Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы


Дене салмағының өлшем индексі (ДСИ) бойынша Кетле



бет5/7
Дата12.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#129829
1   2   3   4   5   6   7

Дене салмағының өлшем индексі (ДСИ) бойынша Кетле
дене салмағын бағалау кестесі



Бойы (см)

Қалыпты салмақ (кг) (ДСИ 20,0-20,9)

Дененің артық салмағы (кг) (ДСИ 26,0-29,9)

Семірудің 1 сатысы (кг) (ДСИ 30,0-34,9)

Семірудің 2 сатысы (кг) (ДСИ>35,0)

146

43-45

55-64

64-74

75

147

43-56

56-65

65-75

76

148

44-57

57-66

66-76

77

149

44-58

58-66

67-77

78

150

45-48

58-67

68-79

79

151

46-59

59-68

68-80

80

152

46-60

60-69

69-81

81

153

47-61

61-70

70-82

82

154

47-61

62-71

71-83

83

155

48-62

62-72

72-84

84

156

49-63

63-73

73-85

85

157

49-64

64-74

74-85

86

158

50-65

65-75

75-87

87

159

51-65

65-76

76-88

88

160

51-66

67-77

77-89

90

161

62-67

67-78

78-90

91

162

52-68

68-78

79-92

92

163

53-69

69-79

80-93

93

164

54-70

70-80

81-94

94

165

54-71

71-81

82-95

95

166

55-71

72-82

83-96

96

167

56-72

73-83

84-97

98

168

56-73

73-84

85-99

99

169

57-74

74-85

86-100

100

170

58-75

75-86

87-101

101

171

58-76

76-87

88-102

102

172

59-77

77-88

89-103

104

173

60-78

78-89

90-104

105

174

61-78

79-91

91-106

106

175

61-79

80-92

92-107

107

176

62-80

81-93

93-108

108

177

63-81

81-94

94-109

110

178

63-82

82-95

95-111

111

179

64-83

83-96

96-112

112

180

65-84

84-97

97-113

113

181

66-85

85-98

98-114

115

182

66-86

86-99

99-116

116

183

67-87

87-100

100-117

117

184

68-88

88-101

102-118

119

185

68-89

89-102

103-119

120

186

69-90

90-103

104-121

121

187

70-91

91-105

105-122

122

188

71-92

92-106

106-123

124

189

71-93

93-107

107-125

125

190

72-94

94-108

108-126

126

191

73-94

95-109

109-127

128

192

74-95

96-110

111-129

129

193

75-96

97-111

112-130

130

194

75-97

98-113

113-131

132

195

76-98

99-114

114-133

133

196

77-100

100-115

115-134

134

197

78-101

100-116

116-135

136

198

78-102

102-117

118-137

137

199

79-103

103-118

119-138

139

200

80-104

104-120

120-140

140

Дене салмағының индексі (ДСИ) мына формула бойынша есептеледі:


салмағы (кг)
бойы (м2)
Авиация қызметкерлерге 
денсаулық жағдайы бойынша
қойылатын талаптарға  
3-кесте        
Дәрігерлік-ұшқыштық сараптау кезінде өлшемге жататын
буындағы қозғалыс көлемі



Буын

Қимыл бағыты

Өлшем үшін шығару жағдайы; есептеу басталатын бұрыш

Қозғалыс көлемі (бұрыш)

Мөлшерде

Шектеу; елеусіз ретінде жітелуі

1

2

3

4

5

Иық

Бүгілуі (алға жылжу; иық буындарын қосқанда)

Тұрғанда. Қол дене бойына түсірілген; орта қалыпта супинация және пронация арасында (0)

175-180

120-ға дейінн

Иілуі (артқа жылжу)

Ол да сондай

45-50

20-ға дейін

Бұрылуы (иық буынын қосқанда)

Тұрғанда. Қол тік қалыпты; супинация (0)

180

120-ға дейін

Шынтақ

Бүгілуі

Тұрғанда. Қол түсірілген; кішкене қайырылған (180)

27-30

80-ға дейін

Иілуі

Ол да сонда

180

160

Кәрі жілік

Пронация

Тұрғанда және отырғанда. Қол 90 градусқа жиналған. Білек орта қалыпта, саусақ және саусақ сүйектері білекпен бір жазықтықта (0)

90

60-қа дейін

Супинация

Ол да сондай

90

60-қа дейін

Алақан бөліктері

Бүгілуі

Тұрғанда. Қол кеуде бөлігінде, білек буынына бүгілген, білек бүгілген 180

80

30-ға дейін

Иілуі

Ол да сондай

70

15-ке дейін

Бұрылуы

Ол да сондай, білек супинация жағдайда, саусақ суйектері иықпен бір жазықтықта 180

160

175-ке дейін

Келтіруі

Ол да сондай

135-140

165-қе дейін

Алақан және саусақ сүйектері

Бүгілуі

Отыру. Шынтақ тірегі тік, саусақтар тік қалыпта (180)

Бірінші саусақ 135-ке дейін, басқасы 90-95

155-ке дейін
60-дейін

Иілуі

Ол да сондай

180-210

165-170
Саусақаралық буындарының қозғалысының шектеулі болуына қарай қол үші ұстау қабілеті сақтау керек және 1-ші саусақтың басқаларға қарсы қойылымы сақталуы керек

Жанбас-бел сүйектері

Бүгілуі

Арқаға жату. Тізе бүгілуі. Жанбас бекітілуі (0)

120

100

Иілуі

Ішпен жату болмаса сау бүйірімен жату. Тізені босату. Жанбасты біріктіру (0)

15-20

10

Бұрылуы

Арқаға жату. Табан орта жағдайда, тізенің 90к (0) бұрышында

50-90

30

Келтіруі

Ол да сонда

20-30

10

Супинация

Ол да сондай, тізе босатылған

60

40

Пронация

Ол да сондай

40

20-ға дейін

Балтыр және табан сүйектері

Бүгілуі

Арқаға жату болмаса бүйірге жату. Балтырға табанның бұрышы 90

130

110

Иілуі

Ол да сондай

70

80

Самай және жақ сүйегі

Тік қозғалыс

Аузын кең ашып см-мен өлшейді төменгі және жоғарғы алдынғы тістердің аралығын

Ауыздың бірқалыпты ашылуы 3 см-ден 6 см-ға дейін

3 см

Қазақстан Республикасының 


азаматтық авиациясындағы  
медициналық куәландыру  
қағидаларына 4-қосымша  
Климаты ыстық елдердегі жұмыстарға және авиациялық-химиялық
жұмыстарға медициналық қарсы айғақ
      Климаты ыстық елдерге жіберілетін немесе АХЖ-қа тартылатын авиация мамандары ДҰСК-да медициналық куәландыру кезінде Талаптардың жекеленген тармақтары бойынша қарсылықтар есепке алынады:
      1) климаты ыстық елдердегі жұмыстар үшін:
      2.2), 4.2), 6.2) 9.2), 11, 12.2), 13.2), 14.2), 16.2), 21.2) «Қолқа атеросклерозынан» басқа, 30.2), 31.2), 34.2), 37.2), 38.2), 39.2) «Қуықтағы тас ауруынан» басқа, 41.2), 43.2), 44, 55.2), 55.3), 56.2), 60.3), 63.3), 63.3);
      2) авиациялық-химиялық жұмыстар үшін (улы химикаттарды қолданумен байланысты):
      2.2), 9.2), 11, 12.2), 13.2), 14,2), 16,2), 23,2) «Созылмалы гастриттен» басқа, 24,2), 25.2) «Созылмалы пиелонефриттен» басқа, 30.2), 38.2), 39.2) «Қуықтағы тас ауруынан» басқа, 41.2), 44, 46.2), 47.2), 48.2), 49.2), 63.2), 63.3).
      Улы химикаттармен жұмысқа жарамсыздығы қарастырылған Талаптардың тармақтары бойынша ДҰСК авиация мамандарын биоөнімдер мен минералды тыңайтқыштармен жұмыс істеуге жіберуге құқы бар.
Қазақстан Республикасының 
азаматтық авиациясындағы  
медициналық куәландыру  
қағидаларына 5-қосымша  
Дәрігерлік-ұшу сараптамасы
мақсатында ұсынылатын тексеру көлемі
      1. Терапевтік тексерулер:
      ауыз қуысы, есінеу, тері қабаты, көрінетін сілекей, лимфалық түйін және қалқанша без, жалпы жас шамасына сәйкес;
      тыныс алу органдары, қан айналым (қызметке қабілеттілігін 20 тұрып-отырумен тексеру нәтижесінде анықтау), ас қорыту және зәр шығару органдары.
      2. Хирургиялық тексерулер:
      антропометрия (бойы, дене салмағы, кеуде айналасы, спирометриясы, қолдың динамометриясы);
      жалпы тексеру (дене бітімі, бұлшық еттің өсуі және тері асты майлары, мүсіні, жүрісі);
      тері жағдайы, лимфа түйіні, қалқанша безі, сүт безі, аймақтық тамырлар, сүйектер, буындар, құрсақ қуысы, сыртқы жыныс ағзалары, артқы тесіктің айналасы (айғақ бойынша - саусақпен тік ішекті тексеру).
      3. Неврологиялық зерттеу;
      сыртқы тексеру (тері тыртығы, сему, бұлшық еттің жыпылықтауы);
      бас-ми нерві;
      қозғалмалы, рефлекторлық, сезімтал аумақ, статика және үйлестіру;
      вегативтік-нерв жүйесі (дермографизм, акроционаз, гипергидроз, тремор, ортоклиностатикалық бақылау);
      психикалық-сезім аумағы.
      4. Дерматовенерологтың қарауы бортсеріктерд куәландыру кезінде азаматтардың денсаулық сақтау саласында уәкілетті органның нормативтік құжаттарына сәйкес өткізіледі.
      5. Жылына 4 рет гинекологқа қаралу.
      6. ЛОР-ағзаларын тексеру:
      сыртқы тексеру;
      ішкі тексеру (эндоскопия), алдыңғы және артқы риноскопия, отоскопия, фарингоскопия, ларингоскопия, мұрынның сезгіштігі мен тыныс алуын анықтау;
      акуметрия (ақырын сөйлеу);
      құлақтың бароқызметі;
      статокинетикалық тұрақтылығын зерттеу 3 минуттың ішінде Кориолистің үзіліссіз кумуляция жылдамдығы әдісімен немесе 2 минут аралығында Кориолистің үзіліспен кумуляция әдісімен: авиация қызметкерлері - бірінші медициналық куәландыру, ұшу құрамы мен бортсеріктерге - жылдық медициналық куәландыру кезінде;
      тоналдық аудиометрия авиация қызметкерлерін - бірінші медициналық куәландыруда, 40 жасқа толған соң - 2 жылда 1 рет, ал ауру анықталған жағдайда - жыл сайын өткізіледі.
      7. Стоматологиялық тексеру (жылына 1 рет):
      тіс жағдайы, ауыз қуысы мен сілекей қабықтары, тістем.
      8. Көз ағзаларын зерттеу:
      көру қабілеті;
      түс ажырату;
      қараңғыға бейімділік;
      бинокулярлық көру;
      түнгі көру;
      түйісудің жақын нүктелері;
      анық көрудің жақын нүктесі;
      көру ағзасының анатомиялық жағдайы;
      рефракцияны субъективтік және объективтік әдіспен зерттеу (скиаскопия немесе рефрактометрия);
      35 жастағы ұшу құрамындағылардың, 40 жасқа толған барлық авиация қызметкерлерінің көзішілік қан қысымы жылына 1 рет өлшенеді.
      9. Психологиялық тексеру өткізіледі:
      ұшқыш, авиадиспетчері мамандығы бойынша ААО түсуші үміткерлер тұлғаларға;
      авиакомпания (авиакәсіпорын) әкімшілігі жолдамасы бойынша жаңа авиациялық техникаға қайта оқитын ұшу құрамы тұлғаларына, әуе кемесі командирі, ұшқыш-байқаушы, ұшу жетекшісі дәрежесіне көтерілгенде;
      медициналық айғақ бойынша.
      10. Зертханалық зерттеулер:
      1) қан құрамын клиникалық талдау (гемоглобин, эритроциттер саны, лейкоциттер формуласы, эритроциттер тұнуының жылдамдығы);
      2) зәр құрамына клиникалық талдау (соның ішінде қантқа және ацетонға реакция);
      3) 35 жастан бастап қан құрамындағы холестеринге жылына 1 рет талдау;
      4) аш қарында қан құрамындағы қантқа;
      5) билирубинге және оның фракциясы, АСТ, АЛТ ферменттеріне биохимиялық зерттеу улыхимикаттармен АХЖ орындайтын ұшу құрамына жүргізіледі;
      6) жағындыларды цитологиялық зерттеу - әйелдерге 17 жастан - жыл сайын, гонорея, трихомонад және қынап жиілігіні дәрежесін анықтау үшін жақындыны зерттеу - бортсеріктерге 3 айда 1 рет, ұшқыш және авиадиспетчерлерге жылына 1 рет жүргізіледі;
      7) мерезге қан құрамын зерттеу (жедел-әдіс саусақтан қан алумен): ұшу құрамы мен авиадиспетчерлеріне алғаш рет медициналық куәландыру және жылдық куәландыру кезінде, ал бортсеріктерге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың декреттелген контингенттерінің тексеруі бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі;
      8) ішек құрт жұмыртқаларына нәжіс құрамын және қантышқақ тобын зерттеу бортсерік тұлғаларға алғашқы медициналық куәландыруды, бортсеріктерге - жыл сайын (аймақтық денсаулық сақтау органдарымен жөне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен айғақ бойынша зерттеу саны өсуі мүмкін);
      9) басқа зертханалық зерттеулер басқа медициналық айғақтар бойынша жүргізіледі.
      11. Рентгенологиялық зерттеулер:
      1) кеуде клеткасы ағзаларының флюорографиясы (кадр үлкейтілген флюорография) авиация қызметкерлеріне жылына бір рет жүргізіледі;
      2) мұрын қосалқылық қойнауына рентгенография - алғашқы медициналық куәландыру кезінде авиация қызметкерлеріне өткізіледі;
      3) басқа да рентгенологиялық зерттеулер (түрік ершігі әдісі, табан, функциялық бақылау арқылы екі кескінде омыртқаның рентгенография, әртүрлі орынның жөне т.б. компьютерлік томографиясы, магниттік-резонанстық томографиясы) медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.
      12. Ультрадыбыстық зерттеу:
      1) өт қабы мен бауырға - улыхимикаттармен АХЖ орындайтындар ұшу құрамына жыл сайын өткізіледі;
      2) ішкі ағзаларына, бүйрекке, қалқанбезге авиация қызметкерлері тұлғаларға - алғашқы медициналық куәландыру кезінде, кеңейтілген куәландыру кезінде (ұшқыштар 40 жастан 3 жылда 1 рет, авиадиспетчерлер - 40 жастан бастап 4 жылда 1 рет, ұшқыштар мен авиадиспетчерлер - 50, 53, 55, 58 жаста, 60 жастан бастап - жыл сайын) және медициналық айғақ бойынша өткізіледі;
      3) жүрекке (эхокардиография) авиация қызметкерлері тұлғаларға - алғашқы медициналық куәландыру кезінде, кеңейтілген куәландыру кезінде жасына қарай (ұшқыштар мен авиадиспетчерлер - 50, 55 жаста, 60 жастан бастап - жыл сайын) және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.
      13. Тыныштық күйдегі ЭКГ (Вильсон бойынша 12 таралым) ұшу құрамына 40 жасқа дейін - жылына 1 рет, 40 жастан бастап - жылына 2 рет, баска авиация қызметкерлеріне - жылына 1 рет.
      14. ЭКГ 20 рет отырып-тұрғызумен (Вильсон бойынша 12 таралым) авиация қызметкерлеріне - алғашқы медициналық куәландыру мен медициналық айғақ бойынша жүргізіледі:
      15. Реоэнцефалография 40 жасқа толған әуе көлігінің 1-2 класты түріндегі ұшақ және тікұшақ ұшқыштарына жылына 1 рет жүргізіледі.
      16. ЭЭГ авиация қызметкерлеріне – алғашқы медициналық куәландыру мен медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.
      17. Кольпоскопия әйелдерге 17 жастан бастап жұмысқа түсу кезінде және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.
      18. Функциялық жүктеме сынамалар:
      1) Мастер ІІ байқауымен ЭКГ - медициналық айғақ бойынша және авиадиспетчерлерге 40 жастан бастап - 2 жылда 1 рет жүргізіледі;
      2) велоэргометриялық зерттеу - медициналық айғақ бойынша, ұшу құрамына 40 жастан бастап жылына 1 рет және ыстық климатты елдерге жіберілетін ұшу құрамына жүргізіледі;
      3) гипоксиялық зерттеу медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.
      19. 40 жасқа толған соң қосымша өткізілетін зерттеулер (ұшқыштар құрамына - 3 жылда 1 рет, авиадиспетчерлерге - 4 жылда 1 рет):
      1) қанды биохимиялық зерттеу: билирубин және оның фракциялары, АСТ, АЛТ, холестерин, альфа-холестерин, атерогендік коэффициент (КАТ) есебімен, триглицеридтер;
      2) фиброгастродуоденоскопия;
      3) ішкі ағзаларды (қалқанбез, бауыр, өт жолы, ұйқыбез, талақ, бүйректер) ультрадыбыстық зерттеу.
      20. Дәрігерлік-ұшу сараптамасы мақсатында кеңейтілген куәландыру тексеруден өткен тұлғаларға стационарлық жағдайда мыналар қосымша тағайындалады:
      1) зертханалық зерттеу;
      биохимиялық зерттеу (жалпы белок, белок фракциялары, С-реактивтік белок, сиалдық қышқыл, креатинин, қант, билирубин, АЛТ, АСТ, холестерин, альфа-холестерин, триглицеридтер);
      тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қан құрамындағы қант мөлшерін талдау;
      нәжістегі ішек құрт жұмыртқасын зерттеу;
      айғақ бойынша басқа зертханалық тексеру;
      2) ультрадыбыстық зерттеу:
      ішкі ағзаларға (қалқанбез, бауыр, өт жолы, ұйқыбез, талақ, бүйректер);
      жүрекке (эхокардиография);
      3) аудиометрия.
      21. Басқа зерттеулер медициналық айғақтар болған жағдайда жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 
азаматтық авиациясындағы 
медициналық куәландыру  
қағидаларына 6-қосымша  
Нысан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет