Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету


Метеорологиялық бақылаулар және мәліметтер



бет2/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#128397
1   2   3   4   5   6   7

3. Метеорологиялық бақылаулар және мәліметтер
1. Метеорологиялық бақылауларды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар
42. Авиациялық метеорологиялық станциялар белгіленген уақыт аралықтары бойынша бақылауларды жиі жүргізеді. Жер бетіндегі жел ҰҚЖ көріну алыстығы, бұлт және (немесе) ауа температурасы белгілі бір өзгерген жағдайда әуеайлақтардағы тұрақты бақылаулар қосымша арнайы бақылаулармен толықтырылады.

43. Ұшу алаңының жұмыс учаскелері үшін сипатты мәліметтерді ұсыну үшін қамтамасыз етуге арналған пункттерде бақылаулар жүргізіледі. Сонымен қатар ауа райы құбылыстарын визуалды бақылау орнынан ұшу алаңының көрінуі қамтамасыз етілуі тиіс.

44. Бақылаулар әуеайлақта және оның шегінен тыс таратылуға тиісті мәліметтерді құрудың негізі болып саналады.

45. Метеорологиялық элементтердің кеңістікте және уақытта өзгертілуіне, сондай-ақ бақылау әдісінің және кейбір элементтерді белгілеу әдісінің жетілдірілмегеніне байланысты мәліметті алушы бақылау сәтінде нақты жағдайларға барынша жақындатылып көрсетілген кез келген мәліметте элементтің нақты мәнін қарайды.

46. ЖӘЖ әуежайларында метеорологиялық органдар жоқ, ауа райын бақылауды бақылауларды өндеу және метеорологиялық жабдықтарды пайдалану үшін дайындықтан өткен және рұқсат алған авиациялық пайдаланушылардың мамандары қамтамасыз етеді.

47. Тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету үшін теңіз кемелерінде және бұрғылау алаңдарында бақылауларды қажетті дайындықтан өткен тиісті ведомстволардың мамандары жүргізеді.

48. ҰҚЖ бар әуеайлақтарда, әуе кемелерінің қонуларын қамтамасыз ететін ИКАО II және III санаты бойынша құралдар бойынша автоматтандырылған бақылап-өлшегіш жүйелер және желдің, көрінудің, ҰҚЖ көріну қашықтығының, бұлттылықтың төменгі шекарасының биіктігін, ағымдағы ауа райының және шық нүктесінің және атмосфералық қысымның көрсеткіштердің қашықтықты индикаторы орнатылады.

49. Осы көрсетілген қондырғы әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына әсер ететін метеорологиялық параметрлерді шынайы уақытта алу, өңдеу, тарату және көрсету жүйесінің автоматтандырылған кешенін білдіреді.

50. Кешенді автоматтандырылған жүйелерді пайдалануда, автоматтық жүйелер көмегімен анықталмайтын метеорологиялық элементтер үшін аталған бақылауларды қолмен енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

2. Тұрақты және арнайы бақылаулар және мәліметтер


51. Әуеайлақтарда тұрақты бақылаулар уақыттың тең аралықтарында жүргізіледі; ұшу кезеңінде аралығы 30 минут (әр сағаттың 00 мен 30 мерзімінде), ұшулар болмаған кезде аралығы 1 сағат.

52. Ұшулар болмаған кезде метеорологиялық ақпаратты пайдаланушылар қосымша бақылау өткізуді сұрайды.

53. Әуеайлақта және ЖӘЖ қону алаңдарында тұрақты бақылаулар авиациялық пайдаланушылардың келісімі бойынша ұшулардың барына қарамастан 1 сағат аралығымен жасалуы мүмкін.

54. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуеайлақтарда бақылаулар ұшулар кезінде ғана жүргізіледі. METAR тұрақты ауа райы мәліметтері (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы METAR (бұдан әрі – METAR) уәкілетті метеорологиялық органның тапсырмасына сәйкес және ӘҚҰ органдары қойған талаптарын ескере отырып, әуеайлақта ұшулар басталғанға дейін шығарылады.

55. Тұрақты бақылаулардың нәтижелері туралы мәліметтер мынадай түрде шығарылады:

1) мәліметтерді жасау тек әуеайлақта таратылатын жергілікті тұрақты мәліметтер (ұшып қонатын және ұшып кететін әуе кемелері, ATIS немесе D-ATIS радиохабарлар тарату үшін арналған);

2) мәліметтерді жасау әуеайлақтың шегінен тыс таратылатын SPECI мәліметтері (ұшуларды жоспарлау және VOLMET радиохабарлар немесе D-VOLMET хабарламасы үшін арналған).

56. АTIS және VOLMET радио хабар тарату станцияларына ӘҚҰ органдарының диспетчерлік пункттеріне таратуға арналған тұрақты мәліметтер METAR кодының терминологиясында қабылданған қысқартулармен ашық мәтінмен хабарландырылады.

57. Арнайы бақылаулар тұрақты бақылауларға толықтыру ретінде жүргізіледі. Арнайы бақылауларды жүргізу өлшемдерінің тізбесін әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен, пайдаланушылармен және басқа мүдделі тараптармен келісу бойынша уәкілетті метеорологиялық орган жасайды.

58. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуеайлақтарда қажет болған жағдайда METAR мәліметтерінің шығарылымы қайта жаңартылғаннан кейін арнайы метеорологиялық SPECI мәліметтері (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы SPECI (бұдан әрі – SPECI) шығарылады.

59. Арнайы бақылаулардың нәтижелері туралы мәліметтер мынадай түрде шығарылады:

1) жергілікті арнайы мәліметтер – мәліметтерді жасау әуеайлағында тарату үшін ғана (ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері үшін арналған);

2) SPECI мәліметтері – мәліметтерді жасау әуеайлағының шегінен тыс тарату үшін (ұшуларды жоспарлауға, радиохабарлар VOLMET немесе D-VOLMET хабарламасы үшін арналған).

60. Жергілікті арнайы мәліметтерді шығару үшін өлшемдердің тізбесі мыналарды қамтиды:

1) осы әуеайлақты пайдаланатын пайдаланушылардың пайдалану минимумына сәйкес өлшемдер;

2) ӘҚҰ органдарының және пайдаланушылардың жергілікті талаптарын қанағаттандыратын өлшемдер;

3) ауа температурасының бастапқы мәні (әрбір нақты әуеайлақ үшін анықталады);

4) қонуға бет алу және пайда болатын биіктікті алу аймақтарында ерекше метеорологиялық жағдайларға қатысты қолда бар қосымша ақпарат, оның ішінде түйдек-жаңбырлы бұлттар немесе найзағайдың, орташа немесе қатты турбуленттіліктің, бұршақтың, алдынғы шептегі қатты дауылдың, орташа немесе қатты мұзданудың, мұзданатын жауын-шашынның, қатты тау толқындарының, шаң және құм дауылының, боранның, құйғыш түріндегі бұлттардың (торнадо немесе су құйыны) орналасқан жері;

5) SPECI мәліметтерін жасау үшін өлшемдер болып табылатын көлемдер.

61. SPECI мәліметтері мынадай өлшемдерде өзгерістер болған жағдайда шығарылады:

1) жерге жақын желдің орташа бағыты 60 градус өзгертсе немесе соңғы мәліметте көрсетілген бағытымен салыстырғанда одан да астам болса және (немесе) өзгерілгеннен кейін 5 м/с немесе одан астам құрайтын болса;

2) жерге жақын желдің жылдамдығы соңғы мәліметте көрсетілген жылдамдықпен салыстырғанда 5 м/с немесе одан астам өзгертсе;

3) жерге жақын желдің орташа жылдамдығынан ауытқу көлемі соңғы мәліметте көрсетілген көлеммен салыстырғанда 5 м/с немесе одан да асса, осының барысында өзгергенге дейінгі және өзгертілгеннен кейінгі орташа жылдамдық 8 м/с немесе одан астам құрайтын болса;

4) желдің өзгерістері пайдалану тұрғысынан маңызды мәндерден артса; шекті көлемдерді ӘҚҰ органымен және мүдделі пайдаланушылармен келісіп, уәкілетті метеорологиялық орган желдің өзгерістерін ескере отырып, белгілейді. Жел өзгерістері:

қолданыстағы ҰҚЖ ауыстыруды талап етеді;

ҰҚЖ желдің қуалай соғатын және бүйірден соғатын компоненттерінің өзгеруі осы әуеайлақта ұшуларды орындайтын типтік әуе кемелері үшін негізгі пайдалану шектері болып табылатын мәндерден артатынын куәландырады.

5) көріну жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе артады немесе көріну нашарлайды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен нашарлау болады:

800, 1500 немесе 3000 метр;

ұшуларды орындау жағдайында шолу ұшулардың қағидалары бойынша 5000 метр.

6) ҰҚЖ көріну қашықтығы жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе артады немесе ҰҚЖ көріну қашықтығы нашарлайды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен кем болады: 150, 350, 600 немесе 800 метр;

7) ауа райының мынадай құбылыстарынан кез келгендерінің басталу, тоқтатылу немесе өзгеру жағдайы;

мұзданатын жауын-шашын;

қатты (көріну 1000 метрден аз) немесе орташа жауын-шашын, оның ішінде нөсерлі түрі;

(жауын-шашынмен) найзағай;

шаңды дауыл;

құмды дауыл;

8) ауа райының мынадай құбылыстарының кез келгенінің басталу немесе тоқтатылу жағдайы;

мұз кристалдары;

қататын тұман;

шаңды, құмды немесе қарлы сырма;

шаңды жаяу боран, құмды жаяу боран, қарлы жаяу боран;

найзағай (жауын-шашынсыз);

дауыл;

құйғыш түріндегі бұлт (торнадо немесе құйын).



9) BKN, OVC астам саны барысында бұлттардың төменгі қабатының төменгі шегінің биіктігі ұлғаяды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен артады немесе BKN немесе OVC бұлттардың төменгі қабатының төменгі шегінің биіктігі азаяды немесе мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен кем болады:

30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);

450 метр – шолу ұшулардың қағидалары бойынша маңызды санын орындау жағдайында.

10) 450 метр (1500 фут) төмен қабатта бұлттардың саны өзгереді:

SCT-тен немесе BKN кем немесе ОVC дейін;

BKN немесе OVC-тен кем SCT дейін;

11) аспан жабық және тік көріну жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе артады немесе тік көріну нашарлайды және мына мәндердің бірінен кем болады: 30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);

12) таулардың, шоқылардың және басқа биік кедергілердің ашылуы, жабылуы;

13) нақты әуеайлақтың пайдалану минимумында негізделген және уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушы арасында келісілген кез келген өлшемдер.

Жергілікті арнайы мәліметтер пайдаланушылардың және басқа әуеайлақтың тұтынушылардың қарауына ұсынылады.

62. Арнайы мәліметтерді ұсынуға әуеайлақтан 200 километр қашықтықта орналасқан метеорологиялық станциялар тартылу мүмкін.

63. Әуеайлақ метеорологиялық органының басшысы жыл сайын уәкілетті метеорологиялық органға тартылатын метеорологиялық станциялардың, мәліметтерді шығару үшін өлшемдерді, тарату үшін байланыс құралдарының тізбесін және басқа талаптарды ұсынады.


3. Мәліметтердің мазмұны және нысаны
64. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге және METAR мен SPECI мәліметтеріне көрсетілген тәртіпте мынадай элементтер енгізіледі:

1) мәлімет түрінің көрсеткіші;

2) орналасу жерінің индексі;

3) бақылау мерзімі;

4) автоматтандырылған немесе жоғалып қалған мәліметтің көрсеткіші;

5) жерге жақын желдің бағыты мен жылдамдығы;

6) көріну;

7) қажет болған жағдайда ҰҚЖ көріну қашықтығы;

8) ағымдағы ауа райы;

9) бұлттардың көлемі, түрі (будақ - жаңбырлы және бекініс түрдегі будақ бұлттар) және бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі немесе тік көріну, егер олар өлшенсе;

10) ауаның температурасы және шық нүктесінің температурасы;

11) QNH;


12) Қағидалардың 179 – 182-тармақтарында аталған қосымша ақпарат;

13) қону үшін «тренд» түріндегі болжам;

14) RMK тобы - елдің ішінде пайдалану үшін ақпарат:

- таулардың және басқа биік кедергілердің бұлттармен жабылуы (ATIS пен VOLMET тарату үшін);

мұздану (жергілікті мәлімет үшін);

турбуленттік (жергілікті мәлімет үшін);

QBB (бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі 200 метр барысында);

QFE қысымы.

65. Әуеайлақ метеорологиялық органына ҰҚЖ жағдайы және белгіленген қағидаларға сәйкес код түрінде ілінісу коэффициенті туралы уақтылы және дұрыс ақпаратты әуеайлақ қызметі ұсынады (METAR мен SPECI мәліметтеріне енгізу және ATIS мәліметтерін дайындау үшін).

66. Азаматтық авиация мамандары бақылауды жүргізетін әуеайлақтарда және қону алаңдарында, сондай-ақ метеорологиялық мәліметтер METAR код нысанында жасалады және таратылады немесе METAR кодында көзделген элементтерді енгізу тәртібін сақтаумен қабылданған қысқартуларды ескере отырып жасалады және таратылады.

67. CAVOK термині бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

1) көріну 10 километр және одан астам;

2) ұшулар үшін маңызды бұлттылық болмағанда;

3) осы Қағидалардың 143, 145-тармағында көрсетілген ауа райы құбылыстарының авиация үшін маңызы болмаған жағдайда пайдаланылады.

Аталған жағдайларда ҰҚЖ көріну және көріну қашықтығы, ағымдағы ауа райы, бұлттардың саны, бұлттардың түрі және бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі туралы ақпарат барлық метеорологиялық мәліметтерде CAVOK терминімен ауыстырылады.

68. Таулы әуеайлақтардағы ауа райы туралы мәліметтерді тарату үшін CAVOK термині пайдаланбайды.

69. Авиациялық қызметкерлер үшін қысқартулармен ашық мәтінді тарату үшін мәліметтер мыналар арқылы мәнді нақты жеткізуді қамтамасыз етеді:

1) қабылданған қысқартулар;

2) түсініктемені талап етпейтін сандық өлшемдер.

70. Әуеайлақтың шегінен тыс таратылмайтын мәліметтер, әсіресе қонуға бет алу және ұшу аумақтарында (турбуленттік, мұздану, желдің ауытқуы, ЖРЖ деректерлері – 100 километр радиусында найзағай орындарының болуы, соның ішінде әуе кемелерінің борттарынан бақылаулардың деректерлері) ерекше метео жағдайлары туралы қосымша ақпараттың енгізілуін көздеуге тиіс.

Турбуленттік, мұздану, сондай-ақ желдің ауытқуы жерден дұрыс бақыланбайтынын ескере отырып, олар туралы деректерді биіктікті алу немесе қонуға бет алу кезінде әуе кемелерінің борттарының бақылауларынан алу қажет.

4. Метеорологиялық мәліметтерді тарату


71. METAR және SPECI мәліметтері ОРМЕТ деректерінің халықаралық банктеріне және авиациялық белгіленген қызметтің шеңберінде деректерлерді таратудың спутниктік жүйелерін AFS пайдалану үшін өңірлік аэронавигациялық келісіммен тағайындалған орталықтарға таратылады.

72. Жергілікті тұрақты мәліметтер әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті органдарына таратылады және пайдаланушылар мен басқа әуеайлақ тұтынушыларға ұсынылады.

73. METAR және SPECI мәліметтері ОРМЕТ деректерлердің халықаралық банктеріне және ақпаратты жинау орталықтарына, сондай-ақ уәкілетті метеорологиялық органның тапсырысына сәйкес басқа әуеайлақтарға таратылады.

74. Ауа райы жағдайын жақсарту туралы SPECI мәліметтеріне, 10 минуттық кезеңнің аяғында басым болған, ауа райы жағдайын көрсету мақсатында ол таратылғанға дейін түзетулер енгізіледі.

SPECI мәліметтерін жақсарту туралы тарату алдында 10 минуттық кезеңде болған ауа райының жағдайларын көрсету үшін түзетулерді енгізу қажет.

Бір элементтің нашарлауы және басқа элементтің жақсаруы туралы SPECI мәліметін бақылаудан кейін сол сәтте тарату қажет.

75. Жергілікті арнайы мәліметтер ӘҚҰ тиісті органымен келісу бойынша мыналарға қатысты шығарылмайды:

1) әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті орган метеорологиялық станцияда орнатылғанға тең дисплей бар, осы дисплей (индикатор) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге енгізілетін ақпаратты жаңарту үшін бағытталған, тіркейтін кез келген элемент;

2) әуеайлақтағы бақылаушы қолданыстағы шкала бойынша бір немесе бірнеше бөлімдерінің шегінде барлық өзгерістерді әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті органға хабарлайтын ҰҚЖ көріну қашықтығы.

Жергілікті арнайы мәліметтер пайдаланушылардың және басқа әуеайлақ тұтынушыларының қарауына ұсынылады.

76. Тұрақты және арнайы мәліметтер әуе кемелерінің ұшу және қону кезіндегі ресми деректер болып табылады, бұл мәліметтерді ӘҚБ органдары тікелей және (немесе) ақпаратты автоматты тарату қызметінің желісі арқылы әуе кемелерінің борттарына береді (ATIS, VOLMEТ).

5. Жер бетіндегі және биіктіктегі жел


77. Жер бетіндегі желдің орташа жылдамдығы мен орташа бағыты және жел бағыты мен жылдамдығының маңызды өзгерістері өлшенеді, деректер нақты градустар мен секундына метрде хабарланады.

78. Магниттік қисаюы 5 градус немесе одан астам болатын әуеайлақта жел бағытының есептеріне түзету енгізіледі. Магниттік қисаюдың оң кезінде оның мағынасы бағыттың есебінен шығарылады, ал теріс қисайғанда – қосылады. Алынған мағына он градусқа дейін дөңгелектенумен үш цифрмен көрсетіледі.

79. Әуеайлақтың шегінен тыс таратылатын мәліметтерде жел бағыты магниттік қисаюға түзетулерсіз жіберіледі.

80. Жер бетіндегі желді бақылау жер деңгейінен 10 метр (30 фут) биіктікте жүргізіледі.

81. Ұшып шығатын әуе кемелері үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерді қалыптастыру үшін арналған жер бетіндегі желді бақылау ҰҚЖ бойына жағдай жасау үшін репрезентативті, ал ұшып келетін әуе кемелері үшін – қонудың барлық аймағы болып табылады.

82. Жер бетіндегі желді бақылаудың репрезентативтігі ҰҚЖ бойындағы жағдай туралы анағұрлым дұрыс деректерді алу үшін тиісті түрде орнатылған көрсеткіштерді пайдалану арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.

83 METAR және SPECI мәліметтері үшін жер бетіндегі желді бақылау бір ғана ҰҚЖ болғанда барлық ҰҚЖ үшін, сондай-ақ бірнеше ҰҚЖ болғанда барлық ҰҚЖ кешені үшін репрезентативті болып табылады.

84. ҰҚЖ-ның әртүрлі учаскелерінде жер бетіндегі желде маңызды айырмашылықтарға келтіретін ауа райының топографиялық немесе басым жағдайлары бар әуеайлақтарда қосымша көрсеткіштерді орнату қажет.

85. Тиісті жабдықтар болған жағдайда тұрақты және арнайы мәліметтерге желдің жылдамдығы жылдамырақ нүктеден алынған жел туралы деректер енгізіледі. Қону үшін мәліметтерге қону, ұшуға бет алу мәліметтерін – жерден көтерілу аймағына жақын орналасқан көрсеткіштерден алынған деректер енгізіледі.

86. Қосымша көрсеткіштер мен индикаторлар орнатылатын орын әрбір көрсеткішпен бақыланатын ҰҚЖ және ҰҚЖ учаскесін көрсетумен нақты таңбаланды.

87. Кешенді автоматтандырылған жүйе болған кезде осы жүйенің (аталған жабдық) көмегімен әр датчик үшін желдің бағыты мен жылдамдығының айтарлықтай өзгеруі және орташа өзгерістері анықталады және көрсетіледі.

88. Желді бақылауды орташаландыру кезеңі мынаны құрайды:

1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының орналасқан жел дисплейлері (индикаторлары) үшін 2 минут;

2) METAR мен SPECI мәліметтері үшін 10 минут. Осы 10 минуттық кезең кезінде желдің бағыты және (немесе) жылдамдығы бойынша байқалған тұрақсыздық болған жағдайда орташа мәндерді анықтау үшін, осындай тұрақсыздық кезеңде алынған деректер пайдаланылады және көрсетілген уақыт интервалы қысқарады.

89. Байқалған тұрақсыздық 2 минуттың ішінде желдің жылдамдығы 5м/с желдің бағыты 30 градусқа шұғыл және тұрақты өзгерсе немесе жел жылдамдығының өзгеруі 5 м/с немесе одан астам жағдайда байқалған тұрақсыздық орын алады.

90. 10 минуттық орташаландыруды қамтамасыз етпейтін желдің аспаптық өзгеруі барысында әуеайлақ шегінен тыс таратылатын мәліметтер үшін 2 минуттық орташаландыру кезеңі пайдаланылады.

91. Жергілікті тұрақты және арнайы, сондай-ақ METAR мен SPECI мәліметтерінде желдің бағыты және жылдамдығы туралы мәлімет 10 нақты градусқа және тиісінше 1 м/с тең көлемде хабарландырылады. Мәліметтер үшін пайдаланылатын деректер шкаласына енгізілмейтін кез келген бақылаудағы мән осы шкаланың жақын бөлігіне дейін дөңгеленеді.

92. Жергілікті және арнайы мәліметтерде, METAR және SPECI мәліметтерінде:

1) желдің бағытын анықтау барысында пайдаланылатын өлшем бірлігі көрсетіледі;

2) соңғы 10 минут жел бағытының орташадан ауытқуы мынадай түрде көрсетіледі (егер жалпы өзгеріс 60 градус немесе одан астамды құрайды):

өзгерістердің толық диапазоны 60 градус немесе одан жоғары, бірақ 180° кем, желдің жылдамдығы 2 м/с немесе одан астам құрайды, бағыттың осындай өзгерістері жерге жақын жел бағытының өзгеруі бақыланған шекте 2 экстремалды көлемде көрсетіледі;

өзгерістердің толық диапазоны 60 градус немесе одан жоғары, бірақ 180 градустан кем, желдің жылдамдығы 2 м/с аз болса, желдің орташа бағытын көрсетусіз желдің бағыты ауыспалы ретінде хабарланады;

өзгерістердің толық диапазоны 180 градус немесе одан артық болған жағдайда желдің орташа бағытын көрсетпей, желдің бағыты ауыспалы ретінде хабарланады.

3) «METAR және SPECI мәліметтерінде 5 м/с немесе (10 мин.) одан астам және жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде орташа жылдамдық 3 м/с немесе одан астам орташа жылдамдық жоғары жылдамдықтан асса, соңғы 2 минутта байқалған желдің орташа жылдамдығынан (екпін) ауытқуы көрсетіледі:

1 м/с және одан кем жел жылдамдығы туралы хабарландырылған жағдайда, олар «штиль» деп көрсетіледі;

50 м/с жел жылдамдығы туралы хабарландырылған жағдайда олар құрамдас бөлігі деп көрсетіледі;

10 минут кезінде желдің бағыты және (немесе) жылдамдығы бойынша елеулі тұрақсыздық болған жағдайда, осы кезден кейін желдің орташа бағытынан және орташа жылдамдықтан пайда болған ауытқулар көрсетіледі.

93. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:

1) егер жер бетіндегі желді бақылау ҰҚЖ бойындағы бірнеше жерден жүргізілсе, осы көлемдер репрезентативтік болып табылатын бақылаулар орындарының орналасу жерлері көрсетіледі;

2) егер бірнеше ҰҚЖ пайдаланылса және жер бетіндегі жел осы ҰҚЖ бақыланса, әр ҰҚЖ желдің қолданыстағы мәндері қосылады және осы мәндерге жататын ҰҚЖ көрсетіледі;

3) осы Қағидалардың 92-тармағының 2) тармақшасына сәйкес желдің орташа бағытында ауытқу көрсетілсе, онда олардың шегінде желдің өзгеруі байқалған жер бетіндегі желдің екі төтенше көлемі қосылады.

4) осы Қағидалардың 92-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орташа жылдамдықтан ауытқулар көрсетілсе, олар өлшенген жел жылдамдығының барынша және ең аз көлемі ретінде көрсетіледі;

94. METAR және SPECI мәліметтерінде, Қағидалардың 92-тармағының 3) тармақшасына сәйкес желдің орташа жылдамдығы ауытқу жағдайда желдің өлшенген ең жоғарғы жылдамдығының мәні хабарланады.

95. Уақытша әуеайлақтарда және қону алаңдарында бақылаулар флюгерлерді, жел конустарын және қол анемометрлерді пайдаланумен жасалады.

96. Техникалық құралдар болған жағдайда биіктіктегі желді бақылау ұшулар кезеңінде әр 3 сағат сайын, қажет болған жағдайда басқа мерзімдерде жасалады. Бақылаулардың деректері бойынша 100 метр биіктікте және ұшулардың әуеайлақ шеңберінің деңгейінде желдің бағыты және жылдамдығы анықталады. Биіктікте желдің бағыты мен жылдамдығын нақтылау үшін 10 километр радиуста орналасқан аэрологиялық станциялардың ақпаратын, сондай-ақ әуе кемелерінің борттарынан алынған жел туралы деректерді пайдалануға болады.

97. Биіктікте желді аспаптық әдіспен анықтау мүмкін болмаған кезде, синоптикалық бөлігі бар әуеайлақ метеорологиялық органдары болжам деректерін ұсынады.

6. Ұшу-қону жолағындағы көріну және көріну қашықтығы
98. Авиациялық мақсаттар үшін көріну мынадай өлшемдердің ең көлемдісі болып табылады, ал ол туралы деректер метрмен немесе километрмен хабарланады:

1) оны ашық реңде бақылау кезінде жерге жақын орналасқан қолайлы өлшемдегі қара объектіні анықтауға және тануға болатын ең үлкен қашықтық;

2) жарықтандырылмаған реңде жарық күші шамамен 1000 кандел (кд) оттарды анықтауға және тануға болатын ең үлкен қашықтық.

99. Көрінуді бақылау құрал-саймандарын немесе көрінудің орнатылған және таңдалып алынған күндізгі және түнгі бағдарларын пайдалана отырып жүргізіледі. Көріну бағдарларының сызбаларын әуе қозғалысына қызмет көрсету органы мен әуеайлақ метеорологиялық органы дайындайды және олардың басшылары бекітеді.

100. Көрінуді өлшеу үшін құрал-саймандық жүйелер пайдаланады, көрінуді бақылау репрезентативтігі датчиктерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерді жасау кезінде олардың деректері пайдаланылатын көрінуді бақылауға датчиктер ҰҚЖ бойы және қону аймағында көріну туралы дәйекті ақпаратты алатындай орналастырылады. Көріну ҰҚЖ үстінен шамамен 2,5 метр биіктікте өлшенеді.

101. Ұшып кететін әуе кемелері үшін пайдаланылатын жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде осы мәліметтерді жасау үшін көрінуді бақылаулар ҰҚЖ бойындағы жағдай үшін репрезентативті болып табылады. Ұшып келетін әуе кемелері үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде пайдаланылатын, ҰҚЖ қону аймағы үшін репрезентативті болып табылады.

102. METAR және SPECI мәліметтерін жасау үшін көрінуді бақылау әуеайлақ үшін репрезентативті болып табылады.

103. Қону жүйелерімен жабдықталмаған әуеайлақтарда көрінуді бақылау ҰҚЖ жағына қарай да, басқа бағыттарда да жүргізіледі. Ауа райының мәліметіне ҰҚЖ жұмыс бағытында анықталған көріну мәні енгізіледі. Кез келген басқа бағыттағы ең аз мән, егер ол  мәліметке енгізілген мәннен кем болса, қозғалыс қызметінің диспетчерлерін және кезекші синоптигін (компас бойынша сегіз бағыттың бірін көрсете отырып) хабарландырады.

104. Іңірде визуалды бақылаулар кезінде көріну күндізгі және түнгі жарық бағдарлары бойынша бағаланады, бұл ретте мәліметке анықталған мәндерден көрінудің ең үлкен мәні енгізіледі.

105. Жабдықтарды пайдалану кезінде көрсеткіштерді автоматты тіркеу қамтамасыз етіледі және оларды қосу және өшіру уақыты жазылады.

106. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде көрінуді өлшеу үшін құралды жүйелер пайдаланылатын кезде:

1) көрінуді бақылау осы Қағидалардың 101-тармағында көрсетілгендей ҰҚЖ бойында бірнеше орыннан жүргізілген жағдайда, алдымен жанасу аймағы үшін репрезентативті мәндерді содан кейін, қажет болған кезде ҰҚЖ орта нүктесі мен алыс шеті үшін репрезентативті мәндерді көрсеткен жөн, бұл ретте сондай-ақ осы мәндер репрезентативті болып табылатын орындар көрсетіледі;

2) бірнеше ҰҚЖ пайдаланса және көрінуді бақылау осы ҰҚЖ қатысты жүргізілген жағдайда, әр ҰҚЖ көрінудің мағыналарын қосу және осы мағыналар жататын жолақтарды көрсету қажет.

107. Құралмен бақылау кезінде тұрақты және арнайы мәліметтерде ҰҚЖ ұзындығына әуе кемесінің ұшуына (қонуына) шешім қабылдау үшін көріну туралы ресми деректер болып мыналар қабылданады:

1) ҰҚЖ 2000 метр және одан кем кезде – ҰҚЖ екі шетінен өлшенген көрінудің екі мәнінің азы;

2) ҰҚЖ 2000 метр астам кезде – жұмысшы СДП және ҰҚЖ ортасынан өлшенген көрінудің екі мәнінің азы.

108. Құрал-саймандық бақылаудан көзбен шолу бақылауына ауысу және керісінше, негізгі аспаптан қосалқы бақылауға ауысу кезінде бақылаушылар уақыты мен себептерін көрсетумен бақылау журналына жазба жазады.

109. Негізгі және қосалқы жабдықтарды пайдалану кезінде құрал-саймандық бақылаудан шолу бақылауына көшу туралы шешімді бақылаушы қабылдайды және кезекші синоптиктерге хабарлап, журналға жазба енгізеді.

110. Көрінуді өлшеу үшін аспаптық жүйелерді пайдалану кезінде олардың шығыс деректері ағымдағы репрезентативті өлшемдерді алуды қамтамасыз ету үшін кемінде әр 60 секунд сайын жаңартылады. Орталашандыру кезеңі мыналарды құрайды:

1) 1 минут (бұдан әрі – мин.) ӘҚҚК органдарында пайдаланылатын жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер мен дисплейлер үшін және ҰҚЖ көріну қашықтығының дисплейлері үшін;

2) бақылаудың алдындағы тікелей 10 минуттық кезеңнің ішінде көрінудің елеулі тұрақсыздығы болған жағдайды қоспағанда, METAR және SPECI мәліметтері үшін 10 мин; бұл жағдайда орташа мәндерді анықтау барысында осы тұрақсыздық кезеңінен кейін алынған деректері ғана пайдаланылады.

111. 2 минут ішінде осы Қағидалардың 60-тармағының 5) тармақшасында көзделген SPECI мәліметтерін шығару үшін өлшемдерге жететін немесе асатын ҰҚЖ көрінудің шұғыл және тұрақты өзгерісі байқалған жағдайда елеулі тұрақсыздықты білдіреді.

112. Ұшу алаңында әртүрлі көріну жағдайларында тікұшақтардың және басқа әуе кемелерінің ұшуларын және қонуларын қамтамасыз ету үшін диспетчердің сұранысы бойынша, оған сұранысында көрсетілген бағытта анықталған (осы бағытта орнатылған немесе таңдалған көріну бағдары және аспаптар болған жағдайда) көрінудің мәні беріледі.

113. Әуеайлақтың шегінен тыс таратылатын мәліметтерді жасау үшін арналған көрінуді бақылаулар әуеайлақ және оған жататын мекен үшін репрезентативті болып табылады, осы тәрізді бақылаулар барысында бағыттар бойынша көрінудің маңызды өзгерістеріне аса көңіл бөлінеді.

114. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер мен METAR және SPECI мәліметтерінде:


  1. кемінде 800 метр көріну барысында көріну 50 метр еселі өлшемдерде;

  2. 800 метр және одан астам, бірақ 5 километр кем көріну барысында көріну 100 метр еселік өлшемде;

  3. 5 километр және одан астам және 10 километр және одан астам көріну барысында ол – 1 километр еселік өлшемде;

  4. 10 километр және одан астам жағдайда метеорологиялық жағдайлар CAVOK пайдаланған жағдайдан басқа 10 километр ретінде көрсетіледі.

Деректерді хабарлау шкаласына нақты енбейтін кез келген бақыланатын өлшем шкаланың өте төмен келесі мағынасына дейін төмен жаққа дөңгеленеді.

115. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде ҰҚЖ бойы көрінудің өлшемі оның өлшеу бірліктерімен бірге көрсетіледі.

116. METAR және SPECI мәліметтерінде осы Қағидалардың 1-тарауына сәйкес басым көрінудің көрсетіледі. Әр бағыттағы көріну бірдей болмаса және төмен көріну басым көрінуден айырмашылығы болса және басым көрінудің мәндері 2000 метрден кем немесе 50 % кем және 5000 метр кем жағдайда мәліметтерде тіркелген ең аз көрінуді және әуеайлаққа қатысты жалпы бағытты компас бойынша сегіз бағыттың бірін көрсетумен көрсетіледі. Егер ең аз көріну бірнеше бағыттарда тіркелген жағдайда, пайдалану жағынан ең маңызды бағыт көрсетіледі.

117. Көріну тез өзгерген кезде және басым көрінуді анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда бағытты көрсетусіз көрінудің тек ең аз мәндері ғана көрсетіледі.

118. Әуеайлақтарда тиісті іріктелген және орнатылған бағдар және/немесе аспаптар болған кезде басым көріну анықталады. Орнатылған бағдар мен аспаптар болмаған кезде METAR және SPECI мәліметтеріндегі көріну осы Қағидалардың 107-тармағына сәйкес көрсетіледі.

119. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау II мен III санат аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуды орындауға арналған барлық ҰҚЖ жүзеге асырылады.

ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығын бағалау мыналарды қоса алғанда, көрінудің төмендеуі кезеңінде пайдалануға арналған барлық ҰҚЖ-да жүзеге асырылады:

1) қонуға нақты бет алу үшін және I санатты аспаптар бойынша қонуға бета алу және қонуды орындауға арналған ҰҚЖ;

2) қону жарықтары және жоғары қарқындылығымен осьтік жарықтары бар ұшу үшін пайдаланылатын ҰҚЖ.

120. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау нәтижелері ҰҚЖ көріну немесе көріну қашықтығы кемінде 2000 метр құрайтын кезең ішінде хабарландырылады (метрде).

121. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау деректері мына аймақтар үшін репрезентативті болып табылады:

1) қоуға нақты бет алу және қонудың құралдарымен жабдықталмаған, немесе I санаттағы аспаптар бойынша қонуға бета алу және қонуларды орындау үшін жабдықталған ҰҚЖ-ның қону аймағы;

2) II санаттағы бойынша аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуларды орындауға арналған ҰҚЖ-ның ортасы үшін және қону аймағы;

3) III санаттағы аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуларды орындауға арналған ҰҚЖ орта нүктесінің және алыс шетінің қону аймағы.

122. Әуеайлақ ауданында ӘҚҚК органдары және әуеайлақты аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету органдары ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау үшін автоматтандырылған жабдықтардың пайдалану сенімділігі өзгергені туралы хабарландырылады.

123. І және ІІI санаттардың аспаптары бойынша қонуға бет алу және қонуды орындауға арналған ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау үшін трансмиссометрлерде және тікелей жайылып кетудің өлшеуіштерінде негізделген аспаптық жүйелер пайдаланылады.

124. I санаттағы аспаптар бойынша қонуға бета алу және қонуларды орындау үшін арналған ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау үшін трансмиссометрлерде және тікелей жайылып кету өлшеушілерде негізделген аспаптық жүйелерді пайдалану ұсынылады.

125. ҰҚЖ көріну қашықтығы ҰҚЖ деңгейі үстінен 2,5 метр (7,5 фут) биіктікте және ҰҚЖ осьтік желісінен бүйірден 120 метрден астам емес қашықтықта бағаланады.

Қону аймағы үшін бақылау орнының репрезентативтілігі мақсатында ол орын жергілікті жердің жағдайлары мүмкіндік берсе, ҰҚЖ табалдырығынан 300 метр қашықтықта орналасады. ҰҚЖ орта нүктесі және алыс шеті үшін бақылау орындары көрнекті болу мақсатында олар табалдырықтан 1000-1500 метр және ҰҚЖ шетінен 300 метр қашықтықта орналасады. Қосымша орындарының нақты орналасуы авиациялық метеорологиялық және климат факторларын есепке ала отырып белгіленеді.

126. Жоғары қарқынды жарықтар жүйесі (бұдан әрі – ЖҚЖ) пайдаланылатын әуеайлақта түнде және іңірде 2000 метр және одан аз мәнде және күндіз 1000 метр мән болғанда өлшенген көріну ҰҚЖ көріну қашықтығының тиісті кестелер бойынша қайта есептеледі.

127. Төмен қарқынды жарық жүйесі (ТҚЖ) пайдаланылатын әуайлақта 2000 метр және одан кем көрінуді ҰҚЖ көріну қашықтығына қайта есептеу түнгі уақытта жасалады.

128. ЖҚЖ және ТҚЖ жүйелерімен жабдықталмаған әуеайлақтарда ҰҚЖ көріну қашықтығын қайта есептеу жүзеге асырылмайды.

129. Бірнеше ҰҚЖ пайдаланған және осы ҰҚЖ көріну қашықтығында айырмашылығы болған жағдайда оның мәндері жататын ҰҚЖ нөмірлерін көрсетумен енгізіледі.

130. Қатар ҰҚЖ болған жағдайда L- сол және R-оң белгілер қолданылады.

131. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде ҰҚЖ көріну қашықтығы туралы мәлімет 400 метр ҰҚЖ көріну қашықтығы барысында 25 метр еселік өлшемде, ҰҚЖ көріну қашықтығы 400 метрден 800 метрге дейін – 50 метр еселік, ҰҚЖ көріну қашықтығы 800 метрден астам - 100 метр еселік өлшемде хабарланады.

Қолданыстағы есеп шкаласына енгізілмейтін кез келген бақылаудағы өлшем шкаласының мынадай төменгі бөлігіне дейін дөңгеленеді.

132. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалаудың төменгі шегі 50 метр, ал жоғары шегі 2000 метр болып есептеледі. Осы шектердің төмен немесе жоғары көріну ҰҚЖ көріну қашықтығы 50 метр төмен немесе 2000 метр жоғары деп көрсетіледі.

133. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде:

1) ҰҚЖ көріну қашықтығы қолданыстағы жүйенің өлшеудің жоғары шегінен жоғары болған жағдайда ол жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде ABV қысқарту, METAR мен SPECI мәліметтерде Р қысқарту түрінде көрсетіледі, бұдан кейін осы жүйемен белгіленетін ең жоғарғы мән жазылады;

2) ҰҚЖ көріну қашықтығы қолданыстағы жүйенің өлшеудің төменгі шегінен төмен болған жағдайда оны жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде BLW қысқарту, METAR мен SPECI мәліметтерде M қысқарту түрінде көрсетіледі, бұдан кейін осы жүйемен белгіленетін ең жоғарғы мән жазылады.

134. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:

1) өлшем бірліктері көрсетіледі;

2) ҰҚЖ көріну қашықтығына бақылаулар ҰҚЖ бір учаскесі үшін жүргізілсе, осы бақылаулар деректері бақылау орнын көрсетпей-ақ енгізіледі;

3) ҰҚЖ көріну қашықтығын бақылау ҰҚЖ бірнеше орыннан жүргізілсе, мәліметтің басында қону аймағы үшін репрезентативті өлшем, содан кейін ҰҚЖ ортасы және шеті үшін репрезентативті өлшем көрсетіледі және осы өлшемдер репрезентативті болып табылатын орындар белгіленеді;

4) бірнеше ҰҚЖ пайдаланған кезде әр ҰҚЖ көріну қашықтығының қолданыстағы мәндері енгізіледі және осы мәндер жататын жолақтар көрсетіледі.

135. METAR мен SPECI мәліметтерінде:

1) ҰҚЖ бақылау орнын көрсетпей қону аймағы үшін репрезентативті шама;

2) қонуларды орындау үшін бірнеше ҰҚЖ, әрқайсысына бірақ төртеуден көп емес қону аймағында ҰҚЖ көріну қашықтығының мәндерін енгізу және осы мәндер жататын жолақтар көрсетіледі.

136. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау үшін аспаптық жүйелерді пайдалану кезінде METAR және SPECI мәліметтеріне бақылаудан кейінгі 10 минуттық кезеңде ҰҚЖ көріну қашықтығының өзгерілуі туралы ақпаратты мынадай жағдайларда енгізу қажет:

1) ҰҚЖ көріну қашықтығы мәндерінің өзгеру үрдісі бақыланса, яғни бірінші 5 минуты ішінде орта мән орта мәннен 100 метр айырмашылығы болса немесе осы кезеңінің екінші 5 минутының ішінде одан асса, онда өзгеріс көрсетіледі. ҰҚЖ көріну қашықтығы ұлғаю жағына немесе азаю жағына өзгеру үрдісі байқалса, онда осы өзгерісті белгілеу үшін тиісті U немесе D қысқартулар қолданылады. 10 минуттық кезең ішінде нақты тербелу үрдісін көрсетпесе, мәліметтерде N қысқарту пайдаланылады. Үрдістің болуы туралы ақпарат болмаған кезде мәліметтерге қысқартулар енгізу қажетігі жоқ;

2) 10 минуттық кезеңнің 1 минутында ҰҚЖ көріну қашықтығының мәндері орта мағынадан 50 м астам немесе 20% астам айырмашылығы болса, 10 минут орта мәнінің орнына 1 минутқа орта ең төменгі және орта ең жоғарғы мағына көрсетіледі. Бақылау алдындағы 10 минуттық кезең ішінде ҰҚЖ көріну қашықтығы мәндерінің елеулі тұрақсыздығы тіркелсе, өзгерістерді белгілеу үшін тұрақсыздықтан кейін алынған мәндерді ғана пайдаланылады.

137. 2 минут ішінде ҰҚЖ көріну қашықтығының шұғыл және тұрақты өзгерісі кезінде, егер ол осы Қағидалардың 61-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген SPECI мәліметтерін шығаруға арналған өлшемдерге жеткен немесе арттырған жағдайда елеулі тұрақсыздық орын алады.


7. Ағымдағы ауа райы
138. Әуеайлақта және (немесе) оның жанында ағымдағы ауа райына бақылау жүргізіледі және ол туралы деректер хабарландырылады.

139. Ағымдағы ауа райы туралы ақпарат жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер үшін әуеайлақтағы жағдайлар үшін репрезентативті болып табылады.

140. METAR және SPECI мәліметтері үшін арналған ағымдағы ауа райы туралы ақпарат репрезентативті болуға тиіс:

1) әуеайлақтағы жағдай үшін;

2) осы Қағидалардың 147-тармағында көрсетілген ағымдағы ауа райының құбылыстарына қатысты әуеайлақтың бақылау нүктесінен 8 километрден 16 километрге дейінгі шегінде, әуеайлақтың жанындағы жер үшін.

141. Ағымдағы ауа райының құбылыстарын бақылау үшін аспаптық жүйелер пайдаланылған жағдайда ақпараттың репрезентативтілігі тиісті тәртіппен орналасқан көрсеткіштер арқылы қамтамасыз етіледі.

142. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде, сондай-ақ METAR мен SPECI мәліметтерінде ағымдағы ауа райының бақылаудағы құбылыстарының түрі және сипаттамасы көрсетіледі және олардың қарқындылығына және әуеайлаққа жақындығына тиісінше баға беріледі.

143. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде, сондай-ақ METAR мен SPECI мәліметтерінде тиісті жағдайда өлшемдердің қабылданған қысқартылған белгілерді пайдаланумен төменде көрсетілген ағымдағы ауа райының құбылыстарының түрлері көрсетіледі:

1) жауын-шашын:

сіркіреген жауын (DZ), жаңбыр (RA), қар (SN), қар түйіршігі (SG), қар аралас жаңбыр (PL), мұзды кристаллдар (бұршақ) (IC), алмас шаңы деп аталатын өлшенген жағдайда мұзды кристаллдар – осы құбылыстарға байланысты көріну 5000 м немесе одан кемді құрайтын жағдайда ғана хабарландырылады;

бұршақ (GR) – аса ірі бұршақтардың диаметрі кемінде 5 миллиметр құрайтын болса, хабарландырылады;

мұзды және (немесе) қарлы жарма (GS) – аса ірі бұршақтардың диаметрі 5 миллиметр құрайтын болса, хабарландырылады;

2) көрінуді нашарлататын құбылыс (гидрометеорлер):

тұман (FG) – MI (төмен), ВС (грядтар), PR (бөліктеніп) немесе VC (мекен) сипаттамалармен бірлесіп пайдалану жағдайлардан басқа көріну 1000 метрден кем болғанда хабарландырылады;

буалдыр (BR) – ең құрғанда 1000 метр, бірақ 5000 метр астам емес көріну болғанда хабарландырылады.

3) көрінуді нашарлататын құбылыстар (литометеорлар): құм (SA), шаң (құрсаулы) (DU), мұнар (HZ), буалдыр (FU), жанартаудың күлі (VA) осы тармақшада көрсетілген қысқартулар, литометрлердің болуымен байланысты және 5000 метр немесе одан аз, SA қоспағанда «DR» (төменгі борасын) сипаттамасын бірлесіп қолданғанда және жанартау күлімен көріністің төмендеуінде қолданылады.

144. METAR және SPECI автоматтандырылған мәліметтерінде осы Қағидалардың 143-тармағы 1) тармақшасында аталған жауын-шашынның түрлерінен басқа, жауын-шашын түрін анықтай алмаған жағдайда UP қысқартуы пайдаланылады.

145. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде қажет болған кезде қабылданған қысқартуларды және тиісті өлшемдерді пайдаланумен төменде көрсетілген ағымдағы ауа райы құбылыстарының сипаттамалары көрсетіледі:

1) найзағай (TS) – TSRA жаңбырмен, TSSN қармен, TSPL қар аралас жаңбырмен, TSGR бұршақпен найзағай және (немесе) TSGS қарлы жармамен немесе жауын-шашындардың осы нысандарының жиынтығы TSRASN туралы хабарландыру үшін пайдаланылады. Бақылаудың алдындағы 10 минуттық кезеңде найзағай естілсе немесе әуеайлақта жарқыраған найзағай көрінсе, бірақ әуеайлақта жауын шашын болмаған жағдайда «TS» қысқартуы қосымша белгілерсіз пайдаланылады;

2) нөсерлі жауын-шашын (SH) – SHRA нөсерлі жаңбыр, SHSN қар, SHPL қар аралас жаңбыр, SHGR бұршақ, SHGS мұзды және (немесе) қарлы жарма немесе SHRASN жауын-шашынының осы нысандарының жиынтығы туралы хабарландыру үшін пайдаланылады. Әуеайлақ жанында (Қағидалардың 152- тармағын қараңыз) бақыланудағы нөсер туралы мәлімет үшін түрін немесе жауын-шашынының қарқындылығын көрсетпей, VCSH қысқартуын пайдалану қажет. Әуеайлақ жанында бақыланудағы нөсер туралы мәлімет үшін жауын-шашынының түрін және қарқындылығын көрсетпей қысқарту пайдаланылады;

3) аса суытылған су тамшылары немесе жауын-шашын (мұзданатын (FZ) – FG, DZ и RA сипаттамаларымен ғана пайдаланылады);

4) сырма боран (BL) – жер деңгейінен 2 метр (6 фут) және одан астам биіктікте көтерілетін DU, SA немесе SN мәліметтері үшін пайдаланылады;

5) сырма борасын (DR) – жер деңгейінен 2 метр (6 фут) және одан астам биіктікте көтерілетін DU, SA немесе SN мәліметтері үшін пайдаланылады;

6) төмен (MI) – жер деңгейінен 2 метр (6 фут) кем;

7) тізбектер (ВС) – әуеайлақты кейбір жерін жабатын тұманның тізбегі.

8) бөлік (PR) – әуеайлақтың маңызды бөлігі тұманмен жабылған, қалған жерде тұман жоқ.

146. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде сегіз румбы бойынша найзағайдың орын ауыстыруы мен бағыты туралы хабарланады.

147. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде ағымдағы ауа райының хабарландыратын құбылыстарының тиісті қарқындылығын және қажет болған жағдайда әуеайлаққа жақындығын мынадай тәртіпте көрсету қажет:

(қысқартулармен ашық мәтінде жергілікті (METAR мен SPECI)

тұрақты және арнайы мәліметтерге)

әлсіз FBL «-»

орташа MOD (көрсеткішсіз)

қатты HVY «+»

DZ, GR, GS, PL, RA, SG және SN (немесе ағымдағы ауа райының осы түрлерінің жиынтығымен) сипаттамалармен ғана көрсетіледі; DS, SS (DS және SS жағдайларда орташа немесе қатты қарқындылық көрсетілу тиіс). Кіші қарқындылық жауын-шашын үшін ғана көрсетіледі.

Маңай (VC) – әуеайлақтың бақылау нүктесінен шамамен 8 километр және 16 километр арасында, әуеайлақтың бақылау нүктесінен тек қана DS, SS, FG, FC, SH, PO, BLDU, BLSA, BLSN, TS және VA сипаттамалармен METAR және SPECI мәліметтерінде көрсетіледі.

148. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде:

1) осы Қағидалардың 143 және 145-тармақтарында келтірілген санынан әуеайлақта және оның жанындағы ұшуларға ықпал ететін ағымдағы ауа райының толық сипаттамасы үшін тиісті жағдайларда сипаттамаларды және әуеайлаққа жақындығын немесе қарқындылығын көрсету мақсатында ағымдағы ауа райы құбылыстарының бір немесе бірнеше, ең көп дегенде үш рет қысқартылған мәндері пайдаланылады;

2) бірінші кезекте тиісті жағдайларда құбылыстың қарқындылығы немесе әуеайлаққа жақындығын хабарлау қажет, содан кейін ауа райы құбылыстарының тиісті сипаттамалары мен түрі көрсетіледі;

3) ауа райы құбылыстарының екі ірі түрі бақыланған жағдайда ауа райы құбылысына жататын қарқындылықтың немесе әуеайлаққа жақындығының индексінен кейін осы құбылыс көрсетілетін екі жеке топпен хабарландырылады.

Бақылау кезінде жауын-шашынның әртүрлі түрлерін бір топпен хабарландыру қажет, осының барысында жауын-шашының жиынтық қарқындылығын көрсететін қарқындылықтың бір индексінен кейін жауын-шашынының басым түрі көрсетіледі.

149. Жауын-шашынның қарқындылығын бағалау кезінде көрінудің метеорологиялық қашықтығының және көрінудің метеорологиялық қашықтығының мәндері, ауа райы құбылыстарының үйлесімділігі, бұлттылықтың нысаны және өзге де метеорологиялық факторлар ескеріледі. 150. Қатты дауылдың, құйынның, қатты құйынның, сырма бұрқасынның қарқындылығы бағаланбайды.

151. Тұманның, буалдырдың, мұнардың, мұзды инелердің қарқындылығы бағаланбайды.

152. Метеорологиялық қашықтық көрінудің мәніне қарай құм (құмды) борандардың жиілігі орташа және қатты деңгейде көрсетіледі (қатты – көрінуде (МҚК) 1000 метрден аз емес).

153. Атмосфералық құбылыстарын бақылау нәтижелері ауа райының журнал–күнделігіне ауа райы құбылысының басталуы, аяқталуы және қарқындылықтың өзгеруін көрсетіп, құбылыстар түрінің символдарымен жазылады. Атмосфералық құбылыстардың қарқындылығы ауа райының журнал күнтізбесінде құбылыс символының жанында белгіленеді. Нашар қарқындылық кезінде құбылыс символының қасында «0», қатты қарқындылық болған жағдайда «2» жазылады.

8. Бұлттылық және деректерді мәліметтерде ұсыну
154. Ұшулар үшін маңызды бұлттылықты сипаттау үшін бақылаулар жүргізіледі және бұлттардың саны, түрі және төменгі шегінің биіктігі туралы мәліметтер беріледі. Аспандағы жағдайды белгілеу кезінде қиындық туса, бұлттардың санын, түрін және төменгі шегінің биіктігін бақылау орнына тік көріну бақыланады және ол туралы деректер хабарландырылады. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тік көріну туралы деректер метрлерде хабарландырылады.

155. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде пайдалану үшін арналған бұлттылықты бақылаулар қонуға бет алу үшін аймағына репрезентативті болып табылады.

156. METAR мен SPECI мәліметтерінде пайдалану үшін арналған бұлттылықты бақылаулар әуеайлақ және оның маңайы үшін репрезентативті болып табылады.

157. Бұлттарды бақылау бұлттардың физикалық сипаттамаларын, сондай-ақ тік және көлденең бағыттағы ұзақтығын, құрамы мен нысанын шолу және жер бетіндегі олардың биіктігін, қозғалысының жылдамдығын және бағытын аспаптық бақылауларды қамтиды.

158. Бұлттылықтың көлемін және бұлттардың төменгі шегінің биіктігін өлшеу үшін аспаптық жүйелерді пайдаланған кезде бақылаулардың көрнекті датчиктерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі туралы шынайы мәліметтерді алу мақсатында аталған датчиктер аспаптар бойынша қонуға бет алу жүйесінің орташа маркерді орнату жерінде орналасады. Әуеайлақтарда орташа маркер ҰҚЖ қонуға бет алу жағынан ҰҚЖ қону табалдырығынан 900-1200 метр (3000-4000 фут) қашықтықта қолданылмайды.

159. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі әуеайлақтан асырып көрсетіледі. Қонуға нақты бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ пайдалану барысында оның табалдырығы 10 метрден (33 фут) асса немесе тым әуеайлақтың арттыруынан айырмашылығы болса, бұлттардың төменгі шегінің биіктігінің өлшенген мағынасына биіктіктердің әр түріне түзетулер енгізіледі.

Ашық теңізде орналасқан құрылыстардан мәліметтерді ұсыну кезінде бұлттардың төменгі шегінің биіктігі теңіздің орташа деңгейіне қатысты көрсетіледі.

160. METAR және SPECI мәліметтерінде бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі туралы мәліметтер 30 метр (100 фут) еселі өлшемге, 1500 метрден биіктіктің барысында (10 000 фут) дейін және 1500 метрден 3000 метр (10 000 фут) дейін 300 метр (1000 фут) еселі өлшемде хабарландырылады.

161. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және ATIS мен VOLMET хабарламаларында бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі және тік көріну туралы мәліметтер еселі 10 метрден 600 метрге дейін хабарландырылады.

162. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде:

1) бұлттардың көлемін «FEW» (аз 1-2 октанттар), «SCT» (шашыраңқы 3-4 октанттар), «BKN» (ақша бұлттар 5-7 октанттар) немесе «OVC» (тұтас 8 октанттар) қысқартуды пайдаланумен көрсету қажет;

2) будақ – жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттарды CB мен TCU қысқартуларды пайдаланумен көрсету қажет;

3) тік көріну 600 метр (2000 фут) биіктікке дейін арнайы және жергілікті тұрақты мәліметтердің 10 метр еселі өлшемде, METAR және SPECI мәліметтерінде 30 метр (100 фут) еселі өлшемге көрсетіледі;

4) ұшулар үшін маңызды бұлттар болмағанда және тік көріну шексіз болса және CAVOK қысқарту ауа райының жағдайларын сипаттау үшін келмесе NSC қысқарту пайдаланылады;

5) бұлттардың бірнеше қабаты немесе ұшу үшін маңызды бұлттар жеке алаптар түрінде бақыланса, бұлттардың төменгі шетінің биіктігін және көлемін бұлттардың төменгі шегі биіктігінің өсу тәртібінде және мынадай өлшемдерге сәйкес көрсетіледі:

ең төменгі қабат немесе алап, санына қарамастан FEW, SCT, BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

көкжиектің 2/8 астам жабатын мынадай қабат немесе алап SCT, BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

көкжиектің 4/8 астам жабатын жоғарылау қабат немесе алап BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

будақ – осы тармақшаның критерийлерінде көзделген ақпаратта көрсетілмеген, олар бақылағанда жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттар;

6) бұлттардың төменгі шегі сейіліп кеткен, сейілген немесе тез өзгертілген жағдайда мәліметте бұлттардың төменгі шегінің немесе оның бөліктерінің ең аз биіктігі көрсетіледі;

7) бұлттардың жеке қабаты жалпы төменгі шегімен қою – жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді бұлттардан құрылған жағдайда, мәліметте бұлттардың түрін қою жаңбырлы деп көрсетіледі.

Мұнара тәрізді будақ бұлттар үлкен тік ұзақтығы бар күшті будақ бұлттардың болуы туралы куәландырады.

163. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:

1) бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тік көріну туралы деректерді ұсыну үшін пайдаланылатын өлшем бірліктері көрсетіледі.

2) бірнеше ҰҚЖ пайдаланылған және осы ҰҚЖ бұлттардың төменгі шектеріне бақылаулар аспаптар арқылы жүргізілген жағдайда, мәліметтерде әр ҰҚЖ үшін бұлттардың төменгі шектерінің қолданыстағы мәндері жазылады және олар жататын ҰҚЖ көрсетіледі.

164. Автоматтандырылған жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер мен METAR мен SPECI мәліметтерінде:

1) бұлттардың түрін автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы бақылауға мүмкіндік болмаған жағдайда бұлттылықтың әр тобына бұлттар туралы мәліметтерді «///» белгімен ауыстырылады;

2) автоматтандырылған бақылау жүйесі бұлттарды анықтамаған жағдайда, NCD (Nil cloud Detected) қысқарту пайдаланылады;

3) түйдек-жаңбырлы және мұнара тәрізді будақ бұлттарды автоматтандырылған бақылау жүйесі анықтаған кезде, бұлттардың төменгі шегінің биіктігін және бұлттардың көлемін анықтауға мүмкіндік болмаса, бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және көлемі туралы мәліметтер «//////» белгісімен өзгертіледі.

165. Бұлттардың төменгі шегі биіктігінің (бұдан әрі – БТШБ) негізгі және қосымша көрсеткіштері істен шыққан және аспап құралдары болмаған жағдайда бұлттылықтың қабаты ерекше жыртылған және оның биіктігі өлшенбейтін жағдайда, БТШБ әуе кемелері экипаждарының деректері бойынша немесе көзбен шолумен бағаланады.

166. METAR мен SPECI мәліметтерінде бұлттылықтың төменгі шегінің биіктігі туралы ақпарат мәні 200 метр және одан кем болғанда немесе тік көріну қосымша ақпарат тобында (RMK) нақтыланады. Бұл ретте QBB қысқарту пайдаланылады және бұлттардың төменгі шегінің өлшенген биіктігі метрмен көрсетіледі. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі 140 метрді құрайды, бұл QBB140 бұлттылықтың биіктігі ретінде 80 метр – QBВ080 кодпен жазылады.

9. Ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы
167. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер және METAR мен SPECI мәліметтері үшін арналған ауа температурасын және шық нүктесінің температурасын бақылау ҰҚЖ барлық кешені үшін репрезентативті болып табылады.

168. Ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы Цельсий (бұдан әрі - °С) градусында хабарландырылады.

169. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтерінде ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы туралы мәліметтер °С толық градустарына еселі өлшемдерде хабарландырылады. Деректерді хабарландыру үшін пайдаланылатын шкалаға енгізілмейтін кез келген бақылаудағы мән °С жақын градусына дейін дөңгеленеді, осының барысында 0,5 градус бақылаудағы мәндер °С жақын градусына дейін жоғары дөңгеленеді.

170. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтерінде температура 0 градус 0С төмен көрсетіледі.

171. Ауа температурасының және шық нүктесі температурасы градусының дөңгеленген толық өлшемдеріне -9-дан +9 дейін диапазонның алдында «0» қойылады.

172. Қысқартулармен ашық мәтінді хабарландыру үшін мәліметтерде ауа температурасын «Т» символымен, шық нүктесінің температурасын «ТР» символымен белгілеу қажет. 0 градус °С болғанда төмен температураны көрсету барысында температура мәнінің алдында «М» символы қойылады.

10. Атмосфералық қысым
173. Атмосфералық қысым өлшенеді, ал QNH және (немесе) QFE өлшемдері гПа немесе сынап бағанасының миллиметрлерінің (бұдан әрі - сн.бғ.мм.) он бөлігіне дейін нақты есептеп шығарылады.

174. Қонуға нақты бет алу үшін жабдықталмаған, табалдырықтары әуеайлақтан 2 метр (7 фут) төмен немесе жоғары орналасқан ҰҚЖ, сондай-ақ қонуға нақты бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ QFE өлшемдер табалдырықтың тиісті арттыруына қатысты есептеледі.

175. Барометр ҰҚЖ табалдырығынан 2 метр деңгейден жоғары немесе төмен орналасқан жағдайда өлшенген мәнге биіктіктердің әр түріне түзету енгізіледі. Барометр мен ҰҚЖ тиісті табалдырығы арасында («нольдік» сынап бағанасы) биіктіктердің әртүрлі түрлері туралы деректерді әуежай қызметтері әуеайлақ метеорологиялық органына хабарлайды.

176. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтеріне енгізілетін QNH мен QFE деректері гПа он бөлігімен есептеледі және мәліметтерде толық гПа еселі өлшемдерде төрт цифрды пайдаланумен хабарландырылады. Деректерді хабарландыру үшін пайдаланатын шкалаға енгізілмеген кез келген бақыланатын мән жақын толық гПа дейін дөңгеленеді.

177. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге мынадай ақпарат енгізіледі:

1) QFE (с.б.мм және гектопаскальда – гПа);

2) QNH (гектопаскальда – гПа);

3) егер QFE мағыналары бірнеше ҰҚЖ қажет болған жағдайда әр ҰҚЖ талап етілетін мағыналар QFE енгізіледі және олар жататын ҰҚЖ көрсетіледі.

178. METAR мен SPECI мәліметтерге гПа QNH енгізіледі, QFE (с.б.мм және гПа) қосымша ақпараттың тобына (RMK) енгізіледі.

11. Қосымша ақпарат

179. Әуеайлақтан тыс (METAR және SPECI) шығарылатын мәліметтерге ең көп дегенде үш топты пайдалана отырып, мынадай ақпарат (ауа райының жақында болған құбылыстары, яғни соңғы шығарылған тұрақты мәліметтен кейінгі кезеңде немесе өткен сағатта, бірақ бақылау сәттегі емес, осы кезеңдердің қысқасына тәуелді, әуеайлақта бақыланған ауа райының құбылыстары туралы) енгізіледі:

1) мұзданатын жауын-шашын (REFZDZ, REFZRA);

2) орташа немесе қатты жауын-шашын, соның ішінде нөсер (REDZ, RERA, RESN; RESG, REPL, RESHRA; RESHSN, RESHGR; RESHGS);

3) сырғыма бұрқасын (REBLSN);

4) шаңды боран, құмды боран (REDS, RESS);

5) найзағай (RETS);

6) құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын) (REFC);

7) жанартау күлі (REVA);

Жақында болған ауа райы құбылыстарының қарқындылығы көрсетілмейді;

8) төменгі қабаттарда желдің ауысуы;

9) ҰҚЖ жағдайы.

180. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге қосымша ақпарат ретінде төменде аталған ерекше метеорологиялық жағдайлар немесе олардың жиынтығы туралы ақпарат енгізіледі:

түйдек-жаңбырлы бұлттар – CB;

найзағай – TS;

орташа немесе қатты турбуленттілік – МOD TURB, SEV TURB;

желдің ауысуы – WS;

бұршақ – GR;

қатты дауылдың желісі – SEV SQL;

орташа немесе қатты мұздану – MOD ICE, SEV ICE;

мұзданатын жауын-шашын FZDZ, FZRA;

қатты таулы толқындар – SEV MTW;

шаңды боран немесе құмды боран – DS, SS;

жаяу бұрқасын – BLSN;

құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын) – FC.

181. METAR немесе SPECI мәліметтеріне жергілікті жағдайлармен расталғандай желдің ауысуы туралы ақпаратты енгізу қажет, қажет болған жағдайда осы ақпарат қабылданған қасқартулармен ашық мәтінмен көрсетіледі.

182. METAR және SPECI мәліметтеріне қосымша ретінде мынадай ақпараттар енгізіледі:

1) тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету мақсатында ашық теңізде құрылыстарда орнатылған авиациялық метеорологиялық станцияларынан теңіз бетінің температурасы және жағдайы туралы;

2) әуежайдың тиісті уәкілетті органы ұсынатын ҰҚЖ жағдайы туралы.


12. Метеорологиялық спутниктердің көмегімен бақылау
183. Әуеайлақ метеорологиялық органдары Жердің метеорологиялық спутниктері арқылы алынған ақпаратты жердегі метеорологиялық бақылаулардың деректеріне қосымша пайдаланады.

184. Спутник ақпараты халықаралық метеорологиялық спутниктердің және метеорологиялық органдардың белгіленген рұқсаты мен тиісті жабдықтар болған кезде өзге де спутниктерден хабарландырылады.

185. Жердің метеорологиялық спутниктерінің көмегі арқылы алынған деректер бұлттардың нысаны, көлемі және шегінің биіктігі, температураның тік таратылуы және ауаның ылғалдылығы, атмосфераның жоғары қабатындағы жел туралы ақпаратты қамтиды. Жел және атмосфераның жоғары қабаты туралы деректер бұлттардың қозғалысын бақылау арқылы алынады.

186. Спутниктік деректерді талдау кезінде атмосфералық фронттың бұлттар жүйесінің және циклондардың өзгеруіне, турбуленттік аймақтарының әуеайлағының бақылау нүктесіне, төмен бұлттылықтың, ағымдағы ағыстардың және олардың географиялық орналасуының жағдайы нақтыланады.

187. Жердің метеорологиялық спутниктерінен және басқа спутниктерден алынған метеорологиялық ақпарат тиісті өңдеуден кейін пайдаланушыларға басып шығарылған спутниктік суреттер немесе тікелей компьютерлік жүйелер түрінде ұсынылады.

188. Спутниктік ақпарат метеорологиялық спутниктер компьютерлік жүйелер арқылы хабарландыратын кестеге сәйкес қабылданады және таратылады. Метеорологиялық спутник тікелей хабарландыру мерзімінде жұмыс істеген жағдайда ақпаратты ол пункт бетінде ұшу барысында арнайы аспап арқылы фотосуреттер түрінде алуға болады. Ұшуларды қамтамасыз ету барысында метеорологиялық орган спутниктік деректерді қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған жүйеден түсетін ақпаратты пайдалануы мүмкін.

13. Метеорологиялық радиолокаторлардың көмегімен бақылау
189. Метеорологиялық радиолокаторлармен (МРЛ) жабдықталған әуеайлақтарда бұлттардың құралуына, найзағай ошақтарының, жауын-шашын аймақтарының кеңістікте таратылуына және олардың ауысуы мен дамуына бақылау жүргізіледі.

190. Ұшу барысында МРЛ көмегімен бақылаулар сағат сайын, ал басқа уақытта әр 3 сағат сайын жүргізіледі. Найзағай қауіпті будақ жаңбырлы бұлттардың және (немесе) нөсер жауын шашын, бұршақ, дауыл ошақтарын анықталған әуеайлақ ауданында бақылаулар 100 километр радиусымен әр 30 минут аралықпен «ШТОРМ» мерзімінде жүргізіледі. Автоматтандырылған радиолокация жүйелерімен жабдықталған әуеайлақтарда, бақылау жиілігі 30 минуттан кем болуы мүмкін және жүйенің өз мүмкіндіктерімен анықталады.

191. Сағат сайын бақылаулардың нәтижелері радиолокация жағдайының картасы түрінде рәсімделеді. Аталған ақпарат кезекші синоптикке, сондай-ақ ӘҚҰ диспетчерлеріне жіберіледі.

Найзағай ошақтары туралы ақпарат компьютер жүйелері, сондай-ақ тікелей дауыс арналары және телефон арқылы жіберіледі.

192. Әуеайлақтан 100 километр радиуста ошақтар пайда болған кезде олардың орналасуы туралы ақпарат ATIS хабарламаларына енгізіледі. Аталған ақпаратқа мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) ошақтың сипаттамасы;

2) әуеайлақтың бақылау нүктесіне қатысты ошақ орталығының орналасу жері (азимут және жою);

3) сегіз румбадағы бағыт және ошақтың ауысу жылдамдығы (с/км).

193. Ошақтардың арасындағы қашықтық 50 километрден кем, бір ошақтың диаметрі 20 километрден астам, бұрыш өлшемдері 10-нан астам бірнеше ошақ (ошақтардың) пайда болған кезде ошақтардың шектері немесе ошақ аймағы бойы таңдалған нүктелер бойынша қашықтық және азимуттер туралы (сағат тілі бойынша) деректерді тарату арқылы ошақ аймағының шектері көрсетіледі.

194. МРЛ-мен жабдықталмаған әуеайлақтарда метеорологиялық радиолокациялық ақпаратты алу үшін:

1) метеорологиялық органның үй-жайында орнатылған әуеайлақ радиолокаторларының жылжымалы индикаторлары;

2) басқа метеорологиялық органдар пайдаланатын әуеайлақтан 50 километр радиуста орналасқан МРЛ пайдаланылады.

195. Әуеайлақта найзағай пеленгаторы болған жағдайда оның деректері найзағай ошақтарын нақтылау үшін пайдаланылады және МРЛ деректермен радиолокациялық картаға енгізіледі, болжанатын немесе нақты бақыланудағы найзағай қызметінің барысында найзағай пеленгаторы үздіксіз тәртіпте жұмыс істеуге тиіс.

196. Автоматтандырылған қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы алынған радиолокациялық мәліметтерді пайдалану метеорологиялық уәкілетті орган бекіткен арнайы нұсқаулықта анықталады.

14. Метеорологиялық бақылау жүргізудің автоматтандырылған жүйелері
197. ИКАО II, III (А,B) санаттарының минимумдары бойынша жұмыс істейтін әуеайлақтарда нақты ауа райын бақылау белгіленген тәртіпте сертификаттаудан өткен автоматтандырылған жүйелер арқылы жүргізіледі.

198. Бақылаулардың автоматтандырылған жүйесі әуеайлақтағы атмосфераның негізгі өлшемдері туралы метеорологиялық ақпаратты жинау және өлшеуді, осы ақпаратты өндеуді, метеорологиялық мәліметтерді қалыптастыру, ИКАО II, III (А,B) санаттарының минимумдары бойынша әуе кемелерінің ұшуларын және қонуларын қамтамасыз ету үшін байланыс арналары бойынша ақпаратты тіркеу және тарату қамтамасыз етіледі.

199. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі автоматты өлшемдерді жасау және мынандай метеорологиялық өлшемдер өңделеді:

1) жел (бағыты, жылдамдығы, екпіні);

2) көріну (көрінудің метеорологиялық қашықтығы - КМК);

3) ҰҚЖ көріну қашықтығы(ҰҚЖ басының, ортасының және шетінің нүктелерінде);

4) ағымдағы ауа райы;

5) бұлттылық;

6) ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы;

7) қысым;

8) қосымша ақпарат;

9) «тренд» түрдегі болжам.

ИКАО II, III (А,B) санаттарының минимумдары бойынша ұшуларды қамтамасыз ету барысында жоғарыда аталған метеорологиялық өлшемдер туралы ақпарат көрсету құралдарына 1 минуттан кешіктірмей хабарландырылу тиіс.

Көрсету құралдарына метеорологиялық ақпаратты тарату уақыты өлшемдерді өндеуді бітіргеннен кейін 15 секунд аспауы тиіс.

200. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесінде метеорологиялық өлшемдерді және туынды метеорология параметрлерді есептеу үшін қажетті ақпаратты және ауа райының мәліметтеріне дереу қосу және көрсету құралдарына тарату үшін деректерді қолмен іске қосу әдісі қамтамасыз етіледі.

201. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі метеорологиялық ақпаратты автоматты таратуды және оны БИ АИУ, метеодисплейде және басқа индикатор құралдарында көрсетуді қамтамасыз етеді.

202. Индикациялаудың жылжымалы блоктарында метеорологиялық ақпаратты жаңарту кезеңділігіне техник метеоролог 30 немесе 60 минут мәндерін орнатады. ИКАО II, III (А,B) санаттарының минимумдары бойынша ұшуларды қамтамасыз ету барысында 1-минуттық деректерді жаңарту кезеңділігі белгіленеді. Индикациялаудың жылжымалы блоктарында жергілікті арнайы мәліметтер де көрсетіледі.

203. Техник метеорологтың жұмыс орнындағы дербес электрондық есептеуіш машинасы істен шыққан жағдайда қосымша машинаға жедел (15 секундтан асырмай) ауысу қамтамасыз етіледі



4. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау және жеткізу
1. Жалпы ережелер
204. Әуе кемелерінің борттарынан жүргізілетін метеорологиялық бақылау дағдылы жердегі бақылаумен толық жабдықталмаған аудандардың жағдайлары туралы ақпаратты алу үшін және орташа және қатты турбуленттік, орташа және қатты мұздану, желдің ауысуы және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне жағымсыз ықпал ете алатын басқа құбылыстар туралы ақпаратты алу үшін пайдаланылады.

205. Әуеайлақ метеорологиялық органдары әуе кемелерінің борттарынан бақылаудың деректері (басқа көздерден алынатын ақпарат кешенінде) бойынша метеорологиялық жағдайлардың өзгеруін бақылауды және ұшу бағдары және аудандары бойынша болжамдарға және ескертулерге түзетулер жасауды қамтамасыз етеді.

206. Әуе кемелерінің борттарынан бақылауға:

1) биіктікті алу және бағдар бойынша ұшу кезеңінде борттан тұрақты бақылау;

2) арнайы және ұшудың кез келген кезеңінде борттан тұрақсыз басқа бақылау жатады.

2. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау


207. «Ауа – жер» деректерін тарату желісін пайдалану және автоматты тәуелді бақылауды (ADS) немесе S екінші шолу локаторының (ЕШРЛ) мерзімін қолдану барысында автоматты тұрақты бақылауларды бағдар бойынша ұшу кезеңінде әр 15 минут сайын, биіктікті алу кезеңінде ұшудың бірінші 10 минут ішінде әр 30 секунд сайын жүргізу қажет.

208. Әрбір ұшу эшелонында орналасқан әуе қозғалысының жоғары қарқындылығы бар бағыттарда әуе кемелері қатарындағы бір әуе кемесі осы Қағидалардың 207-209-тармақтарына сәйкес шамамен сағаттық арақашықтықпен үнемі бақылау жүргізу үшін тағайындалады.

209. Тікұшақтардың ұшулары барысында ашық теңізде орналасқан әуеайлақтарға тікұшақтардың борттарынан тұрақты бақылауларды уәкілетті метеорологиялық органдар мен мүдделі тікұшақ пайдаланушыларының арасындағы келісімде көзделген пункттерде және уақыт кезеңінде жүргізіледі.

210. «Әуе-жер» деректерін беру желі жабдығымен жарақтандырылмаған әуе кемелері экипаждары әуе кемесі бортынан тұрақты бақылау жүргізуден босатылады:

1) әуе кемесі RNAV жабдығымен жабдықталмаған;

2) ұшу ұзақтығы 2 сағ. немесе одан аз болатын болса;

3) әуе кемесі қонудың келесі пунктінен ұшу уақытының 1 сағат қашықтығында болған жағдайда;

4) ұшу 1500 метр (5000 фут) төмен биіктікте орындалса.

211. Арнайы бақылау мынадай жағдайларда әуе кемелерінің борттарынан жүргізіледі:

1) орташа және қатты турбуленттік;

2) орташа және қатты мұздану;

3) қатты таулы толқын;

4) бұршақсыз, жасырынды, ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша найзағай;

5) бұршақпен, жасырынды, ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша найзағай;

6) қатты шаңды немесе қаты құмды боран;

7) жанартау күлінің бұлты.

212. Осы Қағидалардың 211-тармағында көрсетілмеген, әуе кемесі командирінің пікірі бойынша, ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа әуе кемелерінің ұшу тиімділігіне ықпал ете алатын басқа метеорологиялық жағдайлар болған кезде әуе кемесінің командирі ӘҚҰ тиісті органын ол туралы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарландырады.

213. Әуе кемесінің командирі диспетчерге хабарландыратын метеорологиялық жағдайларға мыналар жатады:

1) турбуленттіліктің болуы;

2) мұзданудың болуы;

3) желдің ауысуы.

214. Әуеайлақтың және ATIS мәліметтерінде әуе кемелерінің борттарынан желдің ауысуы туралы ақпарат 30 минут бойы, мұздану және турбуленттіліктің болуы туралы ақпарат 2 сағат ішінде бойы сақталады, содан кейін олардың болуы туралы жаңа ақпарат болмаған жағдайда дереу түрде жойылады.

215. Биіктікті алу кезінде көрсетілген мәліметтер қауіпсіз биіктікке жеткеннен соң, қонуға бет алу кезінде қонудан кейін таратылады.

216. Әуеайлақтың метеорологиялық органы биіктіктің алдын алу немесе қонуға бет алу аймағында желдің ауысуы туралы ескертуді немесе мәліметті шығарған жағдайда әуе кемесінің командирі ол туралы тез арада әуе қозғалысын басқару диспетчеріне хабарлайды.

217. Әуе кемелерінің бортынан бақылау қажет болған жағдайда әуеайлақ метеорологиялық органының сұранысы бойынша жүргізіледі.

3. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау деректерін тіркеу


218. Әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҚК органы арқылы әуе кемелерінің борттарынан бақылау деректері арнайы журналда тіркеледі.

219. Әуе кемелерінің борттарынан аталған бақылаулар «ауа-жер» деректер тарату желісі арқылы таратылады.

220. «Әуе–жер» деректер тарату желісі болмаған кезде немесе осы желіні қолдану орынсыз болып табылса, әуе кемелерінің бортынан бақыланған деректер ұшу уақытында дауыс байланыс құралдарының көмегімен хабарланады.

221. Бақылау мәліметтері борттан бақылаулардың деректері бақылаулар жүзеге асырылған сәтінде немесе оларды жасағаннан кейін ұшу кезінде таратылады.

222. Әуе кемелерінің борттарынан бақылаулар деректері борттан хабар түрінде беріледі.

223. Борттан жанартау күлінің бұлтын арнайы бақылау борттан осы Қағидалардың 224, 225 – тармақтарында көрсетілген хабарлардың арнайы нысаны бойынша тіркеледі. Нысанның бір данасы уәкілетті және метеорологиялық органдардың пікірінше жанартау күлінің бұлттары тигізетін бағдарлар бойынша ұшулар үшін арналған ұшу құжаттамасына енгізіледі.

224. «Әуе - жер» деректерін беру желісін пайдалану кезінде борттан алынатын тұрақты және арнайы хабарламалар мынадай элементтерді қамтиды:

хабарлама түрінің көрсеткіші;

әуе кемесінің тану индексі;

1-блок: ендік және ұзақтық деңгейі және уақыты;

2-блок: (метеорологиялық ақпарат): желдің бағыты мен жылдамдығы, жел туралы деректер сапасының белгісі, ауаның температурасы, турбуленттілігі (деректер болса), ылғалдылық (деректер болса).

3-бөлік: Борттан (егер деректер болса) арнайы хабарламалар беруді талап ететін шарттар.

225. Дауыс байланысын қолдану кезінде борттан арнайы хабарламалар мынадай элементтерді қамтиды:

мәлімет түрінің көрсеткіші;

орналасу жері туралы ақпарат: әуе кемесінің тану индексі, орналасу жері немесе ендігі және ұзақтығы, уақыты, ұшудың эшелоны немесе эшелон диапазоны;

таратуды талап ететін жағдайлар тізбеден таңдалады:

1) SEVTURB;

2) SEVICE;

3) SEVMTW;

4) TSGR;


5) TS;

6) HYY SS;

7) VACLD;

8) VA;


9) MODTURB;

10) MODICE.

226. Әуеайлақ метеорологиялық органдары дауыс байланысының құралдарын қолдана отырып, әуе кемелерінің борттарынан алынған арнайы мәліметтерді жинауды және оларды АӘҚҰ метеорологиялық органдарына, авиаметеорологиялық деректердің банктеріне және ДААО жіберуді жүзеге асырады.

227. Дауыс байланысын қолдану кезінде орналасу жері ӘҚҰ органы хабарларды тарату пунктін көрсету арқылы берілген жағдайдан басқа, борттан хабарлармен алмасу қабылданған күйінде жүзеге асырылады және әуеайлақ метеорологиялық органы осы деректерді тиісті ендік пен ұзақтыққа ауыстырады.

228. Әуе кемесінің бортынан биіктікті алу және қонуға бет алу кезеңінде бақылаудағы желдің ауысуы туралы хабарларда әуе кемесінің түрі көрсетіледі.

229. Желдің ауысуы жағдайлары туралы хабарламаларда және болжамдарда биіктікті алу немесе қонуға бет алу кезеңінде хабарлану кезінде және олар нақты болмаған жағдайды қоспағанда, әуе кемесінің командирі, әуе кемелерінің бірі алдын ала осы туралы ӘҚҰ органын хабарлаған жағдайдан басқа, бұл туралы ӘҚҰ тиісті органы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарланады.

230. Әуе кемесі әуеайлаққа келісімен жанартау күлінің бұлты туралы хабардың толтырылған нысанын пайдаланушы немесе ұшу экипажының мүшесі әуеайлақ метеорологиялық органына береді.

231. ӘҚҰ органы әуе кемелерінің борттарынан арнайы хабарламаларды алғаннан кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде оларды әуеайлақ метеорологиялық органына (бақылау органына) тапсырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет