17-параграф. ӘК командирiнiң өкiлеттiктерi
104. Пайдаланушы әуе кемесi бортындағы барлық адамдардың әуе кемесi командирiнiң ұшу қауiпсiздiгiн, адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды және әуе кемесiнде тасымалданатын мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өз өкiлеттiгi шеңберiнде беретiн барлық пәрмендерiне бағынуын қамтамасыз етуге барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
105. ӘК командирi:
1) әуе кемесi ұшуының, оның жолаушылары мен онымен тасымалданатын мүлiктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет деп санайтын пәрмендер бередi;
2) өз пiкiрi бойынша әуе кемесiнiң немесе жолаушыларының қауiпсiздiгiне әлеуеттi қатер төндiретiн жолаушыны, жүктi немесе оның бiр бөлiгiн бортқа қабылдамайды (борттан алып тастайды);
3) егер, оларды тасымалдау ұшу кезiнде ұшақ қауiпсiздiгiне немесе оның жолаушыларына қатер төндiруi мүмкiн, бортқа кiруге құқығы жоқ адамдарды, депортацияланған адамдарды немесе конвоймен әкелiнетiн адамдарды тасымалдаудан бас тартады.
18-параграф. Ұшу экипажы кабинасына кiру
106. Пайдаланушы осы ұшуға тағайындалған экипаж мүшелерiн қоспағанда, егер ол:
1) экипаж мүшесi;
2) егер бұл оның мiндеттерiн орындауға қажет болса, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның сертификаттатуға, бақылауға немесе инпекциялауға жауапты өкiлi;
3) пайдаланушының ҰЖН-дағы нұсқауларына сәйкес бортқа енуге рұқсат етiлген және тасымалданатын адам болып табылмаса, бiр де бiр адамның бортқа енуiне рұқсат берiлмеуiн қамтамасыз етедi.
107. ӘК командирi мыналарды:
1) ұшу қауiпсiздiгi мүддесiнде ұшу экипажының құрамына кiретiн адамдардың кабинаға кiруi ұшуды орындауды бұзу және/немесе кедергi
тудырмауын;
2) экипаж кабинасында тасымалданатын барлық адамдардың ұшу қауiпсiздiгi мақсатында осы кабинадағы әрекетiнiң тиiстi рәсiмдерiмен танысуын қамтамасыз етедi.
108. Әуе кемесiнiң бортындағы адамдарды, оның iшiнде оған тиесiлi адамдардың экипаждың әрекетiне араласуына, одан ұшуды орындауды жоспары мен тәртiбiн өзгертудi талап етуiне немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету не әуе қозғалысын басқару органдарының нұсқауларын орындамауына тыйым салынады.
109. Ұшу экипажының құрамына кiрмейтiн адамдардың экипаж кабинасына енуi туралы түпкiлiктi шешiмдi әуе кемесiнiң командирi қабылдайды.
19-параграф. Ұшудағы ерекше жағдайларды модельдеу
110. Пайдаланушы жолаушыларды тасымалдау кезiнде авариялық жағдай немесе жүйелердiң, жабдықтар мен аспаптардың жұмыс iстемеуiне имитация жасалмауын қамтамасыз етедi.
111. Авариялық жағдайдың немесе жұмыс iстемей қалудың (ақаулықтың) имитациясы ұшу жоспарына сәйкес тек оқу-жаттығу ұшуын орындау кезiнде ғана рұқсат етiледi.
20-параграф. Рұқсат етiлмеген тасымалдар
112. Пайдаланушы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 7 қазандағы № 448 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6614 нөмiрiмен тiркелген) Жолаушылар, багаж және жүк тасымалдау қағидасында көзделген ресiмдеуден өтпеген жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдауға жол бермейдi.
113. Әуе кемесiнде жолаушылар ретiнде болатын адамдарға:
1) ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды жасауға;
2) экипаж мүшелерiн қорқытуға;
3) ұшудың барлық кезеңiнде әуе кемесiнiң бортында темекi шегуге тыйым салынады.
114. Мынадай:
1) ӘК немесе ондағы кез келген адам мен мүлiктiң қауiпсiздiгi үшiн қажеттi әрекеттердi орындау мақсатында; және
2) егер онда жүктер тасымалданып, бұл бөлiкте ӘК ұшуы уақытында адамның енуi сындарлы көзделген болса ӘК командирiнiң рұқсатымен ӘК қандай да бiр бөлiгiнде уақытша ену жағдайларын қоспағанда, ұшу кезiнде бiр де бiр адам ӘК-нiң адамдардың болуына арнайы қарастырылмаған бөлiгiнде болмауы тиiс.
21-параграф. Радиоэлектрондық құралдар
115. Әуе кемесiнде жолаушы ретiнде болатын адамдарға: ұшудың барлық кезеңiнде әуе кемесiнiң бортында кез келген радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
116. Әуе кемесiнiң бортында орнатылған тұрақты құралдарды пайдалану бұған жатпайды.
22-параграф. Алкоголь мен құрамында есiрткi бар заттар
117. Егер жолаушы өз денсаулығына немесе әуе кемесi бортындағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн, сондай-ақ басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызатын алкогольдi, есiрткiлiк, токсикомандық мас күйiнде болса, авиакомпанияның бастамасы бойынша бiр жақты тәртiппен жолаушыны әуе тасымалдау шарты бұзылуы мүмкiн.
118. Жолаушының алкогольдi, есiрткiлiк, токсикомандық мас күйi «Психикалық белсендi заттарды тұтынғаны және мас күйiнде екендiгi фактiсiн анықтау үшiн медициналық куәландырудан өткiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 446 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2389 нөмiрiмен тiркелген) белгiленген тәртiпте медициналық куәландырумен расталады.
23-параграф. Қауiпсiздiкке қатер төндiру
119. Пайдаланушы ӘК мен оның бортындағы адамдардың қауiпсiздiгiне қауiп келтiрмей ұшуды қамтамасыз етедi.
120. Пайдаланушы бiр де бiр адамның:
1) адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына ұшу үстiндегi әуе кемесiнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiре отырып, әуе кемесiнiң бортында зорлық-зомбылық актiсiн жасамауы;
2) әуе кемесiн және ұшуды қауiпсiз орындауды қамтамасыз ететiн оның жабдығына зақымдамауы;
3) ұшып келе жатқан әуе кемесiнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер хабарламауы;
4) әуе кемесiне әуе кемесiн бұзуы немесе оның ұшудағы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн зақым келтiруi мүмкiн құрылғыларды немесе заттарды орналастыруға әкелетiн әрекеттердi жасамауы;
5) әуе кемесiнiң бортында авариялық ахуалдың пайда болуы жағдайларын қоспағанда, әуе кемесiнiң есiктерiн және (немесе) авариялық шығыстарды ашу ниетiн жасамауы үшiн барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
24-параграф. Негiзгi борт құжаттары
121. Ұшу кезiнде авиациялық жұмыстарды орындау немесе жалпы мақсаттағы авиация (бұдан әрi – ЖМА) мақсатында ұшу кемесiнiң бортында әуе кемесiнiң экипажы уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың талабы бойынша көрсететiн мына құжаттар болуы тиiс:
1) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
2) пайдаланушы сертификатының (куәлiгiнiң) ресми куәландырылған көшiрмесi және ЖМА мақсатында аса жеңiл және жеңiл әуе кемелерiнде ұшуды орындау жағдайларын қоспағанда, әуе кемесiнiң осы үлгiсiне жататын пайдалану ерекшелiгi данасы. Пайдаланушы мемлекетi сертификат пен онымен байланысты пайдалану ерекшелiктерiн ағылшын тiлiнен басқа тiлде жасақтаған жағдайда, ағылшын тiлiндегi аудармасы енгiзiледi;
3) ұшуға жарамдылық сертификаты (ұшуға жарамдылық туралы куәлiк);
4) борттық және санитарлық журналдар, ҰПН (аса жеңiл азаматтық әуе кемелерiн пайдалану кезiнде борттық және санитарлық журналдардың, ҰПН болуы мiндеттi емес);
5) егер әуе кемесi радиоаппаратурамен жабдықталған болса, борттық радиостанцияға арналған рұқсат;
6) әуе кемесiнiң экипажы мүшелерiнiң куәлiктерi мен экипаж мүшелерiнiң олардың денсаулық жай-күйi талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттары;
7) әуе кемесi бортындағы адамдардың тiзiмiне ӘК командирi қол қояды және ол мыналарды:
әуе кемесiмен тасымалданатын адамдардың тегiн, атын, әкесiнiң атын, жеке басын куәландыратын құжат нөмiрiн;
жоспарланған ұшу күнiн, уақыты мен бағытын;
әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерiн;
пайдаланушының сертификатына (куәлiгiне) енгiзiлген әуе кемесiмен ұшуды орындаған жағдайда пайдаланушы куәлiгiнiң (сертификатының) нөмiрiн қамтиды;
8) егер бортта әуе кемесiнiң иесi болмаса, онда ӘК командирiнiң әуе кемесiнiң атынан еркiн нысанда жазылған оған әуе кемесiн басқаруға уәкiлеттiк беретiн сенiмхат немесе пайдаланушының сертификатына (куәлiгiне) енгiзiлген әуе кемесiмен ұшуды орындау кезiнде - пайдаланушы ресiмдеген ұшуға арналған тапсырма болады.
122. Әрбiр ұшуды орындау кезiнде әрбiр әуе кемесiнiң бортында коммерциялық әуе тасымалдары мақсатында мынадай кеме құжаттары болады:
1) әуе кемесiнiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк;
2) әуе кемесiнiң осы үлгiсiне жататын пайдалану ерекшелiгi бар пайдаланушы сертификатының (куәлiгiнiң) ресми куәландырылған көшiрмесi. Пайдаланушы мемлекетi сертификатты ағылшын тiлiнен басқа тiлде жасақтаған жағдайда, ағылшын тiлiндегi аудармасы енгiзiледi;
3) ұшуға жарамдылық сертификаты. Пайдаланушы мемлекетi сертификатты ағылшын тiлiнен басқа тiлде жасақтаған жағдайда, ағылшын тiлiндегi аудармасы енгiзiледi;
4) Жергiлiктi жердегi шу бойынша сертификаты (қажет болған кезде). Пайдаланушы мемлекетi сертификатты ағылшын тiлiнен басқа тiлде жасақтаған жағдайда, ағылшын тiлiндегi аудармасы енгiзiледi;
5) егер әуе кемесi радиоаппаратурамен жабдықталған болса, борттық радиостанцияға арналған рұқсат;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
7) халықаралық ұшу кезiнде дезинсектизация (дезинсекция) туралы
сертификат;
8) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде Ұшудың негiзгi қағидаларының (ҚР ӘК ҰНҚ) 9-қосымшасында көзделген ақпаратты қамтитын борттық техникалық журнал мен ұшақтың санитарлық журналы (шетелде өндiрiлген әуе кемелерi үшiн борттық техникалық журнал ағылшын тiлiнде болуы мүмкiн).
25-параграф. Борттық нұсқамалар
123. Пайдаланушы мыналарды:
1) әрбiр ұшуда әуе кемесiнiң бортында пайдаланушының бекiтiлген ҰЖН-ның (экипаж мiндеттерiне жататын ҰЖН бөлiгi мен ұшуды дайындау және орындау тәртiбi) болуын;
2) экипаж мүшелерi үшiн әуе кемесiнiң бортындағы ҰЖН-ның ұшуды орындау үшiн қажеттi бөлiктерiне қолайлы қол жеткiзудi;
3) бортта бекiтiлген ҰПН болуын (аса жеңiл азаматтық әуе кемелерiн пайдалану кезiнде ҰПН-ның, борттық және санитарлық журналдардың болуы мiндеттi емес);
4) MEL болуын (қажет болған кезде) қамтамасыз етедi.
124. Шетелде өндiрiлген әуе кемесiнiң ұшу нұсқамасы ағылшын тiлiнде болуы мүмкiн.
26-параграф. Бортта тасымалданатын қосымша ақпарат пен нысандар
125. Осы Қағиданың 24 және 25-параграфтарында ұйғарылған құжаттар мен Нұсқамаға қосымша әрбiр ұшу уақытында пайдаланушы әуе кемесiнiң бортында мына құжаттардың немесе олардың көшiрмелерi мен нақты ұшумен және ұшу аудандарымен байланысты (орындалатын авиациялық жұмыстармен) нысандардың болуын қамтамасыз етедi:
1) пайдаланушы талаптарының көлемiндегi ақпаратты қамтитын ұшуға арналған тапсырма;
2) ұшудың жұмыс жоспары;
3) флайт-жоспар;
4) анықтама навигациялық ақпарат (NOTAM/AIS);
5) метеорологиялық ақпарат;
6) осы Қағиданың «Әуе кемесiнiң массасы мен орталықтануы» бөлiгiнiң (көрсетiлген құжаттар ҰЖН құрамына кiруi мүмкiн) ережелерiне сәйкес масса мен орталықтану бойынша құжаттар;
7) арнайы қызметтер персоналы (егер олар экипаж құрамына кiрмесе), мүгедектер, әдетте бортқа кiргiзiлмейтiн адамдар, департацияланатын адамдар мен конвоймен алып жүретiн адамдар сияқты жолаушылардың арнайы санаттары туралы хабарлама;
8) Әуе бойынша қауiптi жүктердi қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi Техникалық нұсқауға сәйкес әзiрленген (Doc 9284 ИКАО) «Азаматтық әуе кемелерiнде қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 6822 тiркелген) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына сәйкес ӘКК жазбаша хабарлау және қауiптi жүктердi қоса алғанда, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау құжаты мен арнайы жүктер туралы хабарлама және командирдi жазбаша хабардар ету;
9) жоспарланған бағыттың және негiзгi бағыттан ауытқыған жағдайда ықтимал пайдалануға тура келетiн барлық бағыттардың қолданыстағы және тиiстi карталары, схемалар мен жанама құжаттар;
10) хабарлау нысандары «Авиациялық оқиға», «Тосын оқиға», «Қауiптi жақындау»;
11) тексерулердiң бақылау карталары;
12) аэронавигация бойынша құжаттар (аэронавигациялық ақпараттар жинақтары, қонуға ену картасы мен экипаж мүшелерiнiң пайдалануына арналған қағаз және (немесе) электрондық тасығыштардағы бағыттық аэронавигациялық (ұшу) карталары);
13) ұшу ақпаратын тiркеудiң борттық құрылғылары паспорттарының көшiрмелерi мен градуирлеу сипаттамалары (ұшу деректерiн өзi жазғыш FDR – қысқартылған атауы ағылшын тiлiнде), борттық сөздiк өз бетiнше жазғыш CVR - қысқартылған атауы ағылшын тiлiнде, параметрлердi тiркеудi магниттiк өзi жазғыш (МСРП), ӘК түрiне қарай ұшу параметрлерiн автоматты тiркеу жүйесi);
14) ұшақтың және қозғалтқыштың жұмыс iстеген уақыты туралы анықтама (егер бұл деректер борттық техникалық журналда болмаса);
15) барынша жиi кездесетiн ақаулықтар мен бұзылулардың каталогтар, iздеу және жою мақсатында оларды iздеу мен жою жiктемесi;
16) жанар-жағар май материалдарын (бұдан әрi - ЖЖМ) құюға арналған талаптар;
17) мемлекет талап етуi мүмкiн бұл ұшуға қатысы бар кез келген өзге де құжаттама.
126. Ұшу кемесi үшiн санитарлық журнал жүргiзiледi, онда әуе кемесiнде жүргiзiлген санитарлық iс-шаралар туралы ақпарат көрсетiледi. Әуе кемесiнiң иесi немесе пайдаланушысының шешiмi бойынша санитарлық журнал ретiнде борттық журнал пайдаланылуы мүмкiн.
27-параграф. Жерде қалатын ақпарат
127. Пайдаланушы ұшуды орындау кезiнде ұшуға байланысты және ұшу сипатын көрсететiн ақпараттың жерде сақталуын қамтамасыз етедi.
Ұшу туралы ақпарат осы Қағиданың 30-параграфының талаптарына сәйкес сақтау орнында көшiрген сәтке дейiн сақталады.
128. Осы Қағиданың 127-тармағында көрсетiлген ақпарат әуе кемесiнiң бортында тасымалданады және мыналарды қамтиды:
1) ұшу тапсырмасының көшiрмесi;
2) ұшудың жұмыс жоспарының (навигациялық есептiң) көшiрмесi;
3) Борттық техникалық журналдың тиiстi бөлiгiнiң көшiрмелерi;
4) егер пайдаланушы басып шығарса арнайы NOTAM-дардың көшiрмесi;
5) масса мен орталықтау жөнiндегi құжаттама;
6) арнайы жүктер туралы хабарлама;
7) пайдаланушы қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде:
қауiптi жүктердi тасымалдау құжаты;
қабылдаудың бақылау парағы (егер, ол толтыруды талап ететiн нысанда болса);
әуе кемесi командирiнiң жазбаша ақпараты.
28-параграф. Тексеру және инспекциялау
129. «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес саладағы азаматтық әуе кемесiнiң бортында (әуе кемесiнiң кабинасында немесе салонында болу құқығымен қоса) пайдаланушымен келiсiм бойынша бола алады. Алайда, бұл ретте әуе кемесiнiң командирi арнайы ұшу дайындығы жоқ инспекциялаушы адамға, егер бұл оның пiкiрiнше әуе кемесi үшiн қауiп төндiруi мүмкiн болса, кабинаға енуiне рұқсат бермеуге құқылы.
130. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы экипаждың кез келген мүшесiнiң өтiнiшi бойынша оның инспекциялық тексеру құқығына өкiлеттiктердi растайтын құжаттарды көрсетедi.
29-параграф. Құжаттамалар мен есептiк деректердi көрсету
131. Пайдаланушы «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасына кез келген құжаттамаға және ұшу пайдаланумен не техникалық қызмет көрсетумен және авиатехниканың жөндеумен (бұдан әрi - ТҚжЖ) байланысты есеп деректерiне рұқсат ұсынады;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның сұрауы бойынша уақыттың белгiлi бiр кезеңi iшiнде барлық құжаттар мен осындай есептiк деректердi дайындайды және көрсетедi.
132. ӘК командирi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасының сұрауынан кейiн оған әуе кемесiнiң бортында мiндеттi түрде болуы тиiс құжаттарды ұсынады.
30-параграф. Борт құжаттарын сақтау
133. Пайдаланушы мыналарды:
1) егер, ол тiптен әуе кемесiнiң пайдаланушысы ретiнде өз қызметiн тоқтатса да талап етiлетiн уақыт кезеңi iшiнде кез келген құжаттаманың немесе олардың көшiрмелерiнiң сақталуын;
2) егер, экипаждың бұл мүшесi басқа пайдаланушыға ауысса экипаждың бұл мүшесiнiң есеп деректерiне енуiн қамтамасыз етедi.
134. Құжаттаманы сақтау мерзiмдерi осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетiлген.
Осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетiлген сақтау мерзiмi өткеннен кейiн құжаттама пайдаланушының мұрағатында сақталады.
31-параграф. Ұшу ақпаратын борттық тiркегiштердi
пайдалану және сақтау
135. Авиациялық оқиғадан кейiн ұшу ақпаратын жинау құралдары орнатылған әуе кемесiнiң пайдаланушысы борттық жинақтағыштардың немесе жинақтағыш толықтай бұзылған жағдайда оларды оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссияға бергенге дейiн ұшу ақпаратын борттық тiркегiшiнiң және борттық магнитофонның осы авиациялық оқиғамен байланысты жазбалары түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз етедi.
136. Мiндеттi тексеруге жататын оқыс оқиғадан кейiн бортында ұшу ақпаратын жинау құралдары белгiленген әуе кемесiнiң пайдаланушысы ұшу ақпаратын борттық тiркегiштiң және борттық магнитофонның осы оқыс оқиғамен байланысты жазбаларының түпнұсқасы мен көшiрмелерiн, егер тексеру жөнiндегi комиссия тарапынан өзге нұсқаулар берiлмесе әуе кемесiнен жазу тасығыштарын алған сәттен бастап 12 ай бойы сақтайды.
137. Егер талаптарға сәйкес әуе кемесiнiң бортында ұшу ақпаратын тiркегiш орнатылса, бұл әуе кемесiнiң пайдаланушысы:
1) әуе кемесiн пайдалану барысында борттық тiркегiш жазбаларын өңдеу немесе техникалық қызмет көрсету жүргiзу кезiнде осыған ұқсас жұмыстар жүргiзетiн келесi сәтке дейiн ұшу кемесiнiң бортынан алынған ұшу пайдаланудың соңғы кезеңi iшiндегi жазбалардың (ақпарат тасығыштарының) түпнұсқаларын сақтайды;
2) егер ұшу ақпаратын тiркегiштiң жай-күйiн бақылау мен оларға қызмет көрсету жүргiзу үшiн қорғалған жинақтағыштағы жазба өшiрiлуi тиiс болса, онда жазба ақпаратының жалпы көлемiнiң уақыты бойынша 5 %-дан аспайтын көлемдегi тек ескi материалдарды өшiруге рұқсат етiледi;
3) тiркелген деректердi өңдеудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi құжаттарды сақтайды (кодталған ақпаратты физикалық шама параметрлерiне ауыстыру тағы басқа).
138. Бортында ұшу ақпаратын жинау құралы орнатылған әуе кемесiнiң пайдаланушысы бұл аспаптармен жасалған кез келген жазбаны шифрлауды ашуға және жаңғыртуға арналған құрал меншiгiнде болады немесе оны шарт бойынша пайдалануға мүмкiндiгi бар.
139. Ұшу ақпаратын борттық тiркеушi мен қажет болған кезде борттық магнитофон жазбаларын пайдаланушы мыналар:
1) мiндеттi тергеуге жататын авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру;
2) әуе кемесiнiң, оның жүйесiнiң жай-күйi мен ҰПН және ҰЖН-да белгiленген пайдалану шектеулерiнен ықтимал шығуды қоса алғанда, ұшуды орындау шарттарын ұшудан кейiнгi шұғыл бақылау және экипаж әрекетiн бақылау;
3) пайдаланушының немесе уәкiлеттi органның ұшу жарамдығын ұстау немесе әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу мүддесiндегi басқа да мiндеттердi шешу үшiн пайдаланады.
140. Осы Қағиданың 139-тармағының 2) тармақшасында көзделген ұшудан кейiнгi шұғыл бақылау мына:
1) ұшудың борттық тiркеушiсi ақаулы болған;
2) жүйелi жолаушылар тасымалы кезiнде бару әуежайындағы қону жағдайларынан басқа, базалық әуеайлақта қонуды орындау жағдайларын қоспағанда, әуе кемесiнiң әрбiр қонуынан кейiн орындалады.
Әуе кемесiнiң базалық әуеайлаққа оралуы кезiнде соңғы ұшудан кейiнгi бақылау сәтiнен басталатын кезең iшiнде жинақталған барлық ұшу ақпараты өңделедi.
141. Осы Қағиданың 139-тармағының 2) тармақшасында көзделген ұшудан кейiнгi шұғыл бақылау азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен рәсiмдер мен алгоритмдердi пайдалана отырып, орындалады. Көрсетiлген рәсiмдер ұшудан кейiнгi бақылау нәтижелерi бойынша белгiленген талаптардан ауытқу анықталған кезде iс-қимыл тәртiбiнде көздейдi.
142. Әуе кемесiнiң пайдаланушысы осы Қағиданың 139-тармағының 2) тармақшасында көзделген ұшудан кейiнгi шұғыл бақылау нәтижелерiн оларды алған сәттен (нақты ұшу ақпаратын өңдеген күннен) бастап 3 ай бойы сақтайды.
32-параграф. Ұшу ақпаратын жинау құралдарының пайдалануын бақылау
143. Әуе кемесiн ұшу алдында дайындау кезiнде бақылаудың енгiзiлген құралдарын пайдалана отырып, ұшу ақпаратын борттық тiркеушi мен борттық магнитофонның жұмыс қабылатын бақылау орындалады.
144. Әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудiң тиiстi түрiн (нысанын) орындау кезiнде жылына 1 реттен жиi емес соңғы екi ұшуда жасалған жазбаның сапасын оқу және талдау жолымен ұшу ақпаратын борттық тiркеушi мен борттық магнитофонның ақаусыздығына бақылау жүргiзiледi. Мұндай талдау ақпарат ақаулығының жиiлiгi, сипаты мен таралуын, дыбыстық ақпараттық түсiнiктiлiгiн бағалауды, ұшу кезеңi бойынша параметрлер жазбасының өзгеру сипаты мен олардың белгiленген рұқсаттарға сәйкестiгiн көздейдi.
145. Ұшу ақпаратын борттық тiркеушi мен борттық сөйлесудi өздiгiнен жазғышты, егер:
1) енгiзiлген құралдармен ұшу алдындағы бақылау кезiнде ұшу ақпаратын борттық тiркеушi мен борттық магнитофонның жұмыс iстемеу қалуы анықталса;
2) жыл сайынғы тексеру кезiнде жазба сапасының ауытқуы байқалса немесе аз дегенде тiркелуге мiндеттi бiр параметрiн ұшу ақпаратын борттық тiркеушi пайдалану құжаттамасының талаптарынан ауытқи отырып жазса;
3) Осы Қағиданың 139-тармағының 2) тармақшасында көзделген ұшудан кейiнгi шұғыл бақылау үдерiсiнде жазба сапасының ауытқуы байқалса немесе аз дегенде тiркелуге мiндеттi бiр параметрiн ұшу ақпаратын борттық тiркеушi пайдалану құжаттамасының талаптарынан ауытқи отырып жазса олар ақаулы болып саналады.
146. Ұшу ақпаратын борттық тiркеушiнiң барлық өлшеу арналарын градуирлеу жылына 1 реттен жиi емес жүргiзiлуi тиiс.
147. Ұшу ақпаратын жинау құралдарын жыл сайынғы тексеру нәтижелерi бойынша жыл бойы сақталатын (келесi тексеру туралы есеп ресiмделгенге дейiн) есеп жасалады және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның талабы бойынша оған бақылау үшiн ұсынылады.
2. Әуе кемелерi
148. Азаматтық әуе кемелерi қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаты болған кезде пайдалануға жiберiледi.
149. Азаматтық әуе кемесi, егер ол Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес құрастырылған, дайындалған, жарақталған және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден өткен болса ұшуға жарамды деп танылады.
150. Ұшу жарамдылығы сертификаты (ұшуға жарамдылық туралы куәлiгi) жоқ азаматтық әуе кемелерiн коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшiн пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
151. Барынша жоғары (сертификатталған) ұшып көтерiлу салмағына, жабдықтармен жарақталуына қарай әуе кемелерi осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес жiктеледi.
152. Ұшу қашықтығы бойынша азаматтық әуе кемелерi мыналарға бөлiнедi:
1) магистральдық қашық – 6000 км және одан астам;
2) магистральдық орта – 2500-нан 6000 км дейiн;
3) магистральдық жақын – 1000-нан 2500 км дейiн;
4) ұшу қашықтығы 1000 км дейiн әуе кемелерi.
153. Iздегi турбулентiлiк санаты бойынша және ұшып көтерiлудiң ең көп сертификатталған салмағына сәйкес азаматтық әуе кемелерi мыналарға бөлiнедi:
1) ауыр (Н) – салмағы 136 тонна немесе одан астам әуе кемелерiнiң барлық үлгiлерi;
2) орта (М) – салмағы 136 тоннадан аз, бiрақ 7 тоннадан астам әуе кемелерiнiң үлгiлерi;
3) жеңiл (L) – салмағы 7 тоннадан аз әуе кемелерiнiң үлгiлерi.
Турбуленттiлiк санат әуе кемелерiне қатысы бойынша ауыр әуе кемелерiне тән, мұндай әуе кемелерi мен ӘҚҚ органдары арасында ұшып шығу немесе ұшып келу алдында бастапқы радиотелефон байланысын орнату кезiнде әуе кемесiнiң шақырымына «ауыр» деген сөз қосылады.
154. Тiкұшақтар ұшу-техникалық сипаттамасы бойынша мыналарға бөлiнедi:
1) 1-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тiкұшақтар, сындарлы қуат қондырғысы жұмыс iстемей қалған жағдайда оларға ұшып көтерiлу аймағында қонуды орындауға немесе ақаулық қашан болғанына қарай жерге қонудың тиiстi аймағына дейiн ұшуды қауiпсiз жалғастыруға мүмкiндiк бередi;
2) 2-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тiкұшақтар, ақаулық ұшып көтерiлуден соң сипатты нүктеге жеткенге дейiн немесе мәжбүрлi қонуды орындау талап етiлетiн қонуға дейiн сипатты нүктеден соң орын алған жағдайларды қоспағанда, сындарлы қуат қондырғысы жұмыс iстемей қалған жағдайда оларға ұшуды қауiпсiз жалғастыруға мүмкiндiк бередi;
3) 3-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тiкұшақтар, ұшу траекториясының кез келген нүктесiнде қуат қондырғысы жұмыс iстемей қалған жағдайда оларға мәжбүрлi қонуды орындауға мүмкiндiк бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |