Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасын бекіту туралы



бет1/5
Дата12.06.2016
өлшемі354 Kb.
#129873
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 796 Қаулысы


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудің қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 796 қаулысымен
бекітілген  
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасы
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 13-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында (бұдан әрі – ААҰ) авиациялық жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – авиаЖЖМ) мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасын бақылау тәртібін айқындайды.
      2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жанар-жағар май қызметі немесе дербес заңды тұлға – авиаотынымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым ( бұдан әрі – ЖЖМҰ) қамтамасыз етеді.
      3. Азаматтық авиацияның әуе кемелеріне құюға арналған авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтарды сақтауды, құюға беруге дайындауды және олардың сапасын бақылауды жүзеге асыру белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін сертификат негізінде жүргізіледі.
      4. Авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу үшін әуеайлақ аумағында немесе оның маңындағы аумақтарда:
      1) көлік құралдарынан авиаЖЖМ-ді төгуге және ыдыстардағы өнімдерді қабылдауға арналған объектілерді;
      2) құйылған авиаЖЖМ-ді сақтауға арналған резервуарлық паркін;
      3) қоймалық үй-жайларды;
      4) төгу-құю операцияларын жүргізуге арналған сорғы станциясын;
      5) авиаЖЖМ-ді сүзу және су бөлу пункттерін;
      6) құю құралдарына құю пункттерін;
      7) құбыржол коммуникациясын;
      8) автоматтандырылған немесе оңайлатылған орталықтандырылған құю жүйелерін;
      9) құю құралдарын;
      10) авиаЖЖМ зертханаларын;
      11) өрт сөндіру объектілерін;
      12) мұнай аулағыштар мен басқа да көмекші технологиялық объектілер мен пункттерді қамтитын отын құю кешені орналастырылады.
      5. Осы қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) авиаЖЖМ – авиациялық техниканы пайдалану кезінде қолданылатын барлық маркалы отын, май, жағар май және арнаулы сұйықтықтардың жалпы атауы.
      2) сапа паспорты – авиаЖЖМ сапасының көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың оң нәтижелері кезінде ЖЖМ зертханасы беретін құжат және қоймаға қабылданған өнім белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігін және азаматтық авиацияның әуе кемелеріне құюға беруге жарамды екендігін растайды.
2. АвиаЖЖМ және арнаулы сұйықтықтарды сақтау
      6. ЖЖМҰ-да авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықты сақтау авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтың қоймаға түскен және қабылданған кезінен бастап жүзеге асырылады.
      7. Келіп түскен авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтар ААҰ-ның қабылдау немесе шығыс резервуарларында және ыдыс қоймаларында сақталады.
      Кондициялық авиаЖЖМ және арнаулы сұйықтықтарды сақтау мерзімі ӘК-ге құю үшін ағымдағы қажеттіліктермен немесе резервті құру қажеттілігімен анықталады. Резервтік сақтау мерзімі авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтарға техникалық талаптарда айтылған сақтаудың кепілдік мерзімі шегінде белгіленеді.
      8. Ашық зауыт ыдысындағы авиаЖЖМ-ге сақтаудың кепілдік мерзімі қолданылмайды. Пластикалық жағар майларды ашық 150-200 литрлік бөшкелерде сақтауға мұқият араластырылғаннан кейін әр үш ай сайын осы Қағидаға 1-қосымшаның 5-бағанына сәйкес көрсеткіштер бойынша сапаны тұрақты бақылай отырып дайындалған кезден бастап 1,5-2 жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі.
      9. АвиаЖЖМ-ды кепiлдiк мерзiмi iшiнде сақтау кезiнде жеңiл фракциялардың ұшуы, ластануы немесе авиаЖЖМ-нің басқа түрлерiмен (маркаларымен) араласуы, зауыттық ыдыстың саңылаусыздығының бұзылуы есебiнен олардың сапасының өзгеру шарттары ескерiлмеуі тиiс.
      АвиаЖЖМ-нің сапасы мен санын сақтау технологиялық жабдықтың уақтылы қызмет көрсетуін сақтаумен, кондициялық емес авиаЖЖМ-ді бөлек сақтауды жүзеге асырумен, резервуарлардан еркін су мен ластауды жоюмен, ЖЖМ тазалығының деңгейін бақылаумен, саңылаусыз ыдыстың жай-күйін айына кем дегенде бір рет тұрақты қараумен қамтамасыз етіледі.
      10. Ластанған авиаЖЖМ тұндырылуы тиiс. Тұндыруға қажеттi уақыт салмаққа және ластану дисперсиялылығына байланысты болады. Авиациялық керосин құюдың әр метрiне ең аз дегенде 4 сағат, ал авиациялық бензинге 2 сағат тұндыру уақыты талап етiледi.
      11. Сақтау кезінде авиаЖЖМ сапасы сақталымы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес қоймалық бақылау көлемінде оның сапасын тұрақты бақылаумен расталады.
      12. Қоймалық бақылау нәтижелерi қанағаттанарлық болғанда, өнім одан әрі сақталуы немесе құюға берілуі тиіс. Сапа паспортында талдау жүргізілген күн туралы белгі қойылады. Мөлшердің белгіленген шегінде сапаның тексерілетін көрсеткіштерінің біреуі немесе бірнешеуі өзгерген жағдайда, көрсеткіштердің өзгерген мөлшерлері сапа паспортына енгізіледі.
      13. Талдаудың қанағаттанарлықсыз нәтижесiн алғанда, өнiмдi қолдану жағдайларын анықтау үшiн сынамалар іріктеп алынады және қосымша талдау жүргізу үшін олар азаматтық авиацияның базалық зертханасына жiберіледі.
      14. Сақтау мерзімі аяқталғанға дейін стандарттарда немесе техникалық талаптарда белгіленген сақтау шарттарын орындау кезінде ыдыста саңылаусыздықты сақтаған авиаЖЖМ құюға жіберіледі.
      15. Сақтаудың кепiлдiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн ораманың саңылаусыздығы бұзылған немесе өнiмнiң бүлiнгендiгiне күдiк болған кезде сынамалар іріктеп алынады және олар азаматтық авиацияның базалық зертханасына зерттеуге жiберіледі. Өнiмдi өткізу туралы шешiм азаматтық авиацияның базалық зертханасының қорытындылары және ұсынымдары негізінде қабылданады. Шешiм қабылдағанға дейiн өнiм жеке резервуарда сақталады және оның коммуникацияға түсу немесе құю үшін ыдыста беру мүмкiндiгiн болдырмайтын шаралар қабылданады.
3. АвиаЖЖМ-ді құюға беруге дайындау
      16. АвиаЖЖМ-ді құюға беруге дайындау жөніндегі операциялар кешені оның сапасын өнім берушіден қабылданған кезден бастап ӘК-ге құюға дейін ұстауға арналған.
      17. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың кейбір түрлерін қолданудың ерекшеліктері осы Қағидаға 2-қосымшада келтірілген.
      18. Кондициялық өнім ретiнде ӘК жүйелерiнде авиаЖЖМ-ды құюға беруге жіберу үшiн негiздер құжаттармен расталған олардың МЕМСТ-ның (ОСТ, ТУ) авиаЖЖМ-нің осы маркасын дайындау нормаларына сәйкестігі, зертхананың оң қорытындысы, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес олардың операциялық дайындауынан өтуі болып табылады.
      19. АвиаЖЖМ сапасы мен кондициялығын растайтын құжаттар дайындаушының паспорты,сәйкестік сертификаты, ал құю көлiгімен немесе құбыржолдар бойынша жеткiзiлетiн авиаЖЖМ үшiн сапа паспорты мен бақылау талоны болып табылады.
      20. Дайындаушының авиаЖЖМ паспорты авиаЖЖМ-нің осы маркасын дайындауға МЕМСТ-ға (ТУ, ОСТ) кіретін физика-химиялық және пайдалану көрсеткiштерiнiң толық кешенi көлемiнде талдау нәтижелерiн және өнiмінiң осы партиясының МЕМСТ-ға (ТУ, ОСТ) сәйкестiгi туралы қорытындыны қамтиды.Дайындаушының паспорты мен жеткізілетін авиаЖЖМ-нің сәйкестік сертификатын ұсынған авиаЖЖМ өнім берушісі МЕМСТ-да (ТУ, ОСТ) айтылған өнімнің сапасы мен сақталуын, сондай-ақ айтылған сақтау және тасымалдау шарттары сақталған кезде жарамдылық мерзімі үшін жауаптылықта болады.
      21. Сапа паспорты ЖЖМҰ-ның ішкі құжаты болып табылады және қоймаға қабылданған құйылатын өнім белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігін және АА ӘК-ге құюға беруге жарамды екендігін растайды. Сапа паспортын авиаЖЖМ сапасының көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың, өнімге ілеспе құжаттаманы талдаудың оң нәтижелері кезінде ЖЖМ зертханасы береді. Сапа паспорты осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес құю құралдарына авиаЖЖМ беру жүзеге асырылатын әрбір резервуарға ресімделеді. Беруге жарамдылығы туралы қорытындылары жоқ құю өнімдерін әуе кемелері (бұдан әрі – ӘК) жүйелеріне құюға жол берілмейді.
      22. Бақылау талоны әрбір құю құралына және оның ыдысынан немесе ол арқылы ӘК жүйесiне тартылатын авиаЖЖМ-ға берiледi.Бақылау талоны осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.Бақылау талонын ресімдеу үшін негіз сапа паспортының қорытындысы және өнім тазалығын бақылау нәтижелері және құю құралының дайындығы болып табылады. Бақылау талоны ӘК-ге ЖЖМ құю үшін ресми құжат болып табылады. Бақылау талондарын беру осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау талондарын беру журналында тіркеледі.
      23. Темiр жол, теңiз (өзен), автомобиль көлiгiмен немесе құбыржол бойынша түсетiн авиаЖЖМ-ды құюға беруге дайындау бойынша операция:
      1) тасымалдау құралдарынан құю;
      2) резервуарларда сақтау;
      3) сүзу және су бөлу;
      4) сапасы мен тазалығын бақылау;
      5) қоймааралық және қоймаішілік тартулар;
      6) құю құралдарына және орталықтандырылған құю жүйесінің жүйесiне беруді;
      7) судың кристалдануына қарсы сұйықтықтарды (бұдан әрі – СКҚ сұйықтығы) авиациялық керосинге мөлшерлеп енгізуді қамтиды.
      Технологиялық жабдықтар мен техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі регламенттік жұмыстарды жүргізу жоғарыда көрсетілген операциялардың құрамдас бөлігі болып табылады.
      24. Зауыт орамасында түскен авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтарды (гидрожүйелерге арналған жұмыс сұйықтықтарын, пластикалық жағар майлар мен майларды және басқаларды) құюға беруге дайындау бойынша операция:
      1) ыдыстық үй-жайды, қабылдау және сақтау орындарын дайындауды;
      2) зауыттық орамада сақтауды;
      3) сақтаудың кепiлдiк мерзiмi iшiнде тұтынушыға өтінім бойынша беруді қамтиды.
      25. Дайындау бойынша операцияны толық көлемде өтпеген авиаЖЖМ құюға беруге жіберілмейді.
      26. АвиаЖЖМ-ді әуе кемелеріне құюға беруге дайындау бойынша технологиялық операцияларды жүргізу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін нұсқаулықпен, сондай-ақ ААҰ-ның жұмыс технологиясымен және технологиялық нұсқаулықтарымен анықталады.
4. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың сапасын бақылау
      27. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың сапасын зертханалық бақылауды ЖЖМ зертханасы жүргізеді.
      28. Жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылуына байланысты ЖЖМ зертханалары:
      1) базалық зертхана;
      2) 1-ші, 2-ші, 3-ші сыныптағы зертханалар болып бөлінеді.
      29. ЖЖМ-нің базалық зертханасы мынадай:
      1) ААҰ-ның басқа ЖЖМ зертханалары бойынша авиаЖЖМ-нің бақылау сынамаларын талдау нәтижелерін салыстыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
      2) оған бекітілген ЖЖМ зертханаларының авиаЖЖМ сапасын зертханалық бақылауды жүзеге асыруды әдістемелік түрде басшылыққа алу;
      3) ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп авиаЖЖМ сапасын бақылау жөнінде құжаттар (нұсқаулықтар, қағидалар, әдістемелер, оқулықтар, химмотология бойынша ақпараттық парақтар және т.б.) әзірлеу;
      4) 1-ші сыныптағы ЖЖМ зертханасы үшін көзделген көлемде авиаЖЖМ апасын бақылауды орындау;
      5) ААҰ-ның өтінімдері бойынша ЖЖМ зертханаларының персоналын (техник-зертханашыларды) оқыту және тағылымдамадан өткізу;
      6) дербес жұмысқа жіберу мүмкіндігі туралы қорытындымен сынақ қабылдай отырып ААҰ-ның ЖЖМ зертханаларының басшы инженерлерін оқыту және тағылымдамадан өткізу;
      7) авиаЖЖМ сапасын бақылау мәселелері жөнінде ААҰ-ға бекітілген өтінімдер бойынша ЖЖМ қызметінің қызметкерлерін оқыту;
      8) ААҰ-ға келіп түсетін авиаЖЖМ сапасының жекелеген көрсеткіштері бойынша арбитраждық зерттеулер жүргізу;
      9) ЖЖМ сапасына әуеайлақтық бақылау жүргізуді әдістемелік түрде басшылыққа алу;
      10) нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген көрсеткіштер бойынша ӘК жүйелерінен авиаЖЖМ-ге (тиісті қызметтердің сынамаларды беруі бойынша) талдау жүргізу;
      11) қажет жағдайларда авиаЖЖМ сынамаларын және басқа да объектілерді дайындау және азаматтық авиация саласында уәкілетті орган болып танылған ұйымға немесе уағдаластық бойынша шет елдердегі ЖЖМ-нің базалық зертханасына талдауға жіберу;
      12) авиаЖЖМ сапасының нашарлау себептерін талдау және олардың бүлінуін болдырмау жөнінде іс-шаралар әзірлеу жұмыстарын жүзеге асырады.
      30. ААҰ-ның 1-ші сыныптағы ЖЖМ зертханасы мынадай:
      1) авиациялық техникаларды пайдалану кезінде қолданылатын авиаЖЖМ-ге талдау жүргізу;
      2) 2 және 3-ші сыныптағы ЖЖМ зертханаларына бекітілген талдаулар нәтижелерінің қайтарымдылығын салыстыруды жылына кем дегенде бір рет жүргізу;
      3) авивЖЖМ сапасын зертханалық және әуеайлақтық бақылау мәселелері жөнінде бекітілген зертханаларды, тіркелген әуеайлақтарды әдістемелік түрде басшылыққа алу және техникалық көмек көрсету;
      4) ЖЖМ қызметі қызметкерлерін авиаЖЖМ сапасын әуеайлақтық бақылау әдістемелерінің талаптарын орындауға оқыту;
      5) авиаЖЖМ сынамаларын базалық зертханаға талдауға дайындау және жіберу (қажеттілігіне қарай);
      6) нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген көрсеткіштер бойынша ӘК жүйелерінен авиаЖЖМ-ге (тиісті қызметтердің сынамаларды беруі бойынша) талдау жүргізу;
      7) ААҰ-ның өтінімі бойынша ЖЖМ зертханаларының персоналын (техник-зертханашыларды) оқыту және тағылымдамадан өткізу жұмыстарын жүзеге асырады.
      31. 2-ші сыныптағы ЖЖМ зертханасы:
      1) авиациялық техниканы пайдалану кезінде қолданылатын авиаЖЖМ-ге талдау жүргізуді;
      2) авиаЖЖМ сапасын зертханалық бақылау және оларға техникалық көмек көрсету мәселелері жөнінде бекітілген зертханаларды, тіркелген әуеайлақтарды әдістемелік түрде басшылыққа алуды;
      3) ЖЖМ қызметі қызметкерлерін авиаЖЖМ сапасын зертханалық және әуеайлақтық бақылау әдістемелерінің талаптарын орындауға оқытуды;
      4) ААҰ ЖЖМ қоймасына келіп түсетін, сақталатын және берілетін авиаЖЖМ сапасының жай-күйін есепке алуды;
      5) авиаЖЖМ сынамасын (қажеттілігіне қарай) дайындауды және осы зертхана бекітілген зертханаға талдауға жіберуді жүзеге асырады.
      32. 3-ші сыныптағы ЖЖМ зертханасы мынадай:
      1) ААҰ-да қолданылатын авиаЖЖМ-ге талдау жүргізуді;
      2) авиаЖЖМ сапасына әуеайлақтық бақылау жүргізуді әдістемелік түрде басшылыққа алуды;
      3) сынамаларды іріктеп алуды, дайындауды және осы зертхана бекітілген ЖЖМ зертханасына талдауға жіберуді;
      4) келіп түскен өнім маркасының тиеу-жөнелту құжаттарында көрсетілген маркаға сәйкестігін белгілеу мақсатында авиаЖЖМ келіп түскен кезде сапасына кіріс бақылауды жүргізуді жүзеге асырады.
      33. ААҰ ЖЖМ зертханаларының сыныптарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      34. ЖЖМ зертханасының өндірістік үй-жайларына және оларды инженерлік қамтамасыз етуге, сынау және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етуге, авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың сапасына зертханалық талдау үргізу технологиясына талаптар АА-дағы ЖЖМ сапасын талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда белгіленеді.
      35. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтардың сапасын бақылау түрлері: кіріс, қабылдау, қоймалық және әуеайлақтық.
      36. Кiріс бақылауы кез келген көлiк түрімен жеткiзiлген өндiрушiден (өнім берушіден) түскен авиаЖЖМ-ның әр партиясын қоймаға қабылдау кезiнде жүргізіледі және:
      1) түсетiн көлiк құралдары мен ыдыстардың сәйкестiгiн, сондай-ақ ондағы өнiм санының ілеспе құжаттамаға сәйкестігін анықтауға;
      2) келіп түскен құйылатын авиаЖЖМ-ның тазалығын бағалауға арналған.
      Кiріс бақылауының нәтижелерi бойынша түскен өнiмдi қоймаға қабылдау туралы шешiм қабылданады, ол резервуарлық журналға және/немесе ауысымды тапсыру журналына жазылады.
      37. Құйылатын авиаЖЖМ-ды қабылдау бақылауы өнiм партиясын қабылдауды аяқтағаннан кейін және резервуарға басқа партия өнiмiн үстемелеп құйғаннан соң жүргізіледі.
      Қабылдау бақылау:
      1) осы резервуардағы өнiмнiң маркасын тексеруге;
      2) қоймаға тасымалдау немесе қабылдау үдерісінде оны авиаЖЖМ түрлерімен немесе маркаларымен немесе химиялық заттармен араластыруға жол берілмеген басқалармен араластыру нәтижесінде кондиционерлік емес авиаЖЖМ-нің технологиялық үдерісіне тарту мүмкiндiгiн болдырмауға арналған.
      Қабылдау бақылауға осы Қағидаға 1-қосымшаның 5-бағанына сәйкес авиаЖЖМ-нің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау және оның тазалық деңгейін белгілеу кіреді.
      Құю көлiгінде келіп түскен авиаЖЖМ-ды қабылдау бақылаудың қанағаттанарлық нәтижелерi кезінде осы резервуардағы өнім сапасының паспорты қалыптастырылады. Сапа паспорты оны сақтаудың кепілдік мерзімі шегінде резервуардан тексерілген өнімді жаратқанға дейін, бірақ авиациялық отындар, майлар үшін бір жылдан аспайтын уақытқа және СКҚ сұйықтықтары үшін алты айға жарамды болады.
      Қабылдау бақылау нәтижелері бойынша резервуардағы өнімнің беруге жарамдылығы туралы шешім қабылданады.
      38. Қоймалық бақылау авиациялық отын мен авиациялық майлар 6 ай сақталғаннан кейін және осы резервуарда СКҚ сұйықтығы үш ай сақталғаннан кейiн жүргiзiледi.
      Қоймалық бақылау:
      1)сақталатын өнiм сапасының өлшемдерінің өзгеру деңгейiн анықтауға;
      2) өнiмнiң одан әрі сақталуын немесе қолданылуын растауға арналған.
      Қоймалық бақылауға авиаЖЖМ-нің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау және оның тазалық деңгейін белгілеу кіреді. Қойма бақылау нәтижелері бойынша сақтауға жарамдылығы немесе өнімді осы резервуардан құюға беру туралы шешім қабылданады.
      Қоймалық бақылаудың қанағаттанарлық нәтижелері кезінде талдау жүргізу күні көрсетіле отырып, қолданыстағы Сапа паспортына белгі қойылады. Көрсеткіштердің өзгерген мөлшерлері сондай-ақ Сапа паспортына енгізіледі.
      39. Әуеайлақ бақылауы шығыс резервуарынан және нақты құю құралының ыдысынан өнімді қабылдауға жарамды авиаЖЖМ-ді құюға беруге дайындығын растайды.
      Әуеайлақ бақылауының қанағаттанарлық нәтижелері кезінде осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша бақылау талоны ресімделеді. Бақылау талоны осы құю құралы арқылы дайын тұрған авиаЖЖМ-ді ӘК-ге құюға беруге рұқсат берілгендігін растайды. Бақылау талонының жарамдылық мерзімі шығыс резервуарынан өнімді жұмсау мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ өнімнің осы партиясының Сапа паспортының қолданылу мерзімінен аспайды.
      40. Олардың сапасының өзгеру мүмкіндігіне күдік туындаған кезде (сақтау талаптарын сақтамау, жабдықтардың техникалық сипаттарының нашарлауы, қызмет көрсетудің регламенттік мерзімдерін сақтамау) авиаЖЖМ-ді сақтау үдерісінде немесе қолдануға дайындау кезеңінде ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметі басшысының шешімі бойынша сапасын бақылау мерзімінен бұрын жүргізіледі. Бұл жағдайда сынаманы іріктеп алу орны және сапаның бақыланатын көрсеткiштер тiзбесін ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметі басшысы белгілейді.
      41. Қоймаға келіп түскен авиаЖЖМ сапасының МЕМСТ (ОСТ, ТУ) талаптарына сәйкес келмеу немесе сапаның жасырын тапшылығы анықталған кезде ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметі басшысының өтінімі бойынша төрелік бақылау жүргізіледі.
      Төрелік бақылауды әр жағдайда көрсеткiштердiң белгiлi тiзбесі бойынша ААҰ ЖЖМ базалық зертханасы орындайды. Бақылау нәтижелері бойынша ААҰ ЖЖМ базалық зертханасы өнімді қолдану шарттары туралы қорытындымен төрелік талдауды береді.
      42. ӘК жүйелерiнен авиаЖЖМ сапасын бақылау нақты әуе кемесінде нормативтік-техникалық құжаттамалармен белгіленген көрсеткiштер көлемiнде, зерттеу әдiстерiмен және мерзімділігімен ЖЖМ зертханасы жүргізуі мүмкін. Бақылау нәтижелерi бойынша ұсынылған сынаманы зерттеу кезiнде белгіленген өлшемдермен көрсеткіштер талдауы берiледi. Сапа көрсеткіштерін талдау осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      43. АвиаЖЖМ, әуе кемесінің апаттық агрегеттарынан және істен шыққан агрегаттарынан алынған тұнбалардың, шөгiндiлердiң сапасын бақылау өзіне талдамалық химияның стандартталған және аспапты әдiстерiмен зерттеледі және алынған нәтижелердің ӘК жүйелерiнде оны қалыпты пайдалану кезінде және iстен шыққан кезде нақты өнiм сапасының деңгейi бойынша «мәлiметтер банкімен» сәйкестiгiн қамтиды.
      Авиациялық оқиғаны (тосын оқиғаны) тергейтін комиссияның нұсқауы бойынша Тапсырыс берушіге талдаулары бар қорытындыларды бере отырып зерттеу объектілерін бақылауды ААҰ ЖЖМ базалық зертханасы жүргізеді.
      44. Тасымалдау, сақтау және құю құралдарынан авиаЖЖМ сынамалары авиаЖЖМ сапасын анықтау үшін іріктеп алынады.
      ӘК жүйелері мен агрегаттарынан іріктеп алынатын авиаЖЖМ сынамалары олардың тазалығы мен сапасының деңгейін, техникалық қызмет көрсету жөніндегі регламенттік жұмыстардың толық орындалуын және жүйелер мен агрегаттардың пайдалануға дайындығын анықтау үшін іріктеп алынады.
      45. Тасымалдау, құю және авиаЖЖМ қоймаларын технологиялық жабдықтау құралдарынан сынамаларды іріктеп алуды ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметінің техникалық персоналы жүргізеді.
      ӘК жүйелері мен агрегаттарынан алынған сынамаларды іріктеп алуды ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметінің инженерлік-техникалық қызметкерлерін тарта отырып, инженерлік-авиация қызметінің техникалық құрамы жүргізеді.
      46. Сынамалар:
      1) нүктелiк;
      2) бiрiктiрiлген;
      3) түптік болып бөлінеді.
      Нүктелiк сынама - белгiленген іріктеп алу орнынан бiр ретте алынатын сынама.
      Бiрiктiрiлген сынама – МЕМСТ-да белгiленген ара қатынастың нүктелiк сынамаларды араластыру нәтижесiнде жасалған сынама.
      Түптік сынама – ыдыстың төменгі бөлігінен, құю құралының тұндырғышынан, сүзгіден, сүзгi-сепараторынан немесе резервуардың тұнбаны (сифон) төгетiн төменгi кранынан немесе құбыржолынан алынған нүктелік сынама.
      47. АвиаЖЖМ-нің іріктеп алынатын сынамалары маңызды болуы тиiс. Сынамалар маңыздылығына:
      1) осы Қағидада белгіленген орындарында және мерзiмдiлiкпен белгiленген тәсiлмен оның көлемiнiң белгiлi бөлiгiнен авиа ЖЖМ-ның берілген санын алумен;
      2) сынамаларды арнайы дайындалған ыдысқа алумен;
      3) сынамаға қоса берілген құжаттаманың дәйектілігімен және қажетті көлемімен;
      4) тығындау қағидаларын сақтау және зерттеу, сақтау орнына жеткiзумен қол жеткізіледі.
      48. АвиаЖЖМ сынамаларын төгу құрылғысы (отын құю, май құю ыдысының тұндырғыштары, сифондар, резервуарлардың төменгi крандары, тазалау мен су бөлу құралдарының тұндырғыштары) арқылы іріктеп алған кезде алдын ала тұнбаны төгу краны толық ашық кезде бiртектi, бірақ кемінде 0,5 дм3 өнiмнiң пайда болуына дейiн жүргізіледі.
      49. Зертханалық талдауларға арналған сынамалар көлемi авиация керосиндері мен авиация бензиндері үшiн кемінде 1,5 дм3, ал авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтың қалған түрлерi үшiн кемінде 0,7 дм3 құрайды.
      Авиаотындар мен авиациялық майлардың тазалық деңгейiн көзбен шолып тексеру үшiн іріктеп алынатын сынама көлемi 0,5 – 0,8 дм3 құрайды.
      50. Авиа ЖМ сынамаларын іріктеп алу ААҰ ЖЖМ зертханасы дайындаған ыдысқа (ыдыс-аяққа) алынуы тиiс, ол туралы сынаманы іріктеп алу актiсiнде тиiстi белгi қойылады.
      51. Сынамалары бар бөтелкелер тығындармен немесе төсемдерi бар бұрамалық қақпақтармен нығыз жабылады, олардың материалдары авиаЖЖМ-да ерiмейді. Резеңке немесе қабықты қақпақтар қолданылған кезде оларды орау үшiн полиэтилен пленкасы пайдаланылады. Бөтелкенiң мойынын полиэтилен немесе басқа тығыз пленкамен оралады және жетек арқанмен байланады, оның ұштары заттаңба тесiгiне өткiзiледi. Жетек арқанның ұштарын пломбылайды немесе картоннан, ағаштан немесе басқа материалдан жасалған пластинкада сүргіш (мастика) құяды және мөр басады. Бөтелкеге заттаңба жапсыруға жол рұқсат етіледі.
      52. Заттаңбада:
      1) сынамаларды іріктеп алуды есепке алу журналы немесе сынамаларды тiркеу журналы бойынша сынама нөмiрi;
      2) өнiмнiң атауы, маркасы;
      3) резервуар нөмiрi, сынама қандай мөлшерде іріктеп алынғаны, ыдыстар, цистерналар партиясының нөмiрi, кеменің атауы, сынама іріктеп алынған танкiнiң нөмiрi;
      4) сынама іріктеп алынған күн;
      5) өнiмге МЕМСТ (ОСТ, ТУ) атауы;
      6) сынаманы іріктеп алған және мөр басқан тұлғалардың тектері мен қолдары көрсетіледі.
      53. Сынамаларды іріктеп алу осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді.
      54. ӘК-мен авиациялық оқиғалар мен тосын жағдайында авиаЖЖМ сынамаларын іріктеп алу тәртібі осы Қағидаға 8-қосымшада жазылған.
      55. Талдау үшін зертханаға келіп түскен авиаЖЖМ сынамалары осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сынамаларды тіркеу журналында тіркеледі. Талдау үшін басқа зертханаға жіберілген сынамалар осы журналда тіркеледі.
      56. Осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетілген тізбе бойынша авиаЖЖМ сапасының физикохимиялық көрсеткіштерін талдау ЖЖМ зертханаларында орындалады.
      57. АвиаЖЖМ сапасы мен тазалығына талдау жүргізу метрологиялық тексерілген өлшеу және сынау құралдарында жүргізіледі.
      ӘК-ге құюға беруге дайындалған авиаЖЖМ-нің тазалық деңгейiн тексеру отын сапасының индикаторын (бұдан әрі – ОСИ) пайдаланатын ПОЗ-Т құралының (ПЭК-Т индикаторының) көмегiмен жүргізіледі. Авиациялық майлардағы судың мөлшерi көзбен шолып және 1547 МЕМСТ бойынша «тырсылдату» әдiсiмен анықталады.
      АвиаЖЖМ тазалығының деңгейін көзбен шолу арқылы тексеру сынамаларды іріктеп алу орындарында (ЖЖМ қоймаларында, арнайы көліктер тұрағында, ұшу алаңдарында) жүргізілуі мүмкін.
      Авиаотынның тазалығы іріктеп алынған сынамасы бар әйнек цилиндрдi (арнаулы ыдыстарды) жарық сәулесiне қарата отырып, көзбен шолып тексередi. ОСИ көмегiмен тазалықты тексеру әдiстемесi осы Қағидаға 10-қосымшада келтiрiлген.
      Майда механикалық қоспалардың болмауы таза құрғақ шыны ыдысқа алынған және 1:4 ара қатынасында Б-70 бензині немесе С-50/170 Нефрас қосылған сынамада тексеріледі.
      58. АвиаЖЖМ сапасының физика-химиялық көрсеткiштерiнiң талдау нәтижелерi, егер олардың мөлшерi рұқсат ету шегiнiң мөлшерiнен аспаса, қанағаттанарлық деп саналады.
      Тазалық тексерудің қанағаттанарлық нәтижелерi: көзбен шолып тексеру кезiнде көрiнетiн ластау бөлшектерiнің, мұз кристалдарының, су тамшыларының болмауы және/немесе ОСИ-дің сары қабатында кем дегенде екi көкшiл дақтың, ал ақ қабатында із бақылаудағыдан ашықтау болуы болып табылады.
      59. ЖЖМ зертханасы орындаған сынамалардың талдау нәтижелерi осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Талдауларды тіркеу журналына енгізіледі. Талдаудың реттiк нөмірі талдауға келіп түскен сынаманың нөмiрi бойынша сынамаларды тiркеу журналына жазылады.
      Журналдың «Қорытынды» деген бағанында «АвиаЖЖМ түрi беруге жарамды немесе жарамсыз» деп жазылады.
      Май қоспаларын немесе СКҚ сұйықтықтары қоспаларын талдау кезiнде май қоспасының маркасы немесе СКҚ сұйықтықтары қоспасының құрамы көрсетіле отырып, «Қоспа нормативтерiне сәйкес келедi (сәйкес келмейдi)» деп жазылады.
      Қорытындыға талдауды орындаған техник-лаборант және зертхананың инженер-басшысы немесе оған ААҰ басшысының өкімімен осы мiндеттер жүктелген басқа жауапты тұлға қол қояды.
      60. Сынамаларға талдау жүргізу кезiнде жазбалар мен есептеулер техник-зертханашылардың жұмыс журналында жазылады. Бұл жазбаларды жеке парақтарда жүргiзуге жол берілмейді.
      61. Жаппай анықтаулар (авиациялық керосиндегi СКҚ сұйықтығының құрамын, авиамайларда судың болмауын тексеру) нәтижелерiн жазу үшiн бөлек журналдар жүргiзуге рұқсат етiледi. Арнаулы сұйықтықтарға арналған журналдың нысаны осы Қағидаға 11-қосымшада келтiрiлген.
      62. Қабылдау бақылау көлемiнде авиаЖЖМ сапасын талдаудың қанағаттанарлық нәтижелерi кезінде ЖЖМ зертханасы Сапа паспортын береді. Сапа паспортына зертхана басшысы (немесе оны ауыстыратын тұлға), талдауларды жүргiзген орындаушы қол қояды және зертхананың немесе ЖЖМҰ-ның мөрiмен расталады.
      63. ӘК жүйесiнен алынған авиаЖЖМ-ді талдау авиаЖЖМ-нің барлық техникалық өлшемдері бойынша жүргізіледі. Егер бақыланатын өлшемдердің көлеміне қол жеткізілмеген жағдайда сынамалар АА-ның базалық зертханасына зерттеуге жіберіледі.
      64. АвиаЖЖМ зертханасында жұмсалатын және сақталатын авиаЖЖМ-ге берілген талдаулардың, сондай-ақ уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мен қону алаңшаларына берілген авиаЖЖМ талдауларының жарамдылық мерзімдеріне бақылау кестесі жүргізіледі.
      65. АвиаЖЖМ-ды уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мен қону алаңшаларына жіберу кезiнде ЖЖМ (ЖЖМҰ) қызметі басшысының қолымен және мөрімен расталған жiберушi ұйымның ЖЖМ зертханасы Сапа паспортының көшірмесін береді.
      66. Сынамаларды іріктеп алу актiлерi, сапа паспорты сәйкестік сертификаттары, дайындаушының (өнім берушінің) паспорты, авиаЖЖМ-нің әр топтамасынан бір-бір дана өнімнің осы топтамасы жұмсалғаннан кейін кем дегенде үш ай ішінде зертханада сақталады.
      67. Техник-зертханашылардың ауысымдық жұмысы кезiнде зертханада ауысымдарды тапсыру журналы жүргiзiледі, онда еркiн түрде мынадай деректер:
      1) келіп түскен авиаЖЖМ және оның сапалық жай-күйі;
      2) ауысым аяғында аяқталмай қалған сынамалар талдауы;
      3) беру жүргізілетін авиаЖЖМ маркалары бойынша шығыс резервуарларының нөмiрлерi;
      4) авиаЖЖМ-ға берiлген талдау нөмiрлерi;
      5) зертханалық жабдықтың жай-күйi жазылады.
      68. Тазартылған суды дайындау және сапасын бақылау тәртібі осы Қағидаға 12-қосымшада келтірілген.
Қазақстан Республикасының азаматтық
авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай
материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың,
құюға беруге дайындаудың және олардың
сапасына бақылау жүргізудің қағидасына
1-қосымша

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет