§2. Ұшуға жарамдылығын сақтау жұмыстары
351. ӘК-нің штаттық та, авариялық-құтқарушы да құрал-жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын сақтауды қоса алғанда, ӘК-нің ұшуға жарамдылығын сақтау мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:
1) ұшу алдындағы дайындықты атқару;
2) ұшудың қарастырылып отырған түрінің қауіпсіздігіне әсер ететін тоқтап қалулар мен бүлінулерді егер олар ӘК-нің аталған үлгісі үшін қабылданған болса, Құрал-жабдықтың ең аз тізбесі (MEL) мен Конфигурацияда рұқсат етілген ауытқулардың тізбесіндегі (CDL) шектеулерді ескере отырып, уәкілетті органмен келісілген қолданыстағы технологиялар бойынша жою;
3) осы Қағиданың 17-тарауының §3 талаптарына сай бекітілген ТҚК бағдарламасына сәйкес барлық ТҚК түрлерін орындау;
4) ауыр ӘК және коммерциялық азаматтық авиацияның барлық ӘК үшін осы Қағиданың 17-тарауының §3 талаптарына сай бекітілген ТҚК бағдарламасының тиімділігіне талдау жасау;
5) қолданылатын барлық:
ұшуға жарамдылық бойынша директиваларды;
ұшуға жарамдылықты сақтаумен байланысты пайдалану мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар (пайдалану директивалары немесе нұсқаулар);
уәкілетті органмен және Халықаралық азаматтық авиация конвенцияның 6 және 8 қосымшаларымен (Чикаго, 1944 жыл) белгілеген ұшуға жарамдылықты сақтау жөніндегі талаптарды;
қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін уәкілетті орган белгілеген дереу жасалатын шараларды атқару;
6) модификациялар мен жөндеулерді атқару;
7) міндетті емес модификациялар және/немесе бақылаулық тексерулерді атқару саласындағы пайдаланушылар үшін саясат құру;
8) ауыр ӘК және коммерциялық азаматтық авиацияның барлық ӘК-не міндетті емес модификациялар және/немесе бақылаулық тексерулерді атқару саласындағы саясат құру;
9) қажет болса бақылау мақсатындағы ұшуларды орындау.
§3. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасы
352. Әрбір ӘК-не техникалық қызмет көрсету уәкілетті орган бекіткен және қажетті түзетулер мен кезеңді қайта қарастырылуы тиісті ТҚК бағдарламасына сәйкес атқарылады.
353. ТҚК бағдарламасын және оның кейінгі барлық өзгерістерін уәкілетті орган бекітуі тиіс.
354. ТҚК бағдарламасы:
1) ӘК үлгісінің сертификатын ұстаушылардың, сонымен қатар сертификаттау мен үлгі сертификатын беру қағидаларының талаптарына сәйкес мұндай нұсқауларды шығаратын басқа да ұйымдардың ұшуға жарамдылығын сақтау бойынша шығарған нұсқаулары (нұсқаулықтары) мен оның толықтыруларына;
2) егер олар осы Қағиданың 355-тармағының 1) тармақшасының нұсқауларынан өзгеше болса немесе басқа нақты ұсыныстар толығымен болмағанда, уәкілетті орган шығарған нұсқауларға;
3) егер олар осы Қағиданың 355-тармағының 1) және 2) тармақшаларының нұсқауларынан өзгеше болса, ӘК-нің иесі немесе пайдаланушы дайындаған және уәкілетті орган бекіткен нұсқауларға сәйкес келеді.
355. ТҚК бағдарламасында ұшудың ерекше түрлерімен байланысты ТҚК-ның арнайы түрлерін қоса алғанда, ТҚК бойынша атқарылуы тиіс барлық жұмыстардың түрлері мен кезеңділігі туралы егжей-тегжейлі ақпарат бар. Егер ТҚК бағдарламасы мыналарға негізделген болса, ТҚК бағдарламасының құрамына сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы енгізіледі:
1) ӘК-нің сенімділігі мен қауіпсіздігін логикалық талдау нәтижелері бойынша ТҚК бағдарламасы құрастырылған рәсімдерге;
2) қауіпсіз тоқтап қалуға дейін техникалық пайдалану әдісін қолдану басым болғанда.
356. Егер ұшуға жарамдылықты сақтауды ұшуға жарамдылықты сақтауға арналған ұйымдар жүзеге асыратын болса, ТҚК бағдарламасы мен ондағы өзгертулерді бекіту белгіленген ұйымдардың ТҚК бағдарламасын жүргізу рәсімдерінің шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін.
357. Бүлінулерді жөндеу, сонымен қатар модификациялар мен жөндеулерді атқару уәкілетті орган немесе дайындаушы бекіткен құжаттамаларды қолдану арқылы жасалады.
358. Ірі модификациялар мен жөндеулерді атқару уәкілетті орган мақұлдаған құжаттамаларды қолдану арқылы жасалуы тиіс.
§4. ӘК-нің ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы деректерді есепке алу жүйесі
359. ТҚК бойынша кез келген жұмыстар аяқталғаннан кейін, талаптарға сәйкес осыған байланысты шығарылатын Пайдалануға жіберу сертификаты ӘК ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы деректерді есепке алу жүйесіне енгізуге жатады. Әрбір жазба мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ кез келген жағдайда ТҚК бойынша қарастырылып отырған жұмыс аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кем емес мерзімде енгізілуі тиіс.
360. ӘК ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы есепке алу деректерінде пайдаланушының борттық техникалық журналының, сондай-ақ ӘК формулярының, қозғалтқыштар формулярларының немесе ресурсы бойынша (қызмет ету мерзімі) шектеулері бар әуе бұрандаларының паспорттарының ақпараты қамтылады.
361. ӘК формуляры мен борттық техникалық журналға: ӘК түрі мен тіркеу нөмірі, ӘК ұшу күні мен көтерілу және/немесе ұшу циклдерінің және/немесе қонуының жинақталған саны енгізіледі, сонымен қатар борттық техникалық журналға ұшу кезінде авиациялық техниканың жұмысы туралы ескертулер енгізіледі.
362. Ұшуға жарамдылығын қолдау туралы есепке алу деректерінде:
1) ұшу жарамдылығы бойынша ағымдағы директиваларды орындау мәртебесі және қауіпсіздік проблемаларын шұғыл шешу шаралары ретінде уәкілетті орган нұсқаған шаралар туралы ақпарат;
2) модификациялар мен жөндеулерді орындаудың ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат;
3) ТҚК Бағдарламаларын орындаудың ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат;
4) шектеулі ресурсты (қызмет ету мерзімімен) компоненттердің ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат;
5) салмағы мен орталықтануы туралы есеп;
6) ТҚК бойынша кейінге қалдырылған жұмыстар тізбесі қамтылады.
363. Мақұлданған компонентті пайдалануға жіберу сертификатына қосымша (ЕАSА 1-нысан немесе балама), бортта орнатылған компоненттерге қатысты төмендегі ақпарат қозғалтқыштардың немесе әуе бұрандаларының формулярларына, ресурсы (қызмет ету мерзімі) бойынша шек қойылған қозғалтқыштардың немесе компоненттер модулдерінің паспортына (этикеткалары) тиісінше енгізілуі тиіс. Олар:
1) компонентті белгілеу;
2) нақты компонент орнатылған ӘК түрі, зауыттық нөмірі және мемлекеттік тіркеу нөмірі, сондай-ақ осы компонентті қайта монтаждау немесе орнату туралы нұсқау;
3) нақты компоненттің шабуыл сағаттарындағы және/немесе ұшу циклдеріндегі және/немесе тиісінше қону сандарының жинақталған атқарылымы;
4) осы Қағиданың 363-тармағына сәйкес компонентке қолданылатын ағымдағы ақпарат.
364. Осы бөлімнің 17-тарауының § 7 талаптарына сәйкес ұшуға жарамдылықта ұстап тұру бойынша жұмыстарды басқаруды жүзеге асыруға ұйымның атынан уәкілетті адам осы талаптарға сәйкес аталған есепке алу деректерін жүргізеді және уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оған осы деректерді ұсынады.
365. Ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы есепке алу деректеріне енгізілген барлық жазбалар анық әрі ұқыпты болуы тиіс. Жекелеген жазбаларға түзету енгізу қажет болған кезде бұл түзету жазбаның бастапқы нұсқасын оқу мүмкін боларлықтай етіп енгізіледі.
366. Меншік иесі немесе пайдаланушы көрсетілген мерзімдер ішінде мынадай есепке алу деректерін сақтау үшін жүйе құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:
1) ӘК (өндірістік-бақылау құжаттамасы) және онда орнатылған барлық шектеулі (қызмет ету мерзімі) ресурсты компоненттерге ТҚК туралы барлық егжей-тегжейлі есепке алу жазбаларын - ӘК-ні немесе оның компонентін пайдалануды тоқтатқан (істен шығарған) кезден бастап кемінде 24 айда;
2) жинақталған атқарылымдар және егер қажет болса ӘК-нің және онда орнатылған барлық шектеулі (қызмет ету мерзімі) ресурсты компоненттерінің ұшу циклдерінің санын - ӘК-ні немесе оның компонентін пайдалануды тоқтатқаннан (істен шығарғаннан) кейін кемінде 12 айда;
3) жинақталған атқарылымдар және қажет болған кезде шектеулі (қызмет ету мерзімі) ресурсты компонентте ТҚК бойынша жоспарлы жұмыстардың соңғы түрінен (нысанынан) кейін ұшу циклдерінің санын - жұмыстардың нысаны мен мазмұны бойынша баламалы, осы компонентке ТҚК-нің келесі жоспарлы түріне дейін;
4) бекітілген ТҚК Бағдарламасына ӘК-нің сәйкестігін белгілеу мүмкін болатындай етіп, жұмыстар орындаудың мерзімдері мен нәтижелерін қоса алғанда, ӘК-ге ТҚК-нің бекітілген Бағдарламасын орындаудың ағымдағы жағдайын - ӘК-ге немесе жұмыстардың нысаны мен мазмұны бойынша тиісінше баламалы компонентіне ТҚК-нің келесі түріне дейін;
5) осы ӘК-де осы әуе кемесіне және оның бортында орнатылған компоненттерге қолданылатын ұшуға жарамдылығы бойынша директивтің орындалуының ағымдағы жай-күйін - ӘК-ні немесе оның компонентін пайдалануды тоқтатқаннан (істен шығарғаннан) кейін кемінде 12 айда;
6) осы ӘК-де, оның қозғалтқыштарында, әуе бұрандаларында және басқа да ұшу қауіпсіздігі үшін маңызды компоненттерінде модификациялау мен жөндеулердің орындалуының ағымдағы жай-күйін - ӘК-ні немесе оның компонентін пайдалануды тоқтатқаннан (істен шығарғаннан) кейін кемінде 12 ай ішінде.
§5. Пайдаланушының техникалық борт журналы жүйесі
367. Осы Қағиданың 17-тарауының §4 талаптарына қосымша пайдаланушы әрбір ӘК бойынша мынадай ақпараттарды:
1) ұшу қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін қажетті әрбір ұшу туралы ақпарат;
2) пайдалануға жіберудің қолданыстағы сертификаты;
3) ӘК орындалуы тиіс жоспарлы немесе жоспардан тыс ТҚК келесі түрінің қандай екенін және уәкілетті орган мұндай жазбаның өзге құжаттама берілуіне келісім берген жағдайларды қоспағанда, қандай мерзімдерде орындалатынын айқындайтын, ӘК техникалық жай-күйі (мәртебесі) туралы жазба;
4) барлық анықталған, бірақ әзірге жойылмаған ӘК пайдалануға әсер ететін істен шығулар мен бүлінулерді санамалау;
5) шарттар бойынша ТҚК орындалуын ұйымдастыруға қатысты кез-келген қажетті жетекші нұсқау қамтылатын пайдаланушының техникалық борт журналының жүйесін пайдаланады.
368. Әуе кемесінің техникалық борт журналдарының жүйесі (жүргізу нысанын қоса алғанда) және оны кейінгі кез-келген өзгертулер уәкілетті органмен келісіледі.
369. Пайдаланушы соңғы жазба күнінен кейін 36 ай ішінде ӘК техникалық борт журналының сақталуын қамтамасыз етеді.
§6. ӘК-нің ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы есепке алу деректерін беру
370. ӘК-ні бір меншік иесінен немесе пайдаланушыдан басқаға тұрақты негізде берген кезде бұрынғы иесі немесе пайдаланушы ӘК-мен бірге осы Қағиданың 17-тармағының §4 талаптарына сәйкес ұшуға жарамдылықта ұстап-тұру туралы есепке алу деректерін, сондай-ақ қажет болған кезде осы Қағиданың 17-тарауы §5 талаптарына сәйкес техникалық борт журналын беруді қамтамасыз етеді.
371. ӘК иесі ұшуға жарамдылықта ұстап-тұру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін ұйыммен ұшуға жарамдылық шартын жасасу кезінде осы Қағиданың 17-тарауының § 4 талаптарына сәйкес ұшуға жарамдылықта ұстап тұру жөніндегі ұйымның есепке алу деректерін беруді қамтамасыз етеді.
372. Есепке алу деректерін сақтау үшін белгіленген мерзімдері ӘК жаңа меншік иесіне немесе пайдаланушыға қатысты қолданыла береді.
§7. Техникалық пайдалану және жөндеу кезінде ұшуға жарамдылықта ұстап тұру
373. Әуе кемесін пайдаланушы және/немесе меншік иесі ӘК ұшуға жарамдылықта ұстап-тұрады және мынадай:
1) әуе кемесі ұшуға жарамды жағдайда болған;
2) ӘК барлық бортты штаттық және авариялық-құтқару жабдықтары дұрыс орнатылған және жұмысқа жарамды болса не жұмысқа жарамсыз ретінде анық және нақты белгіленген;
3) әуе кемесінде қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты болған;
4) ӘК-ге техникалық қызмет көрсету ТҚК-нің бекітілген бағдарламасына толықтай сәйкес және осы Қағиданың 26-тарауының талаптарына сәйкес орындалған жағдайларда ұшуды орындай алады.
374. Әуе кемесінің командирі немесе әуе кемесін коммерциялық пайдаланған жағдайда ӘК ұшуға пайдаланған жағдайды қанағаттанарлық түрде орындауды қамтамасыз етеді. Дайындықты пилот немесе жұмыстың осындай түріне жіберілген басқа да адам орындайды.
375. Осы Қағиданың 17-тарауының § 7 көзделген функцияларды қанағаттанарлық түрде орындау үшін ӘК меншік иесі ұшуға жарамдылықта ұстап тұруға, уәкілетті орган бекіткен ұшуға жарамдылықта ұстап тұру бойынша ұйымдастыруға (бұдан әрі – ұшуға жарамдылығын ұйымдастыру) байланысты жұмыстарды орындауды беруі мүмкін.
376. Салмағы 5700 кг астам әуе кемелерін пайдаланған жағдайда, осы Қағиданың 371-тармағында көзделген функцияларды қанағаттанарлық түрде орындау үшін ӘК меншік иесі ұшуға жарамдылықта ұстап тұруға байланысты барлық жұмыстарды ұйымның орындауын қамтамасыз етеді.
377. Әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ олардың компоненттеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын 5700 кг астам әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес сертификатталған ұйым орындайды.
378. Коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыратын Пайдаланушы ұшу жарамдылығын қолдауды қамтамасыз етеді және мыналарға ие болады:
1) уәкілетті орган берген пайдаланушы сертификаты;
2) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымның сертификаттау және сертификат беру қағидасының талаптарына сәйкес берілген ТҚК бойынша ұйымның сертификаты немесе осындай ұйыммен шарты болады.
Әуе тасымалдарын және/немесе авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушы осы Қағиданың 373-тармағының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
379. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының (коммерциялық азаматтық авиацияға жатпайтын):
1) ұшуға жарамдылықта ұстап тұру жөніндегі ұйымы болады немесе ұшуға жарамдылықта ұстап тұру жөніндегі ұйыммен шарт жасасады;
2) азаматтық авиацияның авиациялық техникасын техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымның сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес мақұлданған ТҚК бойынша ұйымы немесе осындай ұйыммен шарты болады;
3) осы Қағиданың 373-тармағы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
§8. Ұшуға жарамдылықтың бұзылуы туралы есептілік
380. ӘК пайдаланушы үлгілі конструкциясына немесе үлгілік конструкциясының модификациясына жауапты, тіркеу, ұйымдастыру мемлекетіне және қажет болған кезде пайдаланушының мемлекетіне ұшу қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ететін ӘК немесе оның компонентінің ұшу жарамдылығының анықталған кез-келген ақаулары туралы есеп жібереді.
381. Есептер уәкілетті орган белгілеген нысанда жіберіледі және онда пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға анықтаған ақаулар және оны анықтау шарттары туралы ақпарат болады.
382. Егер жеке тұлға немесе ұйым ӘК иесімен немесе пайдаланушымен шарт бойынша оны ұшуға жарамдылықта ұстап тұруды жүзеге асырса, онда осындай адам немесе ұйым аталған иеленушіге немесе пайдаланушыға тиесілі, ӘК-нің немесе оның компонетінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін кез-келген осындай оқиға ақпарат үшін ӘК иесіне, пайдаланушыға немесе ұйымға есеп жібереді.
383. Есептер мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ кез-келген жағдайда міндетті есепке алуға жататын оқиғаны пайдаланушы, жеке немесе заңды тұлға анықтаған кезден бастап кемінде 72 сағатта жіберілуі тиіс.
§9. ӘК істен шығуы және бұзылуы
384. Ұшудың қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ететін ӘК барлық істен шығулары мен бұзылуы келесі ұшуға дейін жойылуы тиіс.
385. Ұшу қауіпсіздігіне ӘК істен шығу немесе бұзылу дәрежесі туралы, оларды жою бойынша қажетті әрекеттер туралы не істен шығуды немесе бұзылуды жоюдың кейінге қалдырылу мүмкін екені туралы шешімді ТҚК бойынша құжаттамаларды пайдалана отырып, мақұлданған жіберілетін персонал қабылдайды. Дегенмен, егер:
1) пилот уәкілетті орган нұсқаған тәртіппен бекітілген Жабдықтардың ең төменгі тізбесін пайдаланса;
2) ӘК істен шығуы мен бұзылуларын білікті уәкілетті орган жол берілген деп санаса, осы талап қолданылмайды.
386. Ұшу қауіпсіздігіне айтарлықтай маңызды әсер етпейтін ӘК кез-келген істен шығуы және бұзылуы ТҚК бойынша құжаттамада белгіленген барлық тиісті шектеулерді міндетті түрде сақтай отырып, бастапқы байқаған кезден бастап, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жойылуы тиіс.
387. Ұшу басталғанға дейін анықталмаған кез-келген істен шығу немесе бұзылу осы Қағиданың 17-тарауының §4 сәйкес ӘК ұшу жарамдылықта ұстап-тұру туралы есепке алу деректері жүйесінде немесе осы Қағиданың 17-тарауының §5 сәйкес пайдаланушының техникалық борт журналында тиісінше тіркеуге жатады.
§10. ӘК бортына компоненттерді орнату тәртібі
388. Осы қағидада және авиациялық техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, компоненттің техникалық жай-күйі қанағаттанарлық болған, ұшуға жарамдылығын куәландыратын құжат ресімделіп пайдалануға жіберілген қолданылатын қағидалардың талаптарына сәйкес компонент таңбаланған жағдайларда ғана ӘК бортына компонентті орнатуға жол беріледі.
389. ӘК бортына компонентті орнатқанға дейін жеке тұлға немесе бекітілген ұйым орын алуы мүмкін ұшу жарамдылығы бойынша әр түрлі модификацияларды және/немесе дерективтерді ескере отырып, нақты компонентті орнату заңдылығын ТҚК бойынша тексеруі тиіс.
390. ӘК бортына немесе ӘК компонентіне стандартты бұйымдарды орнатуға, нақты стандартты бұйымды қолдануға арналған ТҚК бойынша құжаттамада тікелей нұсқалған жағдайда ғана жол беріледі. Стандартты бұйымдар олардың нақты қолданылатын стандартқа сәйкестігін растайтын құжаттар болған кезде ғана орнатылады.
391. ӘК немесе компонентіне ТҚК кезінде шикізатты немесе шығыс материалдарын пайдалануға берілген ТҚК бойынша тиісті құжаттамада материалдардың осы маркасына ӘК немесе оның компонентін әзірлеуші тікелеу нұсқау берген немесе егер оларды пайдалану АТ-ге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымға қойылатын сертификациялық талаптармен регламенттелген болса ғана жол беріледі. Мұндай материалдарды олар қойылған талаптарға сәйкес болған жағдайда және ол хаттамалық расталған кезде ғана пайдалануға болады. Барлық материалдарда материалдың нақты маркасына ресімделген және талаптарға сәйкестігі туралы куәлігі бар ілеспе құжат, сондай-ақ материал әзірлеушіні де және жеткізушіні қоса алғанда, шығарылған жері болуы тиіс.
392. Компоненттерге техникалық қызмет көрсету осы Ереженің талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
393. Егер осы компоненттер ӘК бортында орналасқан болса ғана жіберілетін персоналдың компонентерге ТҚК орындауына рұқсат етіледі. ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулық мұндай қайта монтаждауға тікелей рұқсат берсе ӘК ТҚК кезінде ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мұндай компоненттерді уақытша қайта монтаждауға жол беріледі.
394. ӘК бортында орнатылған шектеулі (қызмет ету мерзімімен) ресурсты компоненттер ТҚК бағдарламасында және ұшуға жарамдылығы жөніндегі директиваларда белгіленген бекітілген ресурстар бойынша (қызмет ету мерзімімен) шектеулердің шеңберінен шықпауы тиіс.
395. Мынадай жай-күйлердің кез келгенінде:
1) ТҚК бекітілген Бағдарламасында белгіленген ресурстар бойынша (қызмет ету мерзімімен) шектеулер асып кеткен;
2) ұшу жарамдылығы бойынша қолданылатын директиваларға және уәкілетті орган нұсқаған ұшу жарамдылықта ұстап тұру саласындағы басқа да талаптарға сәйкес келмеген;
3) ұшу жарамдылығы мәртебесін немесе ӘК бортына қондырғының заңдылығын айқындау үшін қажетті ақпарат болмаған;
4) істен шығуы немесе бұзылуы анықталған;
5) компоненттің жұмысқа жарамдылығына әсер етуі мүмкін ӘК инцидент немесе авиациялық оқиға болған компонент жұмысқа жарамсыз болып саналады.
396. Жұмысқа жарамсыз компоненттер бірдейлендірілуі (таңбалануы) және осы компоненттерді одан әрі пайдалану бойынша шешім қабылдағанға дейін осы Қағидаға сәйкес бекітілген ұйымның бақылауымен жеке қауіпсіз үй-жайда сақталуы тиіс.
397. Өздеріне белгіленген ресурстарды немесе қызмет ету мерзімдерін атқарған немесе жөнделмейтіндей істен шыққан, бұзылған компоненттер қалпына келмейтін компонент ретінде сыныпталады және оларды, осы Қағиданың 17-тарауының §3 ережелеріне сәйкес компонент ресурсы (қызмет ету мерзімі) ұзартылған немесе оны жөндеуге құжаттама әзірленіп, бекітілген жағдайларды қоспағанда, компоненттердің айналымы жүйесіне қайтаруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе
кемелерін техникалық пайдалану
және оларды жөндеу қағидасына
1-қосымша
1-кесте
Басқару жүйелерінің тартымдарындағы сақина жолақтарының белгіленулері мен түстері
1-кестенің жалғасы
Басқару жүйесінің тартымы
|
Сақина жолақтары
|
Белгіленуі
|
Түсі
|
Биіктік рульдерімен
|
|
Қара
|
Жапқыштардың құйрық буынымен
|
Ашық қоңыр
|
Биіктік серворульдерімен
|
|
Қара
|
Рульдер мен элерондарды тежеумен
|
Ашық қоңыр
|
Жапқыштармен
|
|
Қара
|
Жапқыштардың ауытқитын ұштарымен
|
|
Қара
|
Жапқыш қалқаншасымен
|
Ашық қоңыр
|
Интерцепторлармен
|
|
Қара
|
Су рулімен
|
Ашық қоңыр
|
Руль винтінің қадамымен
|
|
Ашық қоңыр
|
1-кестенің жалғасы
Басқару жүйесінің тартымы
|
Сақина жолақтары
|
Белгіленуі
|
Түсі
|
Қиғаштау автоматын басқару
|
Көлденең бағыттағы бұрандалардың циклдік қадамымен
|
|
Қою жасыл
|
Тік бағыттағы бұрандалардың циклдік қадамымен
|
|
Сол жақ (алдыңғы) бұранда
|
|
Оң жақ (артқы) бұранда
|
|
Бұрандалардың ортақ қадамымен:
|
|
Сол жақ
(алдыңғы)
|
|
Оң жақ
(артқы)
|
|
1-кестенің жалғасы
Басқару жүйесінің тартымы
|
Сақина жолақтары
|
Белгіленуі
|
Түсі
|
Қозғалтқыштарды басқару
|
Бір қозғалтқыш кезінде, бірінші қозғалтқыштың жұмыс режимімен
|
|
Көк
|
Бір қозғалтқыш кезінде, бірінші қозғалтқыштың стоп-кранымен
|
Қызыл
|
Екінші қозғалтқыштың жұмыс режимімен
|
|
Көк
|
Екінші қозғалтқыштың стоп-кранымен
|
Қызыл
|
Үшінші қозғалтқыштың жұмыс режимімен
|
|
Көк
|
Үшінші қозғалтқыштың стоп-кранымен
|
Көк
|
Төртінші қозғалтқыштың жұмыс режимімен
|
|
Көк
|
Төртінші қозғалтқыштың стоп-кранымен
|
Қызыл
|
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |