Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасын бекіту туралы


§2. Параметрлерін бақылай отырып қызмет көрсету



бет4/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#134249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§2. Параметрлерін бақылай отырып қызмет көрсету
      143. Параметрлерін бақылай отырып техникалық қызмет көрсетуді істен шығуы ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұйымдар үшін қолданылады.
      144. Параметрлерді бақылау үздіксіз немесе кезең-кезеңімен болуы мүмкін. Бақылау режимі, оның көлемі мен кезеңділігі бұйымның нақты түрі үшін ПҚ-да белгіленеді.
      145. Жөнделуі, жұмысқа қабілеттілігі мен жарамдылығы параметрлік бақылана отырып пайдаланылатын бұйымды қалпына келтіру немесе ауыстыру, ол істен шыққан және істен шығар алдындағы жағдайда жүргізіледі, соңғы жағдайда - бір немесе бірнеше диагностикалық параметрлер жол берілген шекті деңгейден шыққан кезде (нақты регламенттеу ПҚ-да берілген) жүргізіледі.
      146. Жай-күйі бойынша ТҚКЖ пайдалану құжаттамасы бақыланатын бұйымдар параметрлерінің құрамын, бақыланатын параметрлердің шекті жол берілген мәнін, оларды бақылаудың кезеңділігі мен технологиясын, қажетті техникалық құралдарды, сондай-ақ бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылдау қағидаларын айқындауға тиіс.
§3. Сенімділік деңгейін бақылай отырып қызмет көрсету
      147. Сенімділік деңгейін бақылай отырып техникалық қызмет көрсету істен шығуы ұшу қауіпсіздігіне тікелей әсер етпейтін бұйымдарға қолданылады. Мұндай бұйымдар ресурсы (қызмет ету мерзімі) шектелместен қолданылуы мүмкін.
      148. Сенімділік деңгейін бақылау тәртібін, технологиясын және сенімділік деңгейін бақылай отырып пайдаланылатын ТҚКЖ бұйымдар режимдері туралы шешім қабылдау қағидасын бұйымның нақты түрі үшін ПҚ айқындайды.
      149. АТ бұйымдардың сенімділік деңгейін талдауды ИАҚ мамандандырылған бөлімшесі (АТ-ның техникалық жай-күйі мен оның өндірістік-функционалдық үйлесімділігін диагностикалау бөлімшесі) жүргізеді. Аталған бөлімшенің мамандарына бұйымдардың сенімділігі, статистикалық ақпаратты жүйелендіру, оны өңдеу, талдау және интерпретациялау бойынша есепке алу-талдау құжаттамасын жүргізу қызметі жүктеледі. Олар тиісті бұйымдардың сенімділік дәрежесінің өзгеруі үрдісін уақытылы анықтауға және ПҚ-да белгіленген шешім қабылдау қағидаларының негізінде тиімді алдын алу шараларын қалыптастыруға жауапты болады.
8-тарау. Халық шаруашылығында пайдаланылатын әуе кемелеріне, басқа да ведомстволардың кемелеріне техникалық қызмет көрсету ерекшеліктері
§1. Авиациялық жұмыстар үшін пайдаланылатын әуе кемелеріне қызмет көрсету.
      150. Аппаратураны қоса алғанда нақты АТ-ны, ӘК (бұдан әрі – уақытша әуеайлақтар) уақытша орналасу жерлеріндегі авиация жұмыстарының жабдақтарын техникалық пайдаланудың ерекшеліктері, оған қызмет көрсету түрлері мен нысаны, ТҚКЖ жұмыстарын жүргізу режимі мен технологиясы, брактап шығарып тастаудың нормалары, жай-күй параметрлері, АТ-тың жұмыс істеуі және жұмысқа жарамдылығы, қолданылатын құралдардың, материалдар мен өнімдердің номенклатурасы мен сапасы, қауіпсіздік қағидасы мен шаралары - әуе кемелері (ӘК) мен авиациялық техника бұйымының тиісті үлгілік пайдалану және жөндеу құжаттамасымен беріледі.
      151. Авиациялық жұмыстар үшін пайдаланылатын ӘК-ге техникалық қызмет көрсету бригадалық-ағындық және бекітілген әдістермен жүзеге асырылады. Тиісті әдісті қолдану туралы шешімді авиациялық жұмыстарды орындаудың ерекшеліктерін, базалық және уақытша әуеайлақтарда ӘК-тің орналасу және ұшу жағдайларын негізге ала отырып, пайдаланушы қабылдайды.
      Авиациялық жұмыстарда пайдаланылатын ӘК-ге қызмет көрсетудің бригадалық-ағындық әдісі, пайдаланушы айқындаған тәртіппен базалық және уақытша әуеайлақтар жағдайларында қолданылады.
      152. Уақытша әуеайлақтарда пайдаланылатын әуе кемелеріне кезеңді техникалық қызмет көрсету нақты жұмыс кешендерін орындау үшін тиісті ПҚ шарттары бар жерлерде жүргізіледі.
      153. Кәсіби даярлықтың қажетті деңгейі бар мамандарды жұмыстарды орындау үшін уақытша әуеайлаққа жібереді. Уақытша әуеайлақтарда жұмыс тәжірибесі жоқ ИАҚ бөлімшесінің жұмыскерлері уақытша әуеайлақ жағдайларында өз бетінше ӘК-ге қызмет көрсетуге жіберілместен бұрын, қозғалмалы жанармай құю құралдарының көмегімен әуе кемелеріне жанар-жағармай құюды қоса алғанда, 10-15 күндік тағылымдамадан өтеді. Жергілікті біліктілік комиссиясы аталған мамандардың білімін тексеруді жүзеге асырады.
      Жекелеген ӘК ТҚК үшін уақытша әуеайлақтарға жіберілетін, пайдалану жөніндегі авиатехниктерді дайындауға және белгіленген тәртіппен, жабдықтаушы бұйымдарын ауыстыру құқығымен АРЭЖ дербес қызмет көрсету үшін жіберуге рұқсат етіледі.
      Уақытша әуеайлақтағы ӘК пайдалануға мамандарды жіберуді пайдаланушы ресімдейді.
      154. Пайдаланушыны ИАҚ уақытша әуеайлағында жұмысқа даярлау кезінде:
      1) планердің, қозғалтқыштардың және жабдықтаушы бұйымдардың қажетті ресурстарымен кемелерді іріктеу;
      2) ПҚ-ның талаптарына сәйкес және пайдаланушы әзірлейтін және бекітетін мазмұнға (тізбеге) сай қажетті құжаттамасымен, құралымен, авариялық-құтқару жабдықтарымен, қосалқы бөлшектерімен және шығыс материалдарымен әуе кемесін жабдықтау;
      3) авиациялық жұмыстарды орындау үшін әуе кемесіне аппаратура мен жабдықтарды орнату, жерде, ал қажет болған кезде (немесе бұл техникалық қызмет көрсету бағдарламасымен (регламентпен), басқа да нормативтік құжаттармен көзделген болса) сынақтық ұшуда олардың жұмысын тексеру;
      4) арнайы қолданылатын жерде қызмет көрсету құралын, АТ жай-күйін бақылау құралын, ӘК байлануын, жанар-жағармайды және авиакәсіпорын бекіткен мазмұнға (тізбеге) сәйкес басқа да мүлікті, сондай-ақ уақытша әуеайлақта ӘК-ге орнатылатын АТ бұйымдарын әзірлеу және алдын ала уақытша әуеайлақтарға жіберу қажет.
      155. Уақытша әуеайлақта АТ-ны қауіпсіз орналастыру және пайдалану, ТҚК жұмыстарын сапалы жүргізу және ӘК ұшуға даярлау үшін жағдай жасалуы, авиациялық жұмыстарды бастар алдында қамтамасыз етілуі және оларды жүргізген кезде:
      1) көтерілу-қону жолағының ӘК осы түрін қабылдауға жарамды және дайын болуы;
      2) әуе кемелерін орналастыру үшін тұрақ орындарының дайындығы;
      3) ЖЖМ қоймасының дайындығы, онда майдың болуы, сондай-ақ ӘК тұратын және жүктелетін жерлерде өртке қарсы құралдардың болуы;
      4) тұрмыстық және қызметтік үй-жайлардың болуы және дайын болуы тиіс.
      156. Нақты уақытша әуеайлақтан ұшудың орындалуы туралы шешімді пайдаланушы АТ-ның қауіпсіз орналасуының, оған техникалық қызмет көрсету мен пайдаланудың талаптарын толық орындауды қамтамасыз етуді, әуе кемесін қабылдауға, орналасуы мен ұшуын ұйымдастыруға уақытша әуеайлақтың даярлығын, ӘК пайдаланушының құжаттамалық түрде растауын ескере отырып қабылдайды, сондай-ақ осы Қағиданың 154-тармағында көрсетілген шарттар орындалмаған кезде - мұндай әуеайлақтан ұшуларды орындауға рұқсат етілмейді.
      157. Уақытша әуеайлақтарда АТ-ны орналастыру кезінде күзетті, ӘК күзетін және олардың өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру ПҚ мен аталған мәселелер бойынша жекелеген нормативтік құжаттардың талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
      158. ӘК-ні пайдаланушы/барсі уақытша әуеайлақта тұрған ӘК техникалық пайдаланылуын жүйелі бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың ТҚКЖ өндірісін кешенді және нысаналы тексерудің кезеңділігін, кестесін, мазмұны мен тәртібін, ӘК жай-күйін, пайдаланылуын және сақталуын, техникалық пайдалануға жауапты персоналдың қызметі мен оның шарттарын айқындайды.
      159. Уақытша әуеайлақта ӘК жанармай құйылуын қамтамасыз ету үшін пайдаланушының басшысы әуе кемелеріне ЖЖМ құйылуын (есепке алуды, сақталуын және олардың сапасын бақылайтын, уақытша әуеайлақта авиациялық персонал жұмысына тікелей нұсқаулықты жүзеге асыратын адам) ұйымдастыруға, жанармай құю құралдарының техникалық жай-күйі мен дұрыс пайдаланылуына, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға (ИАҚ жұмыскерлері) жауапты маманды тағайындайды. Уақытша әуеайлаққа ЖЖМ алу және жеткізу тапсырыс беруші мен ЖЖМ қызметіне жүктеледі, уақытша әуеайлаққа жеткізілген және ӘК құюға берілетін жанармай аталған жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ талаптарына сәйкес технологиялық даярлықтан өтуі тиіс.
      Уақытша әуеайлақтағы ӘК ЖЖМ құюды ИАҚ жұмыскері отынқұйғыш пен май құйғышты, сондай-ақ фильтрлі-суайырғыштармен жарақталған ауыспалы жанармай құю агрегаттарын пайдалана отырып жүргізеді. Тиісті фильтрэлементтері (күдері) арқылы отынды фильтрлеу арқылы этолонды сыйымдылықтағы отынды ӘК-ге құюға рұқсат беріледі. Базалық әуежайдың ЖЖМ қызметі үш айда кемінде бір рет ЖЖМ сақталуы мен сапасына, оларды сақтау мен құюдың техникалық жай-күйіне бақылау жүргізеді, ӘК-ге жанар-жағармай материалдарының құюдың талап етілетін сапасына кепілдік беретін жай-күйде жанармай құю пункттерін ұстау бойынша алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады.
      160. Пайдаланушының қарауы бойынша ӘК шоғырланған жерлерде ИАҚ айқындайтын тәртіппен орталықтандырылған техникалық қызмет көрсету базалары құрылады.
      161. Уақытша әуеайлақтарда ӘК мен олардың ауыл шаруашылығы аппаратураларын тазалауды, жууды, газсыздандыруды ПҚ-ға сәйкес, мынадай:
      1) жұмыстың бір түрінен басқа түріне көшкен;
      2) егер кезеңді ТҚК жүргізу алдында улыхимикаттардың қалдықтарын жою талап етілген;
      3) жөндеуге жіберілген;
      4) авиациялық химиялық жұмыстарда басқа мақсаттар үшін пайдаланылатын ӘК қайта жабдықталған;
      5) улыхимикаттармен жұмыстар аяқталған;
      6) ауыл шаруашылығы аппаратураларын консервациялау алдындағы жағдайларда осы жұмыстарды орындауға жіберілген мамандар (ИАҚ жұмыскерлері) жүргізуі тиіс.
      Тазалау, жуу және газсыздандыру үшін ПҚ-да көрсетілген авиациялық-химиялық жұмыстардағы техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптары нұсқаулыққа алынып, онда көзделген жуу және газсыздандыру құралдары қолданылады.
§2. Теңіз кемелеріндегі гидроұшақтар мен тікұшақтарға қызмет көрсету
      162. Гидроұшақтар, амфибияұшақтар, гидротікұшақтар (бұдан әрі – гидроұшақтар) жағада да және суда да сақталады және қызмет көрсетіледі, ал палубалық тікұшақтарға жағада және теңіз кемесінің бортында қызмет көрсетіледі және сонда сақталады. Жағадағы гидроұшақтарға арналған тұрақ орындары құрлықта орналасқан ӘК тұрақтарына қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Судағы тұрақтар айлақта – зәкір нүктелерінде (айқастырылған табан ағаштарда) және жүзгенде өздігінен бағдарланатын айлақтарда, сондай-ақ жағаға жақын - кеме тұратын айлақта немесе пирсте жабдықталады.
      Судағы тұрақтарда әуе кемесін байлау үшін, ЖЖМ-ны ыңғайлы құюды, ӘК-мен жұмыс жасайтын жерлерге еркін өтуді, қызмет көрсету құралдары мен аспаптарын орналастыруды қамтамасыз ететін керек-жарақтар болады. Тұрақтар суда әуе кемесіне қызмет көрсету құралдарымен, өртке қарсы құралдармен жарақталады, байланыспен және жарықпен қамтамасыз етіледі.
      Жағалауда гидроұшақты жағаға көтеру (суға түсіру) үшін түсіру-көтеру құралы – гидрокөтергіш орналасады.
      163. Суда орналасқан гидроұшақтарды арқандап байлау қажет. Зәкір тұрақта (айлақта, пирсте) арқандап байлау қағидасы мен құралы, сондай-ақ дауылды жел мен су қатты толқыған кезде оларды арқандап байлау ерекшеліктері пайдалану құжаттамасында белгіленеді.
      164. Гидроұшақтарға жұмыс істеуге жіберілетін инженерлік-техникалық персонал оларға суда техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде жағаға шығару (суға түсіру), сүйрету, ӘК тұрағының орнында қарсы алу және орнату, аспапты, керек-жарақтарды және қызмет көрсету, ЖЖМ құю құралдарын қолдану қағидасын және басқа да жұмыстарды білуі қажет.
      165. Теңіз кемесінің бортында палубалық тікұшаққа қызмет көрсету кезінде ұшу палубасы немесе тікұшақтың кемеде ауысуын болдырмайтын арқандап байлау құрылғыларымен және палубада қызмет көрсету құралдарымен жарақталатын арнайы тұрақ пайдаланылады.
      Кеме бортында қажетті қызмет көрсету құралдары, ЖЖМ қоры, арнайы сұйықтық, газдар, шығыс материалдары, қосалқы бұйымдар, сондай-ақ ӘК-ге жанар-жағармай материалдарын құю құралдары болады. Арнайы қолданылатын жерде қызмет көрсету құралдарының кешеніне теңіз кемесінің бортында әуе кемесін сақтау кезінде шассидің амортизацияланған тіректерінің қыслуын болдырмайтын керек-жарақтар кіреді. Тұрақта тікұшақтың бұранда қалағын теңселмес үшін бұрайды немесе алып тастайды (жинайды).
      166. Техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мамандар жүріп келе жатқан гидроұшақты қарсы алады, айлаққа алып келіп, арқандап байлайды. Айлақтың ойығына ӘК бұруға рұқсат етілмейді.
      Айлаққа жүзіп келе жатып өздігінен бағдарланатын (бір нүктеге бекітілген) гидроұшақты желге қарсы кіргізеді. Кез-келген түрдегі айлақтың ойығына желдің күші мен бағыты бойынша әуе кемесінің осы түрі үшін пайдалану құжаттамасында белгіленген шектеулерді сақтай отырып, гидроұшақты кіргізеді. Егер желдің күші мен толқынның биіктігі белгіленгеннен асып түссе, гидроұшақты зәкірлі тұраққа алып келіп, арқандап байланады.
      167. Акватория бойынша гидроұшақты ауыстыру жүргізу немесе сүйрету арқылы жүзеге асырылады. Акватория бойынша гидроұшақты жүргізу, оның пилотына ғана рұқсат етіледі. Басқа санаттағы мамандардың жүргізуіне жол рұқсат етілмейді.
      Гидроұшақты осыған ыңғайландырылған жүзу құралдарымен (сүйреткіштермен, катерлермен, ескекті қайықтармен) сүйретеді. Гидроұшақты сүйрету кезінде оны пилот немесе басқа даярланған маман, ал сүйретуші жүзу құралын – оның экипажы басқарады. Сүйретушінің портында авиамаман, егер қажет болса ПҚ болады.
      Жүзу құралының экипажы арнайы даярлықтан өтеді, пайдаланушы басшының бұйрығымен ӘК-ні сүйретуге жібереді.
      168. ӘК-ні сүйретуді жүзеге асыратын мамандар мынандай негізгі талаптарды:
      1) желдің жылдамдығы мен бағытын, су бетінің жай-күйін және су ағысының бағытын ескере отырып, аз жылдамдықпен әуе кемесіне жақындауды және оның жанында маневр жасауды;
      2) зәкірде тұрған гидроұшаққа жел жақ бетінен (гидроұшақтың артынан), ал жылжымалыға жел жақпен жақындауды;
      3) жүзу құралының қанаты мен фюзеляжына жақындауына, сондай-ақ жүзу құралының қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде еспелі бұранда білігін сөндірместен ӘК-ге тым жақындауды болдырмауды;
      4) сүйрету үшін тек осыған ғана арналған сүйреу тростары мен түйіндерін гидроұшақта пайдалануды;
      5) рұқсат етілген жел жылдамдығы мен толқын биіктігі кезінде ұшуда пайдаланылатын нұсқаулықта көзделгеннен аспайтын жылдамдықта сүйретеді;
      6) сүйрету кезінде ӘК-нің су асты кедергілерімен соқтығысуының алдын алу, су асты кедергілерін айналып өту бойынша шаралар қабылдауды білуі және орындауы қажет.
      169. Гидроұшақ акваториясында қауіпсіз маневр жасауды қамтамасыз ету үшін:
      1) айлақтар (зәкірлі тұрақтар) гидроұшақтың су асты бөлігін бүлінуден қамтамасыз ететін тереңдікте гидротетік жағында орналастырады.
      2) айлақтар мен зәкірлі тұрақтарды бір-бірінен Әуеайлақтық қызмет жөніндегі ережеде көзделген алшақтықта орналастырады («Гидроәуеайлақтар» бөлімі).
      3) гидроәуеайлақтың акваториясында және айлағында гидроұшақтардың зақымдануын болдырмау үшін боялған жүзетін белгілер (бакендер, буйкылар, утамыр) орнатылады. Тәуліктің қараңғы уақытында олардан түрлі-түсті от жанады.
      Өзеннің (көлдің) фарватеріне жақын орналасқан, гидроәуеайлақтың айлағында тұрған гидроұшақтар белгілермен белгіленеді. Тәуліктің жарық кезінде ӘК-ге белгі – қара түске боялған, екі қиылысқан дөңгелек ілінеді. Ал қараңғы уақытта гидроұшаққа зәкірде тұрған гидроұшақты білдіретін зәкірлі от жағылады.
      170. Кемені арқандап байлау және сақтау кезінде ӘК-нің бүлінуінің алдын алу мақсатында айлақтардың ойығы, бөшкелер және айқастырылған табан ағаштар жұмсақ материалмен қоршалуы және брезентпен зерленуі немесе резинамен (дөңгелек қақпағымен) қапталуы тиіс.
      Гидроұшақ суда ұзақ уақыт тұрған кезде күн сайын судың деңгейіне қатысты ватерсызық деңгейі бойынша оны байлаудың сенімділігін, қалытқылардың (қайықтың) батуын тексеріп отырады. Қажет болған кезде қалытқыларда (қайықта) судың болмауын тексереді және бөлшектердегі коррозияны кетіреді, ӘК-ні ұстау үшін басқа да қажетті жұмыстарды орындайды.
      Гидроұшақтарды суда және құрлықта жүк тиеленген жай-күйде сақтауға рұқсат етілмейді.
      171. Стационалық (уақытша) түсіру-көтеру құрылғысы гидроұшақтың барынша ұшу салмағымен суға түсуін (жағаға шығуын) қамтамасыз етуі тиіс.
      Гидроұшақты жағаға шығару үшін (суға түсіру үшін) гидротүсіру жүк арбасының орнына ӘК осы түрі үшін жеткілікті ілгекті (жүк арбасы) тартқыш күші мен салмағы бар тартқышты (автомобильді, тракторды) пайдалануға болады. Тартқыштың жүргізушісі басшының бұйрығымен осы жұмыстарды орындауға даяр болуы және жіберілуі, ал тартқыш қажетті құралдармен жабдықталып, жарақталуы қажет. Әуе кемесін көтеру (түсіру) алдында жұмыстардың орындалуына жауапты лауазымды тұлға:
      1) ӘК осы түрін көтеру (түсіру) үшін түсіру-көтеру құрылғысының, сүйрету және сүйрету-көтеру тростарының, қалыптарының, жүк арбасының, тартқышың, сүйрететін арқанның жөнделгенін және жарамдылығын;
      2) Итеру шассиіндегі (арбасы) ӘК жағдайын;
      3) Түсірілетін ӘК қабылдауға айлақ акваториінің даярлығы мен жағадағы алаңның дайындығын тексереді.
      ӘК көтеру (түсіру) сағатына 5 километрден аспайтын жылдамдықпен жүргізіледі. Желге қарсы және ілеспе желден гидроұшақты 20 м/с-дан және жел теріскейден соққанда 15 м/с-дан асатын жылдамдықта көтеруге болмайды. Итеру шассиінде (арбасында) қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған гидроұшақты көтеруге рұқсат етілмейді.
      172. Гидроұшақты жағаға шығарғаннан кейін оның қалытқыларында (қайықта), ішкі қанатында, басқа да тиуі мүмкін жерлерде судың болмауын мұқият тексереді. Теңіз акваториясында орналасқан ӘК коррозияға қарсы өңдеу жүргізіледі (тұщы сумен жуылады), оның бөлшектеріндегі коррозияны кетіреді.
      Кеме палубасында тұрақты сақталатын тікұшақты ПҚ-да белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ теңізде төмен биіктікте ұшқаннан кейін тұщы сумен немесе арнайы сұйықтықпен өңдейді. Аталған өңдеу үшін палуба жуу жүйесімен жабдықталуы тиіс.
      173. Әуе кемесін жағаға шығаруды және суға түсіруді қоса алғанда, шұғыл ТҚК-ні қызмет көрсетудің осы түрін қамтамасыз ететін бөлімше мамандары жүзеге асырады.
      ТҚК бойынша қызмет көрсетпейтін (тиісті даярлығы бар ИТҚ болмағандықтан немесе басқа да себептер бойынша) гидроәуежайларға (уақытша әуеайлақтарға) ӘК-ні қондыру кезінде әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету осы Қағиданың 49-тармағында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады. Палубадағы тікұшақтарға жедел ТҚК-ні олар бекітілген ИТҚ жүзеге асырады.
      174. Гидроұшақтар мен палубалық тікұшақтарға кезеңді ТҚК-ні жағада қызмет көрсетудің осы түрі үшін ИАҚ-та жауапты бөлімше мамандары, қажет болған жағдайларда нақты ӘК бекітілген мамандармен бірлесіп орындайды.
      Қажетті технологиялық құралдар мен даярланған мамандар болған кезде палубалық тікұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді теңіз кемесінің бортында жүргізуге рұқсат етіледі. Гидроұшақтар мен палубалық тіұшақтарға кезеңді ТҚК кезінде мынаған:
      1) олардың коррозиялық бүлінуін анықтауға және жоюға;
      2) коррозияға ұшырайтын ӘК элементтерін коррозияға қарсы өндеуге;
      3) гидроұшақтың су астындағы бөлігінің техникалық жай-күйін, қылталары мен люктерінің саңылаусыздығын бақылауға ерекше назар аударылады.
      175. Гидроұшақтарға ТҚК көрсету кезінде қозғалтқыштарын қосуды және сынауды, осы жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіппен жіберілген мамандар немесе пилоттар жүргізеді. Гидроұшақ жағада және суда болған кезде жұмыс басшысының рұқсатымен қозғалтқыштарды қосады.
      Гидроұшақтарға ТҚК көрсету кезінде қозғалтқыштарын қосуды және сынауды, осы жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіппен жіберілген мамандар немесе пилоттар жүргізеді. Гидроұшақ жағада және суда болған кезде жұмыс басшысының рұқсатымен қозғалтқыштарды қосады.
      Судағы гидроұшақтың қозғалтқышын қосуды оның пилотының ғана жүргізуіне рұқсат етіледі. Қосуға даярлықты (әуе бұрандасын бұрауды және басқа дайындық жұмыстарын) айлақта (пирсте), ал қосу мен сынауды гидроәуеайлақ айдынның белгіленген орнына гидроұшақты сүйреткеннен кейін жүргізеді.
      176. Палубалық тікұшақтарды пайдалану кезінде қолданылатын кеме механизмдері мен құралдарына қызмет көрсетуді қажетті даярлықтан өткен және кеме капитанының бұйрығымен осы жұмыстарға жіберілген кемекомандасының мамандары жүзеге асырады.
§3. Басқа пайдаланушылардың әуе кемелеріне қызмет көрсету
      177. Пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша әртүрлі иеленушілердің әуе кемелеріне ТҚК жұмыстарының белгілі бір түрлерін орындауы келісімге қатысушылар айқындайтын тәртіппен ТҚКЖ бойынша ұйымдардың бірінде жүргізілуі мүмкін.
      178. Техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұсынатын ТҚКЖ бойынша ұйымда:
      1) қажетті өндірістік қуат (ғимараттар мен құрылыстар, ПҚ, бақылау құралдары, технологиялық жабдықтар, жерде қызмет көрсету құралдары және тағы сол сияқты);
      2) жұмыстың көлемі мен сипатына сәйкес келетін ұйымдық құрылым;
      3) қажетті көлемде жабдықтаушы бұйымдар мен материалдар;
      4) тиісті жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүргізуге арналған заңнамада белгіленген рұқсат болады.
      179. ТҚКЖ бойынша ұйым мен пайдаланушының арасында ӘК қабылдау-беру осы Қағиданың талаптарына сәйкес және тараптардың уағдаластығы ескеріле отырылып жүргізіледі.
      ӘК-мен бірге ӘК мен қозғалтқыштардың формулярларын, жабдықтаушы бұйымдардың паспортын береді, ауыстыруға жататындарын пайдаланушы - ӘК-нің барсі формулярға ТҚК басталған күнге дейін кеменің, қозғалтқыштың жай-күйі туралы мәліметті, ТҚК орындайтын ТҚКЖ бойынша ұйымдар – орындалған жұмыстар туралы мәліметтерді енгізеді.
§4. Халықаралық ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне қызмет көрсету
      180. Қазақстан Республикасының әуежайларында шетелдік ӘК және шетелдік әуежайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық ӘК техникалық қызмет көрсету, қону немесе орналасу әуежайларында ӘК пайдаланушы/иеленушілер мен ТҚКЖ бойынша ұйымдар арасындағы жерде қызмет көрсету туралы немесе қызметтерді өзара ұсыну туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
      181. Шетелдік ӘК-ге жедель ТҚК бойынша жұмыстар оның иесінің немесе әуе кемесі экипажы мүшесінің қатысуымен орындалады.
      Жұмыстарды орындау тиісті тапсырманың орындалғаны, ТҚК жүргізген ИАҚ мамандардың топ басшысы мен ӘК иесі өкілінің (немесе ӘК экипажының мүшесінің) қолымен растала отырып, наряд-карталарда (техникалық көмек көрсету нарядтарында) ресімделеді.
      182. Тараптар қабылдаған келісім шеңберінен шығатын қосымша жұмыстар мен техникалық қызметтерге арналған өтінім жеке наряд-картамен ресімделеді.
      183. Тұрақты ұшатын шетелдік әуе кемелеріне ТҚК үшін тараптардың қарауы бойынша әуежайларда жекелеген бөлімшелер құрылған әрі жұмыстарды жүргізуді тиімді ұйымдастыру үшін қажетті нұсқамалық-технологиялық құжаттама әзірленеді.
      184. Шетелдік әуе кемелерін міндетті тексеруге байланысты жұмыстар орындаушының және бақылау-өткізу пункті кезекшісінің қолдарымен қарап тексеруді растай отырып, қарап тексеру карталарымен ресімделеді.
      185. Шетелдік әуежайларда ҚР пайдаланушыларының ӘК-леріне техникалық қызмет көрсету ӘК-нің нақты түріне аналған ПҚ-ге сәйкес жүргізіледі. Шетелдік әуежайда ӘК осы түріне дербес техникалық қызмет көрсетуге жіберілген ИТҚ болмаған жағдайда (немесе қону пунктінде ТҚК бойынша қызметтер өзге себептермен ұсынылмаса), ӘК техникалық қызмет көрсетуді мамандар бригадасы орындайды, оларды ӘК қонатын жерге жеткізу (оның ішінде экипаж құрамына қосу арқылы), жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету ИАҚ пайдаланушының (ӘК иесінің) құзыретіне жатады. Аталған бригаданың құрамы мен оның функциясын пайдаланушы (ӘК барсі) ПҚ талаптары мен басқа да нормативтік құжаттарды ескере отырып айқындайды.
      186. ӘК иесінің өкілі ИАҚ маманы шетелдік әуежайларда ӘК-ге жанар-жағармай материалдарының құйылуын, құйылатын ЖЖМ-ның ПҚ талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. Уәкілетті органның нұсқаулығы мен тараптар келісіміне сәйкес ЖЖМ алуға арналған құжаттар ресімделеді.
      187. Шетелдік әуежайларда ұшуды орындайтын ӘК пайдаланушы/иесі өз өкілдігінің ИТҚ-сын ИАҚ басшысы айқындайтын кешенде пайдалану құжаттамасымен қамтамасыз етеді.
9-тарау. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
1. Қамтамасыз етуді ұйымдастыру
      188. Әуе кемелеріне ТҚ-ны қамтамасыз ету деп мақсаты негізгі процесті – техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуді тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау болып табылатын қосалқы қызмет түрлері түсініледі. ТҚ-ны қамтамасыз етуге мыналар жатады:
      1) өндірісті дайындау;
      2) өндірістік процестерді технологиялық-конструкторлық және метрологиялық сүйемелдеу;
      3) негізгі процестің жалпы пайдаланылатын жер үсті қызмет көрсету құралдарына, көлікке, авиатехникалық және шаруашылық-тұрмыстық мүлікке, ұйымдастыру техникасына, электронды есептеу құралдарына, ЖЖМ-ға, өрт сөндіру құралдарына, ақпараттық қызметтерге және т.б. қажеттілігін қанағаттандыру;
      4) байланысты, жылумен, электрмен, сумен, газбен жабдықтауды, ӘК-ні және өндірістік объектілерді күзетуді ұйымдастыру;
      5) ӘК тұратын жерлерді, ӘК дегазациялау және деактивизациялау алаңдарын, тазалық құрылыстарын және басқаларды жабдықтау және ұстау.
      189. Технологиялық жабдықтың техникалық жай-күйі тексерілгеннен, түгендеу нөмірі берілгеннен және тізілімге енгізілгеннен кейін ғана олар пайдалануға жіберіледі. Бұл ретте зауытта дайындалған, пайдалануға жіберілетін жаңа жабдықтың ПҚ, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтары, монтаждаудың дұрыстығын тексеру актілері болуға тиіс.
      ИАҚ-та дайындалған немесе қайта жаңартылған жабдық пайдалануға жіберуден бұрын метрологиялық сараптамадан, аттестаттаудан және сынақтан өткізіліп, олардың нәтижелері комиссия актісінде көрсетіледі, ресімделген техникалық құжаттама (паспорт, формуляр, пайдалану жөніндегі нұсқаулық және т.б.) болады.
      190. Технологиялық жабдық қолданыстағы стандарттарда белгіленген түстерге боялады. Ақаулы, сондай-ақ рұқсат етілмейтін түстерге боялған жабдық пайдалануға жіберілмейді.
      191. Әртүрлі үлгідегі күш жетектері бар жабдық, көтеру-көлік механизмдері, барлық үлгідегі компрессорлық және энергетикалық құрылғылар, станоктық және пісіру жабдығы, сығылған газдар мен улы заттарды сақтауға арналған ыдыстар паспортталуға тиіс.
      192. Әдеттегі жағдайда бөлімшелерде пайдаланылатын технологиялық жабдық оларға бекітіліп, тізілімдеріне енгізіледі. Технологиялық жабдық тізілімдері, сондай-ақ оның бұйымдарына арналған формулярларды (паспорттарды) өздерінің қарауындағы технологиялық құралдарды пайдалану үшін жауапты бөлімшелердің басшылары жүргізеді.
      193. ТҚ үшін пайдаланылатын технологиялық құралдардың авиациялық техникасын, пайдалану, оларды қолдану, жарамдылығын тексеру, сынау, жөндеу және сақтау технологиялық жабдықтың нақты түрлері мен бұйымдарына арналған ПҚ талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      194. АТ жай-күйін бақылау үшін АА-да пайдалануға қабылданған, мерзімді метрологиялық тексеруден өткен құралдар (тұрақты және көшпелі құрылғылар, керек-жарақтар, стенділер, құрылғылар, аспаптар мен аппаратура, оның ішінде қиратпайтын бақылау құралдары) пайдаланылады.
      ИАҚ, АА және метрологиялық аттестаттау мен тексеруден өткен басқа ұйымдардың күшімен дайындалған стандартталмаған құралдарды бекітілген әдістемелер бойынша пайдалануға рұқсат етіледі. АТ-ның жай-күйін бақылаудың стандартталмаған құралдарын белгіленген құжаттама – куәліктер, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар және олардың формулярларында (паспорттарында) тиісті жазбалар ресімделгеннен кейін пайдалануға рұқсат етіледі.
      195. Жарамсыз, тексеру мерзімі өткен, белгіленген шарттар мен қағидаларды бұза отырып сақталған және тасымалданған құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет