластанудан тазарту;
3) ыдыстағы жұмыс сұйықтығын араластырмау және шайқамау;
4) оны 100-200 см3 мөлшерінде қалдырып, жұмыс сұйықтығын ыдыстан толық төкпеу;
5) ыдыстан жұмыс сұйықтығын құюды см2 -ге 8000-10000 ұяшығы бар торлы құйғыш арқылы жүргізу (МемСТ 6613 бойынша N0058 немесе 0063);
6) жұмыс сұйықтығын жартылай пайдаланған кезде қалған өнімі бар ыдысты саңылаусыз жабу әрі таңба басу қажет.
5. Судың кристалдануына қарсы сұйықтықтар
30. Судың кристалдануына қарсы сұйықтықтар (бұдан әрі - СКҚ сұйықтықтар) керосиннің барлық маркаларына қоспа ретінде пайдаланылады және осы сүзгіштердің алдында отынды жылыту жүйесі жоқ ұшақтық және тікұшақтық отын сүзгіштерінің тоңазу мүмкіндігін төмендетеді.
СКҚ сұйықтықтарынсыз авикеросин жоқ болған кезде, көрсетілген жылыту жүйелерін қоса алғанда, ӘК-нің барлық түрлеріне май құюға арналған СКҚ сұйықтықтары бар авиакеросинді қолдануға рұқсат етіледі.
31. СКҚ сұйықтықтарын авиакеросинге қосқан кезде белгіленген мөлшерде тұтану температурасының ықтимал төмендеуін қоспағанда, оның физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі болмайды.
Тоттану қасиеттері бойынша, сондай-ақ олардың ісінуі бойынша регламенттелген санда СКҚ сұйықтығы бар РТИ авиакеросині құрамында ол жоқ керосиннен ерекшеленбейді.
32. СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинге су түсіп кеткен кезде немесе авиакеросинде ерітілген су эмульсиялық түрге өзгерген кезде эмульсияға СКҚ сұйықтығы компоненттерінің ішінара бөлінуі және отындағы оның пайыздық құрамы азаюы мүмкін.
33. СКҚ сұйықтығын тұтынушы темір жол цистерналарында және болат мырыш жалатылмаған бөшкелерде жеткізеді.
СКҚ сұйықтықтарын тасымалдау үшін 2 тәуліктен аспайтын мерзімде бұзылмаған ішкі тоттануға қарсы жамылғымен автокөлікті (ТЗ, АГЦ) қолдануға рұқсат етіледі. Ұзағырақ тасымалдауда ішінде мырыш жалатылмаған немесе лактаусыз жамылғысы жоқ болат бөшкелер, контейнерлер, сыйымдылықтар пайдаланылуы тиіс.
34. СКҚ сұйықтықтарын қабылдаған кезде бір компонентті және екі компонентті сұйықтықтарды араластыруға болмайды.
Келіп түскен өнімді төгуді бастаудан бұрын СКҚ сұйықтығының қалдығы қабылдау құбырынан жеке ыдысқа құйып алынуы тиіс. СКҚ сұйықтығының қалдығын қабылдау құбырынан төгу мүмкін болмаған жағдайда, құбырдың 1,5 көлемі санынан төгілетін өнімнің бірінші топтамасын төгу қажет.
35. Егер қабылдаудан кейін резервуарда СКҚ сұйықтықтарының (бір компонентті немесе екі компонентті) қоспасы болса, қоспаға акт ресімдеу қажет.
36. ЖЖМҰ СКҚ сұйықтығын алған кезде өзара жауапкершілікті арттыру үшін берілетін резервуардан екі төрелік сынаманы іріктеу жүргізіледі. Бір сынама өнімді берген ұйымда қалады, екіншісін алушы алады. Сынаманы сақтау мерзімі — алынатын топтама жұмсалғанға дейін.
37. СКҚ сұйықтықтарын талдау:
1) Төккенге дейін ЖЖМ қоймасына осы Қағидада белгіленген көлемде келіп түскен кезде;
2) төккеннен кейін және 3 айда бір реттен жиі емес сақтау құралдарынан техникалық талаптар көрсеткіштері бойынша;
3) судың болу көрсеткіштері бойынша шығыс сыйымдылығынан және сумен араласу - аптасына 1 рет (егер ыдыс, бак көлемі апталық шығыннан асатын болса) жүргізіледі.
38. СКҚ сұйықтығын талдау АА-да ЖЖМ сапасын талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда айтылған әдістемелер бойынша жүргізіледі.
39. Авиакеросинді СКҚ сұйықтығымен араластыру құю пункттерінде отын құюшыларды толтырған кезде, ұшақтарға орталықтандырылған ұшақтарға май құю жүйесі арқылы, сондай-ақ резервуарларға және отын құюшыларға май құйған кезде Енгізудің, авиаотында СКҚ сұйықтығының болуын бақылау және мөлшерлеу құрылғыларын пайдаланудың бірыңғай технологиясы бойынша жүргізіледі.
40. ӘК-ге «И» және ТГФ (бір компонентті), «И-М» және ТГФ-М (екі компонентті) маркалы СКҚ сұйықтығын қолдануға рұқсат етілген.
41. Ұшып кету әуежайында жер бетіндегі ауа температурасы мен ӘК түрлеріне арналған ұшу ұзақтығына байланысты оның қолданылуын талап ететін авиакеросиндерге СКҚ сұйықтығын қосу нормалары 2-кестеде берілген.
Егер Қағидада қандай да бір ӘК түрі үшін СКҚ сұйықтығын қосу нормалары туралы ақпарат болмаса, Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқауда белгіленген деректерді басшылыққа алу қажет.
42. ИЛ-96-300, Ту-204, ИЛ-86 ұшақтары мен Ка-126 тікұшағы ұшуларды СКҚ сұйықтығын қоспастан авиакеросинде орындайды.
43. Жазғы навигация кезеңінде барлық модификациялардағы Ту-154 ұшақтарына 3-кестеде көрсетілген жағдайлар кезінде СКҚ сұйықтығы қосылмаған авиакеросин кұйылады.
44. Егер алдағы ұшу шарттары бойынша СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинді қолдану талап етілсе, ал отынның алдыңғы ұшудан қалған қалдығы СКҚ сұйықтығынсыз 9 тоннадан астамды құраса немесе ұшу әуежайында сыртқы ауа температурасы 10 о С-тен артық төмендесе, онда ұшақ 5 сағаттан артық тұрған кезде 9 тоннадан асатын отынның артығын төгу керек және ұшаққа нормативтерге сәйкес СКҚ сұйықтығы бар отынды үстемелеп құю қажет.
45. Авиакеросинге СКҚ сұйықтығын бүркудің борттық жүйесімен
жабдықталған Ту-154 ұшақтарына шетел әуежайларында СКҚ сұйықтығын
қосусыз май құйылады. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері аумағында
бұл ұшақтарға 2 және 3-кестелерде көрсетілген көлемде СКҚ сұйықтығы
қосылған авиакеросин құйылады.
46. ЯК-42 және ЯК-40 ұшақтары жердің бетіндегі температура минус 40оС және одан жоғары болған жағдайда, Ил-114 ұшақтары - минус 30 о С және одан жоғары болған кезде СКҚ сұйықтығынсыз авиакеросинде ұшуларды орындайды.
47. Шетелдік әуежайлардан ұшуларды орындайтын Ил-62М ұшақтарына СКҚ сұйықтығынсыз авиакеросин құйылады, егер:
1) ұшу алдында бактардағы авиакеросин температурасы минус 15 оС-ден жоғары болса;
2) ұшақтың отын айдайтын сорғысы 2,5x2,5 ұяшықты қорғайтын тормен жабдықталса;
3) ұшақ өндірушінің бюллетені бойынша бірінші және төртінші бактарда авиакеросин температурасын өлшеу жүйесімен жабдықталса.
48. Егер ӘК бактарына СКҚ сұйықтығынсыз авиакеросин толық немесе жартылай құйылса, ал алда ұшу шарттары бойынша СКҚ сұйықтығы қосылған авиакеросинді пайдалануды талап ететін тапсырманы орындау тұрса, онда бұл жағдайда экипаждың немесе авиациялық-техникалық база өкілінің талабы бойынша бактардан қоспасыз отынның бәрін төгу керек және қайтадан СКҚ сұйықтығының тиісті мөлшері қосылған авиакеросин құйылады.
49. ӘК-ге басқа маркалы СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинді үстемелеп құюға рұқсат беріледі.
50. Авиакеросинге СКҚ сұйықтықты құю мөлшерлегіштің көмегімен жүргізіледі. Авиакеросинге сұйықтықты шығыс резервуарларында және Технология жөніндегі ТҚ-да тікелей енгізуге рұқсат етіледі.
СКҚ сұйықтығын ӘК бактарына тікелей қосуға рұқсат етілмейді.
51. СКҚ сұйықтықтары мөлшерлегіші 2-кестеге ескертуде көрсетілген шекте мөлшерлеу дәлдігін тұрақты түрде қамтамасыз етеді.
52. Мөлшерлеу құралдарының жұмысын 10 тәуліктен астам мерзімге тоқтатқан кезде сүзгі, сорғы, құбыр қуысындағы сұйықтықты төгу қажет.
53. СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинді резервуарда немесе ТҚ-да сақтау кезінде қоюлануын бақылау күн сайын (ұшу алдында) жүргізіледі.
54. ӘК-ге басқа маркалы СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинді үстемелеп құюға рұқсат етіледі.
55. Авиакеросинге СКҚ сұйықтықты осы Қағидада көрсетілген мөлшерде қосқан кезде жабық тигельдегі тұтану температурасының 8-12 о С-ге ықтимал төмендеуін қоспағанда,о ның физика-химиялық және пайдалану қасиеттері өзгермейді, ол ақаулық белгі деп есептелмейді.
6. Мұздануға қарсы сұйықтықтар
56. Мұздануға қарсы сұйықтықтар (мысалы, «Арктика-200», «Арктика» және шетелдік маркалы «Туре I», «Туре II», «Туре IV» және басқалар) жерде ұшақтар мен тікұшақтар бетінен мұз түзінділерін (мұзды, қатып қалған қарды, қырауды) алып тастау үшін, сондай-ақ оны жерде мұзданудан қорғау мақсатында ӘК-нің үстіңгі бетін профилактикалық өңдеуге арналады. Сұйықтықтар 80-85 оС температураға дейін қыздырылып қолданылады.
57. Мұздануға қарсы сұйықтықтарды қабылдау, сақтау және арнайы машиналарға беруді ЖЖМҰ жүргізеді.
Арнайы көлік құралдарында мұздануға қарсы ерітінділерді дайындауды инженерлік-авиациялық қызмет жүзеге асырады. ЖЖМ зертханасы инженерлік-авиациялық қызметтің өтінімі бойынша арнайы технологиямен «Туре I», «Туре II», «Туре IV» сапасын бақылауды жүзеге асырады.
58. ӘК-ге жоғарғы май құйған жағдайда, оның үстіңгі бетін мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу авиакеросинді құйғаннан кейін жүргізіледі. ӘК-нің қаптамасына сұйықтықты жаққаннан кейін қаптама тайғақ болады, ӘК-ге қызмет көрсеткен кезде мұны ескеру қажет.
59. Мұздануды алып тастау әдістері:
1) бір сатылы процесс алып тастау және үстіңгі қабатты мұздан, қардан және қыраудан қорғау мақсатында қоршаған ортаның температурасын және ауа райы жағдайларын ескере отырып, мұздануға қарсы сұйықтық пен судың ыстық қоспаның көмегімен жүзеге асырылады.
2) екі сатылы процесс: бірінші саты ыстық су мен мұздануға қарсы сұйықтық пен судың ыстық қоспасының көмегімен жүзеге асырылады және осы өңдеуден кейін 3 минуттан кейін суық қоюлатылған сұйықтықтың немесе мұздануға қарсы сұйықтық пен су қоспасының көмегімен мұзданудың алдын алу үшін жөндеудің екінші сатысы болады.
Екі әдісте де мұздануға қарсы өңдеу ӘК-ның ұшып шығуына неғұрлым жақын уақытта орындалады.
7. Этил спирті
60. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, авиа ЖЖМ-ға талдау жүргізу кезінде, сондай-ақ ӘК-нің мұздануының алдын алу үшін пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес этил спирттері қолданылады:
1) тағамдық шикізаттан ректификат, МемСТ 5962;
2) «А» техникалық маркалы, МемСТ 17299;
3) синтетикалық тазартылған, МемСТ 11547;
4) жоғары және бірінші сортты ректификатталған техникалық, МемСТ 18300.
5) бас фракция (бұрын ЭД сұйықтығы), ОСТ 18-121-73;
6) гидролиздік абсолюттелген ТУ 59-108-73.
8. Тазартылған су
61. ҰПН бойынша Ан-24 және Л-410УВП ұшақтары үшін тазартылған су қоршаған ауаның жоғары температурасы кезінде қозғалтқышқа су бүрку жүйесінде қолданылады.
62. Ұшақтардың бүрку жүйелері бактарына құйылатын тазартылған су өз сапасы бойынша МемСТ 6709 талаптарына сәйкес келуі керек, оның ішінде:
1) тұздың болуы 5 мг/дм 3 (мг/л) артық емес, МемСТ бойынша анықталады, немесе 10 мкСм/см;
2) сутекті иондарының шоғырлануы (рН) - 5,4... 7,0.
63. Тазартылған суды өндіруді, сақтауды, сапасын тексеруді және ұшақтарға құюға беруді инженерлік-авиациялық қызметтің өтінімі бойынша ЖЖМҰ жүзеге асырады.
64. Тазартылған судың сапасын дайындау және бақылау тәртібі осы Қағидаға 11-қосымшада айтылған.
9. Қоймада авиа ЖЖМ сапасының сақталуы
65. Әуежайлар мен әуе компанияларына ЖЖМ мен сұйықтықтарды сатып алу саны мен сақтау мерзімі бойынша нормаланған қормен жасалады. Әуежайлар мен әуе компанияларды отынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарының қоймаларына жеткізілетін пластикалық жағар майлар, гидрожүйелерге арналған сұйықтық, синтетикалық майлайтын майлар массасы 1-20 кг-ға дейін кішкентай ыдыста сақталады. Цистерналарда немесе танкерлерде келіп түсетін отындар, бензиндер, минералды майлар, СКҚ сұйықтықтары, мұздануға қарсы сұйықтықтар металл көлденең және тік резервуарларда сақталады.
66. ЖЖМ-ны сақтаған кезде мамандар шешетін негізгі міндеттер олардың саны мен сапасын сақтауды қамтамасыз етеді. Отында болып жатқан физика-химиялық процестердің күрделі жиынтығы нәтижесінде механикалық қоспалар мен су, шайырлы қоспалар жиналады және жеңіл фракциялардың шығыны болады.
67. Отынды сақтау оны қабылдаудан басталады. Қабылдап алу-тапсыру талдауы орындалғаннан және жеткізушінің паспорты зерделенгеннен кейін май құю мәселесі шешіледі. Сақтауға арналған отын сақтау процесінде ол қойма ішінде қотарылмайтындай жеке резервуарларға құйылу керек. Сақтау кезінде отынның физика-химиялық көрсеткіштерінің өзгеру дәрежесі қотару (араластыру) санына тепе-тең болады. Резервуарларда тоттануға қарсы қорғау болу керек және олардың түбінде шөгінділер болмауға тиіс. Отынды сақтау кезінде оның тазалығын (механикалық қоспалар мен судың болуы), химиялық тұрақтылығын (шайырдың болуы) және буланушылығын (қаныққан будың қысымы, фракциялық құрам) нормалайтын көрсеткіштердің тұрақтылығы азырақ болып табылады.
68. Отындағы механикалық қоспалар мөлшерінің өзгеруі оны дайындаған кезден басталады. Технологиялық жабдық, дайын отынмен түйісетін жуатын су және ауа ластану көздері болып табылады. Технологиялық жабдық отынды тоттану өнімдерінен, нығыздайтын материалдардың, сүзгіштердің, сорғылардың үйкеліс бу материалдарының ыдырау өнімдерімен ластайды.
69. Қатты ластанудың негізгі көздері ауа және металл жабдықтың тоттануы болып табылады. Ауада топырақ, шаң бөлшектері қалқыған күйде болады. Пайдалану қасиеттері тұрғысынан құмды және құмайт топырақты шаң әсіресе зиянды болып табылады. Ол отында жабдық пен отын жүйесінің агрегаттарын тоздыратын кремнийдің қатты тотықтарының болуын арттырады. Шаң ашық түтіктер мен люктерде және резервуарлардың клапандары арқылы ауадан резервуарларға, цистерналарға, бактарға, ыдыстарға түседі.
Резервуарларға түсетін ауаның көлемі толтыру коэффициенті мен резервуар сыйымдылығына байланысты 10-40 м3 -ге жетуі мүмкін. Ауа шаңдануы 0,1 г/м3 болған кезде резервуарларға тәулік сайын 4-10 г шаң түседі. Шаңның 80%-ы отынмен бірге тарату кезінде кетеді, ал қалғаны резервуар түбіне тұнады.
70. Отынның ластану процесі жол бойы мұнай өңдеу зауыттарынан
әуежайдың тазалау жүйесінің сүзгіштеріне дейін жүреді. Әуежайларда отынды құюға дайындау кезінде ондағы ластаушы қатты заттардың мөлшерін орташа есеппен 3 есеге азайту керек. Авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда қабылданған тазалау жүйелері сақталуы тиіс:
1) отынның тұну ұзақтығы бойынша резервуарлар мен ыдыстардағы отынды тұндыру;
2) отынды 3 сүзгіш (үшдүркінді сүзу) арқылы біртіндеп өткізу.
71. Отын сақтау кезінде сумен қанығады. Оның көзі - ауа. Резервуарда қанығу жылдамдығы отынның атмосфералық ауамен түйісу ауданы мен қабаттың қалыңдығына байланысты. Ұзақ сақтау кезінде молекулалық судың фазалық ауысуы нәтижесінде отында эмульсиялық және тұнған су пайда болады. Тұнған суды түбіндегі тұнба бөлігі ретінде мерзімді төгіп тұрады. Отында судың болуы тоттану процестері мен шайыр түзілу процестерін жеделдетеді. Отынның шайырлануына температура айрықша әсер етеді, өйткені бұл құбылыстың негізінде химиялық процестер жатыр.
72. Отынды сақтау мерзімі ЖЖМ-ның әрбір маркасы бойынша, сақтау шарттары мен климаттық белдік жөніндегі нұсқауларда регламенттеледі. Отынды ЖЖМ қоймаларында сақтау мәселелерін шешу кезінде булануды ескеру керек. Реактивті отын тік металл резервуарларда сақталған кезде резервуарлар клапандары арқылы және резервуар бетінің күн жағынан қызуы нәтижесінде неғұрлым жеңіл қайнайтын фракцияларын жоғалтады.
73. СКҚ сұйықтығын суды еріту есебінен сақтаған кезде олардағы парциал қысым нөлге тең. Бұл судың СКҚ сұйықтығы бағытына қарай диффузиялық ауысуын туғызады. СКҚ сұйықтығының сулануын болдырмау үшін оларды герметикалық ыдыста сақтайды. СКҚ сұйықтығындағы судың тіпті азғантай мөлшері электр химиялық құбылыстарды туғызатын электролиттер үшін жеткілікті болады. СКҚ сұйықтықтарын олардың жоғары еру қабілетіне байланысты мырыш жалатылған резервуарларда және лактаулы жамылғысы бар резервуарларда сақтауға тыйым салынады.
1-кесте
Қазақстан Республикасының әуе желілерінде ұшуларды орындайтын ӘК негізгі және қосалқы қуатты құрылғыларында қолдануға рұқсат берілген авиациялық отындардың түрлері мен маркалары
ӘК түрі
|
Авиаотынның
маркасы
|
Газтурбиналы қозғалтқыштары бар ұшақтар
|
РТ
ТС-1
Джет А-1
|
Газтурбиналы қозғалтқыштары бар тікұшақтар
|
РТ
ТС-1
Джет А-1
|
Поршенді қозғалтқыштары бар ұшақтар
|
Б-91/115, Б-92, Б-95
|
Поршенді қозғалтқыштары бар тікұшақтар
|
Б-91/115, Б-92, Б-95
|
2-кесте
ӘК-ге май құю кезінде
СКҚ сұйықтықтарын қосу нормалары
Әк түрі
|
Ұшу әуежайындағы қоршаған ауаның температурасыоС
|
Ұшу ұзақтығы, сағ.
|
Қосылатын СҚҚ сұйықтықтың маркасы
|
Полярлы шеңбер артынан немесе полярлы шеңбер артына ұшу кезінде ұшу әуежайындағы қоршаған ауаның температурасына байланысты емес
|
|
«И»***
|
«И-М»***
|
«И»
|
«И-М»
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
ТУ-134 және оның модификацияла ры, АН-24 және оның модификациялары,АН-26 және оның модификациялары,АН-28, АН-30 және оның модификациялары,Л-410 және оның модификациялары,МИ-2, МИ-6, МИ-8 және оның модификациялары,МИ-10К, МИ-26, КА-32, В-3
|
5 және одан төмен
|
Ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
Сол сияқты
**
|
5-тен жоғары
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
0,1
|
0,1
|
ЯК-40,
ЯК-42
|
40-тан төмен
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
ТУ-154
және оның
модификациялары
|
Қоршаған ауа температурасы мен ұшу ұзақтығына байланысты емес, 2.5.5-тармақта айтылған шарттарды қоспағанда
|
0,3
|
0,1
|
0,3
|
0,1
|
ИЛ-18 және онын модификацнялары
|
5 және одан төмен
|
Ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
5-ке дейін
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
0,1
|
0,1
|
5 және одан артық
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
АН-12 жэне оның модификациялары
|
5 және одан төмен
5-тен жоғары
|
Ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,1
|
0,1
|
0,1
0,2
|
0,1
0,1
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
ИЛ-62,
ИЛ-62М
|
5 және одан төмен
|
Тура жоғарыдағыдай
|
0,2
|
0,1
|
---
|
---
|
5-тен жоғары
|
3-ке дейін
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
---
|
---
|
3 және одан артық
|
0,2
|
0,1
|
---
|
---
|
ИЛ-76Т, ДТ
|
5 және одан төмен
|
Ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,2
|
0,1
|
0,2
|
0,1
|
5-тен жоғары
|
3-ке дейін
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
0,2
|
0,1
|
3 және одан артық
|
0,2
|
0,1
|
0,2
|
0,1
|
«А» мен «ОК» литерлі рейстер орындайтын ӘК, ИЛ-62М және ТУ-154 барлық модификацияларында қоспағанда
«А» мен «ОК» литерлі рейстер орындайтын ӘК, ИЛ-62М және ТУ-154 ұшақтарын ың барлық модификациялары
|
Қоршаған ауа температурасы мен ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
Мұзжарғыштарда орналасатын ГТҚ бар тікұшақтар
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
* Бақылап-өлшеу аппаратураларының дәлдік рұқсатын, сондай-ақ мөлшерлегіштің қателіктерін ескеріп, ӘК-не құюға жіберілетін авиакеросиндер болатын СКҚ сұйықтық мөлшерінің мынадай шектеулері белгіленеді: 0,1 + 0,05; 0,2 + 0,02; 0,3 + 0,03.
ӘК-не құюға арналған авиакеросинде СКҚ сұйықтықтың мөлшері белгіленген шектеулерде нормаланады және құю құралдарынан (ТЭ, ЗА, ЦЭС бағаны) немесе жұмсалатын резервуардан алынған сынама талдауы бойынша анықталады.
** АН-24 (РВ), АН-26 (Б), АН-28, АН-30 (Р), Л-410 (МА, УВП, УВП-3) ұшақтары үшін қоршаған ауа температурасы 5оС-ден жоғары болғанда, ұшып келгеннен кейін сынамада қоқыс отын тұнбасы табылса, онда 0,1 + 0,05% (көлем бойынша) СКҚ сұйықтық қосылған отын үстемелеп құйылады. Егер СКҚ сұйықтық жоқ болса, лай отынды бактан төгіп тастайды және оған СКҚ сұйықтықсыз отын құяды.
*** ҚР әуежайларында ИЛ-62М ұшақтарына май құю осы Қағидаға 2-қосымшаның 38-тармағына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |