Отын сапасы индикаторымен авиаотын тазалығының деңгейін анықтау әдістемесі
Авиациялық отындарда эмульсиялық су мен механикалық қоспаларды анықтау (бейнелеу) ПОЗ-Т (ПЭК-Т индикаторы) құралының көмегімен ол арқылы өнім сынамасын өткізген кезде отын сапасы индикаторы (бұдан әрі - ОСИ) түсінің өзгеруіне негізделеді. ОСИ азаматтық авиацияда қабылданған авиаотын тазалығының нормаларға сәйкес келетін 0,001-0,003% салмағы шегіндегі эмульсиялық судың және 0,0002 0,0003% салмағы шегіндегі механикалық қоспалардың болуына ден қояды.
1. Авиациялық керосиндер
ОСИ индикаторы ПОЗ-Т құралы (ПЭК-Т индикаторы) қысқышының жылжымалы бөлігіне ақ жағымен қойылады. Авиакеросин сынамасы бар ыдыстан (банкіден, сынама іріктеп алушыдан) ПОЗ-Т құралымен немесе ПТЭК-Т индикаторымен бұрама тұтқасын сағат тіліне қарсы жиегіне дейін айналдыра отырып 7-10 с ішінде сорып алынады. 3-5 с. ішінде ұсталады.
Ауаны соруды болдырмау үшін сору үдерісінде қысқыш отынға толық батырылуы тиіс.
Авиакеросинді сору мен ұстау аяқталған соң ОСИ қысқыштан алынады, ашылады және бақылау іздерімен карточканың ақ түстінде қаралады.
Анықтау нәтижесі олардың баяу қарқындылығы тиісті (жоғарғы) бақылау ізінен (механикалық қоспа индикациясы) ақшылдау болатын индикатордың сары қабатында кем дегенде екі көгілдір дақ (эмульсиялық су индикациясы) және ақ қабатында үш ақшыл қоңыр дақ болған кезде қанағаттанарлық болып саналады.
Егер СКҚ сұйықтығымен авиакеросин тазалығының деңгейін анықтау кезінде ОСИ-дің сары қабатында үш көгілдір дақ пайда болса, онда СКҚ сұйықтығынсыз авиакеросиннің сулану деңгейі, судың құрамы және авиакеросиндегі СКҚ сұйықтығының құрамы тексеріледі. Барлық талдаулардың қанағаттанарлық нәтижелері кезінде авиакеросинді ӘК-ге құюға беруге жол беріледі.
2. Авиациялық этилденген бензиндер
Авиабензиндердің ластануы авиакеросиндермен ұқсас анықталады, тек айырмашылығы ОСИ-дің ақ қабатында із жоғарғы бақылаудан қаралау (механикалық қоспалар бойынша ақау белгісі) болып көрінген кезде қысқыштың жылжымалы бөлігіне сары жағымен қойылған ОСИ арқылы сынама қайта сорылады. Бұл жағдайда авиабензиннің механикалық қоспалармен және сумен ластану деңгейі ОСИ-дің сары қабатындағы іздер бойынша анықталады.
ОСИ-дің ақ қабатындағы қара дақтар әрқашан механикалық қоспалардың болуын куәландырмай, индикатордың ақ қабатына сіңірілген тұз бен антидетонатор арасындағы химиялық өзара әрекеттестік салдары болып табылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтық
авиация ұйымдарында авиациялық
жанар-жағармай материалдары
мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың,
құюға беруге дайындаудың және
олардың сапасына бақылау
жүргізудің қағидасына
11-қосымша
Жұмыс сұйықтықтарын талдау нәтижелерін тіркеу журналы
Сынамалардың нөмірі
|
Іріктеп алу күні
|
Іріктеп алу орны
|
Атауы
|
20оС кезіндегі тығыздығы г/смЗ
|
Қайнау алдындағы температурасы оС
|
50оС, кезіндегі тұтқырлығы сСт,
|
Қышқыл саны, Мг/г
|
Судың кұрамы, % (болуы, болмауы)
|
ОТ-ның оталу температурасы оС
|
Механикалық қоспалар, %
|
Механикалық қоспалар,(болмауы, болуы)
|
Сырткы түрі
|
Талдауды аяқтау күні
|
Қорытынды
|
Тех. зертханашының,зертхана басшысының қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Авиа майларды талдау нәтижелерін тіркеу журналы
Сынамалдардың нөмірі
|
Іріктеп алу күні
|
Іріктеп алу орны
|
АвиаЖЖМ нің атауы
|
20оС кезінде гі тығыздығы г/смЗ
|
50оС, кезіндегі тұтқырлығы сСт
|
100оС, кезіндегі тұтқырлығы, сСт
|
Қышқыл саны, Мг/г
|
ОТ-ның оталу температурасы,оС
|
ЗТ-ның оталу темпера турасы, оС
|
Судың құрамы, % (болуы, болмауы, отс.)
|
Механикалық қоспалар, %
|
ВКЩ
|
Талдауды аяқтау күні
|
Қорытынды
|
Тех. зертханашының, зертхана басшысының қолы
|
Авиаотынды талдау нәтижелерін тіркеу журналы
Сынамалардың нөмірі
|
Іріктеп алу күні
|
Іріктеп алу орны
|
А/о атауы
|
20 оС кезінде гі тығыздығы г/см3
|
Қайнау алдындағы темпера турасы, оС
|
10%,
оС қайнау Т
|
50%,
оС қайнау Т
|
90%,
оС қайнау т
|
98%,
оС қайнау Т
|
20о С,
к езіндегі тұтқыр лығы сСт
|
Қышқылдығы Мг/см3
|
ЗТ оталу температурасы,оС
|
ВКЩ
|
Мех/қоспа, су (болуы, болм.)
|
Нақты шайырдың шоғыр л. мг/см3
|
Кристалд. баст. температурасы,оС
|
Сумен өзара әсері
А B
|
Талдауды аяқтау күні
|
Қорытынды
|
Тех зертханашының,зертхана басшысының қолы
|
СКҚ сұйықтығын талдау нәтижелерін тіркеу журналы
Сынамала дың нөмірі
|
Ірі ктеп алу күні
|
Ірікт еп алу орны
|
АвиаЖЖМ-нің атауы
|
20оС кезіндегі тығыздығы г/смЗ
|
Сыртқы
түрі
|
Сыну көрсеткіш і,
Сыну көрс. бірл.
|
Судың кұрамы
%
|
Еритін ластаулардың болуы Бөлін/бөлін. жоқ
|
Механикалық қоспалар (болуы, болм.)
|
Еритін қосу металдардың құрамы (бөлін/бөлін жоқ)
|
Талдауды аяқтау күні
|
Қорытынды
|
Тех-зертханашының, зертхана басшысының қолы
|
Тазартылған суды талдау нәтижелерін тіркеу журналы
Сынамалардың нөмірі
|
Іріктеп алу күні
|
Іріктеп алу орны
|
Тұздардың мөлшері, Мг/дм3
|
рН,
рн
|
Қорытынды
|
Тех.- зертханашының, зертхана басшысының қолы
|
Сынамалардың нөмірі
|
Іріктеп алу күні
|
Іріктеп алу орны
|
Тұздардың мөлшері, Мг/дм3
|
рн, рн
|
Қорытынды
|
Тех.- зертханашының, зертхана басшысының қолы
|
ПОЖ талдау нәтижелерін тіркеу журналы
Сынамалардың нөмірі
|
Іріктеп алу күні
|
Іріктеп алу орны
|
ПОЖ атауы
|
рН, рН
|
Сыртқы түрі
|
20оС, кезіңдегі тығыздығыг/см3
|
Сыңу көрсеткіші,
Сыну көрс.бірл.
|
Механикалық қоспалар(болуы, болм.)
|
Брукфильд бойынша кинематикалық тұтқырлығы, мпа/сек ч.
|
Талдауды аяқтау күні
|
Қорытынды
|
Тех.-зертханашының, зертхана басшысының қолы
|
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиация ұйымдарында
авиациялық жанар-жағармай
материалдары мен арнаулы
сұйықтықтарды сақтаудың, құюға
беруге дайындаудың және олардың
сапасына бақылау жүргізудің
қағидасына 12-қосымша
Қозғалтқышқа бүрку жүйесімен жабдықталған ұшақтарға беру үшін тазартылған суды дайындау және сапасын бақылау тәртібі
1. Тазартылған суды өндіру және сақтау
1. Тұтынушы ұйымдарда тазартылған суды өндіру өнеркәсіп шығаратын ЭД-90 электротазартқыштардың, ПД-26, ПД-400 булытазартқыштардың, Д-4, Д-25 тазартқыштардың және басқалардың негізінде ұйымдастырылады. Тазартылған суды өндіру үшін судың сапасы Қағиданың 68-тармағында айтылған талаптарға сәйкес келген жағдайда ионалмасу қондырғыларын пайдалануға жол беріледі.
2. Тазартылған суды өндіруге арналған жабдық, сондай-ақ оны жинау мен сақтауға арналған стационарлық сыйымдылықтар тазартылған суға шаң мен атмосфералық жауын-шашындардың түсуін және тікелей күн сәулелерінің әсерін болдырмайтын жағдайларда орналастырылады және пайдаланылады.
Тазартылған суды өндіру пункттерінің үй-жайлары сумен жабдықтау, электр энергиясы, сондай-ақ желдеткіш пен кәріз көздерімен жабдықталады.
3. Тазартылған суды жинау мен сақтау үшін мынадай ыдыстарды:
1) полиэтиленнен немесе полиэтилен жабыны бар бактар, цистерналар мен конистраларды;
2) АМЦМ материалдарынан жасалған бактар мен цистерналарды;
3) тамақ енеркәсібі үшін шығарылатын алюминий бактар мен цистерналарды;
4) эмалданған бактар мен цистерналарды;
5) шыны бөтелкелерді қолдануға рұқсат етіледі.
Тазартылған суды сақтауға арналған ыдыстарды саңылаусыз жабады және дренажбен, төгу краны бар тұндырғышпен, сондай-ақ су деңгейінің көрсеткішімен жабдықтайды.
4. Суды стационарлық ыдыстардан құю агрегатына қотару үшін ПНВ-2 немесе ЭЦН-104 түріндегі сорғыштан, 12ТФ29СН немесе 12ТФ15СН сүзгіден және тарату кранынан тұратын сорғыш қондырғы қолданылады.
Тарату магистралінің құбыржолдары АМЦМ немесе резеңке материалдан жасалынады.
Тарату жүйесі жұмыс істемеген кезде су резеңке шлангіден ағытылады. Резеңке шлангілерді тұрақты толтыруға тыйым салынады.
Тазартылған суды жұмыс істейтін дистиллятордан ыдысқа жіберу АМЦМ материалынан немесе тоттанбайтын болаттан жасалған жабық құбыржол бойынша жүзеге асырылады.
Тарату кранының ұштары мен ыдыстың құймалы мойындықтары шаңнан брезент жабқыштармен қорғалады.
Тазартылған суды сақтауға 15 тәулік бойына рұқсат етіледі, оның аяқталуы бойынша пайдаланылмаған су ағызылады.
2. Сапаны бақылау
1. Ұшақтардың бүрку жүйесіне беруге арналған тазартылған судың сапасы осы Қағиданың 2-қосымшасының 48-тармағында келтірілген көрсеткіштер бойынша бақыланады.
Тазартылған судағы тұз мөлшері ЛС-4 маркалы зертханалық түзелшемнің, ЛК-563М кондуктометрдің немесе сол дәлдікпен көрсеткіштердің өлшемін қамтамасыз ететін басқа марканың көмегімен анықталады.
Сутегі иондарының шоғырлануы шыны электродпен немесе рН-метрмен ионометрлердің (патенциометрлердің) көмегімен анықталады.
2. Тазартылған судың сынамаларын іріктеп алу үшін ЖЖМҰ дайындаған полиэтилен тығындарымен тығыз жабылатын полиэтилен немесе шыны ыдыс қолданылады. Полиэтилен пленкасынан жасалған төсемі бар резеңке және қабық тығындарды пайдалануға рұқсат етіледі.
Сынама алу алдында ыдыс пен тығынды мұқият жуу қажет, ал содан соң талдау үшін іріктеп алынған тазартылған сумен кем дегенде 3 рет шаю қажет.
Талдаулар үшін сынамаларды: су сақтау стационарлық ыдысынан ЖЖМ қызметкерлері, құю құралдары ыдыстарынан ИАҚ қызметкерлері әр толтырудан немесе ыдысқа құюдан кейін және жұмсалған кезінде тәулігіне 1 рет іріктеп алады.
Сынамаларды іріктеп алу суды стационарлық сақтау ыдыстарына сынама іріктеп алу және төгу крандары арқылы немесе құю агрегаттарының тарату крандарынан шығатын жерде жүргізіледі. Су сынамасын іріктеп алу сәтінде ол шаңмен және атмосфералық жауын-шашынмен ластанбауы тиіс.
3. Сынамалар ЖЖМ зертханасында арнайы журналда тіркеледі. Осы журналда тазартылған су сынамасының талдау нәтижелері жазылады.
Тазартылған су сынамасының сапасын талдау журналында жазылған зерттеулер нәтижелерінің оң қорытындысы негізінде белгіленген нысан бойынша жазылып беріледі.
Тазартылған суға талдау оны құю агрегатына беру үшін негіз болып табылады.
3. Сақтау мен құю құралдарын дайындау және бақылау
1. Сақтау, құю құралдарын дайындау:
1) су сақтауға арналған ыдыстарды және құю ыдыстарын маусым алдында және тоқсанына кем дегенде 1 рет мерзімді жууды;
2) сүзгілерді мерзімді тексеруді және жууды;
3) сақтау және құю құралдарын жоспарлы (алдын-ала)жөндеуді қамтиды.
2. Ыдыстардың барлық түрлерін маусым алдында да, мерзімді де жуу ыстық, содан соң тазартылған сумен жүзеге асырылады.
Мүмкіндігінше ыдыстар буландырылады, ал конденсант тұндырғыш арқылы ағызылады.
3. Жуу аяқталғаннан кейін ыдыс жаңа тазартылған сумен толтырылады және тәулік бойына ұсталады. Тұз мөлшері мен сутегі иондарының (рН) шоғырлануына суды талдаудың оң нәтижелері кезінде ыдыс одан әрі пайдалану үшін жарамды болып саналады. Керісінше болған жағдайда жұмыстың бүкіл циклы қайталанады.
4. СҚА технологиялық жабдықтарының жай-күйін бақылау ұшақтарға құюға рұқсат ету ОҚ және МҚ үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ЖЖМ зертханасы____________________________________
АА ұйымының атауы
20___жылғы "___"______________
______________________________________тазартылған суға
Резервуардағы, ыдыстағы, СҚА-дағы №____
№_____Талдау
С/р №
|
Көрсеткіштердің атауы
|
Нормасы
|
Нәтижесі
|
1
|
Тұз мөлшері, мг/дм3 (мг/л)
|
|
|
2
|
Сутек иондарының шоғырлануы (рН)
|
|
|
Қорытынды: "Су беруге жарамды"
ЖЖМ зертханасының басшысы__________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Техник-зертханашы__________________________
(қолы, Т.А.Ә)
20__жылғы "___"_______________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |