Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету


Байланысқа қойылатын талаптар және метеорологиялық ақпаратты тарату кезінде оны пайдалану



бет7/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#128397
1   2   3   4   5   6   7

10. Байланысқа қойылатын талаптар және метеорологиялық ақпаратты тарату кезінде оны пайдалану

1. Жалпы ережелер


506. Әуеайлақтағы ӘҚҰ органдарды қажетті метеорологиялық ақпаратпен жабдықтау үшін, аталған әуеайлақтарға қызмет көрсететін әуеайлақтық «Мұнара» «Кіреберіс» және әуеайлақ электр байланысы станцияларын қоса алғанда, электр байланысының тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі.

507. Авиациялық белгіленген қызметтің тізбегі жедел метеорологиялық ақпаратты жинау үшін өңірлік және өңіраралық негізде осы ақпаратпен алмасу, сондай-ақ жедел метеорологиялық деректердің халықаралық банктеріне қол жеткізу үшін пайдаланылады. Авиациялық белгіленген қызметінің шеңберінде өңірлік және өңіраралық негізде жедел метеорологиялық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету үшін жаһандық аймағын қамтамасыз ететін деректерді таратудың AFS спутниктік жүйелері пайдаланылады.

508. Метеорологиялық бақылау органдарының функцияларын орындайтын әуеайлақ метеорологиялық органдары ӘҚҰ органдарын және РПИ шегінде іздестіру-құтқару қызмет органдарын, диспетчерлік аудандарды және іздестіру мен құтқару аудандарын қажетті метеорологиялық ақпараттармен жабдықтау үшін электрбайланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, аталған метеорологиялық органдар ақпараттарды ұсынғаны үшін жауапты болады.

509. Метеорологиялық уәкілетті орган және әуеайлақ метеорологиялық органдары Аймақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйелерінің болжам өнімдерін алу үшін электр байланысының тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі.

510. Әуеайлақ метеорологиялық органдары тиісті электр байланысының құралдарымен қамтамасыз етіледі олар арқылы басқа әуеайлақ метеорологиялық органдармен жедел метеорологиялық ақпаратпен алмасады.

511. Халықаралық әуеайлақтардың метеорологиялық ақпаратты жедел метеорологиялық деректердің халықаралық банктеріне тарататын метеорологиялық органдары осы мақсаттар үшін авиациялық жерүсті электр байланысын пайдаланады.

512. Жедел метеорологиялық ақпаратпен алмасу үшін электр байланысының құралы ретінде авиациялық белгіленген қызмет AFS пайдаланылу тиіс.

513. Әуеайлақтар және басқа мүдделі пайдаланушылардың арасында метеорологиялық ақпаратпен алмасу үшін мыналар пайдаланылу мүмкін:

1) автоматтандырылған компьютерлік жүйелер;

2) телефондық байланыс;

3) AFTN байланыс арналары;

4) Еуропадағы метеорологиялық жедел электр байланысының желісі (MOTNE);

5) Азаматтық авиацияда қабылданған және ИКАО ұсынған деректерді тарату хаттамасын пайдаланумен байланыс қызметінің операторлар желісі.

514. Ұшып жүрген әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ATIS, VOLMET радио хабарландыру бағдарламалар, D-ATIS, D-VOLMET мәліметтері пайдаланылады.

515. Метеорологиялық ақпаратты берудің сенімділігін қамтамасыз ету үшін байланыстың қосымша және (немесе) авариялық құралдарын ұйымдастыруды қоса алғанда, ақпаратты тарату рәсімдерін ӘҚҰ органының және басқа пайдаланушылардың келісімі бойынша уәкілетті метеорологиялық орган анықтайды және әуеайлақта ұшуларды метеоқамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.
2. Әуеайлақта метеорологиялық ақпаратты тарату
516. Деректерді тарату тәртібі кестелер түрінде ұсынылады және мыналарды қамтиды:

1) ақпараттың түрлері,

2) оны ұсынуға жауапты метеорологиялық органның бөлімшесі;

3) пайдаланушыларға ақпаратты тарату мерзімі мен кезектігі;

4) жоғарыда көрсетілген мақсат үшін пайдаланылатын байланыс құралдары.

517. Әуеайлақ метеорологиялық органдары мен авиациялық метеорологиялық станциялар және әуеайлақ диспетчерлік пункттерінің немесе жақындаудың диспетчерлік пункттері арасындағы электр байланысының құралдары тікелей дауыс арнасы бойынша байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл ретте байланысты орнату жылдамдығы қажетті орындармен байланысты 15 секунд ішінде орнату үшін жеткілікті болып табылады. 518. Әуеайлақ метеорологиялық органдары және ұшу ақпаратының орталықтары, аудандық диспетчерлік орталықтар, іздеу мен құтқару үйлестіру орталықтары және авиациялық электр байланысының станциялары арасында электр байланыс құралдары мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тиіс.

1) тікелей дауыс каналдары бойынша байланыс, бұл ретте байланысты орнату жылдамдығы коммутацияны қоса алғанда, қажетті орындармен байланысты 15 секунд ішінде орнату үшін жеткілікті болу тиіс;

2) ақпаратты алушылар деректердің жазылуын талап еткен жағдайда әріпті басатын байланыс, хабарлауды тарату уақыты, ретрансмиссияны қосқанда 5 минуттан аспайды.

519. Осы Қағидалардың 517, 518-тармақтарында көзделген электр байланысының құралдары қажет болғанша шолу немесе дыбыс байланысымен толықтырылады қажет.

520. Әуеайлақта орналасқан авиациялық пайдаланушыларға метеорологиялық ақпаратты тарату кезектігі олардың жұмыс қызметтерімен белгіленеді.

521. Тұрақты тарату үшін арналған метеорологиялық ақпарат ұсынылады:

әуеайлақ бойынша мәлімет үшін – бақылаудың нақты уақытынан кейін 5 минуттан кешіктірмей;

ауа райы болжамдары үшін – олардың әрекетінің басталуына дейін 1 сағат бұрын ұсынылады.

522. Метеорологиялық мәліметтерді және ауа райының болжамдарын ашық мәтінмен тарату кезінде «көріну», «бұлттылық», «биіктік», «миллиметр» сөздері жазылмауы мүмкін.

523. Дауыс арналары арқылы метеорологиялық ақпаратты тарату кезінде стандартты радио телефондық фразеология пайдаланылады.

524. Әуеайлақта таратылатын метеорологиялық ақпаратты құжаттау үшін әуе және жердегі электр байланысының тиісті арналары бақылау дыбыс жазумен қамтамасыз етіледі.

3. Әуеайлақтар арасында метеорологиялық ақпарат алмасу
525. Әуеайлақ метеорологиялық органдар арасында метеорологиялық ақпаратпен алмасу, автоматтандырылған жүйелердің арналары (ДТАЖ) және авиациялық жерүсті электр байланысының желісі бойынша жүзеге асырылады.

526. Кесте бойынша авиарейстермен байланысты немесе осы рейстер үшін қосымша болып табылатын әуеайлақтардың метеорологиялық органдар әуеайлақ бойынша тұрақты мәліметтермен және ауа райының болжамдарымен, тапсырыстар бойынша арнайы мәліметтермен алмасады.

527. Әуеайлақ метеорологиялық органдарының тапсырыстары негізінде уәкілетті метеорологиялық орган тиісті метеорологиялық органдармен авиациялық метеорологиялық ақпаратпен алмасу жоспарын келіседі. Алмасу жоспарында алмасу жүзеге асырылатын байланыс құралдары көрсетіледі, ДТАЖ бойынша, авиациялық жердегі электр байланысы бойынша, авиациялық метеорологиялық деректердің банктері арқылы және азаматтық авиация қабылдаған және ИКАО және ДМҰ ұсынған метеорологиялық ақпаратты таратудың және жинаудың басқа құралдары арқылы.

528. Жедел метеорологиялық ақпарат алмасу метеорологиялық бюллетень нысанында жүзеге асырылады.

529. Жедел метеорологиялық ақпаратты қамтитын және авиациялық белгіленген қызметтерінің AFS құралдары арқылы таратуға жататын метеорологиялық бюллетеннің тақырыбы:

1) төрт әріптен және екі цифрден құрылатын шартты белгіден;

2) метеорологиялық бюллетенді шығарған немесе жасаған метеорологиялық органның географиялық жағдайына сәйкес орналасу жерінің ИКАО қолданылатын төрт әріпті индекстен;

3) «күні – уақыт» тобынан;

4) үш әріпті индекс (қажет болған жағдайда) тұрады.

530. Шұғыл метеорологиялық мәліметі бар және AFTN құралдары арқылы таратылуға жататын метеорологиялық бюллетендер AFTN хабарлама форматының текстік бөлігіне қосылады.

531. Авиациялық жердегі электр байланысының желісі (AFTN қоса алғанда) бойынша таратылатын телеграммаларға, олардың мазмұнына тәуелді мынадай жеделдіктің санаты беріледі:

1) DD – арнайы мәліметтерді, әуе кемелерінің борттарынан хабарларды, ұшу бағыттар және аудандар бойынша ескертулерді, SIGMET ақпаратты қамтитын телеграммалар үшін;

2) GG – тұрақты мәліметтерді, әуеайлақтар, ұшу бағыттары және аудандары бойынша ауа райы болжамдарын қамтитын телеграммалар үшін.

4. Метеорологиялық ақпаратты тарату үшін хабар тарату бағдарламаларын пайдалану


532. Ұшудағы әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ATIS және VOLMET радио хабарлау бағдарламалары, сондай-ақ D-ATIS, D-VOLMET мәліметтері пайдаланылады.

533. ATIS радио хабарлау бағдарламалары нақты әуеайлақта ұшу және қону ауданында ұшуларға қызмет көрсету үшін арналған.

534. VOLMET радио хабар тарату бағдарламасы ұшудағы әуе кемелерін метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған. VOLMET бағдарламасына, VOLMET түрі бойынша радиохабар тарату бағдарламалары жүзеге асырылатын әуеайлақтан 800 км дейінгі қашықтықта орналасқан шамамен оннан астам әуеайлақтан ауа райы туралы ақпарат енгізіледі.

535. ӨЖЖ арналары бойынша жүргізілетін VOLMET үзіліссіз радио хабарландыру бағдарламалары ӘҚҰ органдары уәкілетті метеорологиялық органмен келісім бойынша ұйымдастырады және мынадай метеорологиялық ақпаратты енгізеді:

1) әуеайлақ бойынша ағымдағы метеорологиялық мәліметтер;

2) қонуға болжам.

536. ӨЖЖ арналары бойынша жүргізілетін VOLMET тұрақты радио хабар тарату бағдарламаларын ӘҚҰ органдарының персоналы әуе кемелерінің ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құжаттармен белгіленетін көлемде және мерзімде ұйымдастырады. Бағдарламалар үшін метеорологиялық ақпаратты метеорологиялық орган ұсынады және мыналарды енгізеді:

1) әуеайлақтар бойынша ағымдағы метеорологиялық ақпарат;

2) қону болжамы;

3) ауа райы болжамдары егер оның енгізілуі өңірлік келісімде ескертілсе;

4) SIGMET ақпараты.

537. Ұшулар немесе әуе қозғалысының шамалы қарқындылығы болмаған кезеңде VOLMET радио хабарлау бағдарламалары тоқтатылуы мүмкін. Осы жағдайда метеорологиялық ақпаратты ӘҚҰ тиісті органдары әуе кемелерінің экипаждарына тапсырылады.

538. Әуе кемелерінің бортына берілетін мәліметтердің болжамдары мен SIGMET ақпараттарының мазмұны және нысаны осы Қағидалардың 42-203, 232-298 және 299-351- тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.

539. VOLMET радио тарату бағдарламаларының бөлігі болып табылатын мәліметтердің, болжамдардың және SIGMET ақпаратының мазмұны және нысаны осы Қағидалардың 42-203, 232-298 және 299-351- тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.

540. ӨЖЖ арналары бойынша VOLMET бағдарламасына енгізілетін метеорологиялық ақпарат мынадай тәртіпте ашық мәтінде хабарланады:

1) хабар жүргізу станциясының атауы, одан кейін «VOLMET» сөзі аталады;



  1. әуеайлақтың атауы;

  2. бақылау уақыты;

  3. жердегі желдің бағыты мен жылдамдығы;

  4. көріну;

  5. ҰҚЖ көріну қашықтығы, егер ол мәліметте көрсетілсе;

  6. ағымдағы ауа райы;

  7. төменгі қабатты бұлттардың саны, мұнар тәрізді (көлемді-түйдек), түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттар;

  8. бұлттардың нысаны (мұнар тәрізді (көлемді-түйдек) және түйдек - жаңбырлы бұлттар үшін ғана);

  9. бұлттылықтың төменгі шетінің биіктігі (тік көріну);

  10. «CAVOK» термині (тиісті жағдайлар кезінде);

  11. ауа температурасы және шық нүктесі;

  12. атмосфералық қысым;

  13. қонуға болжам.

541. Әуеайлақ ауданында найзағай қауіпі түйдек-жаңбырлы бұлттардың пайда болуы, қону бағытын өзгерту, ҰҚЖ жай күйі және ілінісу коэффициенті туралы ақпарат, арнайы мәліметтер ATIS, VOLMET бағдарламаларға дереу енгізіледі және соңғы тұрақты мәліметтің өзгертілмеген элементтерімен толықтырылады.

542. VOLMET, ATIS радио тарату бағдарламалары стандартты радио телефон фразеологиясын пайдаланумен жүзеге асырылады тиіс.

543. VOLMET радиохабарлар тарату бағдарламалары кезінде ақпарат және ауа райы хабарланатын әуеайлақ тізімі және беру тәртібі мен уақытын аэронавигация ұйымының келісімі бойынша метеорологиялық өкілетті орган анықтайды.

544. VOLMET тұрақты радио тарату бағдарламаларына SIGMET мәліметтері енгізілетін ҰАА уәкілетті метеорологиялық орган және ӘҚҚК уәкілетті органының арасындағы келісім бойынша белгіленеді. SIGMET мәліметі бағдарламаның басында немесе басында 5 минуттық уақыт аралығында хабарланады тиіс.

545. VOLMET радио тарату бағдарламасының басталуына әуеайлақтан METAR мәліметі түспеген жағдайда бақылау мерзімін көрсетумен соңғы алынған мәлімет хабарланады.

546. VOLMET тұрақты радио тарату бағдарламасының бөлігі болып табылатын TAF болжамы әрекет ету кезеңі 9 сағат болуы тиіс, оларды әр 3 сағат шығару қажет және қажет болғанша радио арқылы хабарланатын әр болжам тиісті метеорологиялық органның пікірін көрсету үшін оларға түзетулер енгізіледі.

547. Соңғы қолданыстағы METAR және SPECI мәліметтері, TAF болжамдары және SIGMET және AIRMET мәліметтері ұшудағы әуе кемелерінің бортына «жоғарыға» байланыс желісі бойынша берілу тиіс.

548. D-VOLMET мәліметінің бөлігі болып табылатын TAF болжамдары, ұшудағы әуе кемесінің бортына «жоғарыға» байланыс желісі бойынша хабарлау үшін тиісті метеорологиялық органның соңғы пікірін көрсету үшін әр дайындалған болжаммен түзетілу тиіс.

549. D-VOLMET мәліметтері ағымдағы METAR және SPECI мәліметтерін, сондай ақ «тренд» түріндегі болжамдарды, TAF болжамдарын, SIGMET ақпаратын, SIGMET енгізілмеген және AIRMET барысында әуе кемелерінің бортынан арнайы хабарларды қамтиды.


11. Авиациялық климатологиялық ақпарат
550. Авиациялық климатологиялық ақпаратты алу үшін қажетті метеорологиялық бақылаулардың деректерін жинау, өндеу және сақтау мүдделі уәкілетті метеорологиялық органдар арасындағы келісімге сәйкес халықаралық пайдалану үшін қолжетімді компьютерлік жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

551. Ұшуларды жоспарлау үшін авиациялық климатологиялық ақпарат әуеайлақ климатологиялық кестелері және әуеайлақ климатологиялық мәліметтер түрінде дайындалады. Авиациялық пайдаланушылар осы ақпаратпен уәкілетті метеорологиялық органдармен келісім бойынша жабдықталады.

552. Әуеайлақ климатологиялық мәліметтері әуеайлақта статистикалық деректерде негізделген белгіленген метеорологиялық элементтерді бақылау нәтижелерінің қысқаша мазмұндауды қамтиды. Мәліметтің деректері кесте түрінде де дайындалуы мүмкін.

553. Әуеайлақ климатологиялық мәліметтер мыналарды қамтиды:

1) ҰҚЖ көріну қашықтығы, көрінудің және (немесе) уақыттың белгіленген сәтінде белгіленген өлшемдерден төмен SCT, BKN немесе OVC ең төмен бұлттылық қабатының төменгі шетінің биіктігі мағыналарының қайталануы;

2) уақыттың белгіленген сәтінде белгіленген өлшемдерден төмен көріну мағыналарының қайталануы;

уақыттың белгіленген сәтінде белгіленген мағыналардан төмен SCT, BKN немесе OVC бұлттардың ең төмен қабатының төменгі шетінің қайталануы;

көрсетілген диапазондарда жел бағытының және жылдамдығының қайталануы;

уақыттың белгіленген сәтінде 5° С интервалдар арқылы белгіленген диапазондар арқылы жерге жақын ауа температурасының қайталануы;

орташа мәндер және олардың ауытқу, соның ішінде ұшуларды жоспарлау мақсатында қажетті метеорологиялық элементтердің ең төменгі және ең жоғарғы мәні және ұшу сипаттамасының есептері.

554. Авиациялық климатологиялық ақпараты кемінде 5 жыл кезеңі ішінде жүргізілген бақылауларға негізделеді. Пайдаланушыларды ақпаратпен жабдықтау барысында бақылаулардың кезеңі көрсетіледі.

555. Әуеайлақтың метеорологиялық органы:

1) бақылаулар деректерінің жиналуын және сақталуын ұйымдастырады;

2) өз әуеайлағы үшін әуеайлақ климаттық кестелерін даярлайды.

3) авиациялық тұтынушыға уәкілетті метеорологиялық орган және осы тұтынушы арасындағы келісілген уақыт кезеңі ішінде осындай ауа райының кестелерін ұсыну;

556. Әуеайлақ климатологиялық кестесінде мыналар көрсетіледі:

1) орташа өлшемдер және ауытқулар, соның ішінде метеорологиялық элементтердің ең жоғарғы және ең төменгі өлшемдері;

2) әуеайлақ ауданындағы ұшуларды орындауға ықпал ететін ағымдағы ауа райы құбылыстарының пайда болу жиілігі;

3) белгілі бір мәнді бір элементтің немесе екі және одан көп элементтердің пайда болу жиілігі.

4) климатологиялық Қағидалардың 553-тармағына сәйкес әуеайлақ климатологиялық мәліметтерін дайындау үшін қажетті ақпарат.

557. Климатологиялық ақпаратты алуды қажет еткен авиациялық пайдаланушылар уәкілетті метеорологиялық органға жүгінеді.

558. Негізгі әуеайлақтағы метеорологиялық бақылаулардың деректері жиналу, өнделу және әуеайлақ климатологиялық ақпаратын дайындау үшін қолайлы түрде сақталуы тиіс.

559. Жаңа әуеайлақтарға және қолданыстағы әуеайлақтардағы қосымша ҰҚЖ қатысты ауа райының деректері мүмкіндігінше осы әуеайлақтарды және ҰҚЖ іске қосуға дейін жиналу тиіс.

560. Уәкілетті метеорологиялық орган сұраныс бойынша және мүмкіндігінше зерттеу, техникалық зерттеу немесе пайдалану талдау үшін қажетті метеорологиялық бақылау деректерін кез келген басқа уәкілетті метеорологиялық органға, авиациялық пайдаланушыға және азаматтық авиация мүддесінде метеорологияны пайдаланумен байланысты басқа органдарға ұсынады.

561. Синоптикалық бөлігі бар әуеайлақ метеорологиялық органдары ұшуларды, соның ішінде қажетті әуеайлақтар, ұшу аудандары және бағдарлары үшін ауа райының сипаттамасы (анықтамалар) түрінде жасалатын ауа райының ақпаратының дайындығын қамтамасыз етеді.

562. Климатологиялық сипаттамада мыналар көрсетіледі:

негізгі климатологиялық сипаттамалар және оның маусымдық өзгерістері;

негізгі метеорологиялық элементтердің орташа, ең жоғарғы және ең төменгі мәндері;

ұшуларды жүргізуге әсер ететін ауа райының қауіпті құбылыстары пайда болуының қайталануы, мысалы, бұршақ, найзағайлар, турбуленттік, мұздану және т.б.;

бір метеорологиялық элемент немесе екі және одан астам элементтер үйлесуінің пайда болуы;

типтік синоптикалық жағдайлар және олармен байланысты метеорологиялық жағдайлар, сондай ақ осы жағдайларға орографияның ықпалы.

563. Әуеайлақ климатологиялық сипаттамасындағы кестелерде жер бетіндегі жел, көріну, бұлттардың саны және биіктігі, температура және атмосфералық қысым туралы деректер енгізіледі. Сипаттамаға жергілікті жағдайлардың ықпалында төмен бұлттылық, шектелген көріну, қатты жел және басқа құбылыстар пайда бола алатын секторларды көрсетумен әуеайлақ ауданының топографиялық картасы қоса беріледі.


________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет