Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы



бет1/7
Дата12.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#129829
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 666 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 532 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қазанда № 8784 тіркелді


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру Қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) қамтамасыз етсін:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және оның мемлекеттік органдардың интернет-порталына орналастыру;
      3) Мемлекеттік тіркеу және бұқаралық мәлімет беру құралдарында жариялау бағдары туралы мәліметтер осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін 5 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Әділет департаментіне ұсыну.
      3. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 212 бұйрығы күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 2 мамырда № 8453 тіркелді).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау                       Көлік және коммуникация
      Министрінің міндетін                   Министрі
      атқарушы
      __________ Б. Төкежанов                __________А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы көлік және 
коммуникация министрі      
2013 жылғы 28 тамыздағы № 666 және
Денсаулық сақтау министрінің   
2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 532
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы
медициналық куәландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2013 жылғы 15 шілде «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (бұдан әрі – ИКАО) талаптарына, Еуропалық авиациялық талаптарға сәйкес авиация мамандарын міндетті медициналық куәландырудан өткізу тәртібін анықтайды және меншік нысанына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) авиация дәрігері – ұшу жұмысы мен ұшу қауіпсіздігінің тиімділігі байланысты болатын тұлғалардың кәсіби денсаулығы мен жұмысының сенімділігін қамтамасыз ететін жоғары медициналық білімі және авиациялық медицина саласында даярлығы бар маман;
      2) дәрігерлік-ұшу сараптама комиссиясы (бұдан әрі – ДҰСК) – әуе кемелерінде ұшуларды орындау және әуе қозғалысын ұйымдастыру үшін адамның еңбекке қабілеттілігін анықтайтын және болжамдайтын сараптама органы;
      3) медициналық куәландыру – жеке тұлғаның ауруларын бар және жоқтығын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын анықтау, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздығын, кәсіби және өзге жарамдылығын анықтау мақсатында жеке тұлғаны тексеру;
      4) сарапшы-дәрігер – өз мамандығы бойынша авиация қызметкерлерінің денсаулығын бағалап, жұмысқа жарамдылығы туралы сараптамалық қорытынды шығарушы авиация дәрігері.
      3. Медициналық куәландыру төмендегіні қамтиды:
      1) ДҰСК және/немесе орталық дәрігерлік-ұшу комиссиясында (бұдан әрі – ОДҰСК) жыл сайынғы медициналық куәландыру;
      2) комиссияаралық мерзімде авиация қызметкерлерін динамикалық дәрігерлік бақылау;
      3) ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеру.
      4. Медициналық куәландыру міндеттері:
      1) ұшу жұмысына, әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) жұмысы бойынша және авиациялық оқу орталығында (бұдан әрі – АОО) оқуға денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау;
      2) сауықтыру және емдеу іс-шараларын тағайындау мақсатында бұрынғы аурудың түрін, денсаулық жағдайындағы қауіп факторлары мен функциялық ауытқушылығын анықтау.
      5. Міндетті медициналық куәландыруға мынадай тұлғалар жатады:
      1) ұшқыштарды, авиадиспетчерлерді даярлау бойынша АОО түсушілер және оқитын тұлғалар;
      2) ұшқыштар, бортинженерлер (бортмеханиктер), штурмандар;
      3) авиадиспетчерлер;
      4) бортсеріктер, бортоператорлар;
      5) әуесқой ұшқыштар (ұшақ немесе тікұшақ), аса жеңіл авиация ұшқыштары, бортрадистер.
      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі – авиация қызметкерлері) медициналық қорытынды авиация қызметкерлеріне берілетін куәліктің ажырамас бөлігі болып табылатын осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша беріледі.
      7. Медициналық қорытындылардың түрлері және қолданылу мерзімі:
      1) осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасына қатысты тұлғаларға АОО оқитындарға «1-кластық медициналық қорытынды» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күннен бастап 12 ай бойы жарамды;
      2) осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына қатысты тұлғаларға ұшқыштың, бортинженерінің (бортмеханиктің), штурманның «1-кластық медициналық қорытындысы» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күннен бастап 12 ай бойы жарамды;
      3) осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасына қатысты тұлғаларға авиадиспетчердің «3-кластық медициналық қорытындысы» беріледі (брифинг диспетчерлік пунктінің және/немесе әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және координациялау диспетчерлерінің квалификациялық белгілері бар тұлғаларға және/немесе Бас орталықтың әуе қозғалысын жоспарлау ауысымы басшысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашасында № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы «Дәрігерлік-кәсіби-консультативті қорытынды» анықтама-құжат беріледі). Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 24 ай бойы жарамды;
      4) осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасына қатысты тұлғаларға бортсеріктің, бортоператордың «2-кластық медициналық қорытындысы» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 24 ай бойы жарамды;
      5) осы Қағидалардың 5-тармағының 5) тармақшасына қатысты тұлғаларға әуесқой ұшқышты (ұшақ немесе тікұшақ), аса жеңіл авиация ұшқышының, бортрадистің «2-кластық медициналық қорытындысы» беріледі. Медициналық қорытынды берілген күнінен бастап 24 ай бойы жарамды.
      8. «1-кластық медициналық қорытынды» алушы авиация қызметкерлері осы Қағидалардың 5-тармағының 5) тармақшасына қатысты «2-кластық медициналық қорытынды» алады.
      9. 60 жасқа толған ұшқыштардың және 40 жасқа толған бір ғана ұшқыш басқаратын ұшақтарында ұшуды орындайтын ұшқыштардың медициналық қорытындыларын қолданылу мерзімдері 6 айға дейін қысқартылады.
      10. 50 жасқа толған әуесқой ұшқыштарға (ұшақ, тікұшақ), аса жеңіл авиацияның ұшқыштарының, авиадиспетчердің медициналық қорытындыларын қолданылу мерзімдері 12 айға дейін қысқартылады.
      11. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ДҰСК (ОДҰСК) хаттамаларын тіркеу журналында сараптамалық шешімде медициналық қорытындының нақты мерзімі және қолданылу мерзімін өзгерту негіздемесі көрсете отырып, медициналық айғақтар бойынша медициналық қорытындылардың қолданылу мерзімдері қысқартылады.
      12. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына қатысты келісімшарт бойынша шетелде жұмыс істейтін авиация қызметкерлеріне медициналық қорытынды жалпы негізде беріледі.
      13. Медициналық қорытындыға ДҰСК (ОДҰСК) төрағасы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
      14. ОДҰСК құрамына төмендегідей тұлғалар кіреді: төраға – кәсіптік дайындығы және маман сертификаты (профпатолог) бар дәрігер-профпатолог, ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету бойынша сарапшы-дәрігері (төрағаның орынбасары), терапевт-сарапшы-дәрігері, невропатолог-сарапшы-дәрігері, хирург-сарапшы-дәрігері, офтальмолог-сарапшы-дәрігері, оториноларинголог-сарапшы-дәрігері, психолог, мейіргер - комиссия хатшысы, мейіргерлер.
      ДҰСК құрамына төмендегідей тұлғалар кіреді: төраға – кәсіптік дайындығы және маман сертификаты (профпатолог) бар дәрігер-профпатолог, терапевт-сарапшы-дәрігері, невропатолог-сарапшы-дәрігері, хирург-сарапшы-дәрігері, офтальмолог-сарапшы-дәрігері, оториноларинголог-сарапшы-дәрігері, психолог, мейіргер - комиссия хатшысы, мейіргерлер.
      ДҰСК құрамына жалпы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, соның ішінде ИКАО талаптарына сәйкес авиациялық медицина бойынша дайындығы бар, жұмыс істейтіндер қатарындағы жоғары білікті дәрігерлер кіргізіледі.
      ОДҰСК-ны Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының дәрігерлік-ұшу сараптама бойынша штаттан тыс бас маманы болып табылатын төраға басқарады.
      ОДҰСК (ДҰСК) төрағасы қызметіне тағайындау және қызметтен босату азаматтық авиация саласында уәкілетті органының басшысы бұйрығымен бекітіледі.
      ОДҰСК (ДҰСК) төрағасы қызметіне емдеу факультетін бітірген, мамандығы және авиациялық медицина бойынша даярлығы бар, кәсіптік дайындығы және маман профпатолог сертификаты бар, сонымен қатар 10 жылдан кем емес жалпы медициналық жұмыс өтілі, оның ішінде авиациялық медицина бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар дәрігер тағайындалады.
      15. Медициналық куәландыруды өткізу үшін үй-жайларды орналастыру, пайдалану көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 17 қаңтарында № 87 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына» сәйкес берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жол беріледі.
      16. ДҰСК (ОДҰСК) медициналық қорытындысыз немесе қолданылу мерзімі аяқталған медициналық қорытындымен авиация қызметкерлері қызметтік міндеттемелерін орындауға жіберілмейді.
      Ерекше жағдайларда (апаттық құбылыстар, әскери әрекеттер) азаматтық авиация саласында уәкілетті органның шешімі бойынша медициналық қорытындының қолданылу мерзімін ОДҰСК төрағасы бір айдан артық емес мерзімге ұзартады.
      17. Медициналық қорытындының қолданылу мерзімі бойы пайда болатын аурулар кезінде авиация қызметкерлері сауыққаннан кейін ұшуды орындауға авиация дәрігері жібереді.
2. Авиация қызметкерлерін медициналық куәландыруынан
өткізу тәртібі
      18. Медициналық қорытынды алу немесе жаңарту мақсатында авиация қызметкерлерін медициналық куәландырылуын азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен келісімі бойынша әрекет ететін ОДҰСК мен ДҰСК өткізеді.
      19. Авиация қызметкерлерін ДҰСК-ға (ОДҰСК) медициналық куәландыруға жолдау азаматтық авиация (бұдан әрі – АА) ұйымының әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады.
      20. Авиация дәрігері және/немесе сарапшы-дәрігерімен авиация қызметкерлерін кезектен тыс медициналық куәландырылудан өткізу туралы қабылданған шешім ДҰСК (ОДҰСК) төрағасымен келісіледі.
      21. АА жұмысына басқа ведомстводан орналасуға келген ұшу құрамы басқа ведомстволарда ұшу жұмысына денсаулық жағдайының жарамдылығы туралы қорытынды болғанына қарамастан ДҰСК (ОДҰСК)-та медициналық куәландырылудан өткізіледі.
      22. Оқуға, жұмысқа орналасатын авиация қызметкерлері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 6697 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қазандағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бекітілген нысандар бойынша тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық емделушінің медициналық картасын немесе оның көшірмесін, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерінен алған анықтамасын, әскери есепке тіркелу туралы куәлігі немесе әскери билетін ДҰСК (ОДҰСК)-ға көрсетеді.
      23. ДҰСК (ОДҰСК)-да медициналық куәландыру (зертханалық және құрал арқылы зерттеуді жүргізу, ДҰСК мамандарының жеке қарауы және сараптама қорытындысын шығару) 1-3 жұмыс күннің ішінде өткізіледі.
      24. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес авиация қызметкерлері денсаулығының авиация қызметкерлеріне денсаулық жағдайы бойынша қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкестігіне және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ыстық климатты елдерде және авиациялық-химиялық жұмысты істеуге медициналық қарсы айғақтарға сәйкестігін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтеді.
      25. Авиация қызметкерлерін медициналық куәландыру кезінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тексеру көлемінде дәрігерлік-ұшу сараптама мақсатында медициналық тексеру өткізіледі.
      26. ДҰСК (ОДҰСК) сарапшы-дәрігерлері медициналық құжаттамаға медициналық тексерудің мәліметтерін, өз кәсібі бойынша диагнозбен ұсыныстарды жазады. Медициналық тексеру мәліметтерінің шынайылылығы ДҰСК (ОДҰСК) сарапшы-дәрігерінің жеке қолымен және тегі көрсетілген жеке мөрімен куәландырылады.
      27. Стационарлық (кеңейтілген) тексеру дәрігерлік-ұшу сараптамасы мақсатында 10 жұмыс күнге дейінгі мерзімде өткізіледі:
      1) өңірлік ДҰСК-та – 50 жасқа толған тұлғаларға «Дені сау» диагнозымен;
      2) ОДҰСК-та – ауруға шалдыққан 50 жасқа толған тұлғаларға;
      55 жаста диагнозы болғанына қарамастан;
      60 жастан бастап – жыл сайын;
      денсаулық жағдайында теріс динамика кезінде тікелей медициналық айғақтары бойынша.
      28. Стационарлық тексерудің нәтижелері осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша медициналық кітапшада сақталатын ауру тарихынан үзінді түрінде ресімделеді.
      29. ДҰСК-та (ОДҰСК) авиация қызметкерлерін медициналық куәландыру нәтижелері бойынша куәландырушылардың тиісті санаттарының тұжырымдамаларында және Талаптарға 1-кестенің бағаналарында медициналық қорытынды шығарылады:
      1) жұмысқа жарамды;
      2) кейінгі медициналық куәландырумен емделуге (сауығуға) жатады;
      3) жұмысқа жарамсыз.
      30. ДҰСК (ОДҰСК) медициналық қорытынды авиация қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмысқа жарамдылығына қарай және төмендегі тәртіпте ресімделеді:
      1) қорытынды шығарылған күні және ДҰСК (ОДҰСК) атауы;
      2) куәландырудың себебі;
      3) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
      4) туған күні, айы, жылы;
      5) Талаптарға сәйкес клиникалық, функционалдық диагноз (диагноздар);
      6) Талаптарға 1-кестенің тармағы (тармақтары);
      7) Талаптарға 1-кестенің бағаны;
      8) мамандық бойынша жұмысқа жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытынды;
      9) жеке бағалауды қарастыратын Талаптарға сәйкес шешімді қабылдау барысында медициналық қорытындының негіздемесі;
      10) комиссияаралық мерзімге ДҰСК (ОДҰСК) ұсыныстары және диспансерлік бақылаудың тобы.
      33. Жеке бағалауды қарастыратын Талаптарға сәйкес медициналық қорытындыны беру кезінде авиация қызметкерлері жұмысқа жарамды, жұмысқа жарамсыз немесе кейіннен куәландырудан өтуге тиіс тексеруге, емделуге (сауығуға) жатады деп танылады. Бұл орайда жеке, психофизиологиялық ерекшеліктер, аурудың айқындылығы, компенсацияның дәрежесі, психологиялық процестің айналғыштығы, жұмысты әрі қарай жалғастыру кезінде аурудың асқыну мүмкіндігі, аурудың ұшу қауіпсіздігіне әсері, орындалатын жұмыстың сипаты есепке алынады.
      34. Авиация қызметкерлерінде Талаптарға сәйкес жұмысты (оқуды) жалғастыруға кедергі болатын аурулар анықталған жағдайда, ДҰСК (ОДҰСК) жұмысқа жарамсыздығы туралы сараптамалық медициналық қорытындыны шығарады. Авиация қызметкерлері ДҰСК қорытындысымен келіспеген жағдайда, ОДҰСК-ге барады, ОДҰСК қорытындысымен келіспеген жағдайда - сот тәртібімен ОДҰСК шешімін шағымданады.
      35. Авиация қызметкерлері кәсіби қызметін жалғастыру үшін жағымсыз болжамымен уақытша еңбекке жарамсыздығымен ауруға шалдығу немесе жарақаттану кезінде еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген мерзіміне қарамастан ДҰСК-ға (ОДҰСК) жіберіледі. Бұл жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздығы медициналық куәландыру және медициналық қорытындыны қабылдау үшін кедергі болмайды. Жұмысты жалғастыруға жарамсыз болып танылған авиация қызметкерлері ары қарай динамикалық бақылау мен емделу үшін тұрғылықты орны бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдарға жіберіледі.
      36. Жұмысқа, АОО оқуға жарамсыз деп танылған авиация қызметкерлеріне осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша медициналық куәландыру туралы ДҰСК (ОДҰСК) анықтамасы беріледі.
      37. Пилот оқуына және ұшу жұмысына жарамдылығы оқу-жаттықтыру парашюттік секірулерге жарамдылығын көздейді.
      38. Медициналық қорытындының қолданылу мерзімі алдыңғы медициналық қорытындының аяқталу күнінен басталады, алдын ала медициналық куәландыру кезінде – ДҰСК (ОДҰСК) сараптамалық қорытынды шығарылған күнінен басталады.
      39. Медициналық қорытындының «басқа белгілер» бөлімінде ДҰСК (ОДҰСК) төрағасы авиация қызметкерлерінің жеке диапазондарын (сипаттамаларын) көрсетеді: өзімен бірге көзілдірік алып жүру, жүрек қысқарылуының жиілілігі, артериялық қысымы және басқа. Мәліметтер ДҰСК (ОДҰСК) мөрімен куәландырылады.
      40. Медициналық куәландырудан кейін авиация дәрігері 30 күнтізбелік күн ішінде медициналық куәландыру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша қорытынды акт жасайды.
      Қорытынды акт ДҰСК (ОДҰСК) төрағасымен бекітіліп, қол қойылып, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына, ұшу бөлімшесінің (авиакәсіпорынның) басшылығына жолданады.
      Қорытынды акт авиациялық дәрігер, ДҰСК (ОДҰСК) төрағасы, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы, ұшу бөлімшесінің (авиакәсіпорынның) басшылығы үшін төрт данада жасалады.
3. Комиссияаралық кезеңдегі
авиация қызметкерлерін динамикалық дәрігерлік бақылау
      41. Комиссияаралық кезеңдегі авиация қызметкерлерін динамикалық дәрігерлік бақылауды авиациялық дәрігер, ДҰСК (ОДҰСК) сарапшы-дәрігері және АА медициналық ұйымдардың өзге мамандарымен жүзеге асырылады.
      42. Авиация қызметкерлерін алдын ала медициналық куәландыру кезінде оқуға немесе жұмысқа орналасу кезінде осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша медициналық картасы толтырылады.
      43. Пилоттар мен АОО оқитын тұлғаларды мерзімдік медициналық куәландыру кезінде авиациялық дәрігер медициналық карта мен медициналық кітапшаны толтырады. Басқа авиация қызметкерлерін мерзімдік медициналық куәландыру кезінде медициналық кітапша толтырылады.
      44. Медициналық кітапшалар авиациялық дәрігердің кабинетінде сақталады. Медициналық зерттеулердің нәтижелері, ДҰСК (ОДҰСК) сарапшы-дәрігерлерінің кеңестері және барлық жазбалары медициналық кітапшаға хронологиялық тәртіппен енгізіледі. Медициналық құжаттарда жалпы қолданыстағы белгілерден басқа сөздердің қысқартылуына жол берілмейді.
      45. Авиация қызметкерлеріне емдік-профилактикалық, сауықтыру іс-шаралар, медициналық зерттеулер және белгіленуі ДҰСК (ОДҰСК) ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
      46. Авиациялық дәрігерде авиация қызметкерлерін медициналық тексеру әрбір 6 ай сайын, ДҰСК (ОДҰСК) кезекті мерзімдік медициналық куәландыру алдында, сонымен қатар медициналық көрсетімдер бойынша өткізіледі. Медициналық тексеру кезінде шағымның болуы немесе болмауы тексерілушінің жеке қолымен бекітіледі. Медициналық тексеруден кейін авиациялық дәрігер медициналық кітапшада өз жазбаларын жеке қолымен және тегі көрсетілген жеке мөрімен куәландырады.
      Авиация дәрігерінің қосымша медициналық қарауы мыналарға жүргізіледі:
      1) тыныштық күйдегі электрокардиография (бұдан әрі – ЭКГ) осы Қағидалар 5-тармағының 2) тармақшасына қатысты тұлғалар 40 жастан бастап 6 айдан соң;
      2) қан, зәр құрамының жалпы талдауы, микрореакция, тыныштық күйдегі ЭКГ және флюорография осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына қатысты тұлғалар 12 айдан соң;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес комиссияаралық кезеңдегі динамикалық бақылау болмаған жағдайда кезекті медициналық куәландырылу стационарлық (кеңейтілген) тексеру көлемінде жүргізіледі.
      47. Осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарында көрсетілген медициналық іс-шаралардан басқа авиация дәрігері Талаптарға 1-кестесінің 2, 3 (бортсеріктер), 4-(авиадиспетчерлер) бағандары бойынша қаралатын авиация қызметкерлерін аурудан (жарақаттан) сауықтырылғаннан, авиациялық қақтығыстан, авиациялық оқыс жағдайдан кейін, демалыстан кейін 15 күнтізбелік күннен кем емес, 1 ай немесе бір айдан артық мерзімде іссапарда болуынан кейін, медициналық тексеруден өткізеді.
      48. Медициналық куәландырудан бұрын авиация қызметкерлері осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес өзі қолымен медициналық куәландыру туралы өтінішті толтырады.
      49. Авиация қызметкерлерін ДҰСК-ке (ОДҰСК) дайындауда, стационарлық (кеңейтілген) тексеруге жолдау, кеңес алуы кезінде, авиация дәрігері өз қарауынан кейін медициналық кітапшаға эпикриз (комиссияаралық кезеңде куәландырылушыны диспансерлік бақылау қорытындысының қысқаша жазбасы) жазады.
      50. Куәландырылушының эпикризінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) шағым болуы немесе болмауы, бұрынғы шалдыққан аурулары, соның ішінде бұрынғы шалдыққан ауруларының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығы, диспансерлік бақылау тобы;
      2) ұшу кезіндегі түсетін салмақ, ұшу түрлері, ұшу уақыты нормасын ұзарту, қайтадан үйрену, авиациялық оқыс уақиғалардың алғышарттары;
      3) кезекті еңбек демалысын пайдалану, санаторийлік-курорттық емделу, демалыс күндерінің жүйелігі, еңбек демалысы бойынша қарызы;
      4) ұшу алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық байқау мәліметтері, аэробекеттегі (ұшу алдындағы) медпунктте жұмыстан шеттету дәлелдері; шеттету себептері;
      5) басқа медициналық мамандарда бақылануы және емдеу-сауықтыру шараларының орындалуы және ДҰСК ұйғарымы (ұсынымы);
      6) жеке қаралу бойынша мәліметтері;
      7) диагнозы;
      8) денсаулық жағдайы мен өзгерісі туралы және диспансерлік бақылаудың (жақсару, нашар, өзгеріссіз) тиімділігі туралы авиация дәрігерінің қорытындысы және негізгі мамандығы бойынша жұмысын жалғастыру туралы оның ұсынымы.
      51. Авиациялық қақтығыс пен авиациялық оқиғалардан кейін медициналық тексеруді оқиғадан (қақтығыстан) кейін бірден әуебекет медпунктінде (стартта) кезекші медицина қызметкері келесі көлемде өткізеді: анамнез (ауру ағымы) жиынтығы, сыртқы тексеру, сілемей қабығын тексеру, дене қызуын өлшеу, қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу. Алкогольдік мастығын тексеру үшін сараптама тиісті лицензиясы бар мамандандырылған медициналық ұйымда өткізіледі. Экипажды ұшуға жіберуді авиация дәрігері жүзеге асырады.
      52. Авиация дәрігерінің медициналық тексеру нәтижесі бойынша мынадай қорытынды қабылданады:
      ұшуға жіберілді (ӘҚҚ бойынша, бортсерік жұмысқа);
      кезектен тыс демалыс күні (кезекті еңбек демалысы) берілуін қажет етеді;
      кеңес беруді (амбулаториялық, стационарлық, санаторийлік емдеулерді) қажет етеді;
      алдын ала емдеуді қажет етеді (амбулаториялық, стационарлық жағдайда) - емдеудің орташа мерзімі күнтізбелік 15 күн.
      53. Куәландырылушының медициналық айғақтары болған жағдайда авиация дәрігері ДҰСК (ОДҰСК) төрағасына ДҰСК-те (ОДҰСК) кезектен тыс медициналық куәландыру туралы негіздемені ұсынады.
      54. Авиация қызметкерлерін кезекті ДҰСК-ке (ОДҰСК) дайындау кезінде авиация дәрігері жеке қараудан өткізеді, комиссияаралық кезеңдегі эпикризді ресімдейді, дәрігерлік-ұшу сараптамасы мақсатында куәландыру басталғанша кемінде 45 күн бұрын осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес көлемдегі зертханалық, функционалдық және құралдық зерттеулер өткізуді ұйымдастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет