Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет14/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

82. Авариялық жарықтандыру
      535. ӘК электрмен жарақтандыру жүйесіне ӘК тәуелсіз авариялық жарықтандыру жүйесі көзделуі тиіс.
      536. Авариялық жарықтандыру жүйесі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) ішкі авариялық жарықтандыру - авариялық шығулар мен эвакуация жолдарының таңбаларын, кабиналардың жалпы жарықтандыру көздерін жарықтандыру, авариялық шығуларды жарықтандыру;
      2) сыртқы авариялық жарықтандыру.
      537. Авариялық шығулар тақтайшасы мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
      1) 10 және одан да көп жолаушылар орын саны бар ӘК:
      әрбір тақтайшада жарықтандырылған ашық түс үстінде биіктігі кемінде 38 мм болатын қызыл әріптермен жазылған жазба және әріптерді қоспағанда, кемінде 135 смІ алаңы болуы тиіс. Жарықтандырылған түс пен әріп арасындағы айырма кемінде 10:1 болуы тиіс. Әріптердің биіктігі мен олардың қалыңдығына қатынасы 7:1 аспайтын және 6:1 кем емес болуы керек. Түстік бастапқы көрнекілігі кемінде болуы 85 кg/м2 тиіс. Түстің жарықтану тепе-теңдігі 3:1 аспауы керек;
      Әрбір тақтайшаның әріптерді қоспағанда, кемінде 135 см2 алаңы бар, жарықтанатын ақ түс үстінде кемінде биіктігі 38 мм болатын қызыл әріптермен болуы тиіс. Тақтайшаның түс үстіндегі бастапқы көрнекілігі кемінде 1,3 кg/м2;
      2) кемінде 10 тақтайшасы жолаушылар орын саны бар ӘК немесе жолаушылар кабинасында биіктігі кемінде 50 мм ақ түс үстінде биіктігі кемінде 25 мм қызыл әріптермен жазу болуы тиіс. Тақтайшаның түс үстіндегі бастапқы көрнекілігі кемінде 85 кg/м2;
      3) барлық тақтайшаларда ішкі электрлік жарықтануы немесе электрлік емес құралдар есебінен өздігінен жанатын болуы тиіс. Жазбалардың және негізгі қабырға түстері, егер тақтайша электрлік емес құралдар есебінен өздігінен жанатын болса, қарама қарсы өзгертілуі мүмкін.
      538. Жолаушылар кабинасын жалпы авариялық жарықтандыру жүйесі жолаушылар үшін бойлық өту (немесе өткіндер) және 1000 мм ара- қашықтықтағы кресло шынтағы биіктігіндегі бойлық өткіндер арасындағы көлденең өткіндер осінің бойымен өлшенетін кемінде 0,55 люкс жарықтануының орташа деңгейін және әрбір 1000 мм ішкі арақашықтық сайын кемінде 0,10 люкс жарықтану деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
      Ескертпе: жолаушылар үшін бойлық өткін алдыңғы авариялық шығулардан немесе жолаушы креслосынан бастап жолаушыларға арналған артқы авариялық шығуға немесе жолаушылар кабинасының алдыңғы және артқы бөлігінде орналасуына қарай жолаушы креслосына дейінгі жолаушылар кабинасының бойлық өткіні болып табылады.
      539. Көлденең өткіннен бастап авариялық шығу ойығына дейінгі еден деңгейіндегі әрбір авариялық шығуға бастайтын әрбір көлденең өткіннің жарықтану деңгейі еденнен 150 мм биіктіктегі орташа өткін бойынша өтетін желілерді өлшеу кезінде кемінде 0,22 люкс болуы тиіс.
      540. Авариялық жарықтандыру жүйесі өз жарықтанушылығының көмекші құралдары бар жағдайларды қоспағанда, мына талаптарды ескере отырып, жобалануы тиіс:
      1) ішкі және сыртқы жарықтандыру көздері экипаж кабинасынан қолмен және борт жолсерігінің жақын креслосынан (отырғышынан) жеңіл қол жеткізуге болатын жолаушылар кабинасының орнынан қосылуы тиіс;
      2) ішкі және сыртқы жарықтандыру көздері жануын тоқтатпауы (олар сөнгеннен кейін) немесе электрмен жабдықтанудың мұндай үзігі тік бөлініспен немесе ӘК авариялық қону кезінде фюзеляждың бөлінуінен туындаған жағдайларды қоспағанда электрмен жабдықтауды қалыпты үзу кезінде автоматты түрде жану тиіс. Авариялық жарықтандыру жүйесін басқару тумблерін (немесе басқа да жетекті) абайсыз ажырату мүмкіндігінің алдын алу керек;
      3) экипаж кабинасында ӘК электр қорегі қосылып, ал авариялық жарықтандыру жүйесінің құрылғысы басқармасы қосылмаса жұмыс істеуі тиіс сигнал беру құрылғысы болуы тиіс.
      541. Сыртқы авариялық жарықтандыру жүйесі мынадай жарықтандыруды қамтамасыз етуі тиіс:
      1) әрбір қанат үсті авариялық шығуларын:
      эвакуацияланатын адам кабина сыртына бірінші қадамын жасайтын жер беті кемінде 0,32 люкске (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
      А үлгі шығысы үшін ең аз ені 1070 мм және қалған авариялық шығулар үшін 610 мм шығудан барынша алыс эвакуация жолының тайғанақ емес бөлігінің бойлық 30 %-ын кемінде 0,55 люкске (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
      адамдарды түсіру үшін көмекші құралдар қажет емес, әрбір қанат үсті шығуында, шассиі сынбай түсірілген ӘК кезінде эвакуацияланатын адам бірінші қадамын жасайтын жер үсті кемінде 0,32 люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
      2) шассиі сынбай түсірілген ӘК кезінде эвакуацияланатын адам бірінші қадамын жасайтын жер үсті кемінде 0,32 люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде).
      542. Адамдарды жерге түсіруге арналған көмекші құралдар ӘК оның жұмыс жағдайын көруге болатын түрде жарықтандырылуы тиіс.
      543. Егер адамдарды түсіруге арналған көмекші құралдар авариялық жарықтандырудың сыртқы жүйесімен жарықтандырылса, онда ӘК қалыпты жағдайы кезінде де шассиінің бір немесе одан да көп тиісті сынығының кез келген мүмкін жағдайы кезінде де жұмыс жағдайында тұрған кемекші құралдың жердегі шеті 0,32 люкс болуы тиіс люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде).
      544. Егер адамдарды түсіруге арналған көмекші құралды жарықтандыру үшін басқа көмекші құралдарды жарықтандыру үшін пайдаланылмайтын, ӘК авариялық жарықтандыру жүйесіне тәуелсіз және көмекші құралды жұмыс жағдайына орнату кезінде автоматты түрде қосылатын жарықтандырудың жеке жүйесі пайдаланылса, онда жекелеген жарық жүйесі:
      1) көмекші құралды ӘК жинау және орналастыру кезінде ақауланбауы;
      2) жарықтандыру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
      545. Авариялық жарықтандыру жүйесінің әрбір элементінің электрмен жарақтанушылығы ӘК авариялық қонғаннан кейін кемінде 10 мин бойы жарықтандырудың талап етілетін деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
      546. Егер авариялық жарықтандыру жүйесін қоректендіру үшін аккумуляторлар қолданылса, онда зарядталу тізбегі ол ақауланған кезде аккумуляторлары өздігінен отыру мүмкіндігін болдырмайтындай жағдайда ӘК электрмен жабдықтау жүйесінен қоректенуі мүмкін.
      547. Авариялық жарықтандыру жүйесінің элементтері (аккумляторлар, реле, шамдар, қайта қосқыштар т.б. қоса алғанда) ӘК авариялық қону кезінде жүктемелер ықпалынан кейін жұмыс қабілетін сақтауы тиіс.
      548. Авариялық жарықтандыру жүйесі ӘК авариялық қону кезінде фюзеляждың кез келген жеке көлденең тік ажырауынан (бөлінуі) кейін:
      1) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған таңбадан басқа, осы кабина үшін талап етілетін авариялық электр шамдарының көп дегенде 25 % істен шығатындай;
      2) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған таңбадан басқа, шығулардың әрбір таңбаларының электрмен жарықтануы жұмыс істеуін жалғастыра алатындай;
      3) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған электр шамдарынан басқа, фюзеляждың әрбір бортына арналған авариялық шығулардың қажет болатын сыртқы электр шамдарының ең азы біреуі жұмыс істейтіндей жағдайда жобалануы тиіс.
      549. Жолаушылар кабинасында қосылған тақтайша кезінде кез келген жолаушы креслосынан көрінуі тиіс, кемінде биіктігі 40 мм ақ түс үстінде биіктігі кемінде 20 мм болатын қызыл әріптерімен орыс және ағылшын тілдерінде немесе дайындаушы мемлекет пен тіркеуші мемлекет арасындағы келісім бойынша екі тілде жазылған «Белдік» бекітілсін. «Темекі шегуге болмайды» деген жазулары бар жанбалы тақтайшалар орнатылуы тиіс.
      Тақтайша экипаж кабинасынан қосылуы тиіс.
83. Авариялық шығуларға өткіндер
      550. Жолаушы кабинасының креслолар арасындағы бойлық (креслоның мүмкін болатын кез келген жағдайы кезінде және өткінге шығатын қозғалмалы элементтері) ені 9-кестеде келтірілген мәндерден кем болмауы тиіс:
9-кесте



Кабинадағы жолаушылар орындарының саны

Өткіннің ең аз ені, мм

Еденнен 635 мм кем биіктікте

Еденнен 635 мм және одан астам биіктікте

10 аспайтын

305

380

11-19

305

510

20 және одан көп

380

510

      551. Жолаушылар кабинасындағы бір бойлық өткіні бар ӘК өткіннің әрбір жағы үшін бір қатарда үштен аспайтын жолаушылар орны (кресло, отырғыш) болуы тиіс.


      Жолаушылар кабинасында екі және одан да көп бойлық өткіндері бар ӘК әрбір бойлық өткінге өткіннің әрбір жағынан кез келген бір қатарға үштен аспайтын жолаушылар орны (кресло, отырғыш) тиісті болуы керек.
      552. І және II үлгісіндегі әрбір авариялық шығуға әрбір бойлық өткіннен жолаушылар кабинасы мен көлденең өткіндер арасындағы қабырғаларда ені 510 мм болатын кедергісіз өткіндер көзделуі тиіс.
      553. Әрбір өткіннен III және ІV үлгілерінің әрбір авариялық шығуына көлденең өткін кезделуі тиіс:
      1) 19 және одан кем жолаушылар орын саны бар ӘК - ені кемінде 305 мм;
      2) 20 және одан астам жолаушылар орын саны бар ӘК - ені кемінде 380 мм.
      554. Әрбір авариялық шығудың ойығы креслолармен (креслоның мүмкін болатын кез келген жағдайы және оның өткінге шығуын қозғалмалы элементі), отырғыштармен және басқа да шықпа элементтерімен жабылмауы тиіс.
      555. Көмекші құралдармен жарақталған әрбір авариялық шығу маңында экипаж мүшелері өткін енін азайтпай-ақ жолаушыларға көмек көрсете алатындай ені кемінде 600 мм және тереңдігі кемінде 300 мм болатынын еркін кеңістік көзделуі тиіс.
      556. Жолаушылар кабинасын бөлетін ешқандай қабырғада есіктер орнатылмауы тиіс. Жолаушылар кабинасының арасындағы өткінде, егер олар ашық жағдайда бекітілетін және бұл ретте өткін ойығын жаппайтын болса партьердің болуына рұқсат етіледі.
      557. Барлық өткіндердің баспалдақтары болмауы, ал еденнің жүзбелі өткіндері 5о аспауы тиіс. Өткіндер еденінің жабындары тайғанақ болмауы тиіс және үстімен адам жүрген кезде қозғалмайтындай болуы керек.
      558. Егер жоғары авариялық шығуларға өту үшін қосымша құрылғылар арналған болса, онда бұл құрылғы үнемі жұмыс жағдайында болуы немесе құралдарды т.б. қолданбай-ақ бір адамның қимылымен жеңіл және тез жұмыс жағдайына келтірілуі тиіс.
      559. ӘК жүктелім жағдайында авариялық қонуы кезінде кабиналардағы қол жүктерінің салдарынан авариялық шығулар мен өткіндерді үюді болдырмау шаралары қабылдануы тиіс.
84. Қосымша авариялық-құтқару жабдықтары
      560. ӘК әрбір жолаушылар орнына, борт жолсерігінің жұмыс орнына, ас үйге, әжетханаларға және адамдар болуы мүмкін басқа да үй-жайларға анық естілетін хабарламаларды айтуды қамтамасыз ететін жолаушыларға хабарлау жүйесімен жабдықталуы тиіс.
      Жүйе жұмыс орнынан экипаж кабинасына және аға борт жолсерігіне (жолаушыларды эвакуациялауға жауапты) хабарламаларды беруді қамтамасыз етуі тиіс.
      561. Егер ӘК борт жолсеріктерінің орны көзделген болса, онда ӘК жолаушыларға экипаж кабинасы мен әрбір жолаушы кабинасының, сондай-ақ жолаушылардың негізгі кабинасының деңгейінен жоғары немесе төмен орналасқан әрбір ас үй бөлігі арасындағы екі жақты байланысты қамтамасыз ететін жүктемемен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Байланыс құралдары мұндай орындардан кабина едені деңгейінде орналасқан жолаушылар кабинасына барлық авариялық шығуларды бақылау қамтамасыз етілетіндей борт жолсеріктерінің жұмыс орындарының санына қарай орнатылуы тиіс.
      Егер ӘК борт инженерлер болмаса, онда жолаушылар кабинасынан экипаж кабинасына ақпаратты беру мүмкіндігі көзделуі тиіс.
      562. Экипаж борт жолсеріктерін шақыру басымдығына ие болуы керек, яғни экипаж кабинасынан болатын хабарлар басқа барлық хабарларды жабуы тиіс. Байланыс желісі ӘК тоқсызданған кезде авариялық электр қорегіне автоматты түрде қосылуы тиіс.
      563. Экипаж кабинасында (жолаушылар орнының санына қарамастан) автономды қорек көзі бар бір қол мегафон дыбыс ұлғайтқыш болуы тиіс.
      20 және одан астам жолаушылар орын саны бар жолаушылар кабинасында мұндай мегафон-дыбыс ұлғайтқыштар 10-кестеге сәйкес болуы тиіс:
      Барлық мегафон-дыбыс ұлғайтқыштар тиісті таңбамен белгіленген жеңіл қол жететін жерлерде орналасуы тиіс (кабинада борт жолсерігі болған кезде - олардың жұмыс орындарында).
10-кесте



Кабинадағы жолаушылар орын саны

Кабинада қажет болатын мегафондар саны

20-99

1

100-199

2

200-299

3

300 және одан астам

4

      564. Экипаж кабинасында (ӘК жолаушылардың орын санына қарамастан) ұшу кезінде бірінші медициналық көмек көрсету құралдары бар авариялық дәрі қобдишасы болуы тиіс. Жолаушылар кабинасындағы мұндай авариялық дәрі қобдишалары 11-кестеге сәйкес болуы тиіс:


11-кесте



ӘК жолаушылар орнының саны

Талап етілетін дәрі қобдишаларының саны

1-50

1

51-150

2

151-250

3

251 және одан астам

4

      Барлық дәрі қобдишалары тиісті таңбамен белгіленген жеңіл қол жететін жерлерде орналасуы тиіс (кабинада борт жолсерігі болған кезде - олардың жұмыс орындарында).


      565. Шөлейт, арктикалық немесе тропикалық аудандар үстінен ұшып өту үшін ӘК ұшу жүзеге асырылатын ауданның жағдайларына сәйкес келетін, адамдардың өмір тіршілігін қамтамасыз ету құралдары мен сигнал беру құралдары бар жарақты орналастыру мүмкіндігі көзделуі тиіс.
      Бұл жарақты орналастыру және бекіту үшін мақсатына сәйкес оны орналастырудың арнайы орындары анықталуы тиіс.
      566. Экипаж кабинасында бір авариялық балта болуы тиіс.
85. Су кеңістігінің үстінен ұшу кезінде авариялық-құтқару жабдығы
      567. Суға мәжбүрлі қону кезінде ӘК жүзген күйі қалып, барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерін авариялық эвакуациялауға қажетті уақыт ішінде орнықты қалыпта қалуы тиіс.
      568. ӘК суға мәжбүрлі қону мүмкіндігін растау және оның жүзбелі орын өлшемдерін анықтау үшін мына тиісті зерттеулер жүргізілуі тиіс:
      1) суға мәжбүрлі қону кезінде ӘК басқару режимі мен әдістері;
      2) ӘК жүзбелі қалпы және уақыты;
      3) ватер желілер және су бетінен ӘК орталықтамасының рұқсат берілетін диапазонындағы авариялық шығулардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтығы.
      569. ӘК су кеңiстiктері үстiнен ұшу кезiнде 479-1-тармақтың талаптарын ескере отырып, мынадай авариялық-құтқару жабдығы болуы тиiс:
      1) ұшу ұзақтығы жағалаудан 30 мин аз кезінде - жолаушылар мен экипаж мүшелерінің санына қарай ересектер мен балалар үшін жеке жүзу құралдары - құтқару кеудешелері, сондай-ақ үлгі кеудешелері болуы тиіс.
      Креслода отырған адамдар тез және жеңіл алатындай мүмкіндігі қамтамасыз етілетін түрде кеудешелер жолаушылар креслоларының үстінде және экипаж бен борт инженерлердің жұмыс орындарының маңында орналасуы тиіс.
      Балалар мен үлгі кеудешелерінің саны мен орналасу орындары ӘК жолаушылар орнының саны мен орналасуына қарай белгіленеді.
      Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кеудешелері үлгілік бола алмайды;
      2) ұшу уақыты жағалаудан 30 минуттан астам болса осы тармаққа 1) тармақшаға қосымша:
      топтық құтқару жүзу құралдары – ең көп номиналды сыйымдылықты бір салды жоғалтқан жағдайда, ӘК бортындағы барлық адамдардың орналасуын қамтамасыз ететін санда үрлемелі құтқару салдары (және оларға тіршілікті қамтамасыз ететін құралдары бар авариялық қорлар);
      суға қону кезінде эвакуациялауға арналған авариялық шығулардың маңындағы орындарда (салмен бірге немесе оның жанында) орналасуы тиіс сипаттамалары бар автоматты жүзбелі радиоманарлар.
      Ескерту. 569-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.07.2013 № 752 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      570. Құтқару салдары мен авариялық қорлар оларға жеңіл және еркін қол жеткізу мүмкіндігі және ӘК әрбір салды екі адамнан аспайтын адам үшін тастау мүмкіндігі қамтамасыз етілетін, сондай-ақ кездейсоқ ақаулану және ӘК ішінде салдардың кездейсоқ үрленуін болдырмайтындай түрде суға қону кезінде эвакуацияға арналған авариялық шығу маңында орналасуы тиіс.
      Құтқару салдары ӘК кабинасынан тыс орналасуы да мүмкін, бұл ретте экипаж кабинасынан (немесе борт жолсеріктерінің жұмыс орындарынан) басқарылатын олардың автоматты түрде іске қосылуы және автоматты жүйе жұмыс істемей қалған кезде қолмен іске қосу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, ал олардың орналасу орындары оларды пайдалану тәсілдерін түсіндіретін таңбамен белгіленуі тиіс.
      571. Суға қону кезінде эвакуацияға арналған әрбір авариялық шығу маңында салдарды, авариялық қорлар мен авариялық радиоманарларды ұстауға арналған доғалар (тұтқалар) болуы тиіс. Доғалар (тұтқалар) әдетте шығу маңында орнатылуы және салдың ажыраған байлама бөлігінің құрылымын ұстау жүктемесіне шыдауы тиіс.
      572. Егер ӘК авариялық қорлардан тыс авариялық сигнал беру және байланыстың қосымша құралдары көзделсе, онда олар жеңіл қол жететін орындарда орналасып, бұл құралдарды пайдалану тәсілін түсіндіретін таңбамен жарақтануы (оралуы) тиіс.
86. Авариялық эвакуацияны үлгілеме көрсету
      573. Авариялық эвакуацияны үлгілеме көрсеткенге дейін авариялық-құтқарудың барлық кешеніне, оның ішінде әрбір авариялық шығуға сынақтар аяқталуы тиіс.
      574. 11 және одан да көп жолаушылар орнының саны бар ӘК жолаушылар мен экипаж мүшелерінің (борт жолсеріктерін қоса алғанда) максималды саны кезінде барлық адамдарды ӘК-н эвакуациялау 90 с ішінде болатыны көрсетілуі тиіс.
      Жерүсті тұғырын немесе трапты пайдалана отырып, эвакуацияланған адам олар тұғырдың негізіне немесе траптың төменгі бөлігіне жеткен кезде олар жерде тұр деп есептеледі.
      Үлгілеме көрсету мына жағдайлар кезінде жүргізілуі тиіс:
      1) тәуліктің қараңғы уақытында немесе жасанды түнгі қараңғылық жағдайында тәуліктің жарық уақытында. Бұл ретте ӘК жердегі қалыпты жағдайы кезінде тек авариялық жарықтандыру жүйесі, фюзеляждың бір бортының авариялық шығулары немесе авариялық шығулардың барлық тепе-тең 50% және бұл шығуларға арналған авариялық-құтқару жабдығы қолданылуы тиіс;
      2) барлық авариялық-құтқару жабдығы ӘК осы үлгісі үшін қабылданған тізбеге сәйкес белгіленуі керек;
      3) әрбір сыртқы есік пен шығу және әрбір ішкі есік немесе портьер қалыпты ұшуға сәйкес жағдайда болуы тиіс;
      4) бел және иық белдіктері бекітілген болуы тиіс;
      5) жолаушылар құрамы мынадай болуы тиіс:
      кемінде 40%-ы әйелдер;
      5%-ы әйелдер тең санда жасы 62-тан асқан адамдар.
      6) шығулар мен авариялық жабдықтарды қолдану тәжірибесі бар адамдар үлгілеме көрсету кезінде экипаж мүшелері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл адамдар ұшу және қону кезінде ұйғарылған экипаж мүшелерінің орындарында болулары және егер бұл орын ұшу және қону уақытында осы экипаж мүшесі үшін ұйғарылған орын болып табылмаса, ешкім де авариялық шығудың жанында отырмауы тиіс. Олар эвакуация басталғаны туралы белгі берілгенге дейін ұйғарылған орындарында қалып, жолаушылар эвакуацияланатын авариялық шығулар арқылы эвакуациялануы тиіс;
      7) авариялық үлгілеме көрсету басталар алдында дайындық немесе жолаушыларға жаттықтыру жүргізуге тыйым салынады. Жолаушыларды авариялық шығулардың орналасу ретімен және "Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықпен" таныстыруға ғана рұқсат етіледі;
      8) адамдарды қанаттан жерге эвакуациялау үшін олар бойынша түсіру жылдамдығы авариялық-құтқару жабдығының құрамына кіретін құралдар бойынша жіберу жылдамдығынан аспайтын жағдайда жерүсті тұғырын немесе трапты қолдануға болады;
      9) қанат үстінде орналаспаған шығулар арқылы ӘК эвакуацияланатын барлық адамдар ӘК жабдығының бөлігі болып табылатын құралдардың көмегімен эвакуациялануы тиіс;
      10) экипаж кабинасынан экипажды эвакуациялаудың үлгі көрсетімі (жолаушыларды эвакуациялаудан бөлек) осы тармақ жағдайларында көрсетілуі тиіс.
      575. Авариялық эвакуация көрсетімі, егер талдау жолымен ӘК барлық жолаушылары 90 с аспайтын уақыт ішінде эвакуацияланатын растауға болса, бұрын эвакуация жөнінде сынақтар жүргізілген орындар санымен салыстырғанда, ӘК саны 5% аспайтын ұлғаюы жағдайында оны қайталау міндетті емес.
87. Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық
      576. ӘК әрбір негізгі бөлігі үшін "Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық" жасақталуы тиіс, онда:
      1) құрғаққа және суға авариялық қону кезінде ӘК-н адамдарды эвакуациялау жолдары;
      2) авариялық-құтқару жабдығының орналасуы мен таңбалануы және фюзеляждың ашылу орындары;
      3) авариялық шығулардың орналасуы және оларды ӘК ішінен, қажет болған кезде ӘК сыртынан ашу тәсілдері;
      4) үрмелі құтқару кеудешелері, қажет болған кезде қажетті басқа да топтық және жеке құтқару жүзу құралдары;
      5) үрмелі авариялық траптарды және басқа да баламалы құралдарды іске қосу мен оларды эвакуация үшін пайдалану тәсілдері;
      6) жолаушылар креслоларының немесе оларды орналастыру аймақтары мен олар арасындағы өткіндердің орналасуы;
      7) қажет болған кезде оттегі бет-бүркемелерінің орналасуы мен пайдалану тәсілдері көрсетілуі тиіс.
88. ӘК технологиялығын пайдалану.
Пайдалану құжаттамасы
      577. ӘК конструкциясы мен оның жүйелері пайдалану құжаттамасында көзделген барлық жұмыстарды орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      578. Бұйымдарды (штуцерлер, құбыр-өткізгіштер, коммуникация ажыратпалары т.б.) таңбаға сәйкес оларды бұрыс монтаждау, жинау және техникалық қызмет көрсету кезінде реттеу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
      579. Пайдалану құжаттамасы номенклатурасы, ресімделуі және мазмұны бойынша ӘК сертификацияланған үлгісіне және техникалық пайдалану ережелерін айқындайтын жалпы мақсаттағы құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
      580. Пайдалану құжаттамасында айтылған нұсқаулар мен ұсынымдар дәл жасақтауы және оларды екі жақты түсіну мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.
89. Материалдар және технология
      581. ӘК, оның жүйелері мен агрегаттарын дайындау үшін қолданылатын материалдар пайдаланудың күтілетін жағдайларын ескере отырып, таңдалған және олар үшін бекітілген Нормаларға сәйкес болуы тиіс. Таңдалған материалдар оларға белгіленген ресурс пен қызметтің күнтізбелік мерзімі ішінде деталдар мен конструкция элементтері жұмысының сенімділігі мен ұзаққа шыдауын қамтамасыз ететін механикалық, тоттануға қарсы, тұрпаттық және басқа да қасиеттерін сақтауы тиіс.
      582. ӘК конструкциясы элементтерін дайындаудың технологиялық процестері тұрақты және пайдаланудың күтілетін жағдайларында белгіленген ресурстар мен қызмет мерзімі шегінде жұмыс қабілетіне әсер ететін деталдар мен тораптар сипаттамаларының тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
      583. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кабиналарындағы конструкциялық және металл емес сәндік-әрлеу материалдары қиын жанатын немесе өздігінен сөнетін болуы тиіс. Жалын ықпалы кезінде уытты өнімдердің елеулі көлемін шығаратын материалдарды қолданбау қажет.
      584. Кабиналардағы сәндік-әрлеу, конструкциялық металл емес материалдарды және ауа баптағыштар жүйесін пайдалану процесінде кабиналардағы ауа құрамы бойынша талаптан асатын көлемде зиянды өнімдер шығармауы тиіс.
      585. Шынылауды дайындауға арналып қолданылатын материалдар қауіпті жарқыншақтарды құрамауы тиіс. Кенеттен мөлдір бола алатын материалдар экипаж кабинасын шынылау үшін пайдаланылмауы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет