16 тарау. Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында қонуға дәлме-дәл кiру үшiн әуеайлақтардың пайдалану минимумдарды анықтау - II санат
89. II санат бойынша қонуға кiру - аспаптар бойынша қонуға дәлме-дәл кiру және мынадай шартпен қонудың құралдық жүйелерiн (ILS), қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS) пайдалана отырып қону:
1) шешiм қабылдау биiктiгi 60 м (200 фут) төмен, бiрақ 30 м (100 фут) төмен емес және
2) ҰҚЖ не менее 300м төмен емес ҰҚЖ-дағы көрiну.
90. Шешiм қабылдау биiктiгi
Пайдаланушы II санат бойынша қонуға кiру кезiнде белгiленген ШҚБ мыналардан:
1) егер ол ҰПБ-да анықталған болса, мұндай кiру үшiн тiкұшақ ҰПБ-да шектелген ШҚБ-дан;
2) оған дейiн талап етiлетiн көзбен шолу байланысы жоқ дәлме-дәл қону жүйесi пайдаланылуы мүмкiн ең төменгi биiктiктен;
3) тiкұшақтың осы санаты үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi биiктiгi (OCH/OCL) мәнiнен; немесе
4) оған дейiн ұшу экипажына ұшуды орындауға рұқсат етiлген ШҚБ-дан;
5) 30 м (100 фут) төмен болмауын қамтамасыз етедi.
91. Көзбен шолу байланысы.
Егер мұндай байланыстың тұрақты сақталу шартымен ең кемiнде осьтiк желiдегi жақындаудың тiзбектелген шырақтарымен немесе жерге қону аймағы шырақтарымен немесе FATO/ҰҚЖ осьтiк желiсi шырақтарымен немесе FATO/ҰҚЖ бүйiрлiк шырақтарымен көзбен шолу байланысы немесе оларың құрамасы орнатылмаса, 30-тармаққа сәйкес анықталған ШҚБ-дан төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды. Бұл көзбен шолу байланысы жерүстi жүйесiнiң бойлай орналасқан элементтерiн, сондай-ақ, жақындаудың көлденең шырақтарын немесе ҰҚЖ бастапқы табаны шырақтарын немесе жерге қону аймағының жарық белгiсiн қамтиды.
92. ҰҚЖ-дағы көрiнудiң талап етiлетiн мәнi.
1-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен II санат бойынша қонуға дәлме-дәл кiру және қону үшiн мынадай минимумдар қолданылады
24-кесте
ШҚБ-ға байланысты 2-санат бойынша қонуға дәлме-дәл кiруге арналған ҰҚЖ-дағы көрiну
Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында (әуеайлақтарда) қонуға дәлме-дәл кiруге және қонуға арналған минимумдар – II санат
|
Шешiм қабылдау биiктiгi (ШҚБ)
|
ШҚБ-дан төмен автоматтық режимдi пайдалану, ҰҚЖ-дағы көрiну
|
30 - 36 м (100-120 фут)
|
300 м
|
37 - 42 м (121-140 фут)
|
400 м
|
43 және (141 фут) және жоғары
|
450 м
|
Тиiстi ШҚБ-дан 80%-дан төмен емес биiктiкке дейiн ұшудың/қонуға кiрудiң автоматтық режимiн пайдалану болжанып отыр. Бұл талап егер, қонуға кiрудiң автоматтық режимiн пайдаланудың ең төменгi биiктiгi бойынша шектеулер болса, оның ұлғаю жағына ШҚБ мәнiне әсер етуi мүмкiн.
17 тарау. Құрылықтағы тiкұшақ айлағында (әуеайлақта) қонуға шеңберден қону
93. Шеңберден қону - әуе кемесi тiкелей қонуға кiру үшiн сәйкес келмейтiндей орналасқан FATO/ҰҚЖ аймағында қонуға арналған жағдайға келтiрiлген кезде аспаптар бойынша қонуға кiрудiң көзбен шолу кезеңiн белгiлеу үшiн пайдаланылатын термин.
94. Шеңберден қону үшiн 76 м (250 фут) төмен емес ең төменгi құлдилау биiктiгi, 800 м кем емес метеорологиялық көрiну белгiленедi.
Алдын-ала ұйғарылған траекториямен көзбен шолып маневр жасау (шеңберден қону) кезiнде көрiну және ең төменгi құлдилау биiктiгi бойынша белгiленген минимумдар осы тармақта келтiрiлген мәндерден төмен болмайды.
95. Қонуға көзбен шолып кiру.
Пайдаланушы егер ҰҚЖ-дағы көрiну 800 м төмен болса, қонуға көзбен шолып кiрудiң орындалмауын қамтамасыз етедi.
18 тарау. Хабарланған метеорологиялық көрiнудi ҰҚЖ-дағы көрiнуге қайта есептеу
96. Пайдаланушы ұшып көтерiлуге арналған минимумды және II мен III санат бойынша қонуға қонуға дәлме-дәл кiру минимумын есептеу кезiнде немесе ӘҚҚ органынан ҰҚЖ-дағы көрiну мәнi алынған кезде көрiнудi ҰҚЖ-дағы көрiнуге қайта есептеу рәсiмдерiн қолданбайды.
97. 96-тармақта көзделмеген қалған барлық жағдайларда пайдаланушы көрiнудi ҰҚЖ-дағы көрiнуге қайта есептеу 25-кестеге сәйкес жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
25-кесте
Метеорологиялық көрiнудi ҰҚЖ-дағы көрiнуге қайта есептеу
Жарық жабдығы (ЖҚЖ)
|
ҰҚЖ-дағы көрiну = көрiнудi * (көбейту).
|
күндiз
|
түн
|
жақындау мен ҰҚЖ қарқындылығы жоғары шырақтары
|
1.5
|
2.0
|
кез келген басқа жарық
|
1.0
|
1.5
|
ЖҚЖ ЖОҚ
|
1.0
|
қолданылмайды
|
19 тарау. Теңiз бұрғылау қондырғыларына (ТБҚ) немесе теңiз кемелерiне ұшу кезiндегi метеорологиялық минимумдар
98. КҰҚ бойынша теңiз бұрғылау қондырғыларына (ТБҚ) немесе теңiз кемелерiне ұшуды орындау кезiнде метеорологиялық минимумдар жердiң көрiнуiнен тыс су кеңiстiгi үстiнен ұшуға арналған метеорологиялық жағдайларға тең белгiленедi.
99. Жердiң көрiнуiнен тыс төмен биiктiкте су кеңiстiгi үстiнен ұшу тек қана бұлттардың төменгi шекарасы күндiз 150 (500 фут) және одан жоғары және түнде 450 (1500 фут) және одан жоғары болғанда көзбен шолып ұшу қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
100. Денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету бойынша шұғыл ұшуды және iздестiру-құтқару жұмыстарын орындау кезiнде көзбен шолып ұшу қағидасы (VFR) және арнайы КҰҚ бойынша бұлттардың төменгi шекарасы 100 (300 фут) және көрiну 1000 метр болған кезде күндiз жердiң көрiнуiнен тыс төмен биiктiкте су кеңiстiгi үстiнен ұшуды орындауға рұқсат етiледi.
101. 18 километрден (10 nm) төмен су асты секторы бар тiкұшақ алаңдары арасында ұшу кезiнде бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде (G сыныпты) VFR ұшуы төмендегi келтiрiлген 26-кестеге сәйкес орындалады:
26-кесте
Бақыланбайтын әуе кеңiстiгiндегi (G сыныпты) тiкұшақ алаңдары арасында ұшуға қойылатын ең төменгi талаптар.
|
КҰҚ күндiз
|
КҰҚҚ
|
күндiз
|
түн
|
Биiктiгi (1-ескертпе)
|
Көрiну
|
Биiктiгi (1-ескертпе)
|
Көрiну
|
Биiктiгi (1-ескертпе)
|
Көрiну
|
Бiр пилот
|
100 м (300 фут)
|
3000 м
|
100 м (300 фут)
|
2000 м
|
450 м (1500 фут)
|
5 км
|
Екi пилот
|
100 м (300 фут)
|
2000 м
|
100 м (300 фут)
|
1000 м
|
450 м (1500 фут)
|
5 км
|
102. АҰҚ бойынша теңiз бұрғылау қондырғыларына (ТБҚ) немесе теңiз кемелерiне ұшу кезiнде метеорологиялық минимумдар төмендегi 20-тарау талаптары ескерiле отырып, белгiленедi.
20 тарау. Су кеңiстiгi үстiнен ұшуға арналған борттық радиолокатор (ARA) бойынша қонуға кiру
103. Пайдаланушы, егер оның авиация саласындағы уәкiлеттi органнан рұқсаты болмаса, борттық радиолокатор бойынша қонуға кiрудi орындамайды.
104. Борттық радиолокатор бойынша тек қана мүшелерi көп экипаж тұжырымдамасы қолданылған жағдайда қалқымалы бұрғылау платформаларына немесе жүрiп тұрған кемеге қонуға кiруге рұқсат етiледi.
105. Егер радиолокатор кедергiлерден ұшу кезiнде биiктiк қорын қамтамасыз ету үшiн бағдар бойынша дәлдеудi қамтамасыз ете алмаса, тiкұшақ командирi борттық радиолокатор бойынша қонуға кiрудi орындамайды.
106. Қонуға кiрудiң соңғы кезеңiне кiргенге дейiн тiкұшақ командирi радиолокатор экранында қонуға кiру және екiншi айналымға кетудiң аяқталу учаскесiне арналған бос траектория бар екендiгiне көз жеткiзедi. Егер қандай да болмасын кедергiге қатысты бүйiрлiк арақашықтық 1852 м (1.0 nm) төмен болса, тiкұшақ командирi:
1) берiлген объектiге көршiлес алаңға кiрудi орындайды және одан кейiн белгiленген объектiге көзбен шолып ұшуды жалғастырады; немесе
2) шеңберден қонуды қолдана отырып, басқа бағыттан қонуға кiредi.
107. Тiкұшақ командирi бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi тiкұшақ алаңынан едәуiр жоғары тұрғанына және қауiпсiз қонуды орындауға мүмкiндiк беретiнiне көз жеткiзедi.
108. Ең төменгi құлдилау биiктiгi (MDH)
Төменде 109-тармақта көрсетiлгендей белгiленген минимумдарды қоса алғанда, MDH тiкұшақ алаңынан асып түсуiнен 15 м (50 фут) төмен болуға тиiс.
109. Ең төменгi құлдилау биiктiгi радио биiктiктi өлшегiш бойынша анықталады. Шеңберден қону манверiн пайдалана отырып, қонуға кiруге арналған ең төменгi құлдилау биiктiгi:
1) күндiз 90 м (300 фут);
2) түнде 150 м (500 фут) кем болмайды.
110. Абсолюттiк ең төменгi құлдилау биiктiгi (MDA)
MDA тек қана радио биiктiктi өлшегiш ақаулығы жағдайында қолданылады. Абсолюттiк ең төменгi құлдилау биiктiгi - бұл MDH + 90 м (250 фут) ең төменгi мәнi және белгiленген тiкұшақ айлағы QNH бөлiктеу барометрi көрсеткiштерiне және осы өңiр бойынша болжанатын QNH төменгi деңгейiне сүйенедi.
111. Шешiм қабылдау алыстығы.
Егер пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға рұқсат етiлетiн қауiпсiздiк кезiнде шешiм қабылдаудың төмен алыстығын қолдану мүмкiндiгiн бiлдiрмесе, шешiм қабылдау алыстығы (2-3 суреттердi қара) кемiнде 1390 м (0.75 nm) құрайды.
112. Көзбен шолу байланысы
Егер пилот межелi орынмен көзбен шолу байланысын орнатпаса, шешiм қабылдау алыстығы шеңберiнен тыс немесе ең төменгi құлдилау биiктiгiнен/абсолюттiк ең төменгi құлдилау биiктiгiнен (MDH/MDA) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды.
113. Бiр пилотпен ұшуды орындау.
MDH/MDA борттық радиолокатор бойынша бiр пилотпен ұшуды орындау үшiн жоғарыдағы 49-тармақ бойынша есептелетiн биiктiк мәнiнен 30 м (100 фут) асады, бұл ретте шешiм қабылдау алыстығы 1850 м (1.0 nm) төмен емес.
114. Тiкұшақтың борттық радиолокаторы (ARA) бойынша қонуға кiру рәсiмi бес жек сегменттерден тұрады. Олар жақындау (Approach segment), бастапқы (Initial Approach segment), аралық жақындау (Intermediate Approach segment), аяқталу сегменттерi (Final Approach segment) және екiншi айналымға кету сегментi (Missed Approach segment) болып табылады.
Қонуға кiру (ARA) рәсiмi мысалдары 1-4 суреттерде көрсетiлген.
1-сурет. Шеңбер бойымен борттық радиолокатор (ARA) бойынша қонуға кiру рәсiмi.
2-сурет. Есептiк бұрышқа немесе шеңберден қонуға бұрылған борттық радиолокатор (ARA) бойынша қонуға кiру рәсiмi.
3-сурет. Қонуға кiрудiң тiк бейiнi
4-сурет. Екiншi айналымға кету аймағы (солға және оңға)
21 тарау. Көзбен шолып ұшуға (VFR) арналған пайдалану минимумдары
115. Тiкұшақтармен көзбен шолып ұшуға арналған пайдалану минимумдары Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидасының талаптарына сәйкес белгiленедi.
КҰҚ (VFR) бойынша ұшудың ең төменгi шарттары осы Қағиданың 5-қосымшасында келтiрiлген.
116. Егер тiкұшақтар онда уақтылы басқа әуе кемелерiн немесе олармен соқтығысып қалмау үшiн қандай да болмасын кедергiлердi табуға болатын жылдамдықта маневр орындаса 1500 м төмен ұшудағы көрiну кезiнде олардың ұшуына рұқсат етiледi.
117. Көзбен шолып ұшуға (VFR) арналған ең төменгi көрiну. 5 км төмен көрiнумен ұшу орындалғанда пилотқа кедергiлердi көруге және олармен қақтығысып қалмауына мүмкiн беру үшiн (27-кестенi қараңыз) көрiну тiкұшақ 30 секунд iшiнде ұшып өтетiн арақашықтықтан кем болмауға тиiс.
27-кесте
Көрiну (м)
|
Жылдамдық км/сағ.(kts)
|
800
|
93 (50)
|
1500
|
185 (100)
|
2000
|
220 (120)
|
118. Тiкұшақтармен КҰҚ ең төменгi шарттары бойынша ұшуларға арналған пайдалану минимумдары Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидасының талаптарына сәйкес белгiленедi.
119. Ұшу қауiпсiз биiктiгi мен бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiнiң ең төменгi мәндерi, сондай-ақ, КҰҚ бойынша арнайы ұшулар бойынша ұшу кезiндегi көрiнудiң ең төменгi мәндерi осы Қағиданың 6-қосымшасында келтiрiлген.
22 тарау. Тiкұшақ айлақтарына (әуеайлақтарына) арналған жаттығу минимумдары
120. АҰҚ бойынша жаттығуларды орындау кезiнде АҰҚ бойынша өндiрiстiк ұшуға жiберiлмеген тiкұшақтардың ұшып көтерiлуiне және қонуына арналған тiкұшақ айлақтарының (әуеайлақтарының) жаттығу минимумдары Ұшу құрамын даярлау бағдарламасына (ҰҚДБ) сәйкес белгiленедi.
121. ҰҚДБ-ға сәйкес АҰҚ бойынша жаттығуларды орындау кезiнде АҰҚ бойынша өндiрiстiк ұшуға жiберiлмеген тiкұшақтардың қонуға кiруiне арналған глиссаданың 2о30’-4о(5о) еңiстiк бұрышы кезiнде тiкұшақ айлағының (әуеайлағының) жаттығу минимум бойынша шешiм қабылдау биiктiгi DH=Н ж.т. ретiнде анықталады.
Барлық жағдайларда шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi (DH) кемiнде 100 м болып белгiленедi.
122. ҰҚДБ-ға сәйкес АҰҚ бойынша жаттығуларды орындау кезiнде АҰҚ бойынша өндiрiстiк ұшуға жiберiлмеген тiкұшақтардың қонуына арналған тiкұшақ айлағының (әуеайлағының) жаттығу минимумы ҰҚЖ-дағы көрiну алыстығы 11-кесте бойынша анықталады.
123. ҰҚДБ-ға сәйкес АҰҚ бойынша жаттығуларды орындау кезiнде АҰҚ бойынша өндiрiстiк ұшуға жiберiлмеген тiкұшақтардың ұшып көтерiлуiне арналған тiкұшақ айлағының (әуеайлағының) жаттығу минимумы қонуға арналған әуеайлақтың жаттығу минимумы тең болып белгiленедi.
ҰҚДБ-ға сәйкес АҰҚ бойынша жаттығуларды орындау кезiнде АҰҚ бойынша өндiрiстiк ұшуға жiберiлмеген тiкұшақтардың қонуына арналған тiкұшақ айлақтарының (әуеайлақтарының) жаттығу минимумы ҰҚЖ-дағы көрiну алыстығының мәнi
28-кесте
Қонуға кiру жүйесi
|
Шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi, м
|
100-105
|
110-115
|
120-155
|
160-200
|
200-205
|
210-255
|
260 және астам
|
ҚЖР+ҚЖЖ, ҚЖР
|
1000
|
1200
|
1500
|
2000
|
2000
|
2500
|
3000
|
ҚЖЖ
|
1000
|
1200
|
1500
|
2500
|
2500
|
3000
|
3000
|
ЖЖРС
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2500
|
3000
|
3000
|
23 тарау. Уақытша iстен шыққан немесе толық көлемде жұмыс iстемейтiн жерүстi жабдықтарының қону минимумдарына тигiзетiн әсерi
124. Жерүстi жабдығының ақаулығы жағдайында мұндай кiруге арналған ақаулы жабдықтың қонуға тигiзетiн әсерi келтiрiлген 29 және 30-кестелерге сәйкес қарастырылады.
29-кесте – iстен шыққан немесе ақаулы жабдық – қону минимумына әсерi
Iстен шыққан немесе ақаулы жабдық
|
Қону минимумына әсерi
|
CAT III A
|
CAT II
|
CAТ 1
|
Дәлме-дәл емес жүйелер бойынша кiру
|
ILS резервтiк таратқышы
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Әсер етпейдi
|
Сыртқы маркер
|
Егер тиiстi жарияланған нұсқаулықтармен ауыстырылмаса, әсер етпейдi
|
Қолданылмайды
|
Ортаңғы маркер
|
Әсер етпейдi
|
Егер екiншi айналымға кету нүктесi ретiнде пайдаланылмаса, әсер етпейдi
|
Жанасу аймағында ҰҚЖ-дағы RVR бағалау жүйесi
|
Егер мұны әуеайлақ тұрған мемлекет бекiтсе, ҰҚЖ ортасындағы RVR-ге уақытша ауыстыруға болады. RVR көзбен шолу бағдарымен анықталуы мүмкiн
|
Әсер етпейдi
|
30-кесте - iстен шыққан немесе ақаулы жабдық – қону минимумына әсерi
Жабдықтың iстен шығуы немесе жұмыс қабiлетiнiң төмендеуi
|
Қону минимумына әсерi
|
CAT IIIA
|
CAT II
|
CAT I
|
Дәлме-дәл емес жүйелер бойынша кiру
|
Жақындау шырақтары
|
DH> 15 м (50 фут) қонуға кiрудi орындау үшiн рұқсат етiлмейдi
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Жабдық болмаған кездегiдей минимум
|
Жақындау шырақтары соңғы 210 м алынып тасталған.
|
Әсер етпейдi
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Жабдық болмаған кездегiдей минимум
|
Жақындау шырақтары соңғы 420 м алынып тасталған
|
Әсер етпейдi
|
Жабдық болмаған кездегiдей минимум
|
Жақындау шырақтарының қосалқы қоректену көздерi
|
Әсер етпейдi
|
RVR САТ1 негiзгi жабдығына арналған ретiнде
|
Әсер етпейдi
|
FATO қону шырақтары жүйесi
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Негiзгi жабдыққа арналған минимум. Тек қана күндiз
|
ҰҚЖ бүйiрлiк шырақтары
|
Тек қана күндiз;
|
Осьтiк шырақтар
|
RVR 300 м тек қана күндiз
|
RVR 300 м Түнде - 550 м
|
Әсер етпейдi
|
30 м дейiнгi аралықта орналасқан осьтiк шырақтар
|
Әсер етпейдi
|
Жерге қону аймағының шырақтары
|
Күндiз – RVR 300 м
Түнде - 550 м
|
Әсер етпейдi
|
Жақындау шырақтарына арналған қосалқы қоректену көздерi
|
Рұқсат етiлмейдi
|
Әсер етпейдi
|
Жермен жүру жолының шырақтар жүйесi
|
Әсер етпейдi – қозғалыс жылдамдығының төмендеуiне байланысты кiдiрiстерден басқа
|
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуды
жүргiзу қағидасына
5-қосымша
Көзбен шолып ұшу қағидасы бойынша ұшу шарттары
Орны
|
Ұшу (аспаптық) жылдамдығы, км/сағ.
|
КҰҚ бойынша ұшудың ең төменгi шарттары
|
жер бедерiнiң ең жоғары нүктесi үстiндегi бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi, м
|
көрiну,м
|
бұлттардың төменгi шекарасына дейiнгi әуе кемелерiнен тiгiнен арақашықтық, м
|
Ұшып шығу және қону аймағында
|
Жазық және қыратты (су)
|
300 және одан да төмен
|
150
|
2000
|
50
|
301-450
|
300
|
5000
|
100
|
Таулы
|
450 және одан да төмен
|
300
|
5000
|
100
|
Әуе жолдары, жергiлiктi әуе желiлерi мен белгiленген бағыттар бойынша қонуға кiру және ұшып шығу схемасынан тыс әуеайлақ ауданында
|
Жазық және қыратты (су)
|
300 және одан да төмен
|
150
|
2000
|
50
|
301-450
|
300
|
5000
|
100
|
Таулы (биiктiгi 2000 м.).
|
450 и менее
|
400
|
5000
|
100
|
Таулы (биiктiгi 2000 м-ден жоғары)
|
450 және одан да төмен
|
700
|
8 000
|
100
|
КҰҚ бойынша ұшу: күндiз 2000 м., түнде 4000 м төмен емес көрiну кезiнде орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |