Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


-параграф. Ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқама



бет5/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

47-параграф. Ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқама

      209. Пайдаланушы ҰЖН әзiрлейдi және ұшу жүргiзумен айналысатын авиациялық персоналды ҰЖН-ның тиiстi бөлiктермен қамтамасыз етедi. ҰЖН талаптары оған қатысты бөлiгiнде пайдаланушының барлық персоналының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.


      210. ҰЖН мазмұны Қазақстан Республикасы үкiметiнiң төмендегi:
      1) 2010 жылғы 18 қазан күнгi № 1070 «Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидасын бекiту туралы»;
      2) 2010 жылғы 18 қазан күнгi № 1069 «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы»;
      3) 2010 жылғы 31 желтоқсан күнгi «Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларын ұшуға жiберу қағидасын бекiту туралы» қаулыларында келтiрiлген.

48-параграф. Авиациялық персоналдың бiлiктiлiгi

      211. Әуе кемесiне жер үстi қызметiн көрсетуге және ұшу пайдалануға қатысатын немесе тiкелей қатысатын авиациялық персонал тиiсiнше оқытылады, машықтанудан өткеннен кейiн және машықтануды жүргiзетiн лауазымдық тұлғаның өз бетiнше кәсiби қызметке жiберу мүмкiндiгi туралы шешiмiнен кейiн өз бетiнше кәсiби қызметке жiберiледi.


      212. Авиациялық персонал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 сәуiр күнгi № 442 «Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау Ережесiн бекiту туралы» қаулысында белгiленген мерзiм мен тәртiпте иеленген қызметiне сәйкестiкке арналған аттестациядан өтедi.

49-параграф. ӘҚҚ органдарымен өзара әрекетi

      213. Пайдаланушы олардың ұшуы әуе кеңiстiгiнде орындалатын аудандар мен мемлекеттер үшiн белгiленген ӘҚҚ органдарымен өзара әрекет ету рәсiмдерiн сақтауды қамтамасыз етедi.


      214. Пайдаланушы 2011 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 506 қаулысымен бекiтiлген, ӘҚҚ органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес ӘҚҚ органдарына ұшу жоспарын (әуе кеңiстiгiн пайдалануға арналған өтiнiмдi) уақтылы ұсынады.

50-параграф. Әуеайлақтарды пайдалану

      215. Пайдаланушы тек әуе кемесiнiң үлгiлерi мен ұшу түрлерi бойынша пайдалану талаптарына сәйкес келетiн әуеайлақтарын ғана пайдаланады.


      216. Пайдаланушы әуе кемелерiнiң пилоттары мен мүшелерiн даярлау әдiстерiн айқындау және әуе қозғалысының жоғары тығыздығы, жергiлiктi бедерлердiң географиялық ерекшелiктерi мен қонуға енудiң күрделi схемалары, сондай-ақ ұшып келу мен ұшып кетудiң схемалары бар аудандар мен әуеайлақтарына оларды жiберу мақсатында әуеайлақтарының күрделiлiк санаттарын белгiлейдi.
      217. Әуеайлақтары күрделiгiне қарай «А», «В», «С» санаттарына жiктеледi және пайдаланушының ҰЖН-на енгiзiледi.
      218. Әуеайлақтарын күрделiлiк санаты бойынша жiктеу әдiсi осы Қағиданың 3-қосымшасында келтiрiлген.

51-параграф. Әуеайлақ минимумы

      219. Пайдаланушы осы ережелердiң 4-қосымшасына, «Кез келген ауа-райы жағдайында ұшу жөнiндегi нұсқау» ИКАО құжатына (Doc 9365 AN/910 ИКАО) сәйкес пайдалану үшiн рұқсат берiлген әрбiр әуеайлақтың минимумын (ұшып көтерiлу, қону үшiн және қосалқы әуеайлақ ретiнде) айқындайды.


      220. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн әуеайлақ минимумының кез келген жоғарлауын пайдаланушы ескередi.
      221. Енудiң нақты режимi мен қону үшiн таңдалған минимум:
      1) қонуға ену картасына сәйкес көрсетiлген және ену мен қону рәсiмiн қамтамасыз ететiн жер үстi жабдығы ақаусыз және қосылған болса;
      2) қонуға енудiң бұл үлгiсi үшiн қажетi борттық жүйелер жұмысқа қабiлеттi болса;
      3) Әуе кемесiнiң ҰПН мен ҰЖН-да айқындалған ұшу сипаттамалары
минимумға сәйкес болса;
      4) экипаждың тиiстi рұқсаты болса қолданылады.

52-параграф. Аспаптар бойынша қонуға бет алу және шығу процедуралары

      222. Пайдаланушы мемлекет белгiлеген әуеайлақ орналасқан қонуға бет алу және шығу схемасын пайдаланады.


      223. Белгiленгеннен ерекшеленетiн аспаптар бойынша қонуға бет алу және шығу схемасы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша әуеайлақ орналасқан мемлекеттiң рұқсатымен ғана қолданылады.
      224. ӘК командирi ұшудың нақты жағдайларын ескере отырып кедергiлердiң көрiну мүмкiндiгi мен оларды ұшып өту қағидаларын орындау кезiнде қонуға бет алу мен шығудың жарияланған схемасынан ауытқуға диспетчер берген рұқсатты қабылдайды. Қонуға бет алғанда қонуға бет алудың соңғы учаскесi көзбен шолып немесе аспаптар бойынша қонуға бет алудың белгiленген схемасына сәйкес орындалады.
      225. Жергiлiктi әуе желiсiнiң әуе трассасы бойынша ӘК ұшуды аяқтау нүктесiнен қонуға бет алудың бастапқы кезеңiнен бақылау нүктесiне дейiн маневрлеу (бұдан әрi - ЖЭЖ) ӘҚҚ диспетчерi сұратқан траекториялар немесе келу бағыты (бұдан әрi – STAR, қысқартылған атауы ағылшын тiлiнде) бойынша жүргiзiледi.
      226.Ұшу және қонуға бет алған кезде бақылау нүктелерiн (пунктердi, межелердi) ұшып өту берiлген биiктiкте аспаптар бойынша ұшу, қонуға бет алу схемасында көрсетiлген ұшудың аспаптық жылдамдықтары бойынша белгiленген шектеулердi сақтай отырып берiлген биiктiкте жүргiзiледi.
      227. Ұшып шығу және қонуға бет алудың схемасын, аспаптар бойынша ұшып шығу және қонудың стандартты бағытын желдiң әсерiн ескере отырып, ұшу экипажы орындайды.
      228. Ұшып шығу схемасы (қонуға бет алу) және аспаптар бойынша ұшып шығудың (келу) стандартты бағыты бойынша ұшқан кезде Ұшып шығу схемасы (қонуға бет алу) және аспаптар бойынша ұшып шығу бағыты негiзделген навигациялық құралдар пайдаланылады.
      229. Аймақтық навигацияның схемалары болып табылмайтын ұшу, қонуға бет алудың бастапқы кезеңi, күту, екiншi айналымға кету схемалары төмендегi шарттарды сақтаған кезде аймақтық навигацияның жабдықтарын қолданумен орындалады:
      1) әуе кемесiнде орнатылған аймақтық навигация жабдықтары сертификатталған және ұшу экипажы осы үлгiнiң схемасын орындау үшiн пайдалануға жiберiлген;
      2) берiлген траектория қолданыстағы борттық дерекқорда сақталады және ұшу экипажы оның жарияланған схемаға сәйкес келуiне көз жеткiзгенде.
      230. Векторлауды жүзеге асырған кезде ӘҚҚ органы ұшып келетiн ӘК қатысты векторлау басталған болса жер үстiндегi кедергiлердiң қауiпсiз өтуiне жауап бередi, және ол жалғаса бередi:
      1) ӘК аспаптар бойынша қонуға бет алудың соңғы учаскесiне
шыққанға дейiн;
      2) қонуға көзбен шолып кiрудi орындауға рұқсат алғанға дейiн.
      231. Әуе кемесiнiң қонуға бет алудың соңғы учаскесiне жақындауы түзу сызықты көлденең ұшу режимiнде глиссадаға кiрудi орындауға мүмкiндiк беретiн қашықтықта 45о көп емес бұрышпен (әдетте, 30обұрышпен) қамтамасыз етiлуi тиiс.
      232. Кiруге рұқсат соңғы берiлген бағытпен бiр мезгiлде берiледi, бұл ретте өз құралдарымен ұшуды жаңарту туралы нұсқау берiлмейдi. Әуе кемесi қонуға бет алудың соңғы учаскесiнiң траекториясына шығу үшiн айналған сәт аспаптар бойынша қонуға бет алу үшiн радиолокациялық дәлдеудiң аяқталуы болып табылады. Радиолокациялық дәлдеу аяқталған сәттен бастап қонуға бет алуды жалғастыруға жауаптылық ӘК командирiне жүктеледi.
      233. Қонуға бет алу және аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасын пайдалана отырып қонулар былайша жiктеледi:
      1) қонуға дәл емес бет алу және қону. Бүйiрден дәлдеудi пайдаланып, бiрақ тiгiнен дәлдеудi пайдаланусыз аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону;
      2) қонуға бет алу және дәлдеумен қону. Бүйiрден және тiгiнен дәлдеудi пайдаланып, бiрақ қонуға дәл бет алу және қону үшiн белгiленген талаптарға жауап бермейтiн аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону. Бүйiрден және тiгiнен дәлдеу жердегi навигациялық құралдардың көмегiмен қамтамасыз етiлетiн, немесе навигациялық деректердi компьютермен қалыптастыратын дәлдеудi бiлдiредi;
      3) қонуға дәл бет алу және қону. Қонуға бет алудың және қонудың анықталатын санаттарының минимумдарында дәл бүйiрден және тiгiнен дәлдеудi пайдалана отырып аспаптар бойынша қонуға дәл бет алу және қону.
      234. Радиомаяк жүйесi (РМЖ) бойынша қонуға дәл бет алу:
      1) РМЖ бойынша қонуға бет алу глиссадаға кiру нүктесi болып табылатын қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң нүктесiнде басталады;
      2) КҰЕ-мен экипаждың көзбен шолу байланысы болған кезде бағыт және/немесе глиссада бойынша дәлдеудi жоғалтқан жағдайда қонуға көзбен шолып бет алу қағидасына өту жүзеге асырылады. КҰЕ-мен көзбен шолатын байланыс жоқ болғанда, егер нақты метеорологиялық жағдай бет алудың осы үлгiсi үшiн белгiленген пайдалану минимумынан жаман болмаса, тiгiнен дәлдеумен қонуға дәл емес бет алу немесе қонуға бет алуды кейiннен дайындай және орындай отырып екiншi айналымға кету схемасы бойынша үзiлген бет алу орындалады.
      235. Қону локаторы бойынша қонуға бет алу:
      1) қону локаторы бойынша қонуға бет алуды орындаған кезде ұшқыш ӘҚҚ пунктi диспетчерiнiң әмiрiн орындайды;
      2) ұшқыш бағыт бойынша берiлген траекториядан ауытқыған кезде бұл туралы ӘҚҚ пунктi диспетчерiнiң арнайы нұсқауынсыз түзететiн әрекет қолданбайды;
      3) ұшқыш биiктiк бойынша берiлген траекториядан ауытқыған кезде(глиссада бойынша ауытқу) ӘҚҚ пунктi диспетчерi ұсынған ақпараттың негiзiнде түзететiн әрекет жасайды.
      236. Қонуға дәл емес бет алу:
      1) қонуға бет алудың соңғы кезеңiнде төмендеу қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң бақылау нүктесiнде, ал «ипподром» рәсiмiн немесе керi схемаларды орындау кезiнде – қону алдындағы түзуге шыққаннан кейiн басталады;
      2) қонуға бет алудың соңғы кезеңiнде төмендеудiң ең аз биiктiгiне дейiн (ТАБ) төмендеу желдi ескере отырып төмендеу градиентiмен анықталатын есептi тiк жылдамдықпен жүзеге асырылады (спутниктiк навигациялық жүйе бойынша (СНЖ) бет алған кездегi траекторияның еңiс бұрышы).
      237. Бақылау нүктесiнiң сатылы төмендеуi болған кезде аталған биiктiктен төмен төмендеу осы нүктенi ұшып өткенге дейiн жүргiзiлмейдi.
      238. Белгiленген шектен асып түсетiн шамаға әуе кемесi ауытқығанда қонуға бет алу тоқтатылады. Екiншi айналымға кету рәсiмi екiншi айналымға кету нүктесiн ұшып кеткеннен кешiкпей басталады.
      239. Бүйiрден және тiгiнен дәлдеудi пайдалана отырып қонуға бет алу осы қонуға бет алу қонуға бет алу картасында жарияланғаннан төмен әуеайлақтағы температурада орындалмайды.
      240. Қонуға бет алу глиссадаға кiру нүктесi болып табылатын қонуға бет алудың соңғы кезеңi басталған нүктеде басталады.
      241. КҰЕ-мен көзбен шолу байланысы болғанда тiгiнен дәлдеу тоқтатылған жағдайда қонуға көзбен шолып бет алуға өту жүзеге асырылады. КҰЕ-мен көзбен шолу байланысы болмағанда егер нақты метеорологиялық жағдай қонудың осы түрi үшiн белгiленген пайдалану минимумынан жаман болмаса, қонуға дәл емес бет алуды кейiн орындай отырып екiншi айналымға кету орындалады.

53-параграф. Шуды азайту рәсiмдерi

      242. Пайдаланушы ИКАО-ның қолданыстағы қағидалары (Doc. 8168-OPS/611 «Әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету – ұшуды жүргiзу қағидасы» (PANS- OPS)) мен олардың қолданысқа енуiне қарай басқа да қолданылатын құжаттарға сәйкес аспаптар бойынша ұшуды орындау кезiнде шуды азайту рәсiмдерiн белгiлейдi.


      243. Әуе кемелерi пайдаланылатын, барлық үлгiлер үшiн пайдаланушы белгiлейтiн жергiлiктi жерде шуды шектеу бойынша шараларды қолдана отырып, ұшып көтерiлу және биiктiк алу рәсiмi барлық әуеайлақтар үшiн бiрдей болуы тиiс.

54-параграф. Ұлғайтылған қашықтыққа ұшу (ETOPS – ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатура)

      244. Пайдаланушы 57-параграф талаптарына жауап бермейтiн бағыт бойынша және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (ETOPS approval) берген тиiстi рұқсат болмаса ұшуды орындамайды.


      245. ETOPS бойынша сертификаттау кезiнде ұшақ жүйелерiнiң техникалық сипаттамалары мен сенiмдiлiгiне қатысты қолданылатын өлшемдер ұшу жарамдылығы бойынша техникалық нұсқамада (Doc. 9760) бар.
      246. ETOPS бойынша ұшуды орындау кезiнде пайдаланушы бағыттың кез келген нүктесiнен қону үшiн жарамды қашықтағы қосалқы әуеайлақтар отын қоры жететiн және ең аз жабдық тiзбесiнiң (MEL) сенiмдiлiгi бойынша айқындалған уақыт аралығы шегiнде екенiне көз жеткiзедi.

55-параграф. ETOPS бойынша ұшуға рұқсаттамасыз екi қозғалтқышты ұшақтар үшiн жарамды әуеайлаққа дейiнгi ең көп қашықтық

      247. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның арнайы рұқсаты (ETOPS рұқсаты) жоқ болған кезде пайдаланушы қону үшiн жарамды әуеайлақтарынан қашық қандай да бiр нүктесi бар бағыт бойынша екi қозғалтқышты ұшақтармен мынадан астам қашықтыққа ұшуды орындамайды:


      1) 20-дан астам ең көп мақұлданған жолаушылар саны бар немесе 45500 кг. астам барынша ұшып көтерiлу массасы бар осы Қағиданың 248-тармағына сәйкес айқындалған крейсерлiк жылдамдықта бiр жұмыс iстейтiн қозғалтқышымен 60 минут ұшатын А сыныбының ұшу-техникалық сипаттамаларын бар әуе кемелер үшiн;
      2) 19-дан аз ең көп жолаушылар орнының мақұлданған саны, немесе 45500 кг аз ең көп ұшып көтерiлу массасы, крейсерлiк жылдамдықта бiр жұмыс iстейтiн қозғалтқышпен 120 минут немесе азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен кезде турбореактивтi ӘК үшiн 180 минутке дейiн ұшатын А сыныбының ұшу-техникалық сипаттамалары бар немесе азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен кезде осы Қағиданың 248-тармағына сәйкес айқындалған А сыныбының ұшу-техникалық сипаттамалары бар турбореактивтi әуе кемелерi үшiн 180 минутке дейiн әуе кемелерi үшiн;
      3) осы Қағиданың 248-тармағына сәйкес айқындалған крейсерлiк жылдамдықта бiр жұмыс iстейтiн қозғалтқышпен 120 минут ұшатын, 300 теңiз миль (аз мәнi алынады) В немесе С сыныбының ұшу-техникалық сипаттамалары бар әуе кемелерi үшiн.
      248. Пайдаланушы пайдаланылатын екi қозғалтқышты ұшақтардың әрбiр үлгiсi үшiн қолайлы әуеайлаққа дейiн барынша қашықтау есебiне арналған жылдамдықты айқындайды. Ол шынайы әуе жылдамдығына сәйкес келедi және төмендегi жағдайларда бiр жұмыс iстейтiн қозғалтқышпен ұшақты ұстап тұру мүмкiн барынша рұқсат берiлген пайдалану жылдамдығынан (VMO) аспайды.
      249. Пайдаланушы ұшақтардың әрбiр үлгiсi мен модификациясына жататын мына ақпараттың ҰЖН-ға енгiзiлуiн қамтамасыз етедi:
      1) бiр жұмыс iстейтiн қозғалтқышпен осы Қағиданың 247-тармағына сәйкес айқындалған крейсерлiк жылдамдық және
      2) осы Қағиданың 247-248-тармағына сәйкес айқындалған қолайлы әуеайлаққа дейiнгi барынша көп қашықтық.

56-параграф. Авариялық тастап шығу құралдары.
Авариялық-құтқару жабдығына еркiн қол жеткiзу

      250. Пайдаланушы жермен бұрыла жүру, ұшып көтерiлу және қону, сондай-ақ ұшудың әртүрлi кезеңдерiндегi басқа да қажеттi жағдайларда авариялық эвакуациялау құралдарын уақтылы ашуды қамтамасыз ететiн рәсiмдердi белгiлейдi.


      251. ӘК командирi барлық авариялық-құтқару құралдарына жеңiл қол жеткiзiлетiнiне және дереу пайдалануға дайын екендiгiне көз жеткiзедi.

57-параграф. Креслолар, байлау жүйелерi мен қауiпсiздiк белдiктерi

      252. Экипаж мүшелерi:


      1) ұшып көтерiлу және қону уақытында, сондай-ақ ӘК командирi мұны қауiпсiздiк мүддесi үшiн қажет деп санаса экипаждың әрбiр мүшесi жұмыс орынында қолда бар барлық қауiпсiздiк белдiктерiн байлайды.
      2) ұшудың басқа кезеңдерi уақытында ұшу экипажының әрбiр мүшесi жұмыс орнында болған кезде қауiпсiздiктiң бел белдiгiн байлайды.
      253. Жолаушылар:
      1) Ұшып көтерiлу және қону алдында, жермен жүру кезiнде, сондай-ақ қажет болған жағдайларда қауiпсiздiк мүдделерiн ескере отырып, әуе кемесiнiң командирi барлық жолаушылардың өз орындарына отырғанына және қауiпсiздiктiң бел, егер болса иық белдiктерiн байлағанына көз жеткiзедi;
      2) пайдаланушы екi жасқа дейiнгi балаларды тасымалдау үшiн олардың ұшу кезiндегi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң қажеттi құралдарымен қамтамасыз етедi, ал әуе кемесiнiң командирi оған көз жеткiзедi не олар қауiпсiздiктiң бiр белдiгiн пайдалана отырып, ересектермен бiрге отырады.

58-параграф. Ұшу экипажы кабинасының, жолаушылар кабинасының және буфет-асүйлердiң қауiпсiздiгi

      254. Жолаушыларды тасымалдайтын ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 45 500 кг-нан асатын немесе 60 адамнан артық жолаушы сиятын ӘК-де ӘК әзiрлеушiсi бекiтiлген құрылымның ұшу экипажы кабинасының есiгiн атыс қаруы мен гранаталардың жарықшағының тесiп шығуына, сонымен қатар, бөгде тұлғалардың зорлықпен баса-көктеп кiруiне қарсы тұра алатындай етiп жобалаған.


      255. Бұл есiктi әр ұшқыштың жұмыс орнынан жабу және ашу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлген, сонымен қатар кiруге ниет бiлдiрген адамдарды және күдiктi iс-әрекеттер немесе әлеуеттi қауiптi байқау мақсатында ұшу экипажы кабинасының сыртқы жағынан есiктiң барлық аумағын бақылау құралы қарастырылуда.
      256. Жолаушыларды түсiргеннен кейiн ӘК барлық iшкi есiктерi жабылған сәттен бастап, оларды түсiру үшiн мұндай есiктердiң кез келгенiн ашқанға дейiн, бұған құқы бар тұлғалардың кiру және шығу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету қажет болған кезден басқа жағдайларда ұшу экипажы кабинасының есiгi жабық және бекiтулi болады.
      257. Пайдаланушы жермен жүру, ұшып көтерiлу және қону алдында барлық авариялық шығыстарға еркiн баруды және жолаушылар кабинасын (салонын) тастап шығу құралдарына қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн рәсiмдердi әзiрлейдi.
      258. ӘК командирi ұшып көтерiлу және қону алдында, сондай-ақ қауiпсiздiк мүдделерi үшiн қажет басқа да жағдайларда жолаушылар кабинасының (салонының) барлық жабдықтары мен багаж тиiстi түрде бекiтiлгенiне көз жеткiзедi.

59-параграф. Әуе кемесiне май құю

      259. Әуе кемесiне сапа паспорттары жоқ жанар және жағармай материалдарын (бұдан әрi – ЖЖМ) құюға тыйым салынады.


      260. Берiлетiн жанар және жағармай материалдарына сапа паспорттары (олардың куәландырылған көшiрмесi) ұшу кемесiнiң ұшу экипажының мүшесiне немесе пайдаланушының өкiлiне әуе кемесiне май құю алдында олардың талап етуi бойынша көрсетiледi.
      261. Егер әуе кемесiнiң бортында жолаушылар болса, буланудың жоғары деңгейi бар (авиациялық бензин) отынды құюға, қосымша құюға, ағызуға тыйым салынады.
      262. Егер бұл ҰПН-ға қайшы болмаса бұрамасы айналып тұрған кезде тiкұшақтарға булану деңгейi төмен (реактивтi отын) отынды құюға, ағызуға рұқсат етiледi.
      263. Қауiптi жағдай туындаған кезде немесе талаптар бұзылған кезде бортында жолаушылары бар, сондай-ақ отырғызған және шығарған кезде әуе кемесiне отын құю, қосымша құю, ағызу рәсiмдерi тоқтатылады.

60-параграф. Отын және май құюды есептеу

      264. Пайдаланушы отын мен май құю есебiн жүргiзедi, ол коммерциялық тасымалдар кезiнде әрбiр ұшуды орындауда 697-тармағында бар параграфта мазмұндалған талаптардың қанағаттандырылғанына көз жеткiзуге мүмкiндiк бередi.


      265. Отын мен май құю есебiнiң құжаттарын пайдаланушы 3 ай бойы сақтайды.

61-параграф. Бортында жолаушылар бар, жолаушыларды отырғызу және шығару уақытында отын құю/ағызу

      266. Жолаушыларды отырғызу кезiнде, олар бортта болған кезде немесе түсiрген кезде ұшаққа май құю бортта ӘК iшiндегi жолаушыларды дереу шығаруға тиiстi дайындығы бар және оны жүзеге асыруға басшылық ете алатын персонал болған жағдайда ғана жүргiзiледi.


      267. Жолаушыларды отырғызу кезiнде, олар бортта болған кезде немесе түсiрген кезде ұшаққа май құю кезiнде майдың дұрыс құйылуын бақылап тұрған жердегi персонал мен борттағы дайындығы бар персонал арасында ұшақтағы сөйлесу құрылғысы немесе тиiстi байланыс құралдарын қолдану арқылы екiжақты байланыс жүргiзiледi.
      Бортында жолаушылар бар уақытта, сондай-ақ оларды отырғызу немесе шығару кезiнде әуе кемесiне буланудың төменгi деңгейi бар (реактивтi отын) отынды құюды, қосымша құюды, ағызуды мына шарттар сақталған кезде:
      1) әуе кемесiнiң бортында жолаушылармен бiрге өрт сөндiру құралдарын пайдалануға, қажет болған жағдайда жолаушыларға нұсқама беруге және авариялық эвакуацияны ұйымдастыруға қабiлеттi арнайы дайындалған персонал болса;
      2) әуе кемесiнiң персонал мен жолаушыларға қызмет көрсететiн экипажына отынды құю, қосымша құю немесе ағызу жүргiзiлетiнi туралы ескертiлсе;
      3) «Белдiктi байлау» деген табло сөнiп тұрса;
      4) «Темекi шекпеңiз» деген табло мен авариялық шығыстардың жарықтық сiлтемелерi қосылып тұрса;
      5) жолаушылар қауiпсiздiк белдiктерiн байламаса;
      6) персонал саны жолаушыларды дерек эвакуациялауды ұйымдастыру үшiн жеткiлiктi болса;
      7) әуе кемесiнiң тұрағы мен әуе кемесiн авариялық тастап шығу құралдары ашылатын аймақ кедергiлерден бос болса;
      8) әуе кемесiндегi шығу есiгi бiреу болған кезде траптың немесе екi және одан астам шығу есiктерi болған кезде кемiнде екi траптың болуын қоса алғанда, әуе кемесiнен адамдарды қауiпсiз және тез эвакуациялауға арналған жағдайлар жасалса;
      9) iшкi байланыстың борттық жүйесi немесе басқа да тиiстi құралдар көмегiмен қосымша май құюды бақылауды жүзеге асыратын жер үстi персоналы мен борттағы экипаж арасында байланыс (екi жақты) ұсталса жүзеге асыруға рұқсат етiледi.

62-параграф. Оттегi қоры

      269. Әуе кемесiнiң экипажы ұшу алдында:


      1) кабинадағы барометрлiк биiктiк 3000 метрден 4000 метрге дейiнгi биiктiктерде 30-дан астам минутты құрайтын ұшу кезiнде – барлық экипаж мүшелерiнде және 30 минуттен асатын уақыт кезеңi iшiнде жолаушылардың 10%-ында;
      2) кабинадағы барометрлiк биiктiк 4000 метрден астам биiктiктерде ұшу кезiнде барлық уақыт iшiнде экипаждың барлық мүшелерi және жолаушылар үшiн оттегi қорының болуын және экипаж мүшелерi мен жолаушылардың дем алуы үшiн пайдалануын бақылайды;
      3) герметизацияланған кабинасы бар әуе кемесi үшiн - абсолюттiк биiктiгi 7600 м ұшу кезiнде немесе абсолюттiк биiктiгi 7600 м төмен ұшу кезiнде егер әуе кемесi кабинадағы барометрлiк биiктiк 4000 м биiктiкке дейiн 4 минут iшiнде қауiпсiз төмендей алмаса кабинадағы қысым түскен кезде төтенше жағдайда пайдалану үшiн барлық экипаж мүшелерi мен жолаушылар үшiн кемiнде 10 минуттық оттегi қоры қамтамасыз етiледi.
      270. Ұшуға жарамдылығы туралы жеке куәлiк 1998 жылғы 9 қарашаға дейiн немесе одан кейiн берiлген әуе кемелерi автоматты түрде орналасқан оттегi жабдығымен жарақтандырылады. Оттегi аспаптарының жалпы саны экипажға қызмет көрсететiн мүшелерi мен жолаушыларға арналған орындардың санынан кемiнде 10% артық.

4. Ұшу ережесi

      271. Әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының кеңiстiгiнде ұшуы:


      1) көзбен шолып ұшу ережесi бойынша (КҰЕ);
      2) аспаптар бойынша ұшу ережесi (АҰЕ) бойынша орындалады.
      272. Көзбен шолып ұшу ережесi жердегi бағдарлар және басқа материалдық объектiлерге қатысты табиғи көкжиектер бойынша әуе кемесiнiң тұрған жерi мен кеңiстiктiк жағдайын айқындауға мүмкiндiк беретiн жағдайларда ұшуды орындау тәртiбiн көздейдi.
      273. КҰЕ:
      1) ӘК-ның ұшуды пилотаждық-навигациялық аспаптар бойынша «А» және «С» сыныбындағы бақыланатын әуе кеңiстiгi шегiнде орындауын;
      2) бақыланатын әуе кеңiстiгiнде ұшуға диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етудi көздейдi.

63-параграф. Көзбен шолып ұшу ережесi

      274. Көзбен шолып ұшу ережесi аспаптық жылдамдықты 450 км/сағ-тан асырмай төменгi әуе кеңiстiгi шегiнде:


      күндiз;
      ымыртта – жарық-техникалық құралдармен жабдықталған немесе қону алаңын әуеден таңдауға болатын әуеайлаққа (қону алаңына), жарық техникалық құралдарымен жабдықталмаған әуеайлақтарға (алаңдарға) таңатқаннан кейiн 30 минуттан соң және қараңғы түскенге дейiн 30 минут бұрын орындалады.
      275. Көзбен шолып ұшу ережесi:
      1) әуе кемесi экипажының ауа жағдайын көзбен шолып бақылауы арқылы әуе кемелерi арасындағы, сондай-ақ әуе кемелерi мен басқа да әуедегi материалдық объектiлер арасындағы белгiленген тiк, көлденең және бүйiр аралықтарын сақтауды;
      2) төменгi эшелоннан төмен биiктiкте ұшқан кезде нағыз қауiпсiз биiктiктi ұстану және алдыңғы жақты көзбен шолып бақылай отырып жасанды кедергiлердi айналып өтудi;
      3) әуе кемесiнiң көзбен шолу бағдары әдiсiмен және қолдағы бар навигациялық құралдарды пайдалана отырып, әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) ауданындағы әуе трассасының, жергiлiктi әуе желiсiнiң (бұдан әрi - ЖӘЖ), ұшу бағытын;
      4) бақыланатын әуе кеңiстiгiнде - жауапкершiлiк аймағындағы әуе кемесiн, ӘҚҚ органының радиожиiлiктi қосымша тұрақты тыңдауы;
      5) бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде - эфирдi қосымша тұрақты тыңдау (жұмыс радиожиiлiгi).
      276. АҰЕ бойынша рұқсаты жоқ ӘК командирлерiнiң, ұшқыштардың жеткiлiктi дәрежеде ұшуды орындау үшiн аспаптар бойынша ұшуға дайындығы (машығы) болуы қажет, ол әуе кемесi табиғи көкжиек желiсi және жер бағдары бойынша ұшуға мүмкiндiк болдырмайтын жағдайға кенеттен түскенде ұшуды қауiпсiз аяқтауды қамтамасыз етедi.
      277. КҰЕ бойынша ұшулар әуе кемесiнiң ұшу экипажының барлық мүшелерiнiң барынша сақтығымен, ал бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе кемесi болған жауапты аймақтағы ӘҚҚ органының радиожиiлiктi тұрақты тыңдауымен орындалады.
      278. Әуе кемесiнiң бағыты бойынша байқалатын кедергiлердi айналып өту, әдетте, одан кемiнде 500 м қашықтықта оң жағынан жүзеге асырылады.
      279. Ұшу бағыты оның бағытынан кемiнде 70 градусқа ерекшеленетiн алдында ұшып бара жатқан әуе кемесiне жақындайтын әуе кемесi басып озушы деп есептеледi.
      Алда ұшып бара жатқан әуе кемесiн басып озу мына жағдайларда:
      1) ұшуда - кемiнде 500 м қашықтықта оң жағынан;
      2) шеңберде (шеңбер көзделген)- неғұрлым жылдам әуе кемесiмен кемiнде 500 м аралықпен шеңбердiң сыртқы жағынан үшiншi бұрылғанға дейiн ғана мүмкiн.
      Шеңбер бойынша ұшуларды орындау кезiнде бiр үлгiдегi әуе кемесiн басып озуға рұқсат етiлмейдi.
      280. Өту эшелонынан төмен биiктiкте ұшу кезiнде әуе кемелерiнiң бiр биiктiкте бiр-бiрден ұшудың барланбаған бағыты және/немесе ЖӘЖ арқылы қарсы қозғалуға жол берiлмейдi.
      281. Ұшу биiктiгiн (эшелонын) өзгерту:
      1) бақыланатын әуе кеңiстiгiнде - әуе кемесi тiкелей бақылауындағы ӘҚҚ органының рұқсатымен;
      2) бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде - басқа әуе кемелерi үшiн (жұмыс радиожиiлiгiнде) эфирге өзiнiң әрекетi туралы ақпарат бойынша жүргiзiледi.
      282. Кездесетiн бағыттарда абайсыз жақындасып қалған жағдайда әрбiр әуе кемесiнiң командирi оларды сол бортпен ажырату үшiн өз әуе кемесiн оңға бұруға тиiс.
      283. Әуе кемелерi өзара қиылысатын бағытта және бiр биiктiкте ұшқанда әуе кемелерiнiң командирлерi (ұшқыштары) басқа әуе кемесiн орындалатын маневрге қарамастан көзден таса қылмауға тиiс:
      1) ұшу биiктiгiн өзгерту мүмкiндiгi болған кезде - сол жағынан әуе кемесiн байқаған ұшқыш ұшу биiктiгiн азайтуға, тиiсiнше оң жағынан байқаған ұшқыш ұшу биiктiгiн көтеруге, сөйтiп олар әуе кемелерiнiң қауiпсiз айырылысып кетуi үшiн әртүрлi биiктiкте ұшады;
      2) ұшу биiктiгiн өзгерту мүмкiн болмаса (бұлт болғандықтан, ең аз биiктiкте ұшқандықтан немесе басқадай шектеулерден) - сол бортпен өту үшiн оңға бұрады.
      284. Метеорологиялық жағдай КҰЕ бойынша ұшуға қойылған тиiстi талаптарға сай келмейтiн шамаға дейiн нашарлағанда әуе кемесiнiң командирi:
      1) егер ол КҰЕ ең аз шарты бойынша ұшуға және АҰЕ бойынша ұшуға жiберiлмесе ұшып шыққан әуеайлаққа қайтуға және немесе ең жақын қосалқы әуеайлақта қонуды орындайды;
      2) егер ұшу тапсырмасының мақсаты мен ӘКК бұған кедергi болмаса, КҰЕ бойынша арнайы ұшуға ауысады;
      3) егер ұшу тапсырмасының мақсаты мен ӘКК, ӘК жабдықталуы бұған кедергi болмаса, АҰЕ бойынша ұшуға ауысады.
      285. КҰЕ ең төмен жағдайы бойынша ұшуға немесе АҰЕ бойынша ұшуға өту кезiнде ӘК командирi өз әрекетi мен ұшу эшелонын (биiктiгiн) диспетчерi әуе кемелерi арасында белгiленген аралықты қамтамасыз ететiн ӘҚҚ органымен келiседi және қажет болған жағдайда төменгi (қауiпсiз) эшелонды және әуе кемесiнiң әуе қозғалысына қызмет көрсететiн (басқару) шектес ауданға кiру жағдайын келiседi.
      286. Әуе кемесi КҰЕ бойынша ұшу үшiн белгiленген минимумнан төмен жағдайға кенеттен түскенде көзбен шолып ұшуға көшу мақсатында аспаптық қауiпсiз биiктен төмен құлдилауға жол берiлмейдi. Бұл жағдайда командир аспаптар бойынша ұшуға көшуге, 180 градусқа бұрылуға, ұшып шыққан әуеайлаққа қайтуға немесе жақын арадағы әуеайлаққа қонуға мiндеттi.
      180 градусқа бұрылғаннан кейiн көзбен шолып ұшуға көшу мүмкiндiгi болмаса, ӘК командирi төменгi қауiпсiз эшелонға дейiн биiктiктi алуға ауыстырады және бақыланатын әуе кеңiстiгiндегi өзiнiң алдағы әрекетiн ӘҚҚ диспетчерiмен келiседi.
      287. Тiкұшақ командирiне ұшуда минимумнан төмен ауа райы жағдайымен және қауiптi метеоқұбылыстармен кездескен кезде әуеден таңдаған алаңға қонуға рұқсат етiледi. Осы алаңнан ұшып көтерiлуге нақты ауа райында минимумға сай келетiн тiкұшақ командирiне рұқсат етiледi. Тiкұшақ командирi өзiнiң әрекеттерi туралы ӘҚҚ органына хабарлайды.
      288. ӘК қай жерде келе жатқаны туралы хабар берудi егер ӘҚҚ органының басқаруындағы әуе кемесi басқа уақыт интервалын белгiлемесе ӘК командирi 30 минуттан аспайтын интервалмен жүзеге асырады.
      289. АҰЕ бойынша ұшуды орындағанда ӘК командирi:
      1) көзбен шолып ұшу ережесi мен ұшудың берiлген жағдайларын орындауды;
      2) ұшудың қауiпсiз биiктiгiнiң сақталуын (ұшудың нағыз қауiпсiз биiктiгiн сақтауды);
      3) ұшу бағытын дәл ұстауды және әуеайлақ аумағынан шығудың және қонуға бет алудың белгiленген схемасын сақтауды қоса алғанда, белгiленген маневр жасау рәсiмдерiнiң орындалуын;
      4) басқаруында әуе кемесi бар ӘҚҚ органына ұшудың ағымдағы жоспарынан ауытқу туралы уақтылы баяндауды;
      5) әуе кемесiнiң тұрған жерi және ұшу жағдайлары туралы ақпараттың дұрыстығын;
      6) ӘҚҚ диспетчерлiк органның нұсқауларының дәл және уақтылы орындалуын қамтамасыз етедi.
      290. КҰЕ бойынша ұшу жағдайлары тәулiк уақытына, ұшу ауданының сипаттамасына және ұшу жылдамдығына байланысты осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес анықталады.
      291. КҰЕ бойынша ұшуға арналған бақыланбайтын әуе кеңiстiгi (G сыныбы) әуе кемелерiнiң қозғалыс туралы ақпаратты (бұдан әрi – TIBA, ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы) радио арқылы таратуға арналған өте жоғары жиiлiктi ауқымдағы (бұдан әрi - ӨЖЖ ауқым) радио байланыс жиiлiгiн қолдану арқылы аэронавигациялық ақпараттар жинағында немесе NOTAM хабарламаларында жарияланады.
      292. ӘҚҚ органымен екiжақты «әуе-жер» байланысы кезiнде ӨЖЖ-ауқым қолданылады, ӘК-де жұмыс iстейтiн екi ӨЖЖ-станция бар, бiреуi ӘҚҚ органының жиiлiгiне, екiншiсiне – ТIВА жиiлiгiне қойылған.
      ӘК экипажы ТIВА жиiлiгiнде тыңдауды бақыланбайтын әуе кеңiстiгiне кiргенге дейiн 10 минут қалғанда бастап және осы әуе кеңiстiгiнен шыққанша жалғастырады. Бақыланбайтын әуе кеңiстiгi шегiнде орналасқан әуеайлақтан шығып келе жатқан ӘК экипажы тыңдайды ұшып көтерiлгеннен кейiн бастап, осы әуе кеңiстiгiнен шыққанша тыңдайды.
      293. ӘК экипажы TIBA жиiлiгi бойынша сөйлесудi:
      1) бақыланбайтын әуе кеңiстiгiне кiргенге дейiн 10 минут қалғанда бастайды немесе пилот бақыланбайтын әуе кеңiстiгi шегiнде орналасқан әуеайлақтан шығып келе жатса ұшып көтерiлгеннен кейiн бастайды;
      2) ӘҚҚ бағытымен қиылысқанша немесе одан шыққанша 10 минут қалғанда;
      3) ұшып келе жатқан жерiнен немесе ұшу биiктiгi туралы әрбiр 20 минут сайын;
      4) ұшу биiктiгi өзгерген сайын, мүмкiндiгiнше 2-5 мин сайын;
      5) ұшу биiктiгi өзгерген жағдайда;
      6) ӘКК шешiмi бойынша.
      294. ӘК экипажы бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде ұшудың бiр биiктiгiнен екiншiсiне ауысқан кезде ӘК көрiнуi үшiн қолда бар барлық борттық оттарды қосады.
      295. Басқа ӘК-ден бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде оның қозғалысы туралы радио хабар алғаннан кейiн, ӘК-ның басқа ӘК-мен соқтығысып қалуын болдырмас үшiн мынадай шұғыл шаралар қолданады:
      1) ӘК көрiнуi үшiн қолда бар барлық борттық оттарды қосады;
      2) TIBA жиiлiгi арқылы қолданылатын әрекеттер туралы хабарлайды.
      296. Әуе кемесiнiң бортында радиостанция болмаған жағдайда, КҰЕ бойынша ұшу 50 метрден жоғары биiктiкте орындалмайды, арнайы бөлiнген пилотаждық аймақтар болмаса.
      297. Iздестiру және құтқару, төтенше жағдайларды жоюды қамтамасыз ету бойынша ұшу кезiнде күндiз және түнде жаттығу және шұғыл санитарлық ұшуларды қамтамасыз ету кезiнде КҰЕ бойынша ұшулардың ең төмен жағдайлары қолданылуы мүмкiн.
      298. КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшуды көзбен шолып метеорологиялық жағдайларына қарағанда қолайлылығы азырақ КҰЕ бойынша ұшуға дайындалған ұшу экипажы пайдаланады.
      299. КҰЕ ең төмен жағдайлары және КҰЕ бойынша түнде ұшу:
      1) әуе кемесiнiң табиғи көкжиек бойынша оның кеңiстiк орнын аспаптар бойынша бiр мезгiлде бақылау арқылы ұшқыштығын;
      2) АҰЕ үшiн белгiленген көлденең және бүйiрге қарай эшелондау аралығын сақтау арқылы ұшуды орындауды;
      3) жасанды кедергiлердi ескере отырып ұшудың берiлген эшелонын (биiктiгiн) сақтауды;
      4) қолда бар навигациялық құралдарды пайдаланып жер бағдары бойынша көзбен шолып әуе кемесiнiң орнын анықтау;
      5) радиолокациялық құралдарды қолдану арқылы және (немесе) экипаждан алатын ақпарат негiзiнде, әуе кемелерi арасындағы аралықты сақтау үшiн ӘҚҚ диспетчерлiк органды бақылауды көздейдi.
      300. КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшу төменгi қауiпсiз эшелоннан төмен ұшу кезiнде және ұшудың ең жоғары жылдамдығы 300 км/сағ-тан аспайтын әуе кемелерiнде төменгi әуе кеңiстiгiнiң шегiнде қолданылады:
      1) күндiз - денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету, iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша шұғыл ұшуларды орындау кезiнде КҰЕ бойынша ұшулар үшiн метеорологиялық жағдайлар болмағанда;
      2) түнде - денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету, iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша шұғыл ұшуларды орындау кезiнде;
      3) күндiз және түнде - оқу және жаттығу ұшуларын орындау кезiнде.
      301. Ұшу биiктiгiнен төмендегi бұлттардың мөлшерi екi октанттан аспаса - КҰЕ және КҰЕ төмен жағдайлары бойынша бұлттан жоғары ұшуға рұқсат берiледi. Бұл жағдайда бұлттардың жоғары шекарасынан әуе кемесiне дейiнгi қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
      302. КҰЕ бойынша арнайы ұшулар түнде жарық-техникалық жабдықтары бар әуеайлақтарға (тiкұшақ айлақтарына) және жұмыс алаңы жарықпен таңбаланған жарық бағдарлармен жабдықталған қону алаңына жасалады.
      303. КҰЕ бойынша арнайы ұшулар ӘҚҚ мен ӘК арасында байланыс болған жағдайда, төменгi қауiпсiз эшелонды басқа ӘК босатқан жағдайда орындалады.
      304. КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшуларды ұйымдастыру кезiнде бағыт жасанды кедергiлердi қауiптi биiктiктiң есебiне кiргiзбеуге мүмкiндiк беретiн қашықтықта айналып өтудi қамтамасыз ететiндей есеппен, көру мүмкiндiгi шектелген жағдайларда жеңiл танылатын бағдарлар арқылы белгiленедi.
      КҰЕ бойынша ең төмен жағдайлар және түнде КҰЕ бойынша ұшулар кезiнде бағыт бойынша қарсы қозғалу және әуе кемелерiн басып озу АҰЕ бойынша тiк эшелондауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Биiктiк бойынша мұндай ұшуларды эшелондау мүмкiн болмаған кезде АҰЕ үшiн белгiленген көлденең эшелондаудың ара қашықтығымен әуе кемелерiнiң бiр жақты қозғалысы ұйымдастырылады.
      305. Биiктiк бойынша мұндай ұшуларды эшелондау мүмкiн болмаған кезде АҰЕ үшiн белгiленген көлденең эшелондаумен әуе кемелерiнiң бiр жақты қозғалысы ұйымдастырылады.
      306. Метеорологиялық жағдай КҰЕ бойынша ең төмен жағдайдан төмен шамаға дейiн нашарлап кеткен жағдайда әуе кемесiнiң командирi ұшып шыққан әуеайлағына қайтуға немесе жақын жердегi әуеайлаққа қонуға мiндеттi. Әуе кемесi көзбен шолып ұшуға болмайтындай жағдайға тап болса, ӘК командирi осы Қағиданың 264-тармағын басшылыққа алады немесе ӘҚҚ органмен ұшу бағытын және ұшу эшелонын келiсiп, АҰЕ бойынша ұшуға көшедi.
      307. Ұшу биiктiгiн (эшелонын) өзгерту әуе кемесiн тiкелей басқаратын ӘҚҚ органның рұқсатынан кейiн жүргiзiледi.
      308. КҰЕ ең төмен жағдайы және түнде КҰЕ бойынша ӘК командирi:
      1) ұшу ережелерi мен берiлген жағдайларды орындауды;
      2) ұшудың қауiпсiз биiктiгiн сақтауды;
      3) берiлген биiктiктi, берiлген ұшу эшелонын сақтауды;
      4) әуе трассасын, МВЛ, ұшу бағытын және ұшып шыққан кейiн шығуға және қонуға бет алудың жарияланған схемасын дәл ұстауды;
      5) ұшудың ағымдағы жоспарынан әдейi немесе байқаусыз ауытқу туралы ұшақтың ұшуын басқаратын ӘҚҚ органына уақтылы баяндауды;
      6) ӘК орны мен ұшу жағдайлары туралы ақпараттың дұрыстығын;
      7) ӘҚҚ органының нұсқауларын дәл және уақтылы орындауды қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет