115. Арнайы текшелік сынақ
747. Қозғалтқыш және оның бөлшектері мынадай арнайы сынақтардан:
1) қозғалтқыш корпусының беріктіктігін, қаттылығын, тасымал қабілеттілігін және циклдік ұзақ тұрақтылығын тексеру бойынша;
2) қозғалтқыштың тербеліс сипатын айқындау бойынша;
3) қозғалтқыштың пайдалану кезінде турбина алдында газ температурасы мен роторлардың («қауырт сынақтар») айналу жиілігінің ең жоғары мүмкін мәндеріндегі жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша;
4) қозғалтқыштың газдинамикалық тұрақтылық қорының жеткіліктілігін тексеру бойынша;
5) компрессор мен турбинаның қалақтарының бүліну зардаптарын айқындау және желдеткіш қалақтарының беріктігін тексеру бойынша;
6) мұз қатуға қарсы жүйенің тиімділігін тексеру бойынша;
7) қозғалтқыштың жер жағдайында шеңберлі ауаның әртүрлі температурасы кезінде қосу ерекшеліктерін тексеру бойынша;
8) қозғалтқыштың ауажинағышқа бөгде заттардың (құстың, судың, мұз мен бұршақ кесектерінің) түсуі кезіндегі жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша;
9) қозғалтқыш роторларының беріктігін тексеру бойынша;
10) роторларды турбина алдындағы газдың жоғары температурасы кезінде тексеру бойынша;
11) турбо винттік қозғалтқышының еркін турбинамен жоғары айналу сәті кезіндегі жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша;
12) қозғалтқыштың жылу жүйесін және автоматты реттеу жүйесін тексеру бойынша;
13) ротор айналымының аса жоғары жиілігі артқан кездегі қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша;
14) қозғалтқыштың авторотация режимінің пайымдасымен істелген жұмысты тексеру бойынша;
15) редукторлардың беріктігін тексеру бойынша;
16) қозғалтқыш валдарының беріктігін тексеру бойынша;
17) қозғалтқыштың ауа ағысымен үрлеген кездегі жұмысын тексеру бойынша;
18) қозғалтқышты термобарокамераға жоғарыдан іске қосуды тексеру бойынша;
19) қозғалтқыштың помпаж кезінде қорғау құралдарын тексеру бойынша;
20) турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесін тексеру бойынша;
21) қозғалтқыш конструкциясының негізгі элементтерін термометрлеу бойынша;
22) қозғалтқыштың гидравликалық және пневматикалық коммуникациялар элементтерінің герметикалығы мен беріктігін тексеру бойынша;
23) қозғалтқыштың жану камерасының жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша;
24) қозғалтқыштың (редуктордың) май жүйесінің сипаттамасын айқындау бойынша;
25) қозғалтқыштың биіктік-жылдамдық сипаттарын айқындау бойынша;
26) қозғалтқыштың подшипниктік тіректерін тексеру бойынша;
27) қозғалтқыштың контролжарамдылық деңгейін тексеру бойынша қанағаттанарлықпен өтуге тиіс.
Барлық сынақтар әрбір нақты қозғалтқыш үшін әзірленген бағдарламалар бойынша өткізілуге тиіс және 150-сағаттық сынаққа ұсынылған қозғалтқышта да, қозғалтқыштың басқа данасында да орындалуы мүмкін.
748. Қозғалтқыш корпустарының беріктігін, қаттылығын, тасымал қабілеттілігін және циклдік ұзақ тұрақтылығын тексеру.
Қозғалтқыш корпустарын пайдалану жүктемелері кезінде олардың элементтерінің беріктігін, қаттылығын, тасымал қабілеттілігін және циклдік ұзақ тұрақтылығын тексеру мақсатында статикалық сынақтар өткізілуге тиіс.
Қозғалтқыш корпустарының статикалық сынақтары:
1) есептелген жағдайда пайдалану жүктемелерінің әсер ету кезінде;
2) қирағанға дейін немесе пайдалану жүктемелерінің әсер ету кезінде беріктік қорының тиісті коэффициенттеріне көбейтілген жағдайда өткізіледі.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың (тартым, осьтік күш, газ ағысының әсерінен болатын айналдыру сәті, бөлшектердің температуралық кеңеюінен болатын күш) өз жұмысының нәтижесінде де, ӘК (екпінді жүктеме, гироскопиялық сәттер) эволюциялаудың салдарынан да қозғалтқыштың корпусына қолданылатын пайдалану жүктемелері ескерілуге және ұдайы өндірілуге тиіс.
Қажет болған жағдайда жоғары температура жағдайында пайдалануда жұмыс істейтін барынша жауапты жекелеген түзілімдерді қыздыру жүргізіледі.
Жүктемелерді салу тәсілдері мен орнын, олардың әсер ету уақытын, беріктік қоры коэффициенттерінің шамасын және деформациялар мен орын ауыстыруларды өлшеу схемасын қамтитын сынақтар әдістемесі қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес жасалуға тиіс.
Компрессордағы ауаның толық қысымын (п*е > 20) көтерудің жоғары дәрежесі бар, пайдалану кезінде үлкен статикалық қысымдардың әсеріне ұшыраған қозғалтқыштың корпустық түзілім ең жоғары жұмыс қысымын арттыратын қысым арқылы беріктікті, қаттылықты және тасымал қабілеттілігін тексеру үшін сыналуға тиіс.
Түзілімдердің, сынақтарға ұшыраған сынақтар әдістемесінің, беріктік қоры коэффициенттері шамасының, сондай-ақ нақты қолданыстағы жүктемелерді бөлудің пайымдау тәсілдерінің тізбесі қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес таңдап алынуға тиіс.
Ауаның, газдың қысымымен немесе сұйықтықпен жүктемеленген және циклдік сипаттағы жүктемеге тап болған қозғалтқыштың корпустық элементтері баламалы-циклдік сынақтан өтуге тиіс. Сонымен бірге қозғалтқыштың корпустық элементтерінің жүктемелер циклі пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы кернеулер мен қыздыруды ескеріп таңдап алынуға тиіс. Жүктемелердің барынша қолайсыз үйлесетін кернеулер мен қыздырумен, пайдалану жағдайларындағы ресурс үшін мүмкін болатын цикльдер саны сынақтар бағдарламасымен анықталады.
Ескертпе: шамасы температураға байланысты элементтер материалының механикалық қасиеттерін өзгертуді ескере отырып, анықталатын төмен температура кезінде баламалы-циклдік сынақ өткізуге рұқсат беріледі.
Егер компустық элемент қысым жүктемелерінен басқа, қосымша статикалық немесе ауыспалы жүктемелерге тап болса, онда осы жүктемелерге талдау жүргізілуге тиіс.
Егер олардың әсері бағалық есептеу жолымен аз болса, онда олардың әрекеттерін пайымдауға жол беріледі. Егер жүктеме едәуір немесе жеткілікті түрде қысымды көбейтумен өтелмейтін болса, онда сынақ осы жүктемелерді жаңғыртып өткізілуге тиіс.
Сынақтар компрессордың бағыттаушы аппараттарының барлық сатыларымен және жалған ротормен (роторлармен) жинақтаудағы турбинаның шүмектік аппараттарымен жабдықталған тұтастай қозғалтқышта да, қозғалтқыштың жекелеген корпусында да өткізілуі мүмкін. Қозғалтқышты немесе жекелеген корпусты сынақ текшесіне бекіту ӘК сияқты жүзеге асырылуға тиіс.
749. Қозғалтқыштың тербелістік сипаттарын айқындау.
Қозғалтқыштың, оның түзілімдері мен бөлшектерінің тербеліс күйін зерттеу жұмыс режимдерінің барлық диапазонында тербелістің беріктік жағдайлары бойынша қауіптілердің жоқ екенін көрсетуге тиіс.
Тербелістік күйі айқындауға жататын қозғалтқыштың түзілімдері мен бөлшектерінің тізбесі, сондай-ақ зерттеулер көлемі бағдарламамен белгіленеді.
Көп валды қозғалтқыштар үшін ішкі каскадтардың тербеліс сипаттарын анықтау бойынша сынақтардың бір бөлігі бір каскадты газ генераторының жүйесінде, кейіннен толық сәйкес орналастырылған қозғалтқыш жүйесінде барынша үлкен тербеліс кернеулерімен жекелеген сатыларды іріктеп тексеру арқылы орындалуы мүмкін. ТВҚ үшін әуе бұрамының қозғалтқыштың тербелістік сипаттарына әсерін анықтау бойынша сынақтар өткізу қажет.
Тербеліс сипаттамаларын тербелісграфикалық, тензометрикалық әдістермен, сондай-ақ басқа да қолайлы әдістермен анықтаған жөн.
Зерттеулер аз газдан бастап ең жоғарғы айналу жиілігіне дейінгі айналу жиілігінің барлық диапазонында жүргізілуге тиіс. Ең жоғарғы айналу жиілігіне жақын жаңғырту режимдері табылған жағдайда зерттеу сынақтар бағдарламасында көрсетілген ең жоғары шамаға артатын айналым жиілігіне дейін жүргізілуге тиіс.
Компрессор мен турбинаның жұмыс қалақтарындағы тербеліс кернеулерін тербелістердің барлық түрлері кезінде анықтаған жөн. Егер компрессордың жұмыс қалақтарының қозғалтқыштың пайдаланылатын жұмыс режимдерінің барлық диапазонындағы автотербелістерге төзімділігінің айқын дәлелі болмаса, онда осындай дәлелдерді алу үшін тензометрикалық жұмысшы қалақтарымен қозғалтқыштың тиісті сынағы өткізілуге тиіс.
Міндетті тензометриялауға:
1) компрессор мен турбинаның барлық сатыларының жұмысшы қалақтары;
2) компрессордың барлық сатыларының аппараттарын бағыттаушы қалақтар;
3) турбиналар мен компрессордың дискілері;
4) қозғалтқыштың отын, май және басқа труба құбырлары;
5) роторлардың валдары мен әуе бұрамдары жатады.
Ескертпе: егер арнайы сынақтармен, жетілдіру тәжірибесімен, есептіліктермен, түпнұсқаларды тензометриялау арқылы және т.б. беріктік, тербеліс кернеулері қалақтарының деңгейі, дискілер, труба құбырлары, валдар мен роторлар шарттар бойынша ұйғарынды көрсетілсе, тензометриялаудың көлемі кемуі мүмкін.
Тензометриялау арқылы тербеліс кернеулерінің деңгейіне ететін әсері:
1) компрессордың жұмысшы қалақтарында:
пайдалану кезінде барынша үлкен, күтілетін, қозғалтқышқа кіре берістегі (алғашқы екі саты үшін) ауаның толық қысымдары өрістерінің біркелкісіздігі;
ұшудың (бағдарламамен орнатылған сатылар үшін) биіктік-жылдамдық жағдайлары;
механикаландыру құралдарының әсері (реттеліп отырған бағыттаушы аппараттар, ауаны қайта іске қосу) және қозғалтқыш пен ӘК мұқтажы үшін ауаны іріктеп алу;
2) турбиналардағы жұмысшы қалақтарында:
турбина алдындағы шеңберлі газ температурасының біркелкісіздігі және оның компрессордан ауаны іріктеп алу кезіндегі өзгерістері;
кері қимылдайтын құрылғының әсері (соңғы саты үшін);
ұшудың (төмендеу сатысы газдың толық қысымының пайдалану жағдайларында 10% -тен Н = 0, М = 0 жағдайда газдың толық қысымының төмендеу сатысынан асатын сатылар үшін) биіктік-жылдамдық шарттары анықталуға тиіс.
1-ескертпе: турбина алдындағы шеңберлі газдың біркелкісіздігі турбина үшін шеңберлі газдың біркелкісіздігі бойынша бағалануы мүмкін.
2-ескертпе: турбина сатыларының биіктік-жылдамдық жағдайларындағы жұмыстарын пайымдау тәсілдері мен турбина алдындағы шеңберлі газдың біркелкісіздігін бағалау тәсілдері сынақтар бағдарламасында көрсетілуге тиіс.
Егер талдау нәтижесінде бірнеше факторлардың қалақтардағы тербеліс кернеуіне бір мезгілде әсер ету мүмкіндігі анықталған болса, онда осы факторлардың үйлесу әсерін анықтау үшін тензометриялау өткізілуге тиіс.
750. Егер қозғалтқыштың тербеліс сипаттамаларын айқындаудың нәтижесінде жұмысшы диапазонында айналым жиілігі көтеріңкі деңгейдегі тербеліс табылған болса, онда жеткілікті тербелістің беріктігі:
1) сынақтардың қосымша көлемімен;
2) жаңғырту сынақтарымен;
3) қолайлы әдістермен алынған басқа деректермен расталуға тиіс.
751. Компрессор мен турбинаның құрсауланған қалақтарында қалақтардағы тербеліс кернеуі деңгей беріктігінің талаптары ұзақ істелген жұмыстың барысында сөрелер бойынша ішінара тартудың ысырабына байланысты жол берілмейтінге дейін өспесе, егер ресурс шегіндегі тартымның сақталуы туралы деректер берілмесе, тензометриялаумен расталуға тиіс.
752. Қозғалтқыштың пайдалану кезінде турбина алдындағы газ температурасы мен роторлардың («қаурыт сынақтар») айналу жиілігінің ең жоғары мүмкін мәндеріндегі жұмыс қабілеттілігін тексеру.
753. «Қаурыт сынақтарды», егер пайдаланудың күтілетін жағдайларында газ температурасының ең жоғары мәні 200С-тан көп және қозғалтқыштың айналу жиілігі 2,5с-1-дан артық болса (немесе ұшу режиміндегі айналу жиіліктен 1,5% - анаған қарағанда көп) 6.5.3. сәйкес өткізілетін 150-сағаттық текшелік сынақтар барысында алынған олардың ұшу режимдегі мәнінен асып түсуі мүмкін.
Ескертпе: «Қаурыт сынақтарды» өткізу кезінде қозғалтқыштың сыртқы байламасының оның агрегаттарын тұтастыру 150-сағаттық текшелік сынақтарға арналған қозғалтқыштан айырмашылығы болуы мүмкін.
754. «Қаурыт сынақтардың» ұзақтығы кем дегенде 75 сағ, ал пайдаланудағы ең жоғары мүмкін болатын газ температурасы мен айналу жиілігі кезіндегі жиынтықты істелген іс осы қозғалтқыштың 150-сағаттық текшелік сынақтар үшін белгіленген ұшу режиміндегі жиынтықты істелген іске тең болуға тиіс.
755. Пайдаланудағы газ температурасы мен ротордың айналу жиілігінің ең жоғары мүмкін болатын мәндерін қозғалтқыштың сыртқы ауаның температурасын, отын шығыстарына берілген рұқсаттарды, ӘК мұқтаждарына талап етілетін ауаны іріктеп алуды, әуеайлақтардың орналасу биіктігін, күтілетін пайдалану жағдайларындағы қозғалтқышқа кіре-берістегі ауа ағысының мүмкін болатын біркелкісіздігін және т.б. ескеріп қозғалтқыштың есептелген жоғары жылдамдық сипаттамалары бойынша анықтаған жөн.
756. Қозғалтқыштың талап етілетін өлшемдеріне жету құралдары сынақтар бағдарламасында көрсетілуге тиіс. Газ температурасының аса жоғары және турбина сатыларындағы газдың толық қысымын төмендету дәрежесі жағдайларында барынша қолайсыз бөлуді жаңғырту үшін технологиялық шүмек, кірер қиылыстағы алаңды өзгертетін шүмектік аппараттар мен басқа құралдар, сондай-ақ кіре берістегі ауаны қыздыру, ӘК мұқтаждары үшін пайдаланылған ауаның бір бөлігін шығару кіре-берістегі ауаны кедергілеу, гидротежегішті қозғалтқышты сынау (ТВҚ немесе еркін турбиналы қозғалтқыш үшін) немесе әуе бұрамы бар (ТВҚ үшін) және т.б. сияқты тәсілдер қолданылуы мүмкін. Турбинаның сол бір сатылары үшін міндетті толық қысымының пайдалану жағдайларында Н=0, М=0 жағдайда 10%-тен асатын заттай дәрежесін жаңғырту.
757. Сынақтардың нәтижелері қанағаттанарлық деп танылады, егер:
1) қозғалтқыштың «қауырт» бөлігінің (жану камерасы, турбиналар, реактивті шүмек және басқалар) осы элементтердің жүйелерімен және агрегаттарымен сынақтар бағдарламасы белгілеген уақыт ішінде жұмыс қабілеттілігі расталған болса;
2) турбина алдындағы газ температурасы мен айналу жиілігінің ең жоғары мәндерін сынаған кезде алынған есептілік шамаларға сәйкестігі белгіленген болса.
758. Қозғалтқышты газдинамикалық шыдамдылық қорының жеткіліктігіне тексеру белгіленген режимдердегі және ауыспалы процестер кезіндегі сынақтар (қолайлылық, газдың қалдығы, қарсы қолайлылық және т.б.) қозғалтқыштың компрессорында (компрессорларында) пайдаланудың күтілетін жағдайларында помпаждың пайда болмайтыны көрсетілуі тиіс және газдинамикалық шыдамдылықтың жеткілікті қорын қамтамасыз етеді.
Компрессордың газдинамикалық шыдамдылықтың жеткілікті қорларын тексеру қозғалтқыштың текшелік сынақтары кезінде және қажет болған жағдайда, биік-жылдамдық жағдайларында пайымдаумен тексерген жөн. Тексеру компрессорға кіре берісте ағыстың біртекті еместігін, пайдаланудың күтілетін жағдайларына барынша қолайсыз қасиетпен, қозғалтқышты реттегіш элементтеріне (мысалы, реактивтік шүмек алаңы, бұрылма аппараттарын орнату бұрышы, отын реттеуші аппаратурасы) бір мезгілде әсер ету арқылы жасау жолымен жүзеге асырылуы тиіс.
Қажет болған жағдайда қозғалтқыш табиғи әуежинағышымен және ӘК жапсарлас элементтерімен жиынтықта орналастырылған текшелік сынақтар болуы тиіс.
Турбинаның шүмекті аппараттарының өтпе қиылыстары мен осы сынақтарға арналған қозғалтқыштың автоматикасын жөнге келтіру сериялық қозғалтқыштар үшін ұйғарылған газдинамикалық шыдамдылық қорының ең аз шамасын қамтамасыз ететіндей таңдап алынуы тиіс. Компрессор мен қозғалтқышты осы сынақтарда реттеу заңын берілген бағдарламаға сәйкес ұстаған жөн.
Сынақтардың нәтижелері қанағаттанарлық деп танылады, егер:
1) пайдаланудың күтілетін шарттарында көзделген барлық процестерді іске асыру кезінде және кіріс қарсылықтарының деңгейін реттейтін режимдер диапазонында сәйкес келетін қозғалтқыштың тұрақты жұмысы қамтамасыз етілсе;
2) газдинамикалық беріктігін бұзушылықтарын реттегеннен кейін қозғалтқыштың жұмысқа қабілеттілігі расталды.
759. Компрессор мен турбина қалақтарының бүліну салдарын айқындау және желдеткіш қалақтарының беріктігін тексеру.
Сынақ компрессордың немесе турбинаның үзілген қалақтары қозғалтқыш корпустарымен ұсталып тұратындығын, ал оның үзілуін тудыратын қайталама тиімділігі қауіпті салдармен істен шығуға алып келмейтіндігін көрсетуі тиіс. Бұл мынадай тәсілдердің бірімен:
1) үзілген қалақтың корпустарды бүлдірмегендігін және қалақтардың бұзылуынан пайда болған қайталама көріністерінің қауіпті салдарының жоқтығын тексеру бойынша қозғалтқыштың арнайы сынақтарымен;
2) осы қозғалтқыштың текшелік жетілуі мен ұшу сынақтары кезінде конструкцияны, әзірлеу әдісі, шеңберлі жылдамдығы мен тоқтатуға талап етілетін уақыт аралығы, сондай-ақ басқа сипаттамалар бойынша қаралып отырған қозғалтқыштың тиісті бөлшектерімен салыстырылған басқа қозғалтқыштарды, жұмыс қалақтарын, корпустар мен роторлардың текшелік жетілуі, ұшу сынақтары және сынау кезінде алынған қалақтардың үзілуінің салдары туралы ақпараттың негізінде көрсетілуі тиіс.
Сынақтар:
1) компрессордың немесе турбинаның қалақтарының үзілу мүмкіндігінде де, қозғалтқыш қалақтарының үзілу салдарынан туындаған қолайсыз күшпен зақымдану мүмкіндігінде де аса дағдарысты сатысын;
2) қалақ үзілгеннен кейін қозғалтқышты ажыратып тастау үшін талап етілетін пайдаланудағы ең жоғары мүмкін уақытты айқындау мақсатында талдау алдыңғы қатарда болуы тиіс.
Сынақтар қозғалтқыш толық жиналған жағдайда өткізілуі тиіс. Оған қатысы бар статор бөлшектері бар жекелеген сатының немесе қозғалтқыштың жекелеген бөлігінің сынақтарын мынадай жағдайда:
1) қозғалтқыш жүйесіндегі жұмыс жағдайларының имитациясы (қысым, ауаның немесе газдың температурасы);
2) басқа қалақтар үзілген жағдайдағы қауіпті салдарлардың болмауының дәлелдемесін;
3) қозғалтқышқа қолайсыз күштердің оның толық тұтасуына әсері бойынша нәтижелердің алдын алу мүмкіндігі кезінде өткізуге рұқсат етіледі.
Кейбір жағдайларда температура немесе қысым бойынша талап етілетін шарттарды орындаудың мүмкін еместігі сатының айналу жиілігін тиісінше ұлғайтумен өтеуге рұқсат етіледі.
Сынақтар кезінде компрессордың немесе турбинаның жұмыс дөңгелектерінен айналу жиілігінде пайдалануда ең жоғары мүмкіндік кезінде түбірінен қиылған бір қалақ бөлінуі тиіс.
Қозғалтқыш қалақтар үзілгеннен кейін қозғалтқыштарды басқару рычагтарын талдаумен белгіленген уақыт кезеңі ішінде өзгермеген жағдайда, бірақ кемінде 15 сек немесе өздігінен ажыратылғанға дейін жұмыс істеуі тиіс.
Сынақтардан кейін тартымның (қуаттың) толық жоғалуына рұқсат етіледі. Сынақтардың нәтижелері қалақ үзілген кезде қауіпті салдарлармен істен шыққандарының болмауы туралы куәландыруы тиіс. Желдеткіш қалақтарының беріктігін тексеру үшін мыналарды көрсету мақсатында сынақтар өткізілуі тиіс, олар:
1) ең жоғары айналу жиілігіне қатысты айналу жиілігі бойынша беріктігі жағдайында қолайлы қорлары бар қалақтардың бейінді бөлігін және құлыптамалы қосылуын;
2) жұмыс қалақтарын сөрелік құрсаулау қалақтардың байланыс беттерінің тозу процесін, қалақ тәжінің бөгде заттармен зақымдануын, сондай-ақ қозғалтқыштың зақымдануының салдарынан туындаған көтеріңкі тетіктік және жылу жүктемесін, құрсаудың түйіспесінің ажырап кетуіне немесе ондағы тартқыштың жоғалуына алып келмейтінін, нәтижесінде қалақтарда өсу беріктігінің жағдайлары бойынша қауіпті тербеліс кернеулерінің болу мүмкіндігін көрсету.
Қозғалтқышты:
1) текшелік ұзақ және эквивалентті-циклдық сынақтардың;
2) арнайы сынақтардың;
3) конструкция жұмысының шарттары және қауырсын мен құрсаудың көлемдері бойынша сөренің және т.б. байланыс беттері бойынша материалға, жасау тәсіліне, шарттардың мәндеріне салыстырғанда құрсауланған қалақтары бар басқа қозғалтқыштарды пайдаланудың;
4) қолайлы әдістермен алынған басқа деректердің нәтижелерін талдау негізінде белгілеу керек.
760. Қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйенің тиімділігін тексеру бойынша арнайы текшелік сынау, -400С температуралы нүктені қоспағанда, атмосфералық ауаның температурасы және мұз қатудың жасанды жағдайлары кезінде жүргізілуі тиіс.
Сынақтар текшелік ауажинағышпен жабдықталған және 150-сағаттық текшелік сынаққа ұсынылып отырған қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйенің конструкциясы бар қозғалтқышта жүргізілуі тиіс.
Қозғалтқыштағы мұз қатуға қарсы жүйенің жұмысының тиімділігі оның жұмысының мынадай режимдерінде:
1) жердегі аз газбен;
2) ұшудағы аз газбен;
3) қозғалтқыштағы мұз қатуға қарсы жүйенің тиімділігін тексеру бойынша текшелік сынақ бағдарламасында көрсетілген аралық белгілермен;
4) шарықтаумен тексерілуі тиіс.
Мұз қатуға қарсы жүйені текшелік сынауды 00С- минус 300С температуралардың диапазонын қамтумен өткізген жөн. Бұл ретте эксперименталдық нүкте қоршаған ауаның (в0С) нақты температураларының мынадай аралықтарында: 00 - минус 50; минус 70 - минус 150; минус 150 - минус 250; минус 250 - минус 300 алынуы мүмкін.
Мұз қатуға қарсы жүйенің берілген талаптарға сәйкестігі сынақтар барысында алынған ең аз температураның шамасына дейін расталады. Ауаның әрбір нақты температурасы үшін сулылықты 6-кестенің деректері бойынша тұрғызылған қисық сулылық бойынша орнату керек.
Қозғалтқыштың жұмыс істеп тұрған мұз қатуға қарсы жүйесін жер жағдайында режимдердің әрқайсысына сынаудың ұзақтығы:
1) Осы Нормалардың 458-тармағында көрсетілген температураға, сулылыққа және тамшы диаметріне сәйкес келетін мұз қату жағдайларында 30 мин;
2) Осы Нормалардың 459-тармағында көрсетілген температураға, сулылыққа және тамшы диаметріне сәйкес келетін мұз қату жағдайларында 5 мин тұруы тиіс.
Сынақтардың уақыты осы режим үшін Техникалық пайдалану басшылығында көрсетілген үздіксіз жұмыс уақытынан аспауы тиіс.
Ескертпе: орындаудың тәртібі мен бірізділігі сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс. Бірнеше сынақтар өткізуге рұқсат етіледі, олардың әрқайсысы температуралар үшін белгіленген тұрақты сулылық кезінде өткізіледі.
Минус 100С-тан 00С-қа дейінгі температуралар диапазонында және өткізілген сулылық шамасы кезінде жердегі және ұшудағы аз газ режимдеріндегі тексерулер аяқталғаннан кейін шарықтау режиміне дейін қолайлылықты тексеру жүргізілуі тиіс. Қолайлылықты тексеру саны сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс.
Қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесі мен ауажинағыштың мұз қатуға қарсы жүйесін қосуды кешіктірген кезде қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру ұшудағы аз газ режимінде және басқа да бағдарламада көзделген мұз қату жағдайларындағы аралық режимдерде белгіленген текшелік сынақтар кезінде жүргізілуі тиіс.
Мұз қатудың штаттағы белгі берушілері жұмыс істей бастаған сәтпен салыстырғанда көрсетілген мұз қатуға қарсы жүйені қосуды кешіктіру бір минутты құрауы тиіс.
Қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйенінің тиімділігін тексеру қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйенің мұқтажына бір мезгілдегі ауажинағыш мұз қатуға қарсы жүйесі жұмысы үшін талап етілетін ауа шығысының имитациясы арқылы ауаны іріктеп алуды қамтамасыз ететін құрылғымен өткізілуі тиіс.
Қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйенің тиімділігін бағалау бойынша сынақтар кезінде пайдаланылуы қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйесін қосу кезінде шешілетін ауаны (газды) таңдап алу бойынша барлық құрылғылар қозғалтқыштың жұмысы үшін барынша қолайсыз жағдайда болуы тиіс. Ауаны (газды) таңдап алу бойынша құрылғылардың басқаша болуы мүмкін жағдайының қозғалтқыштың жұмысында ақаулардың пайда болмайтындығына алып келмейтіндігі расталуы тиіс.
761. Қоршаған ауаның әртүрлі температуралары кезінде жердегі жағдайларда қозғалтқышты іске қосу қасиеттерін тексеру кезінде іске қосу жүйесінің электр бөлігі, ӘК мұқтажына қызмет көрсетуге арналған агрегаттардың саны мен үлгісі, сондай-ақ сынақтар кезінде іске қосу құрылғысының қорек көздері қозғалтқышқа арналған техникалық құжаттамада көрсетілгендерге сәйкес келуі тиіс. Қажет болған жағдайда қоректену көздерінің имитациясына жол беріледі.
Қозғалтқышты іске қосу қасиеттерін және іске қосу сенімділігін тексеру бойынша арнайы сынақтар шарттардың диапазонында және отын мен майдың тиісті температуралары кезінде өткізілуі тиіс. Осы сынақтар табиғи жағдайларда немесе термокамерада өткізілуі мүмкін.
Сынақтардың шарттарында көзделген іске қосулардың жалпы санының қозғалтқыштың кіре берісіндегі майдың ең аз мәлімделген температурасы кезінде кейінгі (әрбір жалған іске қосудан кейін) қалыпты іске қосумен (отынды дренаждауға белгіленген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін) кем дегенде екі қалыпты іске қосулар мен екі жалған іске қосулар орындалуы тиіс.
1-ескертпе: электр стартері қолданылған жағдайда қалыпты іске қосу ең аз мәлімделген кернеу кезінде, жалған іске қосу - электр тогының ең жоғары мәлімделген кернеуі кезінде орындалуы тиіс.
2-ескертпе: әуе стартері қолданылған жағдайда қалыпты іске қосу ең аз мәлімделген ауа қысымы кезінде, жалған іске қосу - іске қосу құрылғысының кіре берісіндегі ең жоғары мәлімделген ауа қысымы кезінде орындалуы тиіс.
Іске қосу жөніндегі сынақтармен көрсетілген шарттарда:
1) қозғалтқышты іске қосу жүйесі жұмысының қоректенудің борттық көздерінен де және әуеайлақтық көздерден де (іске қосылған қозғалтқыштан, қосымша газ турбиналық қозғалтқышы, жердегі іске қосу қондырғысынан) алынған жеткілікті сенімділігі;
2) іске қосуды қамтамасыз етуге арналған отын аппаратурасын бірыңғай реттеудің жеткіліктілігі көрсетілуі тиіс.
Ескертпе: қозғалтқышты бірыңғай реттеумен іске қосуды тексеру кезінде жылу реттегіш аппаратураға техникалық жағдайлары арқылы айқындалған отын шығыстары жағдайында қозғалтқышты қалыпты іске қосу мүмкіндігі расталуы тиіс.
762. Әуежинағышқа бөгде заттардың (құстардың, судың, кесек мұз бен бұршақ кесегінің) түсуі кезіндегі қозғалтқыштың жұмыс қабілетін тексеруде:
1) әуежинағышқа бір ірі құстың түсуінің салдарынан қозғалтқыш алған ақау қауіпті зардаптары бар істен шығуды тудырмайды (тартымның немесе қуаттың толық ысырабы мұндай жағдайда қауіпті салдар ретінде қарамайды);
2) әуежинағышқа орташа көлемдегі немесе ұсақ құстардың түсу салдары рұқсат етілген болып табылады. Егер қозғалтқыш оған бөгде заттар түсуден сақтандыру үшін қорғау құрылғыларымен жабдықталса, онда осы құрылғы сынақтар кезінде жұмыс жағдайында болуы тиіс.
Сынақтардың растау жағдайы мынадай талаптарды қанағаттандыру тәсілдермен:
1) қозғалтқыштың кіре берісіндегі (кіру бағыттау аппаратының қалағына, алдыңғы подшипниктің корпусы және т.б.) ағатын бөліктің жылжымайтын бөлшегінің бұзылу салдарлары бойынша аса қауіпті ірі құс түскен жағдайда, жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін қозғалтқыш арқылы сынаумен;
Бұл сынақ, егер қозғалтқыштың ағатын бөлігі жылжымайтын бөлшегінің сынуы, ротордың бөлшегі айналып тұрған кезде ірі құстың түсуі нәтижесінде болған сынудан гөрі аса ауыр салдарға алып келмейтіні дәлелденген болса, өткізілмеуі мүмкін;
2) қозғалтқыш роторының бөлшегі айналып тұрған кезде ірі құстың түсуі жағдайындағы сынақпен расталуы тиіс.
Сынақтар жағдайындағы растау мынадай талаптарды қанағаттандыру тәсілдердің біреуімен:
1) бағдарламада белгіленген уақыт ішінде ең жоғары оң режимде құстар тасталғаннан кейін қозғалтқыштың істеген жұмысымен;
2) құс тасталғаннан кейін компрессордың алдыңғы сатыларының жұмыс қалақтарын тербеліс кернеулерін арттыру беріктігінің жағдайлары бойынша жол берілмейтін қалақтарда қозғалтқыштың болуы мүмкін ақауын көрсету мақсатында тензометриялаумен расталуы тиіс.
Егер орташа және ұсақ құстарды тастағаннан кейін тартқыштың (қуаттың) жоғалуы 25%-ды құраса немесе қауіпті салдарлары бар істен шығуға әкелуі мүмкін қозғалтқыштың ақауы табылса, онда қажетті конструктивтік құралдар әзірленуге және осы құралдардың тиімділігіне тиісті сынақтар қайталау арқылы тексеруі жүргізілуі тиіс.
Қозғалтқышқа жаңбыр суының, мұз кесегінің және бұршақтың түсуі олардың:
1) ротордың сыналануына алып келуі мүмкін (мысалы, ротор мен статордың арасындағы саңылауларды азайтқаннан) қозғалтқыш конструкциясының механикалық ақауларын;
2) қозғалтқышты өшіруге алып келуі мүмкін техникалық сипаттамалардың дереу немесе кейіннен нашарлауын;
3) техникалық жағдайлар бойынша жол берілетінмен салыстырғанда газ температурасының арттыруды;
4) техникалық жағдайлар бойынша қозғалтқыштың жол берілмейтін тартымдық сипаттамаларының нашарлауын тудырмайтынын көрсету қажет.
Қозғалтқышқа қауіпті болуы мүмкін судың, мұздың немесе бұршақтың түсуінен көрсетілген салдарлар болған жағдайда ӘК бірнеше қозғалтқыштарында бір мезгілде туындаған кезде, кейіннен олардың тиімділігін эксперименталдық растай отырып, тиісті конструктивтік құралдарды әзірлеу және қолдану қажет.
Қозғалтқыштың әуежинағышына берілген судың көлемі жаңбыр кезінде қозғалтқышқа түскен 1 м3 ауаның құрамына сәйкес келуі тиіс. Ұзақтығын және сынақтардың шарттарын атмосферада жаңбыр болған кезде ұшу жағдайларында қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін ескеріп, бағдарламада белгілейді.
Қозғалтқыштың жұмыс режимі, мұз бен бұршақ кесектерінің көлемі мен саны, оларды тастаудың кезеңділігі таңдап алынады.
Осы сынақтар үшін қозғалтқышты тұтастыру 150-сағаттық текшелік сынақтар үшін мынадай элементтер бойынша:
1) алдыңғы тіректер мен кіретін бағыттаушы аппараттың конструкциясы бойынша;
2) желдеткіш сатының қалақтары мен жоғары және төмен қысымды компрессорлар сатыларының конструкциясы бойынша;
3) газды әуе жолының берік бөлігіндегі статорлық және роторлық бөлшектердің арасындағы осьтік және радиальдық саңылаулардың шамасы бойынша оны тұтастыруға сәйкес келуі тиіс.
1-ескертпе: кез келген заттарды жұмыс істеп тұрған қозғалтқышқа тастағаннан кейін соңғысы талап етілген уақыт ішінде оның жұмысын жалғастырудың алдында қарау үшін қалдырылуы мүмкін.
2-ескертпе: қозғалтқыштың біреуінде барлық сынақтарды жүргізуге жол беріледі. Мұндай жағдайда қозғалтқышқа заттар тасталғаннан кейін қажетті ұсақ жөндеу (рихтовка, тазалау, және т.б.) жүргізілуі мүмкін.
763. Қозғалтқыш роторларының беріктігін тексеру кезінде қозғалтқышты әрбір роторы үшін олардың өлшенген температуралары бойынша энергия сыйымды элементтердің (мысалы, дискілер, барабандар, проставкалар, цапф) статикалық беріктік қорларының есептілік шамасы айқындалуы тиіс. Беріктік қорларының жеткілікті шамасы ұқсас конструкциялардың қозғалтқыштарын пайдаланудың бар тәжірибесі негізінде бағаланады.
Роторлардың статикалық беріктігін сынау мынадай жағдайларда:
1) айқындалған беріктік қорларының жеткіліксіз шамалары кезінде;
2) қағидаттық жаңа конструкциялар, материалдар мен жасау технологиялары үшін немесе есептемелік бағалаудың сенімді әдістері болмаған кезде өткізілуі тиіс.
Ескертпе: егер сынақтарға жекелеген дискілер жататын болса, онда роторға тұратын бөлшектермен жанасу және жүктемелер жағдайларын жаңғырту кезінде осы дискілерді ғана сынауға рұқсат етіледі.
Қозғалтқыш роторларының әрқайсысын олардың қайсысы ауыр екендігіне байланысты төменде көрсетілген беріктік жағдайларына қарай аса ауырында 5 мин ішінде:
1) ең жоғары мәннің 120% тең ротордың айналу жиілігі кезінде. Айналу жиілігінің ең жоғары мәні мен пайдаланылатын бөлшектердің температурасы техникалық пайдалану басшылығына сәйкес пайдалану кезінде мүмкін болатын барынша қолайсыз жағдайларға сәйкес келуі тиіс;
2) қозғалтқыштың айналу жиілігін көбейтуді тудыратын қандай да бір элементінің немесе жүйесінің істен шығуы кезінде барынша мүмкін болатын 105% тең ротордың айналу жиілігі кезінде жеке сынау қажет.
Бөлшектердің сынақтар кезіндегі температурасы мұндай жағдайда көрсетілген істен шығу кезінде мүмкін болатындардың ішінен аса қолайсыздарға сәйкес келуі тиіс. Осы тармақта көрсетілген айналу жиілігі материалдың ең аз рұқсат етілген беріктік сипаттамаларына және сыналатын бөлшектердің көлемдеріне (рұқсат ету шектерінде) жатқызылады.
Сынақтардың нәтижелері, егер роторлардың бұзылған жағдайлары байқалмаса, қанағаттанарлық деп танылады.
Сынақтардың мынадай түрлерін қабылдауға оңтайлы деп есептеген дұрыс:
1) қозғалтқыштың құрамындағы ротордың сынау. Мұндай жағдайда ротордың 115%-ке дейін айналу жиілігін төмендетуге рұқсат етіледі;
2) екпінді текшеде толық көлемдегі роторды жылылықпен және айналу жиілігімен сынау;
3) екпінді текшеде толық көлемдегі роторды айырмашылығы бар жылытпастан немесе жылыту жағдайлары кезінде сынау. Мұндай жағдайда статикалық беріктік қоры есептемелік жолмен (жағдайлардағы жылытпастан сынақтар өткізу кезінде алынған деректерді қайта санай отырып) айқындалуы тиіс.
Роторды және оның жекелеген бөлшектерін аз циклді көнеруін және беріктік ұзақтығын қозғалтқышта немесе баламалы-циклдық бағдарламалар бойынша арнайы жабдықталған екпінді текшеде тексеру.
764. Роторларды тексеру шарықтау режиміне сәйкес келетін айналу жиілігі кезіндегі және пайдаланудың күтілетін жағдайлары үшін шарықтау режиміндегі ең жоғары температураның кем дегенде 450С-қа арттыратын турбина алдындағы газ температурасы кезіндегі сынақпен жүргізілуі тиіс. Қозғалтқыш роторлары бөлшектерінің жай-күйін сынақтан өткізгеннен кейін олардың одан әрі пайдалануға жарамдылығы расталуы тиіс.
Бір ротордан көп роторлы қозғалтқыштағы әрбір ротор турбина алдындағы рұқсат етілген газ температурасынан асатын тиісті температура кезінде тексеруден өтуі тиіс. Осы сынақ, егер осы сынақтың талаптары турбинаның ыстық бөлшегіне температуралық және уақыттық аса қатты немесе тым болмаса, көрсетілген шарттарға баламалы әсері бойынша көрсетілген болса, сынақпен ауыстырылуы немесе олармен біріктірілуі мүмкін.
765. Еркін турбинамен көтеріңкі айналдыру сәті кезінде турбовинттік қозғалтқыштың жұмыс қабілетін тексеру кезінде еркін турбиналы турбовинттік қозғалтқыш не еркін турбина валына ең жоғары рұқсат етілген айналдыру сәті кезінде, не ең жоғары мәлімделген айналдыру сәтінің (қайсысының көптігіне байланысты) 3%-ға көп айналдыру сәті кезінде сынақтан өткізу қажет.
Көтеріңкі айналдыру сәті кезіндегі сынақ регламенттелген 150-сағаттық сынақтардың бөлігі ретінде немесе арнаулы текшелік сынақ ретінде өткізілуі мүмкін.
Сынақты, егер осы сынақты алмастыратын басқа эксперименттерден алынған дәлелдер ұсынылған болса, өткізбеуге болады. Мұндай дәлелдер қозғалтқышты тұтастай сынақтардан өткізудің немесе оның элементтерінің жекелеген топтарын оларға барабар сынақтар өткізудің нәтижесінен алынуы мүмкін.
Сынақ тежегіш құрылғымен немесе шарықтау режимінің айналу жиілігі кезінде тиісті әуе бұрымымен бірлесіп жүргізілуі тиіс.
Егер шарықтау режиміне сәйкес келетін айналу жиілігі кезінде көтеріңкі айналдыру сәтіне қол жеткізілмесе, онда сынақты осындай айналдыру сәтін алу мүмкіндігі жағдайында айналу жиілігі кезінде өткізген жөн.
Еркін турбинаға кірер алдындағы газдың температурасы шарықтау режиміне арналған ең жоғары температураға тең, ал қозғалтқышқа кіре берістегі майдың температурасы еркін турбинаның подшипниктері жұмысының аса ауыр жағдайларына сүйене отырып белгіленуі тиіс.
Көтеріңкі айналдыру сәті кезіндегі сынақ мыналардан:
1) қозғалтқыштың мөлшермен 0,75 шарықтау қуатына сәйкес келетін режимдегі 5 мин ішіндегі үздіксіз жұмысынан;
2) қозғалтқыштың (әрқайсысының ұзақтығы кем дегенде 3 мин үздіксіз циклдармен) режимдердің біреуіндегі, 15 мин ішіндегі жұмысынан тұруы тиіс.
Өлшемдерден басқа, сынақтар кезінде еркін турбина подшипниктерінің температурасы өлшенуі тиіс.
Сынақтардың нәтижелері, егер қозғалтқышты сынақтардан өткізгеннен кейін бөлшектердің ақауын табу олардың одан әрі пайдалану үшін жарамдылығы туралы куәландырса, қанағаттанарлық деп танылады.
766. Техникалық құжаттамада көрсетілген тазалау жұқалығы, ең жоғары және ең төмен қысымдар мен пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қозғалтқышқа кіре берістегі отын температуралары жағдайында қозғалтқыштың отын жүйесінің жұмыс қабілетін растайтын сынақтар жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ отын жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен қозғалтқыштың автоматты реттеу жүйесінің үлгі бейіні бойынша ұшудың ең жоғары ұзақтығының кем дегенде жартысына тең уақыт ішінде отын сүзгішінде сақталатыны көрсетілуі тиіс барлық сынақтар жекелеген элементтерде (агрегаттарда), жүйелерде немесе қозғалтқышта өткізілуі мүмкін.
Егер 150 сағаттық текшелік сынақтар жағдайы қозғалтқыштың автоматты реттеу жүйесінің кейбір функцияларын тексеруді, мысалы, еркін турбина роторының айналуын шектеуді, айналдыру сәтін, газдың температурасын қамтамасыз етпесе, онда автоматты реттеу жүйесі осы функцияларды қанағаттанарлықпен орындайтынын көрсететін қосымша арнайы сынақтар өткізілуі тиіс.
Отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі техникалық құжаттамада берілген қозғалтқыштың белгіленген режимдерін және қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін айқындайтын реттелетін өлшемдердің рұқсат етілмейтін бір режимнен екінші режимге аспауынсыз, ауытқуынсыз немесе түсуінсіз өтуі көрсетілуі тиіс.
Отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі агрегаттарының пайдаланудың ерекше жағдайларының имитациясы кезіндегі жұмыс қабілеттілігі тексерілуі тиіс, олар мыналарды:
1) кіре берістегі отынның болуы мүмкін ең төменгі қысымы (мысалы, айдап шығаратын сораптарды қосу имитациясы кезінде). Қозғалтқыштың жұмысы ұшу циклының имитациясымен тексерілуі тиіс;
2) қоректену көзін біреуінен екіншісіне қайта қосуды қамтиды.
Газ температурасы мен қозғалтқыштың басқа өлшемдерін шектеушілер өлшемді арттыру дабылының имитациясы кезінде тексерілуі мүмкін. Шектеушілер жұмысын тексерудің ұзақтығы техникалық құжаттамаға сәйкес ұшу циклындағы осы шектеушілердің іс-әрекетінің мүмкін ұзақтығына сәйкес келуі тиіс.
Сынақ шектеушілердің іске қосылуының тұрақтылығын растауы тиіс.
Арнайы сынақтар қозғалтқыштың отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі агрегаттарының негізгі және резервтік отындардағы жұмыс қабілеттілігін растауы тиіс. Сынақтар кезінде:
1) пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қоршаған ортаның температурасы өзгерген жағдайда, агрегаттарды қайта реттеу қажеттілігінің болмауы;
2) негізгі отыннан резервтік отынға көшу кезінде отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі агрегаттарындағы элементтерді реттеу диапазонының жеткіліктілігі расталуы тиіс.
Қозғалтқыштың отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі элементтерінде пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ресурс ішінде қозғалтқыштың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін кавитациялық эрозияның туындамауы көрсетілуі тиіс.
Сынақтар кезінде сораптарда немесе жүйелердің басқа элементтерінде мұндай эрозияның болуы мүмкін жерлерде кавитациялық эрозияның туындамауына жәрдемдесетін аса қиындық туғызатын жағдайлар жаңғыртылуы тиіс.
Дренажды құрылғылардың талаптарына сәйкес келуі құйып алынатын отынға арналған дренажды сыйымдылық көлемінің жеткіліктілігі мен автоматты босату және отынды қайтару жүйесінің жұмыс істеуінің дұрыстығын бағалаумен тексерілуі тиіс.
767. Ротордың ең жоғары айналу жиілігін көтеру кезінде қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін ротордың мәлімделген ең жоғары айналу жиілігін қысқа мерзімді арттыру пайдалануда мүмкін болған жағдайда қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін ең жоғары айналу жиілігінің 103% құрайтын айналу жиілігі кезінде арнайы сынақтар өткізілуі тиіс.
Осындай (103%) айналу жиілігі режиміндегі жиынтықты істелген жұмыс 3 минуттен үзіліссіз, газдың аз режимінде 2,5 минут ішінде циклдер арасында үзіліспен 15 минутты құрауы тиіс.
Ескертпе: қос контурлы қозғалтқыштарда жоғары қысымды ротордың сынағы, егер оның пайдалану жағдайларында ең жоғары айналу жиілігінің артуы екіталай екені көрсетілсе, өткізілмеуі мүмкін.
Сынақ турбина алдындағы газ температурасы мен қозғалтқышқа кіре берістегі ең жоғары май температурада ең жоғары рұқсат етілген пайдалану кезінде өткізілуі тиіс. Турбина алдындағы газдың қажетті температурасын алу үшін, мысалы, реактивтік шүмектің немесе еркін турбинаның шүмектік аппараттың қиылыс алаңын өзгертуге рұқсат етіледі. Егер турбина алдындағы газдың ең жоғары температура жағдайынан тыс айналудың қажетті жиілігі отын шығысы жөніндегі шектеулердің салдарынан алынса, онда сынақтар үшін қажетті айналу жиілігін қамтамасыз ететін турбина алдындағы газдың аса жоғары мүмкін температурасы кезінде өткізілуі тиіс.
Қозғалтқыштардың әртүрлі немесе ең жоғары айналу жиілігін қажетті арттыруды реттеудің әртүрлі заңдары бар үлгілері үшін мынадай тәсілдердің бірі қамтамасыз етілуі мүмкін:
1) егер қозғалтқыштың бірнеше роторы бар болса және әрбір роторда талап етілетін айналу жиілігіне бір мезгілде жету мүмкін болмаса немесе қиынға түссе, онда ең жоғары айналу жиілігі әрбір ротор үшін жеке-жеке орнатылуы тиіс;
2) барлық режимдерде ротордың айналу жиілігі тұрақты қолдау табатын қозғалтқыш үшін, сынақ айналудың осы тұрақты жиілігінің 103% құрайтын айналу жиілігі кезінде өткізілуі тиіс;
3) егер сынақ кіре берістегі ауаның төмен температурасы кезінде өткізілсе, онда ротордың (роторлардың) талап етілетін айналу жиілігі кіре берістегі ауаны дросселдеу жолымен алынуы мүмкін. Сонымен бірге ең жоғары рұқсат етілгеннен төмен шарықтау режимінде турбина алдындағы газдың температурасы жоғары деңгейдегі турбовинттік қозғалтқыш үшін ең жоғары айналу жиілігінің 103%-на тең ротордың айналу жиілігін алу турбина алдындағы газдың температурасына әуе бұрамының жүктемесін төмендетпестен арттыру арқылы жетуі мүмкін.
Ескертпе: бұл ретте газдың температурасы оны ең жоғары рұқсат етілген мәнінен аспауы тиіс;
4) еркін турбиналы қозғалтқыш үшін соңғысы шарықтауға немесе еркін турбина роторының барынша айналу жиілігі бар басқа режимге арналған айналу жиілігінің кем дегенде 103%-ын құрайтын айналу жиілігі кезінде жұмыс істеуі тиіс;
5) әрбір ротор үшін талап етілетін айналу жиілігіне көрсетілген тәсілдердің бірімен қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда сынақтар бағдарламасында көрсетілген басқа тәсілдерді қолдануға рұқсат етіледі;
6) егер суытатын сұйықтықты бүркетін қозғалтқышқа арналған шарықтау режиміндегі айналу жиілігі бүркусіз сұйықтықтың айналу жиілігінен айырмашылығы болса, онда сынақтар олардың ішінен аса жоғары арттырумен өткізілуі тиіс.
Осы сынақтардың нәтижелері, егер:
1) ротордың (роторлардың) ең жоғары айналу жиілігін арттырған кезде қауіпті зардаптары бар істен шығуға алғышарт болмаған жағдайды;
2) сынақтан өткен қозғалтқыш бөлшектерінің ақаулығы оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы куәландырған жағдайды көрсетсе, оң бағаланады.
768. Қозғалтқыштың ұшу кезінде оны көзделмеген ажыратқаннан кейін жұмыс қабілеттілігін сақтауды растау үшін пайдалануда авторотацияның ең жоғары мүмкін болатын айналу жиілігі кезінде, белгіленген уақыт кезеңі ішінде қозғалтқышқа май беруде істен шыққан кезде сынақ өткізілуі тиіс.
Авторотация режимінде сынау ӘК ажыратылған бір қозғалтқышпен болжамдалған үлгілік бағытының ұзындығының жартысын өту арқылы немесе ротордың сыналану сәтіне дейін ұшуын аяқтау үшін талап етілетін уақыт ішінде өткізілуі тиіс.
Сынақ нәтижелерін, егер ұзақ авторотациялау қауіпті зардаптармен істен шығуға алып келмесе, қанағаттанарлық деп есептеген жөн.
Ескертпе: ротордың (роторлардың) сыналануы қауіпті зардаптарға жатпайды.
769. Сынақ сынуы қауіпті салдарының әуе бұрамы редукторларының (турбо винттік қозғалтқыштар үшін), іске қосу құрылғысының, жетек агрегаттары қораптарының, істен шығуға алып келуі мүмкін элементтерінің беріктігін тексеруі тиіс. Редуктор элементтерінің беріктігін тексеру (тісті берілімдер, валдарды, шлицелік қосқыштарды, муфтарды және т.б.) әуе бұрамының ең жоғары қуаты кезінде (турбовинттік қозғалтқыш әуе бұрамының редукторы үшін), ең жоғары айналдыру сәті немесе басқа аса сын жүктемесі кезінде (өзге редукторлар үшін) өткізілуі тиіс.
Сынақтар кезінде ресурс үшін пайдалануда көрсетілген жүктемелердің қолданылу уақыты жаңғыртылуы тиіс.
Турбовинттік қозғалтқыш әуе бұрамының редукторы үшін қолдануға қолайлы ұзындығы әуе бұрамының редукторы үшін белгіленген ресурстың кем дегенде 10% сынақ болып табылады. Сынақ әуе бұрамының ең жоғары режиміндегі 5 сағат бойынша істелген жұмыс кезеңдерімен өткізілуі тиіс. Сонымен бірге әрбір кезеңде бұрамның ең жоғары қуатының кем дегенде 40% сәйкес келетін режимінде жұмыстың екі минуттық циклдарымен кезектесетін, бұрамның ең жоғары қуаты режиміндегі үзіліссіз жұмыстың 60 бес минуттық циклдарын құрауы тиіс.
Редуктордың жұмысы бес минуттық циклдан екі минуттық циклға және кері өту бір минут ішінде қалқымалы түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Турбовинттік қозғалтқыш әуе бұрамының редукторын сынау пайдаланылатын әуе бұрамымен өткізілуі тиіс.
Ескертпе: редуктор валдарының және оған жапсарлас әуе бұрамы валдарының беріктігін тексеру осы Нормалардың 770 және 1547-тармақтарын талаптарды ескере отырып орындалуы тиіс.
Редукторлардың беріктігі мынадай:
1) редукторларды текшелік сынақтары;
2) осы типтің редукторы және әуе бұрамы бар қозғалтқыштың 150-сағаттық текшелік сынақтар;
3) бағдарламалық-циклдық сынақтар бағдарлама бойынша қозғалтқыштың тұтастырылған редукторлардың текшелік сынақтары қанағаттанарлық нәтижелермен расталуға тиіс.
Сынақтардың нәтижелері, егер сынақтардан өткізгеннен кейін редукторлардың бөлшектерінде олардың одан әрі пайдалану үшін кедергі келтіретін ақау болмаса, қанағаттанарлық деп танылады:
1) жол берілмейтін тозу, надира, қақталма және жанасу бетінің басқа ақаулары;
2) жүгіру жолақтарын төгу, екшегіштердің сынуы және басқа подшипниктердің жол берілмейтін ақаулары;
3) конструкцияның тасымал бөлшектеріндегі сызаттар;
4) негізгі қадам қателіктеріндегі және тісті қосындылар мен басқа эвольвентограммадағы жол берілмейтін ауытқулар.
770. Қозғалтқыш валдарының беріктігін тексеру кезінде роторвалдарының, әуе бұрамалары валдарының және агрегаттар жетектері валдарының беріктігі валдар жұмысының барынша ауыр режимі үшін анықталуға және мыналардың негізінде:
1) роторлар мен әуе бұрамалары валдарының тербеліс жағдайын зерттеу;
2) арнайы зерттеулер нәтижелерін талдау;
3) валдардың беріктігі мен жұмыс қабілеттілігін қозғалтқыштың 150-сағаттық текшелік сынақтары, ал әуе винттерінің валдары үшін - қозғалтқыштың әуе бұрамаларымен бірлесіп 150-сағаттық текшелік сынақтары кезінде тексеру;
4) бабына жеткізу процесінде және қозғалтқыштың осы үлгісін тәжірибелік пайдалану немесе ұқсас конструкцияның басқа қозғалтқышты пайдалану барысында байқалған істен шығу салдарларын талдауда расталуы тиіс.
Ротор валдары мен әуе бұрамалары валдарының тербелісті жүктемесі жердегі аз газды режимнен ең жоғары режимге дейін ротордың (роторлардың) айналу жиілігінің барлық диапазонында қозғалтқышты текшелік сынақтар кезінде тензометриялаумен айқындалуы тиіс.
Беріктік жағдайлары бойынша тербелістік кернеулердің деңгейінен жаңғыру режимдері табылған жағдайда, валдың төзімділік шегін айқындау мақсатында көнерген беріктігіне сынау жүргізілуі тиіс.
Көнерген валдарды сынау ұшудағы оларға қолданылатын жүктемелердің жиынтығы жағдайында жүргізілуі тиіс.
Сынақтар үшін жекелеген жағдайларда валдың беріктігін айқындайтын негізгі жүктеме таңдап алынуы мүмкін. Көне беріктікке қалған жүктемелердің әсері есептеу жолымен бағалануы мүмкін.
1-ескертпе: егер бұл рұқсат етілген деп танылған жағдайда, вал материалының шыдамдылық шегінің мәніне жасалған жүктеме мен температура циклінің ассиметр күшін түзету үлгілерді зерттеу нәтижелері бойынша енгізілуі мүмкін.
2-ескертпе: вал шыдамдылығының шегі жекелеген жағдайларда ұқсас конструкциялардың валдарын сынау нәтижелері бойынша бағалануы мүмкін.
771. Ауа ағысымен үрленген сынақтар қозғалтқыштың желдің бүйірден және ілесе соққан кезде қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігі расталуы тиіс.
Желдің үзуімен жасалған ауа ағысының қарсылығын көрсетуге тиісті сынақ техникалық пайдалану басшылығында белгіленген шектеулерден тыс шығатын қозғалтқыштың өлшемдері мен пайдалану қасиеттерін осындай нашарлатуға алып келмейді, сондай-ақ компрессордың немесе желдеткіштің бірінші сатысындағы жұмыс қалақтарының қауіпті тербелісін тудырмайды.
Сынақ қозғалтқыштың сыртқы үрленуін қамтамасыз ететін ашық текшеде не ауа жинайтын конструкция бойынша ӘК, көрші қозғалтқыштардың әсеріне және ӘК конструкцияларға, не ол арналған ӘК құрамында көрініс табатын тұтастыруда жүргізілуі тиіс.
Сынақ аз газдан ең жоғарғы режимге дейін белгіленген режимдердің барлық диапазонында, сондай-ақ ауыспалы процестер (іске қосу, қолайлы сынамдар мен газдың шығуы) кезінде жүргізілуге тиіс.
Үрлеу жылдамдығы пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес белгіленуі тиіс.
772. Термобарокамерада авторотация режимінен іске қосу жағдайы үшін отын аппаратурасын бірыңғай реттеумен қозғалтқышты биіктен іске қосу шекарасы, егер бұл қозғалтқышты іске қосқыш құрылғымен авторотациялау бұрап алу талап етілсе, тексерілуі тиіс. Қозғалтқышты қалыпты іске қосу саласын белгілеу күтілетін тозуды ескере отырып, мысалы, ұзақ сынақтардан кейін жеткілікті түрде ауқымды істелген жұмыспен, қозғалтқышты сынау жолымен жүзеге асырылуы тиіс. Термобарокамерадағы сынақтар арқылы қозғалтқышты қалыпты іске қосу мүмкіндігі және отын шығысын реттеу шектері бойынша жеткілікті қордың болуы расталуы тиіс.
Ескертпе: отын аппаратурасының бірыңғай реттеуімен қозғалтқышты биіктен іске қосу шекараларын тексеру мүмкін болмаған жағдайда термобарокамерасындағы тексеру ұшудағы зертханаларға ұшу сынақтары кезінде орындалуы тиіс.
773. Егер қозғалтқыш помпаж кезінде қорғаудың автоматты жүйесімен жабдықталған болса, онда оның жұмыс істеуінің сенімділігін растау үшін қозғалтқышта помпаждық көріністерінің туындау елестерімен арнайы сынақ жүргізілуі тиіс.
Статистикамен және сынақтармен помпаж кезінде қозғалтқышты қорғау автоматтық жүйесінің жалған жұмыс істеуі, егер ол екіталай болса, көрсетілуі тиіс.
Егер қозғалтқышта помпаж кезінде қорғаудың автоматты жүйесі көзделмеген болса, онда қозғалтқышта помпаждың пайда болуы және қозғалтқышты тұрақты жұмыс режиміне көшіруді қамтамасыз ететін тәсілдер туралы дабыл беретін басқа құралдар тексерілуі тиіс.
774. Турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін растау үшін реттеу жүйесі газ температурасының ең жоғары мәнін ұстап тұратын режимдерде турбина алдындағы газ температурасын арттыру имитациясымен арнайы сынақ жүргізілуі тиіс.
Статистикамен және сынақтармен помпаж кезінде егер ол екіталай болса, қозғалтқышты қорғау автоматтық жүйесінің жалған жұмыс істеуі көрсетілуі тиіс.
775. Компрессорда жану камерасын, турбинаны, реактивтік шүмекті және валдарды негізгі бөлшектер температурасын анықтау және белгіленген режимдер мен ауыспалы процестер кезінде осы элементтердің конструкциясының қауіпті, жергілікті қызып кетуінің болмауын бағалау үшін белгіленген режимдерде және ауыспалы процестер кезінде термометриялау жүргізілуі тиіс.
Термометриялауға жататын бөлшектердің нақты тізбесі сынақтар бағдарламасында белгіленеді. Міндетті термометриялауға:
1) компрессор бойынша: соңғы сатылардың корпусы, дискісі және басқа элементтері;
2) жану камерасы бойынша: қап, қабырғаның фронттық бөлігі мен ыстық құбырлар;
3) турбина бойынша: беріктікті және корпус пен турбина қалақтарының арасындағы радиалдық саңылауларды айқындайтын шүмектік аппараттардың қалақтары, шүмектік аппараттардың бекіту сақинасы, ротордың әрбір сатысының жұмысшы қалақтары, дискілер, турбина роторларының тіректері жатады.
Жану камерасының шыға берісінде немесе турбинаның артында қоршалған және радиалдық бағыттардағы қиылыста газдың температуралық өрісіне өлшеу жүргізілуі тиіс. Қозғалтқышта осы элементтің жұмыс жағдайын көрсететін арнайы қондырғыда жүргізу жану камерасының шыға берісіндегі температура өрісін өлшеуге мүмкіндік береді. Турбина сыртындағы температура өрісін өлшеген жағдайда, турбина алдындағы осы температура өрісінің деректері бойынша бағалаудың негізделген әдістемесі ұсынылуы тиіс.
Сынақтарды қолданыстағы термикалдық және механикалық жүктемелердің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың болуы мүмкін қолайсыз үйлесімі бар белгіленген режимдерде және ауыспалы процестер кезінде орындаған жөн. Компессорды айналудың ең жоғары жиілігі және кіре берістегі ауаның ең жоғары температурасы кезінде термометриялау; жану камерасының қабырғаларын ауаның артық коэффициентінің барлық жұмыс диапазонында, ең жоғары температура және жану камерасына кіреберістегі ауаның қысымын және компрессордың сыртындағы барынша қолайсыз ауаны іріктеп алу арқылы термометриялау; қозғалтқышқа кіреберістегі ауаның және суытылған турбина ауасының кезінде турбина алдындағы газ температураларының ең жоғары айналу жиілігі және ең жоғары мәндері кезінде турбинаны термометриялау жүргізілуі тиіс.
Термометриялау арнайы сынақтардың басқа түрлерімен бірлескен болуы тиіс. Жану камерасын термометриялау бойынша зертханалық қондырғыларда сынақтардың бір бөлігін жүргізуге рұқсат етіледі. Екі және үш валдық схемалы қозғалтқыштарда, қозғалтқыштағы осы тораптың температурасы, қысымы және айналу жиілігі бойынша жұмыс көрсететін арнайы қондырғылардағы компрессор мен подшипниктердің тораптарын және ыстық бөлігінің бөлшектерін термометриялауды орындауға рұқсат етіледі.
Датчиктердің (термобу немесе басқа мақсаты бойынша баламалы құрылғылар) температурасын, түрін, саны мен орналасқан жерін, сондай-ақ өздігінен жазатын аппаратурасын өлшеу тәсілі +1,5-2% шектердегі дәлдікпен әрбір бөлшек температурасының экстремалдық мәндерін өлшеу қамтамасыз етілетіндей таңдап алынуы тиіс. Қозғалтқыштың ыстық бөлігінің қол жетуі қиын орындарын термометриялау үшін +8% температурасын өлшеу дәлдігімен термо бояу пайдаланылуы мүмкін.
Бөлшектер температурасы мен температура өрістерін белгіленген режимдерде өлшеу техникалық пайдалану басшылығына сәйкес қозғалтқыш жылытылғаннан кейін жүргізілуі тиіс. Бөлшектердің температурасын қолайлы сынамалар кезінде және шарықтау режимінде өлшеу жылытылған және жылытылмаған қозғалтқышта орындалуы тиіс.
776. Қозғалтқыштың гидравликалық және пневматикалық коммуникациялар жұмысшы сұйықтықтарының, газдың немесе ауаның өтпеуін талап ететін элементтері қысымдағы сынақтарға ұшырауы мүмкін.
Бұл ретте:
1) қысыммен жұмыс істейтін барлық коммуникациялардың, май коммуникациясынан басқа, тораптары мен труба құбырлары коммуникацияның осы элементі үшін ең жоғары болуы мүмкін жұмыс қысымының 1,5 есеге асатын немесе олардың қайсысы көп болуына қарай қалыпты жұмыс қысымынан екі есе асатын қысымдағы сынақтарға тап болуы тиіс;
2) май коммуникацияларының барлық элементтері, арналар мен труба құбырларын қоса алғанда, ең жоғарғы қысымы кем дегенде үш есеге асатын қысымда немесе олардың қайсысы көп болуына қарай 140 кПа (қысымы төмен элементтер үшін) қысымда сыналуға тиіс.
Егер қысыммен жасалатын сынақ осы элементтерге қатысты талаптарда көзделген болса, талаптары сорғы, сүзгі және т.б. сияқты отын мен май коммуникацияларының осындай элементтеріне жатпайды.
Ескертпе: мұндай сынаққа қысымдағы статикалық беріктікке технологиялық сынақтан өткен құбыр өткізгіштер ұшырамайды.
Труба құбырларының тербеліс сипаттамаларын және тербеліс біріктігін анықтау қозғалтқышты сынау кезінде, труба құбырларында қолданыстағы кернеу тензометриялаумен орнатылған жағдайда жүргізіледі және оларды осы үлгі үшін труба құбырларын қосудан алынған шыдамдылық шектерімен салыстыру жүргізіледі.
Май багі зақымдалмастан, герметикалықты ысырап етпестен және пайдаланудың күтілетін жағдайларында туындауы мүмкін жүктемелердің барлық түрлерінің нысанын өзгертпестен шыдауы тиіс. Бакті сынау бактағы майдың ең жоғары және ең төмен қол жетімді деңгейлері кезінде жүргізілуі тиіс. Толық арматурамен және агрегаттармен, сондай-ақ оны бекіту элементтерімен монтаждалған бактің үлгісі бактағы ең жоғары жұмыс қысымының 125%-ке тең қысымымен тексерілуі тиіс.
777. Қозғалтқыштың жану камерасының жұмыс қабілеттілігі:
1) қозғалтқыштың жердегі, ең жоғары ұзақ және шарықтау режимін қоса алғанда, мүмкін болатын жұмыс режимдеріне;
2) биіктікті алу немесе жинау кезінде ұшу бейінінің барынша тән нүктелердегі режимдеріне;
3) ұшудың ең жоғары және ең төмен жылдамдықтарының, оның ішінде қозғалтқыштың кіре берісіндегі ең жоғары жылдамдық арыны кезіндегі режимдеріне;
4) қозғалтқышты іске қосу, оның ішінде авторотациялау жағдайындағы режимдерге;
5) пайдаланудың ерекше жағдайларына (мысалы, қозғалтқышқа аса ылғалды ауаның түсуі немесе судың, қардың үлкен массасының түсуі кезінде) сәйкес келетін жағдайлар кезінде камералық текшеде тексерілуі тиіс.
Ескертпе: егер ұшу жағдайларының имитациясымен текшеде немесе термобарокамерада ұшуға, оның ішінде пайдаланудың ерекше жағдайлары бойынша сәйкес келетін жағдайды қайта жасауға мүмкіндік берілмесе, онда текшелік сынақтар оны ұшу сынақтары кезінде тексерулер арқылы толықтырылуға тиіс.
778. Жану камерасының жұмыс қабілеттілігін тексеру қозғалтқыштағы сынақтармен толықтырылуы тиіс, сондай-ақ:
1) ротордың айналу жиілігінің әртүрлі бастапқы деңгейі және жану камерасы мен жану процесі конструкциясының ерекшеліктерін анықтауға жәрдемдесетін аса үлкен дәрежесін өзгерту қарқыны кезінде;
2) отынның шекті мүмкін болатын шығысымен, егер шығыс оның жекелеген режимдеріндегі атаулы мәнінен 5%-дан асатын болса;
3) барлық диапазондардағы ауаның артық коэффициентін және қозғалтқышты пайдалану кезінде болуы мүмкін камерадағы ағыс жылдамдығын мүмкін болатын өзгеріспен толықтырылуы тиіс.
Ауаның, оның ең жоғары және ең төмен есептік шамаларынан кем дегенде 5% көбейтілген немесе азайтылған артық коэффициенті кезінде тексерулер орындалуы тиіс.
Жану камерасының жұмыс қабілеттілігін тексеру негізгі және резервтік отындарда жүргізілуі тиіс.
Егер жану камерасының пайдалану сапасы талаптарға жауап берсе, ал оның сынақтан кейінгі жай-күйі қауіпті зардаптармен істен шығудың көрінісі үшін алғы шарттың жоқтығы туралы куәландырылған болса, сынақтардың нәтижелерін қанағаттандырылған деп есептеген жөн.
779. Қозғалтқыштың май жүйесінің сипаттарын анықтау.
Май жүйесін сынау мынадай жұмыстарды:
1) майды айдауды және майға жылу беруді анықтау;
2) майдың бактан қозғалтқышқа кетуін тексеру;
3) қол жетімді техникалық пайдалану басшылығы бойынша (май жүйесінің биіктігі) майды қозғалтқышқа берудің және оны қол жетімді қысымдармен және температурамен, оның ішінде бактағы майдың ең төмен және ең жоғары көлемдері кезінде, айдап шығарудың қамтамасыз етілуін тексеру;
4) май багінің және ондағы ең жоғары ұзақ және алыс ұшуды орындауға арналған май қорының жеткілікті көлемін және шығысының берілген талаптарға сәйкестігін тексеру;
5) әуе бұрамының қалақтарын флюгирлеу үшін бактағы май қорына қол сұғылмаған қорының жеткіліктілігін анықтау;
6) маймен және май жүйесімен жуылған қозғалтқыштың бөлшектерін термометриялау;
7) суфлерден май қалдығы тасталымының болмауын және майдың қозғалтқыштың газды әуе жолына ақпауын тексеру;
8) майдағы ауаның құрамын (турбовинттік қозғалтқыш үшін) тексеру;
9) жүйенің жағымсыз температура жағдайында қозғалтқышты іске қосу кезінде жұмыс қабілеттілігін тексеру жұмыстарын көздейді;
10) бакта майдың ең жоғарғы қол жетімді саны кезінде бакты суфлирлеу жұмыс қабілеттілігін тексеру;
11) май жүйесінің жұмысын белгі беру және бақылау элементтерінің жұмыс қабілеттілігін тексеру.
Көрсетілген сипаттамалар техникалық құжаттамада берілгендерге сәйкес келетіндігін көрсетілуі тиіс.
Ескертпе: жүргізуді қарауға тиіс текшелік жағдайларда көрсетілген тексерулерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, оларды ұшу сынақтары кезінде ұшу зертханаларында жүргізуге рұқсат етіледі.
Майды айдауды және майға жылу беруді айқындау техникалық құжаттамада келісілген май температуралары кезінде шарықтау, ең жоғары ұзақтық, аралық және аз газ режимдерінде, сондай-ақ майдың ең аз және ең көп кезінде жүргізілуі тиіс.
Майды айдау және майға жылу беру қозғалтқыштың майдың берілген температурасы мен қысымы кезінде берілген режимге шыққаннан кейін 5 минуттен соң жүргізілген өлшемдер бойынша анықталуы қажет.
Майдың май багынан кетуін тексеру:
1) қозғалтқышты іске қосу кезінде;
2) соңғы үш сәтсіздік немесе жалған іске қосулар кезінде;
3) барлық белгіленген режимдердегі жұмыс кезінде және майдың ең төменнен ең жоғарыға дейінгі температурасын өзгерту мен ауыспалы процестер кезінде;
4) флюгирлік жағдайда әуе қалақтарын енгізу кезінде және одан (турбо винттік қозғалтқыш үшін) шығу кезінде;
5) қозғалтқыш роторының ажыратылғаннан кейінгі қашуы кезінде;
6) қозғалтқышты ажыратқаннан кейін бір тәуліктің ішінде;
7) қозғалтқышты авторотациялау кезінде;
8) қозғалтқыш роторының суықтай айналуы кезінде жүргізілуі тиіс.
Қозғалтқышқа майдың кетуін айқындау үшін сынақтар кезінде бактағы май деңгейі (майдың жылулық кеңеюін ескере отырып):
1) қозғалтқышты іске қосу кезінде - іске қосқанға дейін және іске қосылғанынан кейін аз газбен 5 мин. жұмысы;
2) қозғалтқыштың негізгі режимдеріндегі жұмысы кезінде - режимге шығар алдында және шыққаннан кейін режимдегі 5 минут жұмысы;
3) флюгирлік жағдайдағы әуе бұрамының қалақтарын енгізу кезінде - әуе бұрамының қалақтарын ажыратып тасталған және жұмыс істеп тұрған қозғалтқышқа енгізу алдында және флюгирлік жағдайда пром лопостары енгізілгеннен кейін;
4) әуе бұрамының қалақтарын флюгирлік жағдайдан шығару кезінде - әуе бұрамының қалақтарын ажыратып тасталған қозғалтқышқа шығару алдында және әуе бұрамының қалақтарын флюгирлік жағдайдан шығарғаннан кейін;
5) қозғалтқышты ажыратқаннан кейінгі тәулік ішінде әрбір екі сағаттан кейін алғашқы сегіз сағат ішінде және кейінгі 8-10 с. уақыт ішінде өлшенуі тиіс.
Маймен және май жүйесімен жуылған қозғалтқыш бөлшектерін термометриялау мынадай көлемде жүргізілуге тиіс:
1) қозғалтқыштың белгіленген аз газ ең жоғары ұзақтық, шарықтау режимдеріндегі, сондай-ақ қозғалтқышты оны ажыратып тастау алдында суыту үшін Техникалық пайдалану басшылығында көзделген режимдегі жұмысы кезінде:
майдың ең жоғары температурасы және қозғалтқышқа кіре берістегі ауаның атмосфералық температурасы кезінде;
пайдалану кезінде майдың, отын мен ауаның ең жоғары мүмкін болатын температуралары кезінде жүргізілуі тиіс.
Ескертпе: қозғалтқышқа кіреберісте ауаны жылытатын құралдардың болмауы кезінде майды қосымша қыздыруға немесе май жылу айырбастауда оны суытуды шектеуге рұқсат етіледі;
2) қозғалтқышты ажыратып тастағаннан кейін ажырату сәтінен 3-5 с ішінде:
қозғалтқышты ажыратып тастау алдында суыту үшін техникалық пайдалану басшылығында көзделген режимімен;
суытпастан аз газ режимімен;
суытпастан (шұғыл ажыратып тастау имитациясы үшін) шарықтау және ең жоғары ұзақтық режимімен жүргізілуі тиіс.
Роторлар тіректерінің май қуыстарының қабырғалары, термометриялауға суфлирленген труба құбырларының қабырғалары мен подшипниктерінің сыртқы сақиналары жатады.
Бұдан басқа, тіректердің орта және артқы шыға берісінде май температурасы мен суфлерден шыға берістегі ауа температурасы өлшеуге жатады.
Қозғалтқыш жұмысының өлшемдері көзделген термометриялаумен өлшеу:
сынақтар кезінде - кем дегенде 5 минут ішінде режимдердің әрқайсысы бойынша;
сынақтар кезінде - ажыратылғаннан кейінгі 1 сағат ішінде үздіксіз, содан кейін 2-3 мин бойынша әрбір 15-30 мин маймен жуылатын бөлшектердің температурасы 500С-қа дейін төмендеген сәтке дейін жүргізіледі.
Сынақтан өткен қозғалтқыш маймен және май жүйелерінің элементтерімен жуылған бөлшектердің конструкциялары мен материалдары бойынша, негізгі деректер бойынша, сондай-ақ май багындағы майдың мөлшері бойынша 150 сағаттық текшелік сынақтарға ұсынылған қозғалтқышқа сәйкес келуі тиіс.
Санамаланғаннан басқа, мынадай өлшемдер:
1) май сүзгішінің сүзгіш элементеріндегі қысымның түсуі;
2) роторлар тіректерінің май қуыстарындағы ауаның қысымы;
3) ротор тіректерінің тығыздалған май қуыстарындағы қысымның түсіп кетуі;
4) жылу айырбастағышқа кіреберістегі және одан шыға берістегі майдың және жылудың температурасы;
5) май багындағы майдың деңгейі;
6) суфлирленген жүйедегі ауаның қысымы өлшенуі тиіс.
Май жүйесінің сипаттамаларын айқындау бойынша сынақтар негізгі және резервтік майларда жүргізілуі тиіс.
780. Қозғалтқыштың биіктік-жылдамдық сипаттамаларын айқындау кезінде қозғалтқыштың биіктік-жылдамдық сипаттамалары оның термобарокамерадағы сынақтары кезінде расталуы тиіс. Сынақтар бағдарламасында:
1) ұшудың есептік жағдайларында дросселдік сипаттаманы алып тастау;
2) ұшудың күтілетін жағдайларына барынша тән 3-4 дросселдік сипаттамаларды алып тастау;
3) қозғалтқыштың агрегаттары жүктемелерінің негізгі деректеріне және компрессордан ауаны іріктеп алудың ӘК-қ мұқтаждарға әсерін бағалау;
4) қозғалтқыштың жердегі статикалық жағдайларда биіктік-жалғастық сипаттамаларын растау бойынша олардың сынақтар жүргізілгенге дейінгі және жүргізілгеннен кейінгі біркелкілігін тексеру үшін бақылау дросселдік сипаттамаларын анықтау көзделуі тиіс.
Ескертпе: қозғалтқыштың биікті-жылдамдық сипаттамаларын эксперименттік растау мүмкін болмаған жағдайда, термокамерада тексеру ұшу сынақтары кезінде ұшу зертханасында орындалуы тиіс.
781. Белгіленген режимдерде және ауыспалы процестерде роторлар тіректерінің подшипниктеріне ықпал ететін осьтік күшке өлшеу жүргізілуі және олардың подшипниктің динамикалық жүк көтергіштігіне сәйкестігі бағалануы тиіс.
Осьтік күшті өлшеу мүмкін болмаған жағдайда, оларды тиісті қысымдарды өлшеу негізіндегі есептік айқындауға рұқсат етіледі.
Қозғалтқыштың 150-сағаттық сынақтары олардан бөлінетін жылу мен майлауды бұру үшін, қозғалтқыштың ақауы кезінде подшипниктердің жай-күйі бойынша бағаланатын ротордың тірек подшипниктері арқылы майды айдаудың жеткіліктілігі тексерілуі тиіс.
782. Қозғалтқыштың бақылау жарамдылығы деңгейін тексеру қозғалтқышта орнатылған бақылау құралдары жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын тиісті жобаның құжаттама және материалдар негізде жүргізілуі тиіс.
Ескертпе: қозғалтқышта орнатылған, бақылау құралдарын тексеру 150-сағаттық текшелік
сынақтар бағдарламасы қамтылуы тиіс.
Бақылау жарамдылық деңгейін тексеру кезінде:
1) қозғалтқыштың бақылау жарамдылығы бойынша техникалық құжаттаманың толықтығы;
2) бақылау үшін өлшемдерді таңдаудың дұрыстығы және қозғалтқыштың тиісті бақылау құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;
3) қозғалтқыштың бақылау жарамдылығын бақылау жөніндегі сындарлы іс-шаралардың тиімділігі;
4) қозғалтқышқа орналастырған датчиктер мен басқа бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен сенімділігі;
5) жердегі бақылау құралдарының қозғалтқыштағы тиісті бақылау құралдарымен (пайдаланылған түйісу элементтері, кабельдері, тасымалдағыштары және т.б.) бойынша жанасымдылығы бағалануы тиіс.
Қозғалтқышта орналастырылған бақылау құралдары, егер олар:
1) қозғалтқыштың пайдаланудағы жұмысын сенімді бақылауды;
2) олардың туындауы мен дамуының ерте кезеңіндегі ақаулығын анықтауды;
3) «техникалық жай-күйі бойынша» пайдалануға қажетті қозғалтқыш жүйелерінің жонылған бөлігі мен жұмыс жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етсе, қанағаттанарлық деп танылады.
Ескертпе: бақылаудың кешенді жүйелерімен жабдықталған ӘК пайдалануға арналған қозғалтқыштар, бақылау құралдарының қанағаттанғандығын бағалау үшін текшелік аппараттармен сынақтар өткізу кезінде жүргізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |